Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.
Оценка 4.8

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
3 кл
22.01.2018
Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: әр алуан ертегілер мазмұнына байланысты иллюстрациялық сурет салуға баулу; ертегіні оқи отырып, мазмұнының желісіне ілесе отырып, бейнелеуге үйрету. Дамытушылық: сурет салу дағдылар мен біліктерді дамыту; назар аудару және бақылағыштықты, қол моторикасын дамыту. Тәрбиелік: қоршаған орта мен өнерге эстетикалық қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ертегідегі үйшік. Бейнелеу өнері .
ЕРТЕГІДЕГІ ҮЙШІК АШЫҚ САБАҚ.docx
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №40 ЖОББМ Бірінші санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Насемов Нурлан Тулегенович  3­сыныпқа арналған сабақ Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.  Сабақтың мақсаты: Білімділік:  әр алуан ертегілер мазмұнына байланысты  иллюстрациялық сурет салуға баулу; ертегіні оқи отырып, мазмұнының желісіне  ілесе отырып, бейнелеуге үйрету. Дамытушылық: сурет салу дағдылар мен біліктерді  дамыту;  назар аудару және  бақылағыштықты, қол  моторикасын дамыту. Тәрбиелік: қоршаған орта мен өнерге эстетикалық қарым­қатынастың қалыптасуына ықпал ету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.    Типі: аралас Түрі: Ертегі сабақ Әдісі: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс. Көрнекіліктер:  Мұғалім үшін: фотосуреттер мен үлгілер, тапсырмалар, слайд, интербелсенді  тақта т.б. Оқушылар үшін: ермексаз, түрлі­түсті қағаздар, желім, қайшы, сурет дәптері,  бояулар. Пәнаралық байланыс:  дүниетану, еңбекке баулу, әдебиет, музыка. Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.  Сәлемдесу, оқушылардың оқу құралдарын дайындығын тексеру.  Сабақ ерекшелігі туралы айтып, мақсатымен таныстыру  Үй тапсырмасын тексеру:  1 Иллюстрация дегеніміз не? 2 Сюжет. 3 Композиця. Иллюстрация дегеніміз ­ ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. Ертегіні  балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен  болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып­ білуге  баулиды.  Сюжет дегеніміз – шығарманың мазмұнының  көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композиця. Кез келген суретті  салу композициядан басталады. Композиция  дегеніміз салынатын  суреттегі  барлық  бөліктерді  байланыстырып, орынды  құрастыру, үйлестіру.  Мағынаны ашу. 1. Оқушыларға слайдтан музыкалық белгі көрсете отырып, қандай белгі екенін  сұраймын. Ертегілер әнінің әуенін тыңдатып қандай ән екенін сұрап жауап аламын. 2. Сыныптағы түрған үйшікті көрсетіп: бұл не? Үйшік.     Ендеше балалар қалай ойлайсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай  аталатынын білесізбе? Ертегідегі  үйшік. Жаңа сабақ:        Сабақтың ертегілер еліне саяхаттау арқылы өтетіндігін айту, ертегі туралы  қысқаша түсінік беремін, олардың түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіру. Сендер өміріңде бір рет те болса ертегілер әлемінде болуды армандаған  шығарсыңдар?!           Сендер қалың орман ішімен келе жатып, көгалда ертегідегі үйшікті көрдің  делік. Әрине, әркім мұны өзінше елестетеді. Ең қызығы ­біздің қиялымызды  салыстыру.             Әлем халқы ертегіге өте бай. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол  шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. Әр  бір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып  ертегілері баршылық, яғни ертегі­ адам қиялының қазынасы, халық  шығармашылығының бір көрінісі. Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге  иллюстрация жасауға –да аянбай ат салысып келеді.   Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.  Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял­ ғажайып ертегілер және тұрмыс –салт  ертегілері.  Оқушылырға оқып шығуға мәтін үйлестіріледі. Әр топқа.   Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі      Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі  ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған  түлкі қоянға келеді. — Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын! Жылпос түлкі осылай алдап­сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны  үйінен қуып шығады. Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді. — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой? — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім… — Жылама! Біз ол оңбағанды қазір­ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның  үйіне келеді. — Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды  ғой! Барлығыңды быт­шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды. «Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи­қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай  бастайды. Алдынан аю шығады. — Қоян­ау, не болды? Сонша неге жылайсың? — Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді  тартып алды. — Жылама! Мен оны қуып шығамын. — Жо­оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады. — Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп: — Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен: — Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт­шытыңды шығарамын! деп  қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар. — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады. — Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып  алды. — Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! — Жо­жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады.  Сен де қуа алмайсың! — Жүр, көрерсің! Қуамын! Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады. — Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса,  оны да шалғынша шабамын! Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді. — Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да  шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап: «Қазір­қазір, тонымды киіп жатырмын!» ­дейді. Әтеш әнін  үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман­сауында зыта  жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра  бастайды.4 Оқып болған соң оларға, әр топқа сұрақ қоямын.  1 топ. Балалар! Мұздан жасалған үйшік кімдікі болды? Түлкі. 2 топ. Ал, ағаш үй кімнің үйі? 3 топ. Түлкі, қоянды алдап үйіне кіріп алып, қоянды қуып шығады. Қоянға көмек  көрсеткен қайсысы екен? Әтеш. Оқушылар жауап беріп отырғанда Түлкі, Қоян, Әтеш суреттерін үйшікке  ілемін.        Балалар! Осы Түлкі, Қоян, Әтештің сендерге бүгінгі сабаққа алып келген  тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды уақытында орындауға тырысып, бар  өнерімізді ортаға салайық. Олар сендердің тапсырмаларды орындағандарыңды  бақылап, сабақ соңында өз бағаларын беретін болады. Түлкінің тапсырмасы:  Суретті жұмбақтар. Әр топқа. Ертегіні тап! Оқушылар қиынды суреттерден құрастырып жауабын табады. 1 топ. Жеті лақ. 2 топ. Бауырсақ. 3 топ. Қызыл телпек. Қоян    ның тапсырмасы: Практикалық жұмыс.  Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі. "Сюжетті композиция". 1 топ. Әр оқушы Түлкінің үйінің суретін салады. 2 топ. Әр оқушы Қоянның үйінің суретін салады. 3 топ Қоян (расскраска), түлкі (расскраска), шыршалар, әтеш, төрт сопақша  жасайды.      Әтеш   тің тапсырмасы:              Ертегі. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақ сұрақтары: 1. Қарындашпен сурет салып қате жіберген кезде, қатені түзейтін бейнелеу           өнерінің құралының бірі? Кетіргіш. 2. Жансыз заттарды бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры? Натюрморт. 3. Адамның бет­бейнесін бейнелеу? Портрет. 4. Табиғатты бейнелеу жанры? Пейзаж. 5. Ақ қағазға қара түспен орындалатын туынды немесе шығарма? Графика. 6. Адамдарды, жануарларды сомдайтын бейнелеу өнерінің түрі? Мүсін. 2 Н 3 1 а т П о 4 К ю р П 5 с Е Р Т Е Г І і о е з а г т р р т а ж ф и і ш к а т м р й р н Ертегілер дегеніміз не? Қандай ертегілерді білесіңдер? Үйшік қандай ертегілерде кездеседі? 6 М ү ІҮ. Бекіту сұрақтары: 1 2 3 Ү. Қорытындылау: Оқушылар орындарынан тұрады. Барлығымыз бірге қол  ұстасып тұрып, оқушылардан өткен сабақ туралы пікірлерін білу. Оқушылар сабақ  туралы өз пікірлерін айтады. Бағалау. Түлкі, қоян, әтеш суреттерінде ­ 5. 4. 3. сандары жазылған суреттерді  сыйлай отырып, бағалау жүргізу. ҮІ. Үйге тапсырма:  Күн, ай және қораз. Ертегіні түсініп оқу, ертегінің мазмұнына  сурет салу.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі  үйшік.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018