"Үздік шабуылшы" спорттық турнир
Оценка 4.8

"Үздік шабуылшы" спорттық турнир

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
воспитательная работа
1 кл—11 кл
30.11.2020
"Үздік шабуылшы" спорттық турнир
Жарқымбаев Естай "Үздік шабуылшы" спорттық турнир
естай.docx

І Жүргізуші:

Армысыздар қадірменді қонақтар! Спорт сүйер қауым!
ІІ Жүргізуші:

Құрметті жарысқа қатысушылар!

І Жүргізуші

 Футболдан облыстық біріншіліктің  «Үздік шабуылшысы»  атағының иегері Жарқымбаев Естай Кәрімұлын еске алуға арналған аудандық турниріне қош келдіңіздер!

І Жүргізуші:

Бүгінде аудандық турниріміз 5 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр. Салауатты өмір салтын ұстанған елімізде спортты жаны таза ұрпақтың дағдысына айналдыру маңызды деп білген Естай ағамызға арналған турнирімізді ашық деп жариялаймыз!

ӘН ҰРАН орындалады.

 ІІ Жүргізуші:

 Жарқымбаев Естай Кәрімұлы  К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде бірнеше жыл жаттықтырушы болып қызмет атқарды. Бірнеше жыл ұстаздық еткен жылдарында Естай ағамыз неше дүркін аудандық, облыстық «Үздік жаттықтырушы» атағына ие болған, оқушыларын жарыстарға дайындаудағы жемісті еңбегі үшін «Облыс әкімінің алғыс хаты», Аудан әкімінің алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің мадақтамаларына ие болған.  Өзінің мұғалім-жаттықтырушы шеберлігін шыңдады. Оқушыларын баскетбол, футбол, волейболдан облыстық сайыстарға дайындап, жүлдегерлері атанды. Футболдан дайындаған командасы бірнеше дүркін облыстық чемпионы атанды. Екі шәкірті ШҚО Восток футбол клубының мүшелігіне енді.

            Ұстаз аудандық, мектепішілік мәдени шараларға белсене араласты. Көркемөнерпаздар байқауларының жеңімпазы болды. Естай ағамыз ұжымда сыйлы, оқушыларына беделді ұстаз еді. Әр істе үлгі, ақылшы аға, өз ісіне берілген фанат, жоғары мақсатқа ұмтылу жолында еңбекқорлығымен бала жүрегінен орын алған тамаша педагог, адал дос, жігерлі де қайратты, өткір де турашыл мінез-құлқымен ерекшеленген асыл азамат. Еліне адал қызмет еткен ұстаз ағамызды, еске алып, есімін ұлықтап, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттап, ұрпаққа үлгі деп білеміз. Естай ағамыз мәңгі жүрегімізде сақталады.

І Жүргізуші:

Бүгінгі қонақтарымызды таныстырып өтейік

 

 

 

 

 

Cөз кезегін қонақтарға берейік.

 

ІІ Жүргізуші:

Ән орындайтын_______________________________________

І жүргізуші:

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектеп оқушыларының сәлемін қабыл алыңыздар!

1   Әр таңда ақ арман боп атар ізгі

     Бастасын келер шаққа сапар бізді

      Ал, бүгін құрметпенен еске аламыз

     Кәрімұлы Естай  ағамызды

 2  Туыпты 63-тің көктемінде

     Оқыпты Ақсуаттың   мектебінде

     Ұрпаққа үлгі болар өнегелі

     Ізі бар, ізгіліктің өткенінде

3   Біздағы өр көңілмен шығып тұрмыз

     Болған соң   балғын жүрек тұнық тұрмыз

    «Жақсының аты өшпейді» деген  сөздің

    Мәнісін шын жүректен ұғып тұрмыз

4  Спорттың еңбек етіп саласында

    Өсірген адалдық пен бағасында

     Маңындағы әріптес серіктерін

     Тек қана бастап жүрген жарасымға

5   Достары құрметтеген, қадірлеген

     Оларға пейілінің нәрін берген

     Көңілін ешкімнің де қайтармаған

     Сұраса мүмкіндіктің бәрін берген

6   Осындай елдің сөзін сұрыптаймыз

Әспеттеп дараларды ұлықтаймыз

Ал енді Кәрімұлы Естай ағамызды

Ешқашан біз есімін ұмытпаймыз

Әрқашан ұмытпаймыз, ұмытпаймыз ///     «Бәрі»

ІІ Жүргізуші:

Халқың барда, сен барсың, өнегең бар,

Өнегеңмен өседі көк өрімтал.

Көк өрім тал зор орман бол.

Орман –өнеге алдында көгеру бар, -дей келе, бүгінгі асыл ағамызды еске алу құрметіне ұйымдастырылып отырған футболдан жарысты бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 

 


 

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар!

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар!

Біздағы өр көңілмен шығып тұрмыз

Біздағы өр көңілмен шығып тұрмыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020