6 сыныптарға арналған логикалық есеп
(6-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)
Түсінік хат
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.
Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже:
Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 сағат
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.
Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.
Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.
· Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;
· Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;
· Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
· Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;
· Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған
Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
2. Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына
дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
1. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
2. Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.
3. Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.
4. Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.
5. Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Математика пәнінен қосымша курсының жоспары
(34 сағат) 6- сынып
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мақсаты (нені білу керек?) |
Күні |
1-2 |
Байырғы есептер |
2 |
Логикалық ойлау негізінде есептерді шеше білу. |
|
3-4 |
Сандарды орналастыру |
2 |
Белгілі бір заңдылықты анықтап анықтап санды табу |
|
5-6 |
Қатынастарға берілген есептер |
2 |
Қатынастар арқылы есептер шығару. |
|
7-8 |
Геометриялық бақылағыштық |
2 |
Шапшаң шешім қабылдай білуі қерек. |
|
9-10 |
Кеңістік кескіндері |
2 |
Математикалық интуициясын дамыту. |
|
11-12 |
Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер |
2 |
Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін білу. |
|
13-14 |
Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері. |
2 |
Ақыл – ойы шыңдалады. |
|
15-16 |
Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер |
2 |
Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттерді білу. |
|
17-18 |
Евклид алгоритмі |
2 |
Евклид алгоритмі арқылы ЕКОЕ, ЕҮОБ – ны табу. |
|
19-20 |
Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика |
2 |
Комбинаторика ұғымымен танысу. |
|
21-23 |
Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару. |
3 |
Қосу ережесін пайдалана алу. |
|
24-26 |
Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару. |
3 |
Көбейту ережесін пайдалана алу. |
|
27-28 |
Дирихле принципі |
2 |
Дирихле принципіне сүйене отырып, есептер шығару. |
|
29-30 |
Математикалық олимпиада |
2 |
Өзара бәсекелестік туғызу арқылы шын мықтыны анықтау. |
|
31 |
Танграм ойыны |
1 |
Ой – өрісін және құрастырғыш қабілетін дамыту. |
|
32-33 |
Судоку шешу. |
2 |
Ойлау дағдысын жаттықтыру. |
|
34 |
Қорытындылау сабағы. |
1 |
Оқушылардың жыл бойы жүргізген жұмыстарында жеткен жетістіктерін ескеру, марапаттау. |
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Математика және физика журналы;
2) М.В. Балк. «Математика после уроков»;
3) М.Гарднер. «Математические чудеса и тайны»;
4) Г. И.Глейзер. «История математики в школе»;
5) М. И. Сканави. Математика в задачах;
6) И. С. Петраков. «Математические кружки»;
7) Электрондық оқулық;
8) «Кенгуру» тапсырмалары;
9) «Ақбота» тапсырмалары;
10) «Ақжелкен» тапсырмалары;
11) Гольдиг В., Злотин С., «3000 задач по
алгебре для 5-9 классов»
12) Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Пособие для подготовки к единому
национальному тестированию». Издание третье, исправленное, дополненное.
Алматы, 2009
13) А.Қ. Әлсейітов «Математика талапкерге» формуларлар жинағы, анықтамалық материалдар, тестілік тапсырмалар, олардың шешулері мен жауаптары.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.