Альбрехт Дюрер

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 26.01.2022
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Презентация по истории Изо
Иконка файла материала Альбрехт Дюрер.ppt.pptx

А́льбрехт Дю́рер (1471 – 1528) — Неміс Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын тұлғасы. Кескіндемеші, суретші және гравюра шебері, өнер теоретигі. Дюрер гравюра техникасында көп жұмыс жасады. Ол - Еуропадағы ең алғашқы автопортрет жазған суретші.

Автопортрет, 1493, Лувр, Париж

13 жасындағы автопортреті.
«Мен 1484 ж., бала кезімде өзімді айнаға қарап салдым. Альбрехт Дюрер” деген жазу бар.

Автопортрет. 1500 ж.

Автопортрет. 1493 ж. Лувр

А.Дюрер 1471 ж. Нюрнберг қаласында Венгриядан көшіп келген зергер отбасында дүниеге келген. Отбасындағы 8 баланың үшіншісі.

Барбара Дюрер, анасы

Үлкен Альбрехт Дюрер, әкесі

Әкесі оны зергерлік өнерге баулыған, бірақ кейін сурет салуға деген талантын байқайды.
15 жасында қаладағы атақты суретшінің шеберханасына оқуға түседі. Мұнда ол кескіндеме, ағаш пен металлға гравюра оюды үйренді. 4 жыл оқудан кейін Германия, Швейцария, Нидерландыға саяхаттап, өнерін шыңдайды.


Нюрнбергдегі Дюрер отбасымен тұрған үй. Қазір Дюрер музейі


1494 ж. үйленгеннен кейін Италияға саяхаттап, шеберлер өнерімен танысады. 1495 ж. туған қаласына оралып, шығармашылыққа ден қояды. Осы кезеңде ол өзінің ең атақты гравюраларын жасаған. 1520 ж. Нидерландыға сапары барысында белгісіз дертке шалдығады.



Агнеса Дюрер. Қауырсын, қағаз. 1494

Альбрехт Дюрер 1528 ж., 57 жасында туған қаласы Нюрнбергте дүниеден өтті.


«Апокалипсис» графикалық циклі – 1496—1498жж. Италияға сапарынан кейін жасалған ағаш гравюралар сериясы. Серия 15 гравюрадан тұрады. Киелі кітаптағы Жаңа өсиеттің соңғы кітабының тақырыбына иллюстрациялайды. Олардың ішіндегі ең атақтысы – “Ақырзаманның 4 салаттысы” гравюрасы

Шығармашылығы

“Ақырзаманның 4 салаттысы” гравюра
Төрт салт атты - Библия кейіпкерлері.
1 – садақшы – Жеңімпаз.
2 - басына қылыш көтерген салт атты-Соғыс
3 – Аштық, қолына таразы ұстаған.
4 – Өлім.
Апокалипсистік бейнелерде Дюрер Еуропа ғасырдың аяғын күткен алаңдаушылықты бейнеледі.

Құдай ж/е 24 ақсақалдың алдындағы Иоанн Өлімнің 4 періштесі

1. Салт атты, өлім, ібіліс. 1513ж. Мыс гравюра

«Гравюралар шеберханасы» - Дюрер графикасының ең үлкен жетістігі. 1. Салт атты, өлім, ібіліс. 1513ж. Мыс гравюра
Қарулы жауынгер орман баурайында жортып барады. Шабандоз сауыт киген, қолында найзасы бар

Жауынгердің қатулы келбетінде қорғансыздық, шарасыздық байқалады. Қасында келе жатқан Ажал, «өмірің таусылып барады» дегендей жауынгерге құм сағатты көрсетіп келеді. Олардың артынды шошқа тұмсықты шайтан еріп келе жатыр.


2. “Әулие Иероним”, Бұнда Әулие Иероним (4-5 ғасырлар) бейнеленген. Ол Киелі кітапты латын тіліне аударған ғалым. Қарапайым, бірақ жайлы атмосфераның барлық ұсақ-түйектері сүйіспеншілікпен суреттеледі: құм сағаты, құрғақ төбеге ілулі тұрған асқабақ, орындық астындағы аяқ киім ...

“Әулие Иероним”, 1514ж. Мыс гравюра

3. Меланхолия - «Гравюралар шеберханасы» ішіндегі ең жұмбақ қа толы жұмыс. Дюрер өзін меланхолик деп санаған, бұл гравюраны шебердің рухани автопортреті ретінде қарастыруға болад. Қанатты әйел – суретшінің музасы. Ол шашылған заттар арасында басын қолына қойып қимылсыз отыр. Әйелдің қасында үлкен ит жиырылып жатыр. Бұл жануар меланхолия символы

3. Меланхолия . 1514.

Гравюрада әлі де шешілмеген жұмбақ – Дюрердің магиялық квадраты. Квадраттың ерекшелігі - онда 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылған. Сандарды қай бағытта қосаса да 34 саны шығады.
Сондай ақ, гравюраның жасалған уақыты да көрсетілген (1514).


Гравюра «Адам және Хауа ана» (1504).

Кескіндеме

Төрт апостол. Диптих . 1526.

Екі картинада апостолдар - Ионна, Петр, Павел және Марк бейнеленген.

Священник портреті

Якоб Муффель портреті . 1526

А.Дюрердің теориялық еңбектері:
«Сызғыш және циркульмен өлшеуге арналған нұсқаулық» - 4 кітаптан тұрады.
«Адам пропорциясы туралы 4 кітап".
1507 жылы бастаған кескіндеме туралы кітабы аяқталмаған

Дюрердің 970-ке жуық суреттері сақталған: пейзаж, портрет, адам, жануар мен өсімдік эскиздері. Дюрердің графикалық мұрасы жоғары шеберлігімен, байқағыштығымен, табиғатқа адалдығымен ерекшеленеді.

Жалбарынушының қолы, 1508 ж.