Қызықты математика
Оценка 4.9

Қызықты математика

Оценка 4.9
Работа в классе
docx
математика
8 кл
03.04.2017
Қызықты математика
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА Сыныптан тыс жұмыс Мақсаты: математиканың жан -жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады. Бірінші кезең оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Берілген сұрақтарға « иә» немесе « жоқ» деп тез әрі дұрыс жауап берулері керек.
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА.docx
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА Сыныптан тыс жұмыс Мақсаты: математиканың жан ­жақты екендігін көрсету. Әртүрлі  ойлау,  ойнау әдістерін қолдану  арқылы оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын ояту  болып  табылады. Бірінші  кезең оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамытуға  бағытталған.Берілген сұрақтарға « иә» немесе « жоқ» деп тез әрі дұрыс жауап берулері керек. 1) Ең алғаш әйел математик С. Ковалевская (иә) 2) 4­ке қарама­қарсы сан 4 (жоқ) 3) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш үшбұрыш (жоқ) 4) Квадраттық функцияның графигі парабола (иә) 5) Тікбұрышты үшбұрышта үшбұрышта  хорда болады (жоқ) 6) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер  деп аталады? (иә) 7) √144 тең 12 (иә) 8) Табиғи жарық көзі тоқ (жоқ) 9) 0­ден кіші сандар оң сандар (жоқ) 10) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу деген ұғымды білдіреді  (иә) 11) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем аксиома (иә) 12) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60 (жоқ) 13) 1барлық санға қалдықсыз бөлінеді (иә) 14) 1 мин­та 60 секунд бар (иә) 15)  Қиылыспайтын түзулер параллель(иә)  16) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең (жоқ) 17) √625  тең 24 (жоқ) 18) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым аксиома (жоқ) 19) Жасанды жарық көзі от, сіріңке, шам, шырақтар т.б. (иә) 20) Бұрышты өлшейтін құрал градусник (жоқ) 27 Екінші  кезең:  Ширату. Сайыскерлеріміз анаграмма шешеді. д и а м е т р п а й ы з т е т р а э д р ш е ң б е р м е т р х о р д а т а қ т а б и ғ и а к с и о м а р а д и у с 1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. 2. Санның 100 ден 1 бөлігі. 3.Барлық қырлары тең шүбұрышты пирамида. 4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды . 5. Ұзындық өлшемі. 6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды. 28 7. 2 бөлінбейтін сандар. 8. Натурал санның мағынасы. 9. Дәлелденбейтін ұғым. 10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді. ж а й п п е а р р а л л е л ь и м е т р П и ф а д и а м е г т о р р п е р п е т н д и к у л я р а қ ш и р е к к е с і н д і 29 ж а з ы ң қ ы 1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар. 2.Қиылыспайтын түзу. 3. Төртбұрышың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы. 4. Ғұлама ғалым. 5. Ең үлкен хорда. 6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу. 7. 2­ге бөлінбейтін сан. 8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі. 9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. 10. 180о­тең бұрыш. Үшінші  кезең:  «Тапқырлар»  Топтарға ортақ сұрақ.Қол көтеріп жауап береді. 1.Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында,  екеуі артында, бірі  артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің артында, үшеуі тізбектесіп қатар  ұшқан? Қанша үйрек келеді?  (Үш) 2  Бір­бірімен жарысқа  Төрт аю, бір арыстан.  Екі қой мен бір түлкі  Бәрі нешеу, кім білді?                         (8) 3.Түйе, бота маң басқан,  Төрт аяғын тең басқан Шұнақ құлақ бес ешкі Қос лақты қос ешкі Төрт қозылы екі қой  Бәрін бірге санап қой.                                 (15) 30 4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем.  Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс? (48 және 52 кг)  5. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай  болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі нешеге  толды? (немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста)  6. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе 2700­ге тең болады.  Данияр қандай сан ойлады? (90)  Төртінші  кезең: «Жаңылмас жеңімпаз» деп аталады.Топтар 15­ке дейiн  санаулары керек. Санау ережесі қазақша, орысша кезек ­кезек.Мысалы: бір,  два, үш, четыре... Бесінші кезең Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар): Қабат-қабат қаптама Ақылың болса аттама (кітап) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш) Бір тонна мақта ауыр ма? Бір тонна темір ауыр ма? (бірдей) Бес ін, бес іннің айызы бір ін (қолғап) Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр –шиыр жолы көп (қалам) Елу тісті, екі қолды (екі кісілік ара) Мектепке келе жатқан бес балаға, Қарсы жолда тағы төрт бала жолықты. Мектепке неше бала барды? 31 (5бала) Жанұяда екі ұл және бір ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2қыз, 1әке, 1анасы – 6адам) Алтыншы  кезең Кім жылдам? Теңестіру сенімді болу үшін 2,3,7 және 8 сандарын былай жаз: ( __ +__) * ( __ - __) = 45 Теңестіру сенімді болу үшін 4,6,7 және 8 сандарын былай жаз: ( __ +__) * ( __ - __) = 30 Жетінші  кезең Математикалық мақал – мәтелдер. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Жалқаудың екі досы бар: Бірі – ұйқы, бірі – күлкі. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Логикалық сұрақтар: 1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр  қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4  БАЛА) 2. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1) 32 3. Сәуледе бір бүтін, екі  жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше  алма? (3) 4. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері  қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ) 5. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы  қанша бала бар? (6) 6. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа   туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ) 7. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше  минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ) 8. Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК) 9. 2адам шахмат ойнап отыр, екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1­ші адам қанша сағат ойланды? 2­ші адам қанша сағат ойланды  (2­ДЕ 2 САҒАТ) 10.Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасың ба? (СІРІҢКЕ) 11.Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ? (3 АДАМ) 12.Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ) 13.   Қай   кезде   біз   2   санына   қарап,   «он»   деп   айтамыз?    (БІЗ   САҒАТҚА ҚАРАҒАН   КЕЗДЕ,   НЕШЕДЕН   БОЛМАСЫН   ОН   МИНУТ   КЕТІП   ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА.) 33

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика

Қызықты математика
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017