Тапсырмалар
1-тапсырма. Ойын сүйегін лақтырғанда жұп сандар түсу ықтималдығы қандай?
2-тапсырма. Екі монета лақтырылды. Әрбір монетада герб түсу ықтималдығы қандай?
3-тапсырма. Жеті бірдей билеттің біреуі ұтысқа ие. Жеті адам кезекпен кездейсоқ бір билеттен алады (қайтарылмайды). Ұтысты билетті алу кезек нөмеріне байланысты бола ма?
4-тапсырма. Екі ойын сүйегі қатар лақтырылды және түскен сандардың қосындысы есептелді. Қосынды 7 ықтималды ма, әлде қосынды 8 ықтималды ма?
5-тапсырма. Жәшікке 20 шар салынған. Олардың 12-сі ақ және 8-і қара. Кездейсоқ бір шар алынады. Алынған шардың ақ болу қтималдығы қандай?
6-тапсырма. Бір жәшікке 8 ақ және 12 қызыл шар, ал екінші жәшікке 15 көк және 5 қара шар салынған. Әрбір жәшіктен кездейсоқ бір шардан алынады. Қызыл мен қара шарды алып шығу ықтималдығы қандай?
7-тапсырма. 5 бірдей карточканың екеуіне – Л, ал үшеуіне И әріптері жазылған. Осы бес карточканы кездейсоқ қатарластырып қоямыз. ЛИЛИИ сөзінің шығу ықтималдығы қандай?
8-тапсырма. Жәшікке 15 қызыл, 9 көк және 6 жасыл шарлар салынған. Кездейсоқ 6 шар алынады. 1 жасыл, 2 көк, 3 қызыл шарлардың алыну ықтималдығы қандай?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.