Абай Құнанбаев (на казахском)
Оценка 5

Абай Құнанбаев (на казахском)

Оценка 5
Библиография
docx
чтение
7 кл—11 кл
25.05.2018
Абай Құнанбаев (на казахском)
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, қа¬зақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебеpi. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Се-мей облысындагы Шыңғыс тауының баурайында дуниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Ибрахим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Құнанбайдың жеті баласы болған. Соның ішінде бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскені - Абай.
Абай.docx
Абай Құнанбайұлы (1845­1904) Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, қа- зақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебеpi. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей облысындагы Шыңғыс тауының баурайында дуниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Ибрахим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Құнанбайдың жеті баласы болған. Соның ішінде бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскені - Абай. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауатын ашқан Абайды әкeci он eкi жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Медреседе оқытылатын дін сабақтарынан басқа араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Медреседе оқып жүріп «Приходская школада» үш ай орысша оқыған. Әкесі Құнанбай Абайдан улкен үміт кутеді. Сондықтан оны оқудан шығарып алып, ел басқару iciнe баули бастайды. Әкесінің жанында журіп, Абай сол кездегі атақты адамдарды көреді., шешен-билерден сөз айтуды уйренеді, халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақын танысады. Халқына пайдалы болудың жолын ол білімнен, оқудан, кітаптан, орыс мәдениетінен iздейді әке- шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбеейді, бос уақытында қазақтың, шығыстық мәдениетін үйренеді. Кейін орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов т.б. шығармаларымен танысады. Сонымен бipгe, ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның, арқасында діниетанымын кеңейтіп, білімін шыңдай береді Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Ақынның шығармалары, негізінен, үш саладан тұрады: бipi – өзі шығарған өлеңдері, екіншісі - Гаклия немесе Қара сөз деп аталатын прозасы, үшіншісі - өзге тілдерден аударған өлеңдері.          Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық саласын қамтиды. Көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Сондай өлеңдер қатарына «Жасымда ғылым бар деп ескер-медім», «ғылым man пай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдері жатады. Абай өлең мен өнер, сөз бен тіл ҚҰДІРЕТІ, адамның сезімдері мен мінездері, көңіл күйі., табиғат көріністері халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы шығармалар тудырды. Өлеңдің өзін Абай өте жоғары бағалап, жұртшылықтан поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етеді, нағыз өлеңнің қандай болуы керек екенше жауапты өзі «Өлең - сөздің патшасы» атты туындысында береді. Абай - табиғатты шебер жырлаған, табиғатқа жан бітірген лирик ақын. Жылдың төрт мезгілінің суреттері ақын өлеңдеріне арқау болған. Ондай өлеңдер қатарына «Жазғытүры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Күз» жатады. Адамдардың әр түрлі мінез- құлықтарын өлеңдеріне арқау еткен ақын жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге шақырады. Сондай өлеңдеріне «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Адасқанның алды жен, арты соқпақ», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңдері жатады. Абайдыц 40-тан астам әні бар. Кейбір күйлерінде сақталған. Абай күйлері: «Торжорға», «Май mүнi», «Абай желдipмeci». Абай әндерінің ерекшелігі; сөзі мен мазмұны бip-бipiнe үйлесімді; жекеше, хормен айтуға ыңғайлы; халық арасына көбіне ауызша тарады; халық әндерімен тамырлас; орыс шығармаларынан үлгі алуы; поэзиялык тілі мен музыкалык әуен-әуезі елшем-ырғағы, интонациялық құрылымының тығыз келуі. Абайдың ән мұрасын жинап, таратушылар: Муқа, Ұлманбет, А.Затаевич, Э.Қашаубаев, Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, А.Жұбанов, Мөкен Мухамеджанова (Абайдыц немересі). Орыс әдебиетінің нәрімен сусындаған ақын Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы Абай Лермонтовтан жиырмадан астам шығарма аударған. Олар: «Теректің сыйы», «Жартас», «Жалғыз жалау»,«Альбомнан», және тағы басқалары. Абай өзi мысал жазбаған, бipaқ Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл», «Бақа мен өгіз», «Есек», «Жарлы бай» деген мысалдарын аудару арқылы қазақ халқының өміріндегі жақымсыз ic-әрекеттерді үшкерелей білді. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

Абай Құнанбаев (на казахском)

Абай Құнанбаев (на казахском)

Абай Құнанбаев (на казахском)

Абай Құнанбаев (на казахском)

Абай Құнанбаев (на казахском)

Абай Құнанбаев (на казахском)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.05.2018