Агроөнеркәсіптік кешен
Оценка 4.8

Агроөнеркәсіптік кешен

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
география
9 кл
16.03.2018
Агроөнеркәсіптік кешен
"Аграрлық" сөзі латын тілінен аударғанда жерді игеру деген мағына береді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені негізгі үш саладан тұрады: ауылшаруашылығы, ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау, АӨК-тің дамуын қамтамасыз ету. Қазақстанның ауылшаруашылығының негізгі екі саласы бар: өсімдік шаруашылығы мен малшаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы мен малшаруашылығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады. Мал шаруашылығына: ірі қара, қой, түйе, құс т.б. шаруашылықтар, өсімдік шаруашылығының құрамына: бидай, техникалық дақылдар, бау-бақша дақылдарын өсіру кіреді.
3) АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН.docx
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН "Аграрлық" сөзі латын тілінен аударғанда жерді игеру деген мағына береді. Қазақстанның  агроөнеркәсіптік кешені негізгі үш саладан тұрады: ауылшаруашылығы, ауылшаруашылығы өнімдерін  тасымалдау, АӨК­тің дамуын қамтамасыз ету. Қазақстанның ауылшаруашылығының негізгі екі саласы бар: өсімдік шаруашылығы мен  малшаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы мен малшаруашылығы бір­бірімен өзара тығыз байланысты  және бір­бірін толықтырып тұрады. Мал шаруашылығына: ірі қара, қой, түйе, құс т.б. шаруашылықтар,  өсімдік шаруашылығының құрамына: бидай, техникалық дақылдар, бау­бақша дақылдарын өсіру кіреді. Дәнді­дақыл шаруашылығы еліміздің егін шаруашылығының басты саласы болып саналады. Дәнді  дақылдарға бидай, тары, қарақұмық, күріш жатады. Қазақстанның негізгі астық дақылы бидай болып саналады. Қазақстанда бидайдың екі түрі: жаздық  және күздік бидай өсіріледі. Қазақстанның солтүстігіндегі құнарлы қара топырақты зонада жаздық  бидай өсіріледі. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы егіншілік дамыған. Оңтүстік аймақтарда күздік бидай өсіріледі.  Күздік бидай бір жылдық астық тұқымдасына жатады. Оңтүстік аймақтарда егілген дақылдарды қолдан суармайынша, мол өнім алу мүмкін емес. Күріш – негізігі астық дақылдарының бірі. Күріш жылу мен ылғал сүйгіш, топырақ талғамайды.  Қазақстанда күріш Қызылорда облысындағы Сырдария өзені мен Алматы облысындағы Іле өзенінің  аңғарларында егіледі. Техникалық дақылдарғы мақта, қант қызылшасы, зығыр, темекі жатады. Бұл дақылдардың техникалық  деп аталу себебі олар тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаттары болып саналады.  Техникалық дақылдар оңтүстікте көп өсіріледі. Себебі – бұл дақылдар жылусүйгіш дақылдар. Мақта – бағалы талшықты дақыл. Қазақстандағы мақта өсірілетін өзен аңғарларына Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Арыс, Келес өзендері жатады. Қант қызылшасы – ылғал мен жылусүйгіш топырақ  талғайтын техникалық дақыл. Негізгі қант қызылшасын өсіретін аудандар – Жамбыл облысы мен  Алматы облыстары. Күнбағыс – бағалы майлы дақыл. Күнбағыстан адам ағзасына пайдалы өсімдік  майы алынады. Күнбағыс – Ертіс өзені бойында өсіріледі. Күнбағыстың егістік алқаптары Шығыс Қазақстан мен  Павлодар облыстарының аумақтарын алып жатыр. Қазақстандағы мал шаруашылығы салаларына қой мен ешкі шаруашылығы, ірі қара, түйе  шаруашылықтары жатады. Қой шаруашылығы ата­бабамыздан қалған дәстүрлі шаруашылық болып  саналады. Қазақстарда мынадай мақал бар: "Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір", яғни қой  мен ешкі күй талғамайды, өсімдігі жұтаң шөл мен шөлейтті жерлерде мол өнім береді. Қазақстанның табиғат жағдайлары қой шаруашылығын дамытуға қолайлы. Қазақстанда қой  шаруашылығы дала, шөлейт, шөл, биік таулы аудандарда дамыған. Елімізде биязы және жартылай биязы жүнді, арқар меринос, еділбай тұқымды, қаракөл қойлары өсіріледі. Биязы жүнді қойды жүні үшін  өсіреді, себебі жүні өте сапалы жұмсақ болып келеді. Қазақстанның солтүстігіндегі топырағы құнарлы орманды дала мен дала зоналарында және сонымен  қатар биік таулы аудандарда етті­сүтті бағытттағы мүйізді ірі қара өсіріледі. Қазақстанда мүйізді қарамал шаруашылығы дамыған аудандарға Шығыс Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Бұл аудандарда асыл тұқымды сүтті­етті қырдың  қызыл сиыры, алатау сиыры талас сиыры, қазақтың етті­сүтті ақбас сиыры сияқты түрлері өсіріледі. Марал шаруашылығы – Қазақстанның мал шаруашылығының ерекше және қосымша саласы. Марал  шаруашылығы тек Шығыс Қазақстан облысында ғана дамыған. Маралдың мүйізінен дәрілік зат панты  алынады. СҰРАҚТАР 1. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын табыңыз. 2. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін салалар: 3. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің салалары: 4. Дәнді дақылдар: 5. Қазақстандағы жаздық бидайдың өсірілетін аймақты табыңыз. 6. Суармалы егіншілікті аудан: 7. Қарақұмық өсірілетін облыстар: 8. Күріш өсірілетін өзен аңғарлары. 9. Мақта өсірілетін өзен аңғарлары. 10. Қант қызылшасын өсіретін облыстарды табыңыз. 11. Күнбағыс өсірілетін өзен аңғары. 12. Күнбағыс өсіретін облыстар. 13. Бау­бақша шаруашылығы таралған өңірді белгілеңіз. 14. Жүзім шаруашылығы дамыған аймақты табыңыз. 15. Биязы жүнді қойды өсірудің мақсатын табыңыз. 16. Еліміздің солтүстігіндегі орманды дала мен дала зоналарында өсірілетін мүйізді ірі қара түрлері. 17. Еліміздегі асыл тұқымды мүйізді ірі­қара мал түрлері: 18. Шошқа шаруашылығы дамыған аудандар: 19. Марал шаруашылығы дамыған ауданды табыңыз. 20. Жібек құрты өсірілетін аймақ. 21. Құс өсіру шаруашылығы. 22. Маралдың мүйізінен алынатын дәрілік зат. 23. Техникалық дақылдар. 24. Қазақстанда техникалық дақылдар көп өсірілетін аймақ. ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.03.2018