"Жас географтар" сайысы 8 сынып
Оценка 4.7

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

Оценка 4.7
Презентации учебные
docx
география
8 кл
28.12.2017
"Жас географтар" сайысы 8 сынып
1 - кезең «Қанат қақты» (капитандар сайысы) I топ капитанына қойылатын сұрақтар: 1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара) 2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал) 3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд) 4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро) 5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал) 6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м) 7. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы (Ш.Уалиханов) 8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия) 9. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан – Тәңірі 6995 м) 10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала (Токио)Білімділер сайысы «Қазақстанға саяхат» Мақсаты: «Қазақстанға саяхат» демекші өздеріңіздің құтты мекен, туған өлкелеріңіз жайында білген, меңгерген білімдеріңізді бақылау. Киелі туған жер топырағы кім-кімге де ыстық. Сондықтан осы сайыста туған жерге, Отанға деген ыстық ықыласымызды, мәңгілік сарқылмас ұлы сезімімізді айтар ойымызға, қара сөзімізге сыйғызып жеткізе білейік! Киелі құдіретімен қуат берген Армысыз,өнер тұнған ғасыр елім! Байлығын ұрпағына сақтап келген Ерлерін ардақтаған асыл елім! Армысыз қадірменді талапкерлер, Өз елін биіктікке балап келген Демеп пе еді дана халық заманында Күтеді жеңісті елі талапты ерден.
Білімділер сайысы.docx
Білімділер сайысы «Қазақстанға саяхат» Мақсаты:  «Қазақстанға   саяхат»   демекші   өздеріңіздің   құтты   мекен,   туған өлкелеріңіз   жайында   білген,  меңгерген   білімдеріңізді   бақылау.  Киелі   туған жер   топырағы   кім­кімге   де   ыстық.   Сондықтан   осы   сайыста   туған   жерге, Отанға деген ыстық ықыласымызды, мәңгілік сарқылмас ұлы сезімімізді айтар ойымызға, қара сөзімізге сыйғызып жеткізе білейік! Киелі құдіретімен қуат берген         Армысыз,өнер тұнған ғасыр елім!         Байлығын ұрпағына сақтап келген         Ерлерін ардақтаған асыл елім!                                  Армысыз қадірменді талапкерлер,                                  Өз елін биіктікке балап келген                                  Демеп пе еді дана халық заманында                                   Күтеді жеңісті елі талапты ерден.         Ендеше құлақ түрің, құлақ түрің         Ашылсын қайнардағы бұлақ бүгін         Жағылсын білімді шырақ бүгін,         Ендеше құлақ түрің, құлақ түрің.  Қош келдіңіздер, құрметті халайық! Бүгін   алдарыңызда   көктемдей   құлпырған   жүздерімен,   жаздай   жайдарлы мінездерімен, күздей мол білімдерімен, қыстың ақша қарындай аппақ, таза ойларымен 8­сынып оқушылары өз білімдерін көрсетуге асығып тұр.  «Білімділік сайысы» 4 бөлімнен тұрады: 1. Қанат қақты 2. Шырқау 3. Самғау 4. Жерұйық Қанаттарыңызды   қомдап,   дайын   отырсаңыздар,   биіктіктен   жасымай, қанаттарыңыз   талмай,   бір­біріңізден   қалмай,   шырқап,   әрмен   қарай   самғай түсіп, өнер білімнің ұшар шыңы,шынарындағы Жерұйыққа бірге жетулеріңіз үшін ақ жол, сәт сапар тілейміз. Талаптыға алынбас қамал жоқ, талаптарыңыз оң болсын.         Қазақ халқы қазыларға бас иген         Қазыларды қасиетті деп білген         Әділдікті қолдаған әр қашан да          Ендеше танысайық әділ қазылармен ­ Әділқазыларды таныстыру ­ Екі топтың таныстыруы.         Талпынса талант биік шыңға шығар,         Бойында ізгіліктен болса тұмар.         Қанат қағып шырқаңдар,самғаңдар,          Жерұйық деген – биік шынар         Туған елі жасытпас берсе аманат,         Бәйгеге қосқан аты келсе жарап         Еңселі елулікке жету үшін         Шыға алмас шынар бар ма, қақса қанат! Бірінші   бөліміміз   –  Қанат   қақты.  Бұл   бөлімде   топтар   тіршіліктің оянған,Самарқанттың көк тасы еріген  Көктемнің алғашқы айы Наурыз туралы постер құруы және қорғауы қажет.Белгіленген уақыт аралығында. Бағалау: 3,4,5 ұпай бойынша          Болса егер білім­қия, қырансыздар,          Қияға қанат қаққан ұлансыздар          Ақыл мен ойларыңды нысанаға ап          Соқпақтардан сүрінбей шығарсыздар Келесі бөліміміз – Шырқау     Оқу   инемен   құдық   қазғандай,   яғни   Қазақстанның   физикалық географиясынан сұрақтарға жауап береміз.Топтарға жеке­жеке сұрақтар қою арқылы.(5 сұрақтан) Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.  I топ  Қазақстанның ең биік жері: (Хан Тәңірі) 1. 2. Еділ өзені мен Орал тауларының аралығында орналасқан қырат:(Жалпы  Сырт) 3. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосатын таулы өлке: (Жоңғар Алатауы) 4. Қазақстандағы жер бетінің биік таулы аймағы: (Шығыс және оңтүстік­ шығыс бөлігі) 5. Қазақстандағы ең ежелгі учаскілер: (Шығыс Европа жазығы)  II топ 1. Республика аумағының мұхит деңгейінген ең төмен орналасқан аймағы: (Каспий маңы ойпаты) 2. Қазақстан аумағының 10% жерін алып жатқан жер бедері: (Биік таулар) 3. Қазақстанның оңтүстігіндегі жазық: (Тұран) 4. Қазақстанның аласа таулы өлкелері: (Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау) 5. Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан: (Торғай үстірті)  III топ 1. Батыс Сібір жазығының Қазақстан аумағына кіретін бөлігі: (Оңтүстігі) 2. Қазақстанның негізгі көмір базасы: (Қарағанды) 3. Қазақстанда жауын­шашынның ең көп түсетін жері: (Батыс Алтай) 4. Қазақстан аумағының 44%­н алып жатқан табиғат зонасы: (Шөл) 5. Каспий маңы ойпаты кіретін жазық: (Шығыс Еуропа) Самғау бар алда, талмау бар алда ілесіп, Кеуделеріңде ізгілік нұрдан гүл өсіп, Бапталыпсыздар талаптарыңыз да шынайы, Тұрғандай бейне «Жеңіс» жақтан да жел есіп. Келесі бөлім – Самғау. Сөз жұмбақ жасыру арқылы топтарды бағалау.  Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. 1. Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін  қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы  Азияда жатыр. (Қазақстан) 2. Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндігі бар қала (Атырау) 3. Еуропалық ғалымдардың ішінде ішінде Тянь­Шань тауын зерттеген  алғашқылардың бірі. (П.П.Семенов) 4. Ол 1900­1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу  Қызылқұмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық  құмдарын аралап көрді. (Л.С.Берг) 5. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км­ге жуық бөлігі ғана Қазақстан  жері арқылы ағып өтеді. (Ертіс) 6. Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь­Шань тауларынан  басталады. Өзннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында  (1400км) республика жерімен өтеді. (Сырдария) Жерұйық – шың ба, құс па жете алмайтын, Әлде бір тау ма жақын өте алмайтын. Жерұйық – ел ме, жер ме, ну ма,су ма, Теңіз бе, қайықпен де өте алмайтын. Ең соңғы бөліміміз – Жерұйық. Бұл бөлімде берілген суреттерге қарай  отырып Не? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап береміз. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай. Қорытынды: Топтарды марапаттау. Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі»  КММ­сі Ашық сабақ (Сыныптан тыс шара) Пәні: География Тақырыбы: Қазақстанға саяхат Күні:  23.11.2017ж.                                        География пәні мұғалімі: С.Т.Узембай                                         Сынып: 8­сынып оқушылары 2016­2017 оқу жылы

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып

"Жас географтар" сайысы 8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.12.2017