Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор
Оценка 4.9

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Оценка 4.9
Научные работы
doc
история
9 кл
16.12.2017
Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор
Біздің селомыздың тарихы еш жерде жазылмаған. Селоның құрылған уақыты, негізін қалаушы және сол кездегі оқиғалар жайлы арнайы әдебиеттер жоқ. Жұмысымның мақсаты - Зеленый Бор селосының құрылған уақытын зерттеу. Селоның құрылуы тарихы оның тарихында маңызды рөл атқарған алғаш қоныстанушыларымен тығыз байланысты. Зеленый Бор селосының тарихын зерттеуде көп көмегін тигізген ең алғашқы құрылыс жұмыстарына қатысқан еңбекшілер, тұрғындар. Олармен әңгімелесу барысында селомыздың тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік алдық.Жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор Орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Жуздибаев Тажен Шыңғысұлы Жетекші, тарих пәнінің мұғалімі: Жуздибаева Шолпан Боранбаевна
Ғылыми жоба.doc
Бурабай ауданы Зеленый Бор селосы Зеленобор мектеп­гимназиясы Жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор Орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Жуздибаев Тажен Шыңғысұлы Жетекші, тарих пәнінің мұғалімі: Жуздибаева Шолпан Боранбаевна 2017 жыл 1. Кіріспе Қазақстанның кең даласында шағын ауылдар мен елді мекендер бар. Олардың өзінің   әрқайсысының   өз   тағдыры   мен   тарихы   бар.   Уақыт   өтеді,   заман   өзгереді, ауылдар мен елді мекендердің негізін қалаған адам аттары мен оқиғалар   ұмытыла бастайды.   Кез­келген   ауылдың   немесе   селоның   құрылған   уақыты   кітаптардан, басылым беттерінен кездесе бермейді. Біздің селомыздың тарихы еш жерде жазылмаған. Селоның құрылған уақыты, негізін қалаушы және сол кездегі оқиғалар жайлы арнайы әдебиеттер жоқ. Жұмысымның мақсаты ­ Зеленый Бор селосының құрылған уақытын зерттеу. Селоның   құрылуы   тарихы   оның   тарихында   маңызды   рөл   атқарған   алғаш қоныстанушыларымен тығыз байланысты. Зеленый Бор селосының тарихын зерттеуде көп көмегін тигізген ең алғашқы құрылыс   жұмыстарына   қатысқан   еңбекшілер,   тұрғындар.   Олармен   әңгімелесу барысында селомыздың тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік алдық. Сондықтан   да   мен   үшін   туған   өлкенің   тарихын,   осы   аймақта   тұратын адамдардың өмірі туралы зерттеу маңызды мәселе болып табылады. Н.Ә.Назарбаев:   «Еліміздің   әрбір   адал   азаматы   патриот   болуы   тиіс,   яғни   өз Отанын,   халқын   құрмет   тұтуы   тиіс.   Бұл   ­   өте   үлкен   ерлік.   Егер   нағыз   патриот азаматтарды тәрбиелейтін болсақ, өсіп­өркендеген мықты мемлекет боламыз». Отан неден басталады? Менің   шағын   отаным   –   Зеленый   Бор   неден   басталады?   Зерттеу   жұмысы барысында ауылымның өткеніне деген қызығушылық арта түсті. Жерімнің тарихының өткеніне үңіліп бүгінгі ұрпаққа қажетті ақпарат алуға тырыстым. Мен не іздеймін? Ауылымның   байырғы   тұрғындарынан,   еңбек     ерлерінен,   жарты   ғасыр   бұрынғы оқиғалардың қатысушыларынан білген­көргендерін сұрастыра отырып, ауылымның, жерімнің тарихы туралы ақпарат жинақтадым. Маған көптеген көзі ашық, көкірегі ояу, ақ жарқын кісілер кездесті. Ештеңе ұмытылған  жоқ,  мен  осында  дүниеге  келдім, осында  оқимын  және  осында  тұрып жатырмын. Мен өз өлкемді ешқашан ұмытпаймын. 2. Өткен күннен естелік Зеленый Бор селосының атауы қалай шықты? Менің селомның тарихы оқиғаларға бай. Туған өлкем – Зеленый Бордың даму кезеңінің тарихын тиянақты жазуға тырыстым. Жер бетінде барлық нәрсенің бастауы бар. Менің селомның да барлық басқа елді мекендер сияқты өз тарихы бар. Биылғы жылы 20 мамырда ауылыма 56 жыл толады. Көрген­білген кісілердің естеліктеріне сүйене   отырып   селоның   қай   жерден   бастау   алатынынан   бастап   мәліметтер жинақтадым. Менің селом Зеленый Бор деп аталады. Зеленый Бор – жасыл орман – қылқан жапырақты ағаштар орманы, жайқалған қарағай мен қайыңы аралас өскен әсем орман. Сәкен Сейфуллин «Орман» Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу. Қалың орман, Ойға толған, Тұнжырайсың иіліп, Еңбек сырлас, Сәулем құрдас, Әр рудан жиылып. Жоқ бір қалып, Кейде ырғалып, Сен де көлше шулайсың. Басты шайқап, Желді жайпап, Аласұрып тулайсың. Аппақ қайың, Қарағайың Қосылыпты табысып. Неге   Зеленый   Бор?   Бұл   сұрақты   мен   байырғы   тұрғындарға   да   қойдым. Н.П.Цойдың   «Щучинская   птицефабрика»   кітабын   (Алматы,   Қайнар,   1982   жыл) оқыдым. Н.П.Цойдың   жазғанынан   білгенім:   «1961   жылғы   мамырдың   20­сы   күні жұмысшылар   тобымен   жаңа   селоның   ең   алғашқы   қадаларын   қаққанымыз   жақсы есімде.   Сол   жылдың   көктемінде   алғашқы   бір   бөлмелі   тұрғын   үйлердің   іргетасы қаланды.   Осылай   әлі   атау   берілмеген   кеңшар   дүниеге   келді.   Енді   басшылардың алдында ауылды қалай атаймыз деген сұрақ тұрды. Бірнеше атауларға ұсыныстар болды: «Жаңа жол», «Новый путь», «Светлое будущее» және т.б. Бір кезде біреу: «Қараңыздаршы,   айналаға»   ­   деді.   Қарағай   орманының   шулаған   дыбысы   естіліп тұрды. Сыңсыған қарағайлы жасыл орман. «Мүмкін Зеленый Бор деп атағанымыз дұрыс болар». Н.П.Цой өз кітабында былай деп жазады: «1961 жылғы күздің соңына қарай 89 отбасы уақытша құрылған шатырлардан тұрғын үйлерге көшірілді. Жастар үшін 112 орындық 2 жатақхана құрылысы салынды». 1960 жылғы құрылысшы палаткасы 1961 жылғы мамыр, жатақхана іргетасы қалануда 2.2. Табиғаты, өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Зеленый Бор селосы – Жер жәннаты Бурабайға жақын орналасқан. Бурабайдың әйгілі   тау­тастары   да   көзге   көрініп­ақ   тұр:   сырға   толы   Жұмбақтас,   басында   піл жатқандай айбынды Оқжетпес, Көкшетау таулы жүйесінің биік нүктесі – Көкшетау (Синегорье),   ұйқыдағы   батырға   ұқсайтын   және   үш   апалы­сіңілі   т.с.с   таулары жерімізге керемет, әсем көрік беріп тұрады. Ауылымызды аралас ағашты  ормандар қоршап   жатыр.  Ағаш   түрлеріне   келетін   болсақ,   бірінші   кезекте,     қарағай,  екінші кезекте, қайың өте көп. Орманда қарағай мен қайың арасында ең көп кездесетіні – көктерек.   Сонымен   қатар,     медицинада   кеңінен   қолданылатын   өсімдік   түрлерін көптеп кездестіруге болады.  1. Гүлзардақ (адонис) – халық емінде қолданылатын дәрілік өсімдік, жүрек және бүйрек ауруларын да емдейді.  2. Дәрілік шүйгіншөп – Майбалық көлінің оңтүстік жағалауында дерлік таза тегіс бұталар   көп   кездеседі.   Бұл   дәрілік   шөп   адамның   жүйке   жүйесі   шаршағанда, тыныштандыратын қасиетке ие.  3. Итмұрын   бұталарын   да   жиі   кездестіресіз,   ол   дәрумен   жетіспеушілікте   және асқазанды емдеуде қолданылады.  Біздің жеріміздің дәрілік өсімдіктері туралы И.Н.Оловянников өз еңбектерінде жазды, ол өсімдіктердің 40 түріне сипаттама беріп өткен. Өзіміз қолданатын ең көп тараған   түрлеріне тоқталған: итошаған, мыңжапырақ, бақбақ, қарақат, шырғанақ, өгейшөп, қандышөп, түймешетен, бүлдірген және т.б. Таза қарағайлы орман әдемі көрінеді. Қарағайлы орманды аралап жүріп, кәрі қарағай ағаштарының биік­биік боп өскенін байқауға болады. Жыл сайын түскен Қарағайдың қылқанжапырақтары орман ішінде жұмсақ кілемдей төселіп жатады. Жаз айларында қарағайлы орманнан жидек пен   саңырауқұлақтар:   ақ   саңырауқұлақ,   майқұлақ,   алқызыл   және   күтірлек сазқатпалар тереміз. Негізі жер бетінде саңырауқұлақтың 80 000 түрі бар. Біздің елді мекенде орман мамандарының мәліметі бойынша, 100­ге жуық саңырауқұлақ түрі кездеседі.  Орман, тау және көлдер жануарлар, балықтар мен құстар мекені. Басқа   аймақтарға   қарағанда,   біздің   жерімізде   жануарлар   көп.   Омыртқалы жануарлардың   305   түрі   мекендейді.   Тайгалық   аққоян,   сілеусін,   орман   сусары, тоқалтістерді кездестіруге болады. Сүтқоректілердің 34 түрі бар, оның ішінде орман сусары Қызыл кітапқа енгізілген құстардың 96 түрі ұя салады, оның 21­і отырықшы, 11­і қыстайтын, 25­і жылы жаққа ұшып кететін құстар. Көлдерде алабұға, мөңке, шабақ, шортан, сонымен қатар табан, сазан т.б. балықтар мекендейді. Жер бетіндегі ең әдемі жануарлардың бірі бұғы және аққу құсы да бар. Міне, мен тұратын ауыл табиғаттың ең керемет жерінде орналасқан! 3. Тұрғындар 1. Ұлы Отан соғысы кезінде Көкшетау облысына қоныс аударылғандар көп болды, соның ішінде Поволжьеден немістер көптеп әкелінді және Кавказдан шешендер мен  ингуштар әкелінді. Тың игеру  жылдарында  және 1961 жылдың  ортасына қарай біздің өлкеге 120 000 тың игерушілер келді. Облысымызда село халқының жалпы   саны   1954   жылдан   1985   жыл   аралығында   300 000   адамдай   болды. Көкшетау облысы­ көп ұлтты мекен. Облысымызда 95 ұлт өкілдері тұрады.  1970 жылғы халық санағының мәліметі бойынша ұлттық құрам   төмендегідей болды.  Орыстар Украиндықтар Қазақтар Өзге ұлттар 42% 28% 16% 14% 2. Зеленый Бор селосының 01.10.2017 жылғы тұрақты халық саны – 3114 адам. Этникалық құрам:  Ұлты Саны Пайыз көрсеткіші Қазақтар Орыстар 1516 49% 1107 36% Украиндықта р 123 4% Өзге ұлттар 368 12% Басқалар?   Олар   кімдер?   Басқалар:   кәрістер,   татарлар,   немістер,   поляктар, армяндар,   белорустар,   қырғыздар,   молдавандар.   Барлығы   бір   тату   отбасындай   – зеленоборлықтар,   яғни   Зеленый   Бор   селосының   тұрғындары.   1961   жылдан   1990 жылға дейінгі аралықтағы халық саны Щучье құс фабрикасын дамытуға байланысты түрлі ұлт өкілдерінің еңбекшілерін көшіріп алып келу есебінен өсті. Ал егер тарихқа терең үңілетін болсақ, негізінен бұл тың игеруге байланысты болған жағдай. 1941­1945   жылдардағы   Ұлы   Отан   соғысының   ардагерлері   –   біздің ауылымыздың ең құрметті әрі қадірлі азаматтары. Бізге бейбітшілік, еркіндік сыйлап, жеңіс   күніне   жеткізген   ардагерлерімізді   құрмет   тұтып,   бас   иеміз!   Жыл   сайын Зеленобор мектеп­гимназиясы Жеңіс күніне орай түрлі концерттік бағдарламалар, іс­ шаралар ұйымдастырып тұрады. Село   құрылысын   көтеруге   қатысқан   ардагер   –   Муранов   Александр Порфирьевич   –   жеке   байланыс   батальоныны   ротасының   старшинасы.   Монғол аймағындағы   Халкин   Голдағы   оқиғаға   байланысты   1938   жылы   әскер   қатарына шақырылған. Приморье жеріндегі Жапондармен болған соғысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысының орденімен, «Ерлігі үшін» медальмен және т.б. жеңістерге жетіп, ерлік көрсеткені үшін медальдармен марапатталған. Еңбек ардагері 1962 жылдан бастап біздің селомызда тұрған. Алғашқы үйлерді көтеру кезінде құрылысшы болып жұмыс істеген. Зеленобор селолық кеңесінің алғашқы төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері аға   лейтенант   –   Турлубеков   Асет   Сагадиевич   болды.   Батыс   майданда   соғыста болған.   Соғысқа   1941   жылдан   бастап   қатысып,   көрсеткен   ерлігі   үшін   бірнеше медальдармен   марапатталған.   ҰОС   мүгедегі,   ауыр   жарақаттар   алған.   Ауыл шаруашылығын   дамытудағы   зор   жетістіктері   үшін   Мерекелік   медальмен марапатталған.   ҰОС   ардагерлері   бізге   бейбітшілік,   тыныштық,   еркіндік   сыйлады, сонымен  қатар олар  біздің керемет  селомызды  аяғынан  тұрғызды.  Олар:  Лысачев Павел   Дмитриевич,   танк   жүргізушісі,   соғыстан   кейін   ұжымшар   төрағасы   болып жұмыс   атқарған   одан   кейін   трактор   жүргізушісі   де   болған.   Акимов   Георгий Игнатьевич, қатардағы жауынгер, омарташы болып жұмыс істеген. Пушкарев Павел Николаевич,   капитан,   артиллерия   бөлімінің   командирі,  бейбіт   күндері   құрылыста жұмыс жасаған, селомыздың құрылысын салуға қатысқан. Смоляк Петр Андреевич, лейтенант, бомбалаушы мерген, бейбіт уақытта мұғалім болған, 1962 жылы біздің Зеленобор   мектеп­гимназиямызда   жұмыс   істеген.   Мясников   Василий   Яковлевич, лейтенант, бейбіт күндері машина­трактор шеберханасында жұмысшы болған. Қатардағы жауынгер, капитан, ефрейтор, аға лейтенант, лейтенант, старшина, рота командирі... – міне менің керемет ауылым Зеленый Бор осы кісілердің қолымен салынған.   Бұл   кісілердің   ерлігі   мен   ерен   еңбегі   еш   ұмытылмайды.   Сіздерге   мың тағзым... Сол   даңқты   командирлер   мен   сарбаздар,   маршалдар   мен   қатардағы жауынгерлер! Сол Ұлы жылдарға бас иеміз! Ел болып, халық болып баршамыз да бас иеміз! 3.2.   Зеленый   Бор   селосының   негізін   қалаушы   және   Щучье   құс   фабрикасының директоры – Н.П. Цой. А.А.   Егоровтың   кітабында   «Көкшетау   облысының   табиғаты   мен   адамы» Ақмола, 1994 жыл, Көкшетау облысының 50 жылдығына арналған «Облысымыздың атақты   адамдары   туралы»   атты   бөлімде   А.А.Егоров   былай   дейді:   «Адамгершілік қасиеті бар адамдар өлмейді. Мәңгі ел есінде қалады. Олардың игі істері кейінгі ұрпаққа   жаңа   қоғамға   қадам   басу   бағытында   шексіз   шабыт   көзі   және   келешекке деген үміт отын сыйлайды». Алғашқы күннен бастап­ақ ауылды ойланып, ұтымды, тиімді етіп салған, 1966­ 1972 жылдарда барлық жұмыс негізгі жоспар бойынша атқарылған. Ауылды құру барысында ақыл, жүрек және шебер қолдарға жүгінген. Жасыл желекке бөленген коттедждермен қатар көпқабатты үйлер де салына бастаған. Орталықта мәдениет үйі,   байланыс   бөлімі,   емхана   және   спорт   кешені,   орта   мектеп,   280   орындық балабақша   құрылыстары   да   бой   көтерді.   Он­он   бес   жылдың   ішінде   650   жайлы жабдықталған   пәтерлер   салынды.   Заманауи   тұрғын   үйлердің   қалалық   тұрғын үйлерден еш кемшілігі болған жоқ, газ, электр көзі, су құбыры, жылу жүйесі болды. Н.П. Цой өз кітабында былай деп жазады: «Ғажайып табиғат ортасымен жақсы жоспарланған   шағын   ауыл   үйлесімділігі   жергілікті   тұрғындарға   ерекше   жағдай жасайды – жанға дауа, дертке шипа десе де болады».  Н.П.   Цой   өз   естеліктерінде:   «Мен   таңертеңгілік   жұмысқа   орта   мектеп, поликлиника,   мәдениет   үйі   және   үлкен   сауда   орталығының   жанынан   жаяу   жүріп өтемін.   Мінеки   екі   қабатты   балабақша   ғимараты,   алдында   балалар   ойнайтын үйшіктер   салынған.   Сонымен   қатар  139   пәтерлі   бес   қабатты   үй   құрылысы   жүріп жатыр.  Жақында   жаңа   қоныстанушылары   да   келеді.  Фабрикаға   жақындағанда   бір және   екі   пәтерлі   котедждер   басталады.   Әрбір   үйлердің   алдында   әсем   гүлдер отырғызылған». Міне, өзінің жанына жақын Зеленый Бор ауылы осылай есінде қалған. Бұл ауыл ол кісінің еңбек сүйгіштігі, келешекке деген үміті, адамгершілігі арқасында салынған. 1962 жылғы жаз айлары, ауылдың жалпы көрінісі Екі қабатты үй құрылысы 1964 жылғы ауыл көрінісі 1967 жылғы құрылыс жұмыстары Н.П.   Цой   адал   еңбегі,   адамзат   игілігіне   еңбек   еткені   үшін   көптеген марапаттауларға ие болды: 1. Құрмет белгісі ордені. 2. Екі еңбек қызыл ту ордені. 3. Екі Ленин ордені. 4. Халықтар достығының ордені. 5. Тың игергені үшін медаль. 6. Мерейтойлық медальдар: «Тың игеруге 20 жыл», «Тың игеруге 25 жыл», «Тың игеруге 30 жыл», «Тың игеруге 40 жыл». Адамгершілікпен адал еңбек еткеннің аты өлмейді. Біздің ауылдағы Н.П. Цой өзі салған алғашқы, негізгі көшені «Целинная» деп атаған болатын, қазір ол көшенің аты өзгертіліп, Н.П.Цойдың аты берілді. 1961 жыл, Целинная көшесі Мен кездескен адамдардың барлығы бір ауыздан Н.П.Цой туралы жақсы, игі пікірде.   Ол   туралы   жүрегі   кең,   мейірімді   адам   деп   айтады.   Ал,   бұл   адал   жан 5.12.1925  жылы   Хабаровск   қаласында   дүниеге   келген.  Н.П.   Цойдың   екі   дипломы болған:   мал   өсіру   маманы   және   география   пәнінің   мұғалімі.   Екі   дипломды   да Петропавлск қаласында алған. Ол өз ісінің хас шебері болған адам. Адамзат игілігі үшін еңбек еткен. Қазақстан Республикасында керемет, заманға сай ауылдың бойын көтерді. Николай Петровичке баршамыз құрметпен бас иеміз! 4. Қорытынды       Біздің мектепте басқа да барлық мектептердегідей түрлі тақырыптық іс­шаралар, апталықтар,   онкүндіктер   өтіп   тұрады.   Соның   бірінде   бізге   «Менің   келешектегі ауылым» тақырыбында эссе жазу керек болды. Мен лайықты шығарма жазу үшін кітапханаға   бардым.   Кітапхана   сөрелерінен   маған   қажетті   ақпарат   өкінішке   орай табылмады.   Әрине,   Қазақстан   туралы,   біздің   облысымыз,   ауданымыз   туралы мәліметтер жеткілікті. Бірақ нақты менің ауылым туралы ақпарат болмай шықты. Қуантарлық жағдай мектебімізде жақында ашылған мұражайда ауыл тарихы туралы   ақпараттар,   суреттер   және   естелік   заттар   баршылық.   Сонымен   қатар   мен негізгі басым мәліметті ауылымның байырғы тұрғындарымен сұхбаттасу барысында алдым. олар еңбек және соғыс ардагерлері, мұғалімдер, ауыл тұрғындары. Олар маған сол кезеңдерден сақталған газет қиындыларын, суреттер берді. Ол суреттерден   селоның   қалай   өсіп­өркендегенін   көруге   болады.   Ең   бастысы   оның барлығы естелік, байырғы тұрғындардан естелік. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың дегендей, Отан отбасыңнан, туған жеріңнен басталады. Туған өлкенің тарихын білу – әрбір адамның парызы деп білемін. Мен өз еліме, өз жеріме адал қызмет ететін боламын! Ауылымның тарихын зерттеу мен үшін өте қызықты болды. Ауылым туралы тағы да ақпарат жинауды, зерттеуді мұнымен тоқтатпаймын. Себебі менен басқа да оқушылар үшін бұл өте маңызды деп санаймын. Менің туған өлкем – Зеленый Бор атына   лайық   жасыл   орман   жағасында,   әсем   табиғат   ортасында   жылдан­жылға көркейіп келеді. Мен туған өлкемді мақтан етемін!

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы: Туған өлкем – Зеленый Бор

Ғылыми жоба тақырыбы:  Туған өлкем – Зеленый Бор
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.12.2017