№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)
«Дефектология» мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуымен жұмыс, оны дамыту»
Дайындаған: логопед Наурузова Н.К.
Талдықорған 2019ж.
Жоспары:
1. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының бірінші деңгейін сипаттау анықтама.
2. Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейін сипаттау.
3. Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейін сипаттау.
4. Түзетудің негізгі бағыттары мен логопедиялық жұмысың мазмұны.
Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р.Е.Левина сөйлеу тілінің жалпы дамымауын үш деңгейге бөледі. Кейіннен Т.Б.Филичева 4-ші деңгейді сипаттап қосады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Ондайларды мылқау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап, мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері зияты бұзылған балаларда да болуы мүмкін.
1.Сөйлеу тілінің дамуының бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстарда (р-р-р, ш-ш-ш,) күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту-су).
2. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. «Қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «қалта» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
3. Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап, қайталау қабілеті дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп сипаттауға болады.
2. Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:
1. Балалардың белсенді сөз қоры зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөз қорлары толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады. Біздің тоқталатынымыз сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі болғандықтан, осы мәселені толық ашып көрейік.
3.Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі сөйлем құрамындағы лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық элементтердің жетілмеуімен сипатталады.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымаған оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстарының негізіг міндеттері:
-тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын меңгерту;
-дыбысты дұрыс айтуын қалыптастыру (артикуляциялық дағдыларды, дыбыс айтуын, буындық құрылымын,фонематикалық есту қабілеттерін тәрбиелеу);
-сауат ашу элеменнттерін меңгерту;
-байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Түзету жұмысы сөйлеу тілінің деңгейіне сәйкес құрылады және негізгі бағыттары болады:
ЖТК –І деңгейі:
-енжар сөз қорының нақтылау және кеңейту,
-еліктеп сөйлеу белсенділігін ынталандыру.
ЖТК –І деңгейі бар оқушылармен логопедиялық жұмыстың мазмұны:
1.Сөйлеу тілін түсінуін дамыту (лексикалық тақырыптар, мұғалімнің бір-екі қадамды нұсқау, бір әркеттен екінші әрекетке ауысу, сурет пен шынай заттарды көлемі бойынша салыстыру, сюжетті сурет бойынша іс әрікеттерді тану, сұрақтарды түсіну, көлемді, саны,түсі бойынша тану).
2.Сөйлеу тіліне еліктеуін белсендіру(заттармен әрекет жасауға, логоритмикалық негізде қимылдарды орындауға, музыкалық ойыншықтардың-көліктердің дыбыстарына -жануарлардың дауыстарына еліктеуге,аморфты сөздерді шақыру-бер, әкел, ана, апа, әне, міне, ия ,жоқ, сүт бер т.с.с; ).
3.Тыныс алу мен дауысын дамыту (дұрыс физиологиялық тыныс алуын қалыптастыру- үрлеу және дыбыстарды созып айтқызу «а-а-а, у-у-у»).
4.Артикуляция мүшелерінің қозғалысын дамыту (мимикалық жаттығулар, тіл мен ерінге арналған жаттығулар).
5. Дыбыс айтуын қалыптастыру (а-о-у-и, ерте генездегі дыбыстарды айтуы нақтылау п-б-м-т-д-н—г-к-х).
6.Фонематикалық елестетулерін қалыптастыру (тілдік емес дыбыстарыдажырату, таныс затардың дыбыстарын ажырату, суретке қарап дыбыс салу «би-би», дыбысты әрекетпен еліктеп көрсету).
7.Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру (ритмді қайталау, логоритмикалық жаттығуларды орындау, бірдей буындарды қайталату па-па-па).
ЖТК –ІІ деңгейі:
-сөйлеу тілін түсіну көлемін кеңейту;
-2-4сөзді сөйлемдерді меңгерту;
-белсенді сөз қорын молайту;
-біріншілік грамматикалық формаларды меңгерту;
-дыбыс айтуын және буындық құрылымын қалыптастыру;
-фонематикалық қабылдауды дамыту.
ЖТК –ІІ деңгейі бар оқушылармен логопедиялық жұмыстың мазмұны:
1. Сөйлеу тілін түсінуін дамыту
-лексикалық тақырыптар бойынша сөз қорларын молайту;
-заттың негізгі бөліктерін атау;
-сипаттау бойынша затты тануға үйрету;
-қарама қарсы сөздерді ажыратуға үйрету;
-сюжетті суреттегі сі –әркеттерді ажыратуға үйретут.б.
2. Белсенді сөйлеу тілін қалыптастыру
-есімдіктерді қолдануға үйрету;
-сұрақтарға жауап беруге үйрету.
-сөйлем құруға үйрету;т.б.
3. Лексико-грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастыру
-көпше және жекеше түрде сөздерді қолдануға үйрету;
-етістіктерді қолануға үйрету;
4. Буындық құрылымын қалыптастыру
-берілген ритмді қайталауға үйрету;
- логоритмикалық жаттығуларды орындауға,
-интуитивті түрде сөдерді буынға бөлуге үйрету;
-2-3 буынды сөздерді айтуға үйрету.
5. Фонематикалық елестетулерін қалыптастыру
-дыбыстың ұзақтығы, күші, тембры бойынша ажырату;
-сөздерді ажырату қаз-газ;
-дауысты дыбыстары әр түлі буындарды қайталау ка-ко-ку;
6. Артикуляция мүшелерінің қозғалысын дамыту
-артикуляциялық жаттығуларды орындауға үйрету;
7. Тыныс алу мен дауысын дамыту
-даусын өзгертуге үйрету қатты, ақырын, сыбырлап сөйлеу;
-ұзақ дем шығаруын бекіту;
8. Дыбыс айтуын қалыптастыру
-ы дыбысын шақыру және машықтандыру;
-дауыссыз дыбыстарды жіңішке дауыстылармен айтуға үйрету;
-жоқ дыбыстарды қою және машықтандыру.
ЖТК –ІІІ деңгейі:
-байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру;
- тәжірибеде лексикалық және грамматикалық сөйлеу құралдарын меңгерту;
-дыбыс айтуын қалыптастыру;
-сауат ашу элементтерін меңгерту.
ЖТК –ІІІ деңгейі бар оқушылармен логопедиялық жұмыстың мазмұны:
1.Белсенді сөйлеу тілін қалыптастыру
- Лексикалық тақырыптар бойынша сөз қорын молайту;
- Жалпылау сөздерін қолдануға үйрету;
- Жалпылауға қатысты сөздерді табуға үйрету (Ыстық елдің жануарларын ата);
- Қарама – қарсы сөздерді табуға үйрету;
- Мағынасы жақын сөздерді табуға үйрету;
- Тақпақтарды жаттауға үйрету;
- Сюжетті сурет бойынша әңгіме құруға үйрету
- Қысқа мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету.
2.Сөйлеу тілін түсінуін дамыту
-күрделі сөздердің мағынасын түсінуге үйрету;
- септіктердің жалғауларын түсінуге үйрету;
-іс – әрекеттердің субъектісі мен объектісін табуға үйрету;
-заттар мен құбылыстардың себеп –салдарының байланысы мен кеңістіктік – уақыттық қатынасын анықтауға үйрету;
-мұғалімнің сөзін мұқият тыңдауға үйрету.
3.Грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастыру.
-етістіктің шақтарын дұрыс қолдана білуге үйрету;
-есім сөздерді дұрыс қолдануға үйрету;
-сын есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
4.Фонематикалық елестетулерін қалыптастыру.
- буындық және дыбысталуы жағынан ұқсас сөздерді ажыратуға үйрету;
-берілген дыбысқа сөз ойлап табуға үйрету;
-сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету;
-дыбыстарды ажыратуға үйрету
5.Дыбысты талдау мен жинақтау дағдысын дамыту.
-сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету (басында, ортасында, соңында);
-сөздерді талдауға үйрету;
-дыбыс мінездеме беруге үйрету.
6.Буындық құрылымын қалыптастыру
- 3-4 буынды сөздерді дұрыс қайталауға үйрету;
-күрделі сөдерді, сөйлемдерді айтға үйрету.
7.Дыбыс айтуын қалыптастыру.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.