Адамның шығу тегінің теориялары
Мақсаты: алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адам өмірінен бастап, осы күнгі адам мәдениеті өмірінің қалыптасуын ұғыну
Адамның ғарыштық тұжырымдамасы. Көне құжаттарды, аспан жараты-лыстарының пайда болуы туралы библиялық мәтіндерді талдау, Пасха аралын-дағы мүсіндер сияқты табиғи объектілерді зерттеу негізінде, жерден тыс өрке-ниет өкілдерінің Жерге келу (палеовизит) мүмкіндігі туралы тезис ұсынылады.
Ғарыштық келімсектер ер және әйел адамдардың пайда болуына мүмкіндік туғызды, өйткені адамзаттың қалыптасуына және дамуына қозғау салды деп жорамалданды. Палеовизит тұыжырымдамасы XXI ғасырда да өзінің жолын қуушыларды тапты.
Діни-мифологиялық тұжырымдама.
Мифология алдыңғы ұрпақты "адастыру нысаны" ретінде емес, бірақ адамның өзін-өзі тануының маңызды сатысы ретінде қарастырылады.
Құдай көне египеттік философияда адамды қыш ортасында балшықтан жасайды, осы ұқсас түсінік шумер мифіне тән болып табылады. Антикалық дәуірде адамның пайда болуы оның Ғарышпен өзара байланысына немесе "микроғарышпен" (адаммен) және "макроғарышпен" (табиғатпен) өзара байланысы бірыңғай тұтастық ретінде қарастырылды.
Христиандық шеңберінде адамзаттың тұтастығы, оның Құдаймен қатынасы туралы ілім тұжырымдалды.
Адамды, Қасиетті жазу бойынша Құдай дүниені жаратқаннан кейін соңғы (алтыншы) күні жаратты. Христиандық антропология адамды табиғат (биологиялық) және табиғаттан тыс (теологиялық) салада шектейді. Адам дене, жан, рухтан тұрады. Адамның дене өмірінің басқа жанды тіршілік иелерінен айырмашылығы болмайды. Жан кез келген тірі ағзада болады. Рух - тек оған ғана тән адамның жоғары көрінісі. Рухтың пайда болуы әрбір адамның өмірінде "басшылық бастауы" болуы тиіс.
Біріншіден, адамға жаратушы мен жаратылыстың, рух пен дененің, екіншіден, оған сәйкес тек адам оның барлық нысандарындағы дамудың бастапқы нүктесі болып табылатын антропоцентризмнің қарама-қайшылығы ретіндегі дуализм (қосарланушылық) тәсілінің негізі қаланды.
Ғылыми-жаратылыстану тұжырымдамасы.
Адамның пайда болуының ғылыми-жаратылыстану түсіндірмелерінің алғашқы әрекеттерінің біреуі Аристотельдің адамды ең «жоғары дамыған жануар», тек сөйлеумен және ойлаумен ерекшеленеді деп атаған көзқарасымен байланысты. Зоопсихология айналыса бастаған жануарлар мен адамдар арасындағы жалпы мен әр түрлі ерекшеліктер мен сипаттамаларды іздеу дәстүрі біртіндеп пайда бола бастайды. XVIII ғ. К. Линней табиғат объектілері мен құбылыстарын және оған адам-homo sapiens (Ақылды адам) да енетін бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынды.
Ч. Дарвин келесі бекітулерде негізделген адам эволюциясы принципін тұжырымдады: а) адамның бастауы үшінші кезеңге түр ретінде қарастырады; б) адамның арғы ата бабалары адам тәріздес маймылға ұқсас жаратылыс болып табылады; в) адамның пайда болған орны - африкалық континент.
Адамның қалыптасуының негізгі биологиялық факторлары және заңдылықтары: а) түзу жүру; б) жоғары приматтардың алдыңғы аяқтарын арнайыландыру; в) айқын сөйлей алу; г) дамыған сезім органдары; д) ми қызметі. Солардың негізінде Дарвин бойынша адамның тууы биотикалық, абиотикалық және әлеуметтік факторлар және жағдайлардың өзара әрекеті ретінде болды.
XIX ғ. ортасында эволюциялық процесте адамды тартуды растайтын фактологиялық материал біртіндеп жинақталды. Адамның рудиментарлық (лат. rudimentus - өскін) органдары, яғни өзінің функциясын тарихи жағынан жоғалт-қан ағзаның дамымаған элементтері эволюция куәсі ретінде қарастырылды. Биологиялық кітаптардың барлығында балалардың: "арыстан секілді" және "құйрықты" ұл балалардың, біреуі - арыстанның басына ұқсас, ал екіншісі құйрықты рудиментпен түскен фотосуреттері берілген.
Марксистік тұжырымдама.
Адамның шығу тегі туралы Дарвин тұжырымдамасы антропогенездің марксистік еңбек теориясының негізінде қаланды.
Оның мәні Ф. Энгельстің "Адамның маймылға айналу процесіндегі еңбектің ролі" (1876) атты еңбегінде баяндалған. Биология, антропология және басқа ғылымдармен жинақталған материалдарды байыту келесі қорытындыны тұжырымдауға мүмкіндік береді. Биологиялық эволюция процесінде еңбекке өтудің алғышарттары жасалады, алайда еңбек адам қызметіне тән қару-жарақты дайындаудың басталуымен, сөйлеу және ойлаудың пайда болуы ерекшеліктерін меңгереді, бұл ерекшеліктер өмірдің әлеуметтік нысандарының қалыптасу және даму процесінде, өз кезегінде еңбек қызметімен байланысты күшейеді. Адам сыртқы табиғатты түрлендіре отырып, өзінің әлеуметтену дәрежесін арттырады.
Антропосоциогенездің қазіргі замандағы тұжырымдамасы және оның негізгі ережелері.
Алғашқы австралопитектер (лат. australis - оңтүстік және pitekos - маймыл), яғни екі аяқпен алдыға жылжыған сияқты қазып алынған адам тәріздес приматтар Оңтүстік және Шығыс Африкада табылған. Палеоантропо-логия осыдан 3 млн. жылдан 5 млн-ға дейін олардың пайда болу көрінісі уақытты белгілейді, мұндай уақытша бытыраңқылық приматтарда "адами" ми құрылымын, іс-әрекеттің сипатын және т.б. анықтау дәрежесін әр түрлі тәсілдермен түсіндіреді.
Кейінірек, "маймыл адамдар" тек Африкада ғана емес, сонымен бірге Еуропада да мекендегені белгілі болды (гейдельберг адамы). Адамның орта-азиялық шығу тегі туралы теория белсенді түрде қалыптасты.
Органикалық дүниеден адамды бөлу проблемасының қазіргі замандағы баяндауы биологиялық және мәдениетті эволюция өзгешелігінің көрінуімен байланысты. Антропогенездегі барлық эволюциялық қайта түрлендірулер жеке және топтық іріктеп алудың аралас әрекетінің нәтижесінде болады.
Гоминдерді әлеуметтендіру процесінде тіршілік ету үшін күресте альтруизмге, яғни қауымдастық мүшелерінің игіліктері үшін құрбан болу қажеттіліктеріне үлкен мән беріледі. "Альтруизм гені" бойынша табиғи іріктеп алу тиімдірек болды. Адам генетикасы бойынша зерттеулер қазіргі замандағы адамның жануарлардан алып қалған этика принципінің қатарында генетикалық байланысты көрсетті. Жануарлардың тәртібі туралы білімді ұлғайту көлемі бойынша адам және жануарлардың өзгешеліктері туралы дәстүрлі түсініктерді қайта қарастырды. Барлығы жануарлар сана элементтерін игерген деген дәлел-деуді жиі келтіреді.
Адамның жануардан айырмашылығы тек сөйлей білуі ғана емес, бірақ адамның қажеттіліктерін "сана ағындарының" жекелеген элементтерін атап көрсету және іске асыруда жатыр.
Адамның қалыптасуындағы сатылы тұжырымдама біртіндеп жинақталады. Соған сәйкес адамның негізін салушыларды үш сатыға бөледі: австрало-питектер, архантроптар және палеонтроптар. 500 мың жылдан астам бойы бір саты басқасына өтеді. Осы қарқынмен гоминидтер дамуы неғұрлым ұлғаяды, шамамен 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы типті адамның негізін салушы ретінде неандерталдық пайда болды.
Әрине, адамның пайда болуының сатылы тұжырымдамасы барлық қисын-дылығында жануардан адамға "өту механизмі" пікірталас объектісі болып қалды. Егер XIX-XX ғғ. басында антропосоциогенездің дарвин-марксистік тұжырымдамасы басым болса, онда XX ғ. аяғында адамның шығу тегі туралы пікірсайыс әлі өзінің өткірлігін жойған жоқ. Адам "табиғат тәжі" ғана емес, ал генетикалық қателердің нәтижесі сияқты баяндалатын, галактикалық алапат апат өзгерістері (Үлкен жарылыс теориясы және т.б.) процесінде тірі табиғат дамуының эволюциялық бағдарламасының жаңылу өнімі деген көзқарас барынша белсенді түрді негізделеді. Бұл ретте антропогенездің еңбек тұжы-рымдамасының жақтастары өзінің дәлелдеуін дамытады және анықтайды.
Алайда, жандының пайда болуы сияқты адамның шығу тегі туралы проблема "мәңгілік" санына қатысты, яғни бұл мәселеде "соңғы нүкте" қойылуы ықтимал.
Адамның шығыс тұжырымдамаларының негіздері
Адамның шығыс тұжырымдамасының мәні оның рухани жаратылысын мойындаудан, Құдайдың эманация нәтижесінен (уақыттың өтуі) тұрады. Шығыстық ойлау үшін адамға пантеистік пікір тән, соның шеңберінде Құдайды табиғатпен теңестіру жүреді, бұл ретте адамды құдайшыл мәнінің көрінісі ретінде қарастырады.
Шығыстық ойлау адамды Құдаймен теңестіреді, адам уақыт ағынында болады, ол ажал бағытындағы жолды көрсетеді, адам жаны мәңгілік өмір сүреді. Бұл түсініктерді көрсетудің біреуі болып реинкарнация – бір денеден басқа денеге жанды ауыстыру туралы ілім болып табылады. Осы жерден жанның ажалсыз екендігі, әр түрлі іске асыруларды оның қабылдау мүмкіндіктері туралы тезис қалыптасады.
Конфуцийлік, буддизм және сопылық шеңберінде адамды түсіну өзгешелігі ерекше көрінеді.
Адам туралы конфуцийлік ілім. Көне қытай ойшылы Конфуций адамды әлеуметтік жүйенің иерархия бөлімі ретінде қарастырды. Адам туралы конфуцийлік ілім әр түрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың әр түрлі мүмкін болатын стереотиптерін көрсетеді. Адамды табиғаттың ерекше объектісі, яғни табиғатқа бағынатын, бірақ оған қарсы тұра алмайтын ретінде қарастырады, бұл Көк пен Жер арасындағы адамның "аралық" жағдайы ретінде түсіндіріледі. Бір жағынан, адамды дүниенің бірегей жағдайы ретінде орын алады, ал басқа жағынан, - бірыңғай тұтас табиғатты құрайды.
Адам туралы буддалық ілім. Буддизмнің негізгі идеялары шамамен алғанда б.ғ.д. V ғ. қалыптасты, солардың негізінде – тіршілік құбылыстарының өшу процесінде нирван (тыныштық) көрінісі ретінде адамды табиғатпен (Тұтас) біріктіру (еріту) жатыр. Адам табиғатпен болатын бірлікті қолдайды, оны Дао жағына – «Тұтаспен» бірігудің негізгі жолына алып кетпеуі тиіс.
Адам туралы сопылық ілім. Сопылық VIII ғ. ислам бағыттарының бірі ретінде өркен жайды, соның шеңберінде адам жаратылыс ретінде Ниммен бірігуді ойлай отырып, өзінің Құдайға қатысы барлығын сезіне отырып, болмыстың ақиқаттылығына көз жеткізеді. Мұхаммед пайғамбар "жан-жақты жетілген адам" деп саналады, соның арқасында Құдай осы өмірде пайда болды. Адамның жоғарғы мақсаты оның жанының құдайшылдықпен қосылуы болып табылады.
Батыс тұжырымдамаларының негіздері
Батыстық ойлау үшін "Меннің" "Мен еместігінен" белсенді айырмашы-лығы тән болады. Батыстық типті ойлау адамы өзін қоршаған ортамен (Құдай-мен) теңдестірмейді, ал өзінің болмыс-тіршілігінің өзгешелігін анықтайды.
Батыстық ойлау үшін адам мәнін ұғындыруда дуализм (екі ұдайылық) тән болады. Адам дуализмді қайта мағыналандыру жеке адамның өзін-өзі тануы-ның маңызды элементі болып беріледі. Бір жағынан, адам органикалық дүниенің өкілі ретінде оның ғылыми жаратылыстану заңдылықтарына бағына-ды, ал екінші жағынан, адам әлеуметтің өкілі ретінде діни нормалармен, рухани дәстүрлермен, экономикалық жағдайлармен анықталатын әлеуметтік мәдени заңдылықтарға бағынады.
Адамды түсіндірудің бірнеше тарихи типтері атап көрсетіледі.
Адам туралы антикалық түсінік. Антикалық дәстүр үшін адамды (микро-косма) табиғаттың құрамдас бөлігі (макрокосма) ретінде қарастыру тән болады.
Антикалық адам ғарыштық зерде және үйлесімге сәйкес тұруға ұмтылады, егер Сократ адамның гносеологиялық функциясына ("өзіңді өзің таны") басты назар аударылса, онда Демокрит Ғарыштың объективті процестерімен адамның онтологиялық анықталғандығын көрсетеді. Аристотель ілімінде адамды "жан" мен "денені" бірыңғай тұтаста байланыстыратын болмыстың "жоғары нысаны" ретінде береді.
Адам туралы орта ғасырлық түсінік. Адам Құдай идеясының құрамдас бөлігі ретінде жарияланады.
Христиан адамында төменгі (жер) және жоғары (рухани) дуализм (екі ұдайылық) іске асады. Теология негізін салған Фома Аквинский көзқарас-тарында адамда жан және дененің қосылуы жүреді. Оның мәнінің осы екі құрамдас бөлігі, яғни Құдайды тануға ұмтылатын бірыңғай субстанцияны құрады. Адам "тек жан ғана емес", бірақ "жан мен дененің кейбір қосылысы" болады.
Адам туралы қайта өрлеу түсінігі. Адамның тұтастығы туралы, "микрокосма" және "макрокосманың" өзара байланысы туралы антикалық идеялар пайда болады. Сонымен қатар адамды Құдайдың "ұлы жаратушысы" (Демиург ) ретінде шындықты белсенді түрде қайта түрлендіруге қабілетті дербес шығармашылық күш ретінде қарастырады.
Жаңа уақыттағы адам туралы түсінік. Классикалық жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу жағдайында адамның әмбебаптық сипаттамаларын рационалистік негіздеуін анықтауға деген ұмтылысқа ие болды. Мұндай негіздеулер ретінде механицизм енді, соңғы нысандарының бірі ретінде адамды "табиғи дене" ретінде түсіндіретін Т. Гоббс тезисі болды.
Ағарту кезеңіндегі адам туралы түсінік. XVIII ғ. француз материализмі шеңберінде адамды табиғаттың жоғары жаратушысы ретінде қарастырды, табиғаттың заңдылықтарына бағынған және оның тек заңдылықтарымен ғана бірлікте білім беру мен тәрбие процестерінде қол жеткізілді, адам және адамзат прогресі түсіндірілді.
Неміс классикалық философиясындаға адам туралы түсініктер. Ол үшін абстрактілік - жалпыға ортақ зерделі табиғаттың көрінісі ретінде қарастыратын адамға деген логикалық тәсіл тән болып табылады. Гегельдің пікірі бойыша, адамда "табиғаттың өзінен" алынған табиғи болмысты "жатсыну" жүреді. Әрине, Кант табиғи, өнегелі заттар дүниесімен оны байластыра отырып, адамның тұтастығын анықтауға ұмтылды.
Адам туралы марксистік тұжырымдама. К. Маркс барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде адам туралы тезисті ұсынды.
Адам тек табиғат жаратылысы ғана емес, сонымен бірге белгілі бір әлеуметтік-экономикалық қауымдастықтардың өкілі ретінде де қарастырылды. Марксизм адамның "тектік" (табиғи) мәнін тани отырып, оның негізін еңбек іс-әрекетінің сипатымен байланыстырады. Тек белгілі бір әлеуметтік-экономика-лық қатынастарда ғана еңбек іс-әрекетінде адамның мәні пайда болады.
XX ғ. адам феномені өзіне белсенді түрде қазіргі замандағы ғылыми білім-нің жүйесін жұмылдырады. Адамды маңызды зерттеудің кейбір бағыттарын ғана байқаймыз, соның шеңберінде белгілі бір оның типтері атап көрсетілді.
"Экономикалық адам" (Homo economicus).
Шетелде XVIII-XIX ғғ. еуропалық типті мәдениетте рыноктық қатынастар негізінде қалыптастыру процесінде экономикалық бағыттағы адам туралы түсінік қалыптасты. Экономикалық мүдде адамдарды біріктіруге, яғни социумның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын фактор ретінде баяндалады. Бәрінен бұрын, "эгоистік мүдде" келісімімен адамның іс-әрекеті ең ақырында, "қоғамдық байлықты" (А. Смит) ұлғайтуға мүмкіндік туғызады. Кейінірек, XX ғ. екінші жартысында "экономикалық адам" феномені рационализм, техно-кратизм және т.б. сияқты ресурстардың салыстырмалы тапшылығы жағдайын-да материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысымен байланысады. Материалдық табысқа бағытталған "экономикалық адам" туралы түсінік батыс типті тұлғаны анықтайтын сипаттамалардың бірі ретінде болды.
"Фрейдтік адам".
3. Фрейд, адамды сипаттай отырып, онда үш деңгейді атап көрсетті, атап айтқанда: "Ол" – туа біткен бейсаналық; "Мен" - саналы, зерделі; "Меннен жоғары" – мораль нормаларының, құндылықтарының, тыйым салуларының және т.б. жүйесі. "Мен" адамдағы бейсаналық және әлеуметтік мәдени деңгей-лердің арасындағы делдал функцияны жүзеге асырады. Кейінірек "сексуалды монизм", яғни адамдағы биологиялық инстинктерді абсолюттендіру "өмір инстинкті" (Эрос) мен "өлім инстинкті" (Танатос) арасындағы дихотомияда (қарама-қайшылық) өзгерді.
Неофрейдистер адамның саналы және бейсаналық ара қатыстарын зерттеуді ұсынды. К. Юнг бейсаналық тек субъективті мен жекені ғана емес, сонымен бірге терең тарихи бастауы бар ұжымдықты енгізеді, оларға ұжымдық бейсаналық - архетиптерді, яғни санаға қарсы тұрған символ-бейнелер бөлінді. Э. Фромм адамның "әлеуметтік бейсаналық" феноменін анықтай отырып, немесе басқаша айтқанда, оның әлеуметіне тигізетін әсерін зерттеді, бір жағынан, тұлғаға үстем бола отырып, ал екінші жағынан, адамда қорғаныштық механизмін дағдыландыруға мүмкіндік туғызады.
"Әлеуметтік адам".
М. Вебер адамның іс-әрекетінің жеке себептерін түсіндіре отырып, "әлеуметтік іс-әрекет" теориясын әзірледі. Т. Парсонс әлеуметтегі адам мінез-құлқының механизмін нақтылады. А. Маслоу физиологиялық қажеттіліктерден адам мәннің терең түсіну үшін маңызды мәні бар өзін-өзі маңыздыландыру қажеттіліктеріне дейінгі "қажеттіліктер иерархиясын" ұсынды. Адамның "әлеуметтік" типі сәйкес келетін қазіргі замандағы стереотиптерге (экология-лық, эстетикалық және т.б.) сәйкес келетін тұтынушылық нысананы рационализациялау деңгейіне шығады.
"Экзистенциалды адам".
Экзистенциализм (лат. existentia - тіршілік) адам болмысының бірегей-лігіне, оның рухани құрамдастарына басты назар аударады. К. Ясперс, Ж.-П. Сартр экзистенциализмді гуманизммен байланыстырды. А. Камю өзінің құқығын белсенді түрде іске асыратын экзистенциалды және «бүлік шығару-шы» адамды теңдестірді. "Экзистенциалды" типті адам шекаралық жағдайларда ғана өзінің мәнін анықтайды, мысалы, оба індеті жағдайында А. Камюдегі сияқты жағдайларда нағыз шынайы бостандық және тұтастықты табады.
М. Хайдеггер де адам шегі бар экстремальды жағдайларда (ажал алдында) ғана толық көлемде өмірдің мағынасын бағалай алады дегенді ұсынды. Ойлайтын жаратылыс жолына түсе отырып, яғни адамгершілік және өнегелі-ліктің категориялық императиві принциптерін қабылдай отырып, адам болмыс-тың құпиясын түсінеді және өмірдің динамикасының мағынасын ашады.
"Тоталитарлық адам".
Бұл типті адам туралы түсінік өзінің бастауын Ф. Ницше пікірлерінен алады, онда тарихи процесті "адамнан жоғары тұрған" "ана жақта тұрған жақ-сылық пен жамандық" ерік-жігерінің көрінісі ретінде қарастырды. Тарихи динамиканың негізгі қозғаушы күші - "билікке деген ерік-жігері", мырзасына мәңгілік бағынуға душар болған "құлдарды" өзіне қаратып алуда "күшті тұлға" болуға ұмтылыс.
Бұл идеология, мысалы фашизм жағдайында іске асырылады және тоталитарлық типтегі адамды қалыптастырады, ол мемлекеттің үстемділігіне тек меншік мақсатты нұсқаулармен ғана бағынбайды, ал бірақ мемлекеттік стереотиптерге сәйкес келуге ұмтылады. "Тоталитарлық тұлғаның" жеке ерекшеліктерінің репрессия-идеологиялық мемлекет жүйесінің әсерімен қалыпты құрылымы бұзылады.
"Сындарлы адам".
Солшыл радикалды-әлеуметтік-философиялық бағыттағы ойдағы Франкфурт мектебінің өкілдері батыстық типтегі адамның "бір өлшемді", "рационализм, "экономизм", "сциентизм" және т.б. сияқты стереотиптерін сынайды. Бір өлшемді жеңу болмысты ізгілендірумен, атап айтқанда, "гуманистик психоталдаумен" (Э. Фромм), музыка үйлесімімен (Т. Адорно), еркін эроспен (Г. Маркузе) байланыстырады. "Сындарлы" типтегі адам "тұтынушы қоғамның " құндылықтарын жоққа шығарады.
"Кеңестік адам".
Тұлғаның дәріптелген типі "буржуазиялық адамға" оның "экономикалық" немесе "экзистенциалды" нысанында барабар, онымен қоғам игілігі үшін деген адал еңбек, жеке мүддеден қоғамдық мүдденің басым тұруы, жоғары руханилыққа және т.б. байланысты болды. Батыстық "бір өлшемді адамға" "жан-жақты дамыған" тұлға қарама-қарсы қойылды. "Кеңестік" типті адам - коммунистік стереотиптерді іске асыру әрекеті.
90 жылдардың басынан бастап бұрынғы КСРО барлық кеңістігінде "посткеңестік" типті адам қалыптасты. "Посткеңестік адам" – бір жағынан, "кеңестік стереотиптерді" жеңе отырып, ұлттық сәйкестікті анықтап және сақтай отырып алға ұмтылған, ал екінші жағынан, батыс өркениетінің әлеуметтік мәдени нысандарын қабылдауға тырысушы тұлғаның "аралық" типі.
Тапсырма:
1. "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буын" шағын эссе жазыңыз.
2. "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырымға бір жауаппен жауап жазып қайтарыңыз. /жазбаша/
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.