Тақырып «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы» |
||
Оқу мақсаттары
|
10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану |
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы · Изопроцестерді біледі · Бойль-Мариотт заңын қолдана алады · Шарль заңын қолдана алады · Гей-Люссак заңын қолдана алады |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну Қолдану Жоғарғы деңгей дағдылары |
|
Тапсырма 1 Тұрақты қысымда идеал газ Т1=300K температурадан Т2=750K-ге дейін қыздырылды. Нәтижесінде оның көлемі ΔV=6·10-3м3-ге артты. Газдың бастапқы көлемін анықтаңыз |
||
Дескриптор |
Білім алушы - изопроцесс түрін анықтай алады - берілген процесс үшін тиісті формуланы қодана алады - математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді |
|
Тапсырма 2 Идеал газды қысымы 3есе өзгеретіндей етіп сығады. Егер газдың бастапқы көлемі V1=6л болса, онда газдың көлемі қаншаға өзгереді? |
||
Дескриптор |
Білім алушы - изопроцесс түрін анықтай алады - берілген процесс үшін тиісті формуланы қодана алады - математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді |
|
Тапсырма 3 300 К температурадағы және атмосфералық қысымдағы көпатомды идеал газ 5 л көлемге ие (А нүктесі суретте көрсетілген). Ол тұрақты көлемде В нүктесіне, яғни 3 атм-ға дейін қыздырылады. Одан кейін изотермиялық (С нүктесіне) ұлғаяды және соңында изобаралық сығылып бастапқы күйіне келеді. Зат мөлшерін, В және С нүктелеріндегі температураны анықтаңыздар |
||
Дескриптор |
Білім алушы - А нүктесінен В нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды - В нүктесінен С нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды - С нүктесінен А нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды - Зат мөлшерін анықтай алады - В нүктесіндегі температураны анықтай алады - С нүктесіндегі температураны анықтай алады |
|
Тақырып «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы» |
||
Оқу мақсаттары
|
10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану |
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы · Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелділігі туралы қорытындыға шығарады · Тұрақты қысым кезінде көлем өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді · изотермиялық, изобарлық және изохорлық процестердің графиктерін салуды біледі |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну Қолдану Жоғарғы деңгей дағдылары |
|
Тапсырма 1 1. Қандай процестер изопроцестер деп аталады? 2. Изотермалық процеске анықтама беріңіз және Бойль-Мариотт заңын қорытып шығарыңдар. 3. Идеал газдың изотермасын pV, TV және pT координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше температураларында изотерма қалай орналасады? |
||
Дескриптор |
Білім алушы - Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелділігі туралы қорытындыға шығарады - Бойль-Мариотт заңын біледі - Бойль-Мариотт заңын пайдаланып, есептер шығарады |
|
Тапсырма 2 1. Изобаралық процеске анықтама беріңіз және Гей-Люссак заңын қорытып шығарыңдар. 2. Идеал газдың изобарасын pT, TV және pV координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше қысымдарда изобаралар қалай орналасады? |
||
Дескриптор |
Білім алушы - Тұрақты қысым кезінде көлем өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді - Гей-Люссак заңын біледі - Гей-Люссак заңын пайдалана отырып, есептер шығарды. |
|
Тапсырма 3 1. Изохоралық процеске анықтама беріңіз және Шарль заңын қорытып шығарыңдар. 2. Идеал газдың изохорасын VT, pT және pV координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше көлем кезінде изохоралар қалай орналасады? |
||
Дескриптор |
Білім алушы - Тұрақты көлем кезінде қысым өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді - Шарль заңын біледі - Шарль заңын пайдалана отырып, есептер шығарды. |
|
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.