3G және 4G (LTE) технологиялары

  • Разработки уроков
  • doc
  • 22.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала 3G және 4G (LTE) технологиялары.doc

 

       БЕКІТЕМІН:                                                                                               «Ақпараттық жүйе» ПЦК жетекшісі:  

                           Г.Қаражанова

 
                                                                                                               

                                                                                                                                                             

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

Курс:

 

Топ:

 

Сабақ нөмірі:

 

Пән атауы:

 

Оқытушы аты-жөні:

 

Мамандығы/

Біліктілігі:

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»                                  

1304063 – «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсететін техник»

Уақыты:

 

Өткізілетін орны:

 

Сабақтың тақырыбы:

3G және 4G (LTE) технологиялары

Сабақ мақсаты:

ü  Білімділік:

3G және 4G (LTE) технологиялары және олармен жұмыс жасауды үйрету, көрсету

ü  Тәрбиелік:

Нәтиже  алуға және  уақытты  үнемдеуге  дағдыландыру, өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болу

ü  Дамытушылық:

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақ түрі:

Практикалық

Сабақ типі:

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру

Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:

сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі,  кері байланыс

Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:

«Интернет технологиялар және Web-бағдарламалау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Интернет материалдары

Интерактивті тақта, компьютерлер, зертханалық жұмыс таратпалары

Prezi.com  сайты

Электронды пошта (e-mail.ru)

http://oprezi.ru/ сайты

http://dop.uchebalegko.ru/docs/index.4452.html?page=35

http://www.webmasterwiki.ru/

 

http://htmlweb.ru/

https://developer.mozilla.org/

http://www.structuralist.narod.ru/

http://www.pwt.kz/

http://profinfoservice.ru/service/web-tekhnologii


Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті

Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті

Қажетті оқу-ресурстық құралдар

1

2

3

4

5

І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

3 минут

-Оқушылармен сәлемдесу;

-Аудитория тазалығын қадағалау;

-Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;

-Сабаққа назарларын аударту;

-Оқытушымен сәлемдесу;

-Аудиторияны сабаққа дайындау;

-Сабаққа дайындық жасау;

-Сабаққа назарларын аудару;

«Интернет технологиялар және Web-бағдарламалау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Интернет материалдары

Интерактивті тақта

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(өткен сабақпен байланыс)

10 минут

-Оқушылардан  сұрақ-жауап арқылы өткенді сұрау:

1.        Желілік технология?

2.        Желілік технологиялар түрлері?

3.        Ethernet технологиясы?

4.        TokengRing технологиясы?

5.        FDDI технологиясы?

-сұрақ-жауап арқылы өткенді сұрау:

1.        Желілік технология?

2.        Желілік технологиялар түрлері?

3.        Ethernet технологиясы?

4.        TokengRing технологиясы?

5.        FDDI технологиясы?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

15 минут

-Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру;

-3G және 4G (LTE) технологиялары және олармен жұмыс жасауды үйрету, көрсету

 

3G деген не?

3G-технологиясы Beeline абоненттеріне жаңа мүмкіндіктер ашуда: дыбысты жолдаудың жоғары сапасы жылдам мобильді Интернет бейнеқоңыраулар– телефонмен сөйлесу кезінде бейнекөріністерді алмастыру нәтижесінде әңгімелесушіні көру мүмкіндігі мобильді телевидение

3G артықшылықтары

Ең басты артықшылығы — Интернетке қосылудың және мәліметтерді жолдаудың жоғары жылдамдығы.

Қанша тұрады?

Интернетке қосылу үшін өзіңізге ыңғайлы тариф жоспарын таңдап алыңыз.

Дыбыстық қоңыраулар мен бейнеқоңыраулар құнын есептеуде айырмашылық жоқ.

"Бейнеқоңырау" қызметіне 3G желісінің таралу аймағында Сізде және Сіз қоңырау шалған абонентте UMTS стандартын қолдайтын ұялы телефон болған жағдайда қол жеткізуге болады. Ұялы телефоны 3G желісін қолдамайтын абоненттің нөіміріне бейнеқоңырау соққан жағдайда, қосылу жүзеге асырылмайды.

Қолданылуы қалай?

3G артықшылықтарын Beeline USB-модемінің немесе 3G-ді қолдайтын телефонның көмегімен пайдалануға болады.

3G технологиясын қолдайтын көптеген USB-модемдер мен телефондар 3G желісіне өздігінен қосылады.

Егер өздігінен қосылу орын алмаса, телефон режимінен UMTS/GSM (екі режим) режимдерін бір уақытта қолдану режимін таңдау жеткілікті, сонда ол 3G желісінің таралу аймағында өздігінен 3G желісіне қосылатын болады. Егер қандай-да бір себеппен қосылыс жүзеге асырылмаса, ұялы телефонның мәзірінен 3G/GSM режимдерін қолдан таңдау керек. Дәл сол сияқты қолдан қосылу баптауын жүзеге асыру арқылы GPRS/EDGE желілеріне қайта қосылуға болады. Толық ақпарат алу үшін өз ұялы телефоныңыздың нұсқаулығын қараңыз.

4G (LTE) деген не?

LTE технологиясы екінші және үшінші буындағы ұялы байланыс желісінің негізгі эволюциялық бағыты болып табылады. LTE технологиясы базалық стансадан қолданушыға 326,4 Мбит/с дейін жылдамдықпен және кері бағытта 172,8 Мбит/сек жылдамдықпен мәліметтерді жолдаудың теориялық жылдамдығын қамтамасыз етеді*.

Байланыс операторының пікірі бойынша LTE технологиясы қондырғының өндіріс қуатын, таралу аймағын және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын ең жоғары деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, LTE технологиясының жаңа мүмкіндіктерінің арқасында операторлар радиожиілік ресурстарын пайдалана отырып контент жолдай алады, сондай-ақ ТВ, радио және басқа да медиа құралдарымен бәсекелесе алады.

2G және 3G желілерінің қоданушылары жаңа буындағы байланыс қызметіне ауыса отырып, жоғары жылдамдықтағы сымсыз Интернетке қосылып қана қоймай, мультимедиялық қосымшалардың, дербес медиа-қызметтердің, т.с.с әпсәттік ашылуы мен үздіксіз жұмысына баға бере алады.

2009 жылғы қазан айында «КаР-Тел» ЖШС Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінен ғимарат ішінде LTE технологиясы бойынша 4G байланыс стандартының көрнекілік аймағын құруға рұқсат алды. Alcatel-Lucent компаниясымен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде Алматы қаласындағы Астана бизнес-орталығының ашық сату кеңсесінде сынақ аймақтары ашылды.

*Екінші буындағы 2G желісі теориялық тұрғыдан мәліметтерді жолдау жылдамдығын ең биік шыңына жеткізуді қамтамасыз етеді, GPRS технологиясы бойынша 56—114 Кбит/с, ал EDGE технологиясы бойынша 473,6 Кбит/с дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Коммерциялық қолданысқа енгізілген үшінші буындағы 3G желісі теориялық тұрғыдан қарағанда мәліметтерді секундына 28 Мбит. дейін жодауға мүмкіндік береді.

 

 

-Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді;

-   3G және 4G (LTE) технологиялары және олармен жұмыс жасауды үйренеді

 

4G – ұялы байланыстың төртінші ұрпағы, мәліметтер таратудың жоғары жылдамдығын және байланыс сапасының жоғарлауын сипаттайды. Төртінші ұрпаққа мәліметтерді таратуда 100 Мбит/с – тан асатын жылдамдық көрсететін технологиялар жатады. Мысалы 4G ретіндеLTE және WiMax технологиялары саналады да, 1 Гбит/с теориялық жылдамдықта мәліметтер таратады. Салыстырмалы түрде максималды жылдамдық GSM (2G) үшін 240 кбит/с, ал 3G үшін 10 Мбит/с.4G – дің ерекшелігі сол бұнда тұтынушыға 326,4 Мбит/секундқа және кері бағытқа 172,8 Мбит/секундқа (3G – ден 2 есе жылдам) дейін мәлімет жіберуді жүзеге асыра алатын жылдам ғаламтор, бейнеқоңырау мен ұялы телекөрсетілімді көруге, т.б көптеген қызметтерге қол жеткізе алады.

Төртінші ұрпақ жүйелерінің көмегімен мәліметтерді таратудың кеңжолақты қызметтерін, Ғаламтор желісіне қосылу, телефония, бейне және телебейнелерді нақты уақыт масштабында тарату, әртүрлі ұйымдастыру жолдарымен құрылған мультимедиялық ақпаратты тарату секілді қызметтерді көрсету орындалады. Ең алдымен жоспар бойынша локальды аймақтарды біріктіру, одан кейін бүкіл қалаларды кез келген тұтынушының жұмыс істеуіне ыңғайлы болатындай бір ірі «локальды аймаққа» біріктіру көзделуде. Атап айтқанда, Wi – Fi немесе HotSpot байланыс қызметтеріне еркін рұқсат локальды аймақтарының және кеңсе сыртында қала масштабында WiMAX және LTEбайланыс қызметтеріне еркін рұқсат локальды аймақтарының концепциялары дамиды. Тұтынушы өзінің локальды желісінде де, қала ішіндегі желіде де байланыс қызметтерін пайдалана алады.

802.11 және 802.16 топтарындағы стандарттардың одан әрі дамуы 6 ГГц диапазондарында 150 км/сағ жылдамдықпен қозғалыс кезінде байланыс қызметтерін көрсетуді көздейді. Бұл орнатылған байланыс қызметтеріне сымсыз рұқсат көрсеткіштерінен асады және үшінші және одан кейінгі ұрпақтардың ұялы байланыс жүйелерінің мүмкіндіктерімен қосылады.Үшінші ұрпақ радиорұқсат жүйелерінің өзінде радиоинтерфейстерді жетілдіру, олардың спектральды тиімділігі мен өнімділігін арттыру қажеттілігі туындай бастаған еді.

Бұл жетілдіру спектральды – тиімді модуляция және кодтау әдістерін қолдану есебінен орындалды. Мұндай жүйелерде бір тасушыға 100 Мбит/с жылдамдыққа дейін қол жеткен болатын. Нақты классификация – радиорұқсат жүйелерінің құрылымы орындалды. Енді ғана соңғы тұтынушы желісін құру үшін қандай, ал абонентке рұқсат үшін қандай мәселелерді қарастыру керектігі анық бола бастады. 802.11a стандарты үшін байланыс арнасындағы мәліметтерді тарату жылдамдығы 54 Мбит/с және ортогоналді жиіліктік модуляциямен бірге 30 Мбит/с жылдамдығының арқасында абонеттің қалалық немесе локалді желінің кез келген нүктесінде жұмыс істеуі оңай болды. Бұл OFDM – модуляция көмегімен дабылдың тоқтап қалуларға жоғары тұрақтылығы, яғни базалық станцияны тікелей көрусіз (NLOS) және рұқсат нүктесін көрусіз (АР) дабылмен жұмыс істеу мүмкіндігі орындалады.

Төртінші ұрпақ жүйелерінде ортақ арнаның қорына рұқсат технологиясы ретінде барлық мүмкін болатын арналарды бөлу түрлері қолданылады: жиіліктік бөлу (FDMA) және оның жетілдірілген түрі – ортогоналді жиіліктік бөлу (OFDMA), уақыттық бөлу (TDMA), кеңістіктік бөлу (SDMA), арналарды код бойынша бөлу (CDMA).

Ғаламтордың мобильді кеңжолақты ену әдісін мынадай мобильді байланыстың технологиялары қолданады: WCDMA/HSPA (3.5G), HSPA+ ( 3.75G) жәнеWiMax пен LTE (4G). 4 – ұрпақ өкілдерінің бірі LTE болғандықтан оның кез келген тұрғыдан қарағанда мобильді байланыстың ең сапалы әрі жылдам қызметтерін көрсетері хақ. 1.1-ші суреттен мобильді трафиктің ең көп тұтынушылары ноутбук, компьютер, планшетке тиісті екенін көреміз. Бұл LTE желісінің болашағының жарқын екендігінің бірден бір дәлелі болса керек

 

«Интернет технологиялар және Web-бағдарламалау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Интернет материалдары

Интерактивті тақта, компьютерлер, зертханалық жұмыс таратпалары

Prezi.com  сайты

Электронды пошта (e-mail.ru)

http://oprezi.ru/ сайты

http://dop.uchebalegko.ru/docs/index.4452.html?page=35

http://www.webmasterwiki.ru/

http://htmlweb.ru/

https://developer.mozilla.org/

http://www.structuralist.narod.ru/

http://www.pwt.kz/

http://profinfoservice.ru/service/web-tekhnologii

ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

40 минут

-№6 практикалық жұмысты орындауға таратпалар беріледі;

-практикалық жұмыстың мақсатын түсіндіреді;

-практикалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды көрсетеді;

-практикалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындауға уақыт береді;

-практикалық жұмыстарды бақылау, жеке дара кеңес беру жұмыстарын жасау;

-№6 практикалық жұмысты орындауға таратпалар беріледі;

-практикалық жұмыстың мақсатын түсінеді;

-практикалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды көреді;

-практикалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындайды;

-практикалық жұмыстарды бақылау, жеке дара кеңес беру жұмыстарын жасайды

Ү.Білімді бақылау, бағалау

14 минут

-практикалық жұмыстарды тексеру;

-практикалық жұмысты орындалу барысын сұрау;

-Қателерін анықтау және жөндеу жұмыстарын жасату;

-«Magic Box» ойыны арқылы өтілген тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде айту;

-Қосымша сұрақтарға жауап қойылады:

-Бағалау парағына әрбір кезең бойынша белгі қою арқылы бағалау

-практикалық  жұмыстың нәтижесін көрсетеді;

-Кеткен қателіктерін анықтайды, талдайды және жөндеу жұмыстарын жасайды;

-«Magic Box» ойыны арқылы өтілген тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде айтады;

-Қосымша сұрақтарға жауап береді:

-Бағалау парағына әрбір кезең бойынша белгі қою арқылы бағаланады

ҮІ. Қорытынды (рефлексия)

3 минут

-«Білім баспалдағы» арқылы қорытындылау

-«Білім баспалдағы» арқылы қорытындылау

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

5 минут

3G және 4G (LTE) технологияларының ерекшеліктерін зерттеу

Теориялық тапсырма

 

Шығармашылық тапсырма

3G және 4G (LTE) технологиялары (слайд)

Оқытушының сабақты өзіндік талдауы

Рефлексия

Үш бірлікті мақсаттың орындалуы:

 

Жалпыадамзаттық рухани құндылықтың, 5Т сабақ барысында көрініс табуы

 

Сабақ процесінде кері байланыстың болуы

 

Бүгін студенттер не білді?

 

Топтағы  ахуал қандай болды?

 

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

 

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

 

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Студенттердің білім көрсеткіші:

 

 

 


 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru