Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\
Оценка 4.9

Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
01.03.2018
Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\
Қойылымда отбасындағы жанұя мүшелерінің татулығы мен ауызбіршілі туралы баяндалады. Соың дәнекері келіннің отбасындағы татулық туралы үлгі-өнегесі өзгелерге үлгі есебінде ұсынылады.Ағасына өкпелеген қайыңсіңілісіне ағаның өмірдегі ролі туралы қалжың араластыра отырып жеңгесі түсіндіреді. Аға мен қарындас арасындағы татулықты сақтайды. Жеңгесі келген жерін бақытты етеп деген қағиданы ұстайды.Отбасы татулығы баяндалады...
Жеңгесі мен еркесі.docx
Жомарт Динахметов  Қазалы көлік­ техникалық жоғары колледжінің   Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы­ұйымдастырушысы Жеңгесі мен еркесі...                                            \ Сахналық қойылым\ (Сахнаға  жеңгесі қолында кесе ыдыс сүрткішпен сүртіп ,ыңылдап ән салып  шығады. Сахна ортасына жақындағанда артынан асығыстау жүріп  қайыңсіңілісі шығады) Қайыңсіңілісі:  Жеңеше, жеңеше. Жеңгесі.(естімей ән салуын жалғастыра береді) Қайыңсіңілісі : ( жеңгесінің алдына шығып,аяғымен жерді теуіп) Жеңеше  дейм. Жеңгесі: (таңырқай қарап) Не болды еркем­ау. Түсің бозарып кетіпті­ғой. Қайынсіңілісі: Мен кетем. Бұл үй үйме әлде түрме ме? Қит етсең болды  қайда болдың, қайдан келдің . Қылмыскер сияқтысың, сотша тергейді. Жеңгесі: Ау, Еркем­ау айтсаңшы . кім сені сотша тергеп жатырған. Қайыңсіңілісі: Сенің күйеуін. Басқа кім болушы еді. Жеңгесі:(күлімсіреп)  асықпай басынан бастап айтсаңшы . не дейді менің  күйеуім. Қайыңсіңілісі:  Сол баяғы ән ғой. Қайда болдың, кіммен қыдырдың.Неге кеш  келесін.бітпейтін сұрақтар. Шынымды айтсам жеңеше мен жалығып кеттім.  Мен кішкентай бала емеспін­ғой. Менің де өз бетімше өмір сүргім келеді.  Неге түсінбей­ді екен. Мен кеше құрбыма барғам. Оқушылық кездегі қызықты әңгімелерді айтып , ұзақ отырып қалыппыз. Ал, ағам болса, ағам болса оған  сенбейді. Неге?неге жеңеше? Әлде менің кеткенімді қалай ма? Жеңгесі:  Еркем­ау ,олай деме. Ағанның ойлағаны сені әйтеуір бір нәрсеге ұрынып  қалмаса екен дейді да. Қайыңсіңілісі:  Қойшы, сенің де айтатын жырың белгілі .Ағам екеуің бір­біріңді тауып  қосылғансыңдар. Тіпті ағалы­қарындастай бір­біріңді қоштап отырасыңдар.  Өмірі мен ақ кінәлі боламын.(өкпелеп теріс қарайды). Жеңгесі:  (ортаға шығып) Я , біз екеуміз  дос болатынбыз. Сол достығымыз шынайы  махаббатқа ұласып, шаңырақ көтердік. Мен сенің отбасыңа бақытты боламын  деп емес , осы отбасын бақытты етемін деп келдім.( қайыңсіңілсіне қарап) Сен білесінбе еркем. Сонау  жаугершілік заманда бір батыр баласын атының артына міңгізіп жау қоршауынан шығып бара жатқанда,артынан аға деген  дауысты естиді. Артына бұрылып қараса әудем жерде жаралы інісі қолын  созып жатыр екен.  Не баласын алып кетерін, не бауырын алып кетерін білмей  батыр қатты қиналыпты.Көп ойланбастан маған ешкім бауыр тауып бермес  деп, баласын тастап бауырын алып кеткен екен дейді. Бұл әрине аңыз әңгіме.  Бірақ мағынасы  түсінген адамға тереңде жатыр. Ағаң сен туралы ойланбайды дейсінбе? Осы бауырым аман болсын, қарындасым бақытты болсын деп «бір  алладан тілек тілеп» жүргенін сен білмейсін­ғой.Ал сен бақытты болсаң менің  де алдыма қойған мақсатым орындалғаны емеспе? Қайыңсінілісі:  Жеңеше менде ағамды қатты жақсы көрем. Екеуіңнің көңілді жүргендеріңді  көргенде менде «аллаға шүкір» деп тілек тілеп жүрем­ғой.Бірақ кейде... Жеңгесі: Я, бірақ кейде ағаң саған да, мағаң да қатаңдау қарайды. Өйткені ол біздің шаңырағымыздың  тірегі,қамқоршысы.  Қайыңсіңілісі: Жеңеше мен жаңа ағама қатты сөз айтып қойдым. Ренжіп  отырған болар. Мені кешірер ме екен?  Жеңгесі: Кешіреді. (күліп) өйткені екеуің бір фирмадаң шықтыңдар­ғой. Қайыңсіңілісі: Ту жеңеше­ай ,қайдағыны айтады екенсің . Сенде біздің  фирманың мүшесісің­ғой. Жеңгесі: Кеттік ендеше фирма бастығына қою шай беріп, ашуын басайық. Қайыңсіңілісі: Кеттік!  (екеуі қолтықтасып сахнадан шығып кетеді)            ( соңы)

Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\

Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\

Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\

Жеңгесі мен еркесі \ сахналық қойылым\
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.03.2018