Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып
Оценка 4.7

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Оценка 4.7
docx
13.12.2019
Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып
ccc.docx

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №13 ЖОББМ   Мерзімі: ___________№  1                                                                                                       Мұғалім: Карпыкова М.К    Сыныбы: 4 А     Оқушылар саны: ____

Тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажетті заттарды айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

 

Мақсаты: Оқушыларға адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.       Білімділік: Оқушыларға тек жақсы және қажетті заттарды айту керектігін үйрету.

2.       Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3.       Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылық іздей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

 

Сабақтың барысы:

1.       Ұйымдастыру кезеңі. 

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.
    

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп жалғастыру.

2.       Сабақтың дәйексөзі.

«Алдымен өзіңді- өзің таны»

                                     Сократ

Сұрақтар:

1. Адам өзін қалай тани алады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Грек даналарының нақыл сөздерін көкейлеріңе түйіп алыңдар.

Грек даналарының нақыл сөздері

·         Арды биік қоюға әдеттен.

·         Сөйлеген кезде асықпа.

·         Жалған сөзден аулақ бол.

·         Күшпен алма, ақылмен ал.

·         Ұят нәрседен қаш.

·         Білімді сүй.

·         Жолда асықпа.

·         Өзіңді-өзің сақта.

 

3.       Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«Екі дос және қария» аңыз әңгімесі.

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қария келеді де, тамақ сұрайды.

- Бөгет жасама, - дейді оған Арман, - сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да, былай дейді:

- Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі бос болса, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға қөп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, өтіп өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамның бірі болды. Қайырымды да, ақылды , даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның атына орай бір тауды соның атымен атаған дейді.

Сұрақтар:

1. Не үшін адамдар Арман туралы ұмытып кетті?

2. Сауранның қай істері үшін ел оны құрметтейтін болды?

3. Екі дос туралы пікіріңіз?

4. Әңгімеден не түсіндіңіз?

 

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

5-тапсырма Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.

Дүниедегі ең асыл, ол –  ... .

Адамға ең қажетті, ол –  ... .

Жер бетіндегі ең әсем, ол –  ... .

Аспандағы ең сұлу, ол –  ... .

Мұхиттағы ең үлкен, ол –  ... .

Сөздегі ең маржан, ол –  ... .

Тағамдағы ең тәтті, ол –  ... .

Өмірдегі ең басты, ол –  ... .

«Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

 

5. Топпен ән айту.

Ана тілі

Өлеңін жазған Әдібай Табылдиев

Әнін жазған Мақсат Дауылбаев

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой, білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

 

6. Үй тапсырмасы.

1. №1 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №2, «Сократ – ежелгі грек ойшылы» мәтінін оқып келу.

 

7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

 

 

 

 

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып

Өзін- өзі тану сабағының жоспары. Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі. 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.12.2019