Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Оценка 4.6
Мероприятия
docx
история
10 кл
19.01.2017
Сабақтың мақсаты: 1. Алаш зиялысы Ахметтің өмірбаяны, қызметі және шығармашылығымен таныстыру; 2. Қазақ халқына сіңірген еңбегін көрсету;3. Ата-бабалары мен қазақ халқының осындай зиялы ұл- қыздарының тарихын сыйлауға, мақтан тұтуға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, портрет, деректі фильм.
Сабақтың барысы: 1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір тарихымен таныстыру.
Кіріспе: Мұғалімнің сөзі: Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. (Мұхтар Әуезов)
Ұлтымыздың Ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған мерейлі жыл.
Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығы жаппай аталып өтілмекші. Кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір ғана жолы- жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау.
Өмірбаяны: Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Қызметі:Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты.
Шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды.
Әдебиеттану
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Түркітану
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Фильмдер
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
Хронология
1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған.
1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Алаш Азаматы А.Байтұрсынов жоспар.docx
Омарова Гульшат Амангельдиновна
№18 жалпы білім беретін орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Сабақтың мақсаты: 1. Алаш зиялысы Ахметтің өмірбаяны, қызметі және
шығармашылығымен таныстыру; 2. Қазақ халқына сіңірген еңбегін көрсету;3. Ата
бабалары мен қазақ халқының осындай зиялы ұл қыздарының тарихын сыйлауға, мақтан
тұтуға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, портрет, деректі фильм.
Сабақтың барысы: 1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір тарихымен таныстыру.
Кіріспе: Мұғалімнің сөзі: Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) Алаш зиялыларының
көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік
ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына
істеген еңбегі, өнербілім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та,
тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып
үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де
тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған
туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып,
атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады.
Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз
нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен
қайта табысты. (Мұхтар Әуезов)
Ұлтымыздың Ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам
қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты
ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды
ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған мерейлі жыл.
Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығы жаппай аталып өтілмекші. Кейінгі ұрпақ ұлы
ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір ғана жолы жыл
сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау.
Өмірбаяны: Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы
Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы
ұлтазаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл
ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті
Торғайдағы 2 сыныптық орысқазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп,
Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездеріндегі орысқазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық
училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Қызметі:Алаш Орда құрамын бекіткен 2жалпықазақ съезі Оқуағарту комиссиясын
құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда
үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда
Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы
шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскерирев. кті төрағасының
орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда
басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл
тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім
артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754іс, 6т., 44п). 1920 жылы В.И.Ленинге
үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын
жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне
белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАКнің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін
Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Бтың жазған саяси наразылығы
Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған
Қазақ АКСРі үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСРі халық ағарту
комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы
Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылымиәдеби
комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.
Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің
жаны сүйген оқытушылықұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы
Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ
тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ
мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен
осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты.
Шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші
халықтың ауыр халін, армантілегін, мұңмұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім
ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Патшалық Ресейдің қанаушылықотаршылдық саясатын, шендішекпендінің алдында
құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық
мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. СанктПетербургте жарық көрді. Бұл кітабы
арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ойсанасын оятуға бар
жігерқайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын,
айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыстіршілігіне, мінезіне,
психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911).
Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық
бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік,
демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған
ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты»,
«Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиғантерген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі»,
«Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз
орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан
бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының
негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да
пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны
қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен
шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды
жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24
таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған
қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп,
оқу ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы
азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан
бастауды мақсат етті. Сол 19111912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының
баспаха наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген
атпен 19121925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең
пайдаланылды.
Әдебиеттану
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек
сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш
санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда
қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының
мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы
ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадірқасиеттері ашылған. Қазақтың
эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада
шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтаужырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап,
1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ
әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет
танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері,
жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жанжақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды.
Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық
мәнмаңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл
бөлген. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын
көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 1517 ғлардағы жыраулар поэзиясының
біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би,
Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір
ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақынжазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын
байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып,
«Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен
есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің
ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне
аударды.
Түркітану
Байтұрсынұлы тілшіғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің
жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1съезіне қатысып, «Түркі
тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы
қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу
құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924),
«Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына
қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық
тұлғатәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен
грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын
ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде
қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы болды.
Фильмдер
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
Хронология
1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орысқазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер
мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орысқазақ
училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып,
1910 ж. жер аударылды.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның
редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлтазаттық қозғалыс күшейеді.
191819 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскериреволюциялық комитеттің
мүшелігіне тағайындалады.
192225 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылымиәдеби
комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАКның, ҚР ОАКнің
мүшесі, Түркістан Компартиясы ОКнің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
192529 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИде оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал
жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы
босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған.
1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң,
желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Алаштың бір туар азаматы – Ахмет Байтұрсыновқа 140 жыл.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.