МАҚСАТЫ :
БІЛІМДІЛІК : СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН УНИВЕРСИАДА ТАРИХЫ МЕН АЛМАТЫ - 2017 ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРДЫ БІЛУ , ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ БІЛУ ;
ТӘРБИЕЛІК : САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАУҒА ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУҒА БАУЛУ ;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ : СПОРТ ТУРАЛЫ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ .МАҚСАТЫ:
БІЛІМДІЛІК: СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН УНИВЕРСИАДА ТАРИХЫ МЕН АЛМАТЫ-2017 ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРДЫ БІЛУ, ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ БІЛУ;
ТӘРБИЕЛІК: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАУҒА ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУҒА БАУЛУ;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: СПОРТ ТУРАЛЫ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ.
универсиада-2017.docx
ӨТКЕН КҮНІ: 13.02.2017 ЖЫЛ
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
"ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА ҚАЗАҚСТАНДА"
МАҚСАТЫ:
БІЛІМДІЛІК: СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН УНИВЕРСИАДА
ТАРИХЫ МЕН АЛМАТЫ-2017 ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАСЫ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТТАРДЫ БІЛУ, ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
ТУРАЛЫ БІЛУ;
ТӘРБИЕЛІК: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАУҒА
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУҒА БАУЛУ;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: СПОРТ ТУРАЛЫ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ.
УНИВЕРСИАДА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТАРИХИ МӘЛІМЕТ
Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы
жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық
жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923
жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада
деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы
Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде
Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық
спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды.
Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің
маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. 28-ШІ БҮКІЛӘЛЕМДІК ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА
ҚАЗАҚСТАНДА
Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім
2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық
университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс
беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы
кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы
өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды.
Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан
қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған
болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру
салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның
Гранада қаласында өтті.
Алматыда өткен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы
универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды
ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті,
күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді.
Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар
қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы
Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі
таңдалды.
25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік
қысқы универсиада алауы жағылды. Универсиаданың ресми
ашылу салтанатына орай алау ұстаушылар 22500 шақырым
жолды жүріп өтіп алауды Алматыға жеткізді. 29 қаңтар күні Универсиада Алауы ҚазҰУ-да тұтанып, 100
алау ұстаушы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет
сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық
шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық
базасы сияқты Алматы қаласының ірі нысандарына
жеткізілді.
Айта кетейік, Универсиада алауы 25 қаңтарда Астанада,
26 қаңтар күні Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл,
Қостанай, 27 қаңтарда Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтауда, 28
қаңтарда Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорғанда, 29
қаңтарда Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жағылды.
XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28
қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Алдын ала мәлімет
бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан
астам студент қатысты. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер
қатарын жұмылдырылды.
Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы
инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы
Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр.
Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру
кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы
облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада
жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ
«Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы
курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз
сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынды.
Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8
міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған.
Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты,
сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей,
керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы
тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт
түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы,
фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кірді.
Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы
Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт
аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда
салды. 28-ШІ БҮКІЛӘЛЕМДІК ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА
ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
Сынып оқушыларымен өткізілген тәрбие сағатының талдауы.
Сыныбы
Тақырыбы
1
2
3 Мақсаты
4
5
6
Қатысқан сынып
оқушыларының саны
Қатыспағаны, себебі
Өнеге сағаттың
жетістігі
7
8
Өнеге сағаттың
кемшілігі
Өнеге сағатқа
қатысқан
8"Ә"
Өткен күні
13.02.2017 жыл
"Қысқы Универсиада Қазақстанда"
БІЛІМДІЛІК: СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН УНИВЕРСИАДА ТАРИХЫ
МЕН АЛМАТЫ2017 ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАСЫ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТТАРДЫ БІЛУ, ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ
БІЛУ;
ТӘРБИЕЛІК: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАУҒА ДЕНСАУЛЫҚТЫ
НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУҒА
БАУЛУ;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: СПОРТ ТУРАЛЫ ОЙӨРІСІН КЕҢЕЙТУ.
19
Сабақ шаттық шеңберде: "Микрофон" әдісімен "Қысқы
Универсиада туралы" сұрақтарға жауап берумен басталды.
Сынып шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, трамплиннен секіру
спорт түрлері бойынша үш топқа бөлінді. Жүргізуші атаған
осы үш спорт түрлері бойынша қимылдар жасау арқылы
сергіту сәтімен жалғасты.
Ән "Көк тудың желбірегені" орындаған Есполсынов Е.
1) Универсиада туралы қысқаша тарихи мәліметімен
презентация арқылы сыныптың спорт секторы
М.Ақмергенқызы таныстырды.
2) Қазақстандағы Универсиада туралы спорт секторы
Е.Елдосов таныстырды.
3) Универсиада2017 қазақстандық чемпиондар көрмесімен
А.Кажмуханова мен Т.Бимоллин таныстырды
4) Викториналық ойын.
Оқушылар сұрақтарға жауап берді.
Сыныптың 10 оқушысы "Флешмоб" биледі.
Сабақ мақсатына жетті.
2 атаана
Сынып жетекші: К.К.Еспентаева
Қысқы Универсиада Қазақстанда
Қысқы Универсиада Қазақстанда
Қысқы Универсиада Қазақстанда
Қысқы Универсиада Қазақстанда
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.