«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Оценка 4.9

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
02.12.2018
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
«Бекітемін» № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы жедел басқару құқығындағы МКҚК-ның директоры _________ Джаманшалова Г. Н. «___»___________________ 2016 ж. Тақырыбы:«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» Дайындаған:Табинаева .Ф.Н 2015-2016ж Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тарбиелеу. Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жапырақтар сарғаяды, Күн бұлттанады, Жаңбыр жиі жауады, Құстар жылы жаққа ұшады. Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады? (Күз) Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен? Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, Өмірге көп қосқаным, Күз сыйлығын алыңдар Сыйлығына қаныңдар. Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар. Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті. Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім. 1.Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым.(Жеміс) 2. Ашулы қонақ бұл анық, Тонын шешсе жыладық. (Пияз) 3. Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұңға да Айналар нанға да.(Бидай) 4. Сырты қатты, Іші тәтті. (Қарбыз) 5. Өсірдім ұлпа қар, Шешуін кім табар? (Мақта) Би: «Жапырақтар» Жүргізуші:Күзді жақсы көремін, Молшылық ол ел күткен. Алтын астық көп егін, Жиналатын елдіктен.-дей отырып тақпаққа кезек берейік. Меиірім Сәлем беру салтының, Жомарт күздей халқымыз. Күздің берер байлығын, Жинар бізден халқымыз. Ал, халайық тұрмайық, Әндетейік, жырлайық. Жомарт күздің сыйлығын, Біз сіздерге сыйлайық. Бақытжан Қамба толды астыққа Алтын саған алтын күз Бір уыстан шаштық та Қап−қап қауын алдық біз Іңкәр Берекелі, мерекелі, Келді жомарт алтын күз. Қалада да, далада да, Жанның бәрі жарқын жүз. Заңғар Астық, жеміс жиылды, Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды. Қ Інжу Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды. Күз келді жар салып, Күзгі суық басталды. Жүргізуші : Мұңға батқан жүректі ән оятар Тәтті үннің әсерін жан оятар Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап Жас балаша көңілді жадыратар Ән: «Күз келгенде» Жүргізуші: Ата-аналармен ойын: «Шебер қолдар» Ойынның шарты: Түрлі құралдарды пайдалана отырып белгіленген уақыт аралығында күзгі киім дауындау. (газет, түрлі-түсті қағаз, жапырақ, пакет, салфетка,қайшы,желім ,) Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Жүргізуші:Өнер десе өрілген Биіктерден көрінген Бишілерді шақырсақ Қолшатыр биімен Би: «Қолшатыр» Жүргізуші:Келесі кезекті тақпаққа береміз. Меруерт Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз. Гүлдаурен Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Құралай Күзді жақсы көремін, Молшылық ол ел күткен. Алтын астық көп егін, Жиналатын елдіктен. Ағзам Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай тамаша Шашу шашты жапырақ. Қ Рамазан Сары күз болыпты, Дала егінге толыпты. Жапырақтар сарғайып, Құстар кетіп болыпты. Бекдияр Табиғат ана көңілді Бояудан шуақ төгілді. Алтын күз сыйлап қуаныш, Жапырақ жерге төгілді. Жүргізуші:Бишілерде өнер көп Би билейді мәнерлеп Бишілер биін көріңдер Өнерге баға беріңдер Би: «Шығыс » Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық Әндетелік,жырлайық Ортамызды ашайық Думандатып ән айтып Інжу маржан шашайық! Ән: «Күз келді» Жүргізуші:Келесі кезекті тақпақтарға береміз Үмітай Күнді көрсе толғана Бұлтты көрсе шамданар Қысты қазір жолатпа Тола берсін қамбалар Айдар Жаздай күткен бәріміз Сары алтындай сары күз Алтын ұя бақшада Сабақ бастар шағымыз С.Рамазан Үстінде егін жай Салқын жел соғады Гүл шөбі белдің сай Қурап солады Б Інжу Көк аспаным мөлдіреп Алтын күзім елжіреп Асыр салып жүре бер Сары көйлегің желбіреп Айзере Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан−алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап Рахат Таудан салқын жел соқса, Сыбдырлайды қалтырап. Жақын қалды Желтоқсан Жабырқайды жапырақ. Ойын:«Шалшық суды айналып өт» Ойынның шарты:ойынға барлығы 8 бала қатысады, 8 бала 4-тен екі топқа бөлінеді. Бала резенке етікті киіп, қолшатырды ұстап шалшық суды айналып келіп кезекті кейінгі баладарға ретімен береді. Қай топ ойынды бірінші аяқтаса сол жеңімпаз. Жүргізуші:Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген Күміс көмей аруларға, Кімдер басын имеген – деп келесі кезекте ұл, қыздарымыздың орындауында Би: «Көңілді » Тақпақ: Келесі кезекті тақпақтарға береміз Жақсылық Аспанды сұрғылт бұлт, Жан-жақтан жабады. Күн бірте суытып, Жауын көп жауады. Мунира Жемісті мол теретін Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген Шалһар Қыстың қамын ойлайық, Күздің тойын тойлайық. Жасады той халқымыз Жаса-жаса Алтын күз! Нұрали Күз келді,күз келді, Көп жемістер піседі. Сарғайып жапырақ, Судырап түседі. Кәусәр Алқаптан бидайды, Қоймаға ел жинайды. Тырнасы тізілген, Ұнатам күзді мен. Жасұлан Жетті желмен алтын күз, Жеміс жинау салтымыз. Жиып , теріп болған соң, Той жасайды халқымыз. Перизат Күзім , күзім, күзім – ау Мінезің бұзық – ау. Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық – ау. Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар. Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған».docx
«Бекітемін» № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы жедел басқару құқығындағы  МКҚК­ның директоры _________ Джаманшалова Г. Н. «___»___________________ 2016 ж.                                  Тақырыбы:«Алтын күз, әсем айналам,                              Еліне береке сыйлаған» Дайындаған:Табинаева .Ф.Н 2015-2016ж Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тарбиелеу. Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.  Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,                       Жасымыз бен кәріміз.                       Қырдан кепті қыдырып,                       Алтын күз бізге нұр төгіп.       Армысыздар ұстаздар мен ата­аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем  айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!  Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жапырақтар сарғаяды, Күн бұлттанады, Жаңбыр жиі жауады, Құстар жылы жаққа ұшады. Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады?  (Күз) Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен? Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,                                  Өмірге көп қосқаным,                                  Күз сыйлығын алыңдар                                  Сыйлығына қаныңдар.                                  Молшылыққа кенеліп,                                  Шаттық әнге салыңдар. Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті. Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала  келдім. 1.Бұтақта ілініп тұрамын,    Піскенде себетке құладым.(Жеміс) 2. Ашулы қонақ бұл анық,     Тонын  шешсе жыладық. (Пияз) 3. Өсірер тың дала,     Көшірер қамбаға.     Айналар ұңға да     Айналар нанға да.(Бидай) 4. Сырты қатты,      Іші тәтті. (Қарбыз) 5. Өсірдім ұлпа қар,     Шешуін кім табар? (Мақта)                                                  Би: «Жапырақтар»   Жүргізуші:Күзді жақсы көремін,                      Молшылық ол ел күткен.                      Алтын астық көп егін,                      Жиналатын елдіктен.­дей отырып тақпаққа кезек берейік. Меиірім Сәлем беру салтының, Жомарт күздей халқымыз. Күздің берер байлығын, Жинар бізден халқымыз. Ал, халайық тұрмайық, Әндетейік, жырлайық. Жомарт күздің сыйлығын, Біз сіздерге сыйлайық. Бақытжан Қамба толды астыққа Алтын саған алтын күз Бір уыстан шаштық та Қап−қап  қауын алдық біз  Іңкәр  Берекелі, мерекелі, Келді жомарт алтын күз. Қалада да, далада да, Жанның бәрі жарқын жүз.   Заңғар Астық, жеміс жиылды, Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды. Қ Інжу Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды. Күз келді жар салып, Күзгі суық басталды. Жүргізуші : Мұңға батқан жүректі ән оятар Тәтті үннің әсерін жан оятар Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап Жас балаша көңілді жадыратар                                                           Ән: «Күз келгенде» Жүргізуші:  Ата­аналармен  ойын: «Шебер қолдар» Ойынның шарты: Түрлі құралдарды пайдалана  отырып белгіленген уақыт  аралығында күзгі киім дауындау. (газет, түрлі­түсті қағаз, жапырақ, пакет, салфетка,қайшы,желім ,)         Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім  үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз­2015» күзгі сән үлгісін ортаға  шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Жүргізуші:Өнер десе өрілген                      Биіктерден көрінген                      Бишілерді шақырсақ                      Қолшатыр биімен                                                         Би: «Қолшатыр» Жүргізуші:Келесі кезекті тақпаққа береміз. Меруерт Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз Кемелденсін  халқымыз. Гүлдаурен  Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.  Құралай Күзді жақсы көремін, Молшылық ол ел күткен. Алтын астық көп егін, Жиналатын елдіктен. Ағзам Ағаштардан  жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай тамаша Шашу шашты жапырақ. Қ Рамазан Сары күз болыпты, Дала егінге толыпты. Жапырақтар сарғайып, Құстар кетіп болыпты. Бекдияр Табиғат ана көңілді Бояудан шуақ төгілді. Алтын күз сыйлап қуаныш, Жапырақ жерге төгілді. Жүргізуші:Бишілерде өнер көп                       Би билейді мәнерлеп                      Бишілер биін көріңдер                       Өнерге баға беріңдер                                                           Би: «Шығыс » Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық                       Әндетелік,жырлайық   Ортамызды ашайық   Думандатып ән айтып   Інжу маржан шашайық!                                                            Ән: «Күз келді» Жүргізуші:Келесі кезекті тақпақтарға береміз Үмітай  Күнді көрсе толғана Бұлтты көрсе шамданар Қысты қазір жолатпа Тола берсін қамбалар  Айдар  Жаздай күткен бәріміз Сары алтындай сары күз Алтын ұя бақшада Сабақ бастар шағымыз  С.Рамазан  Үстінде егін жай Салқын жел соғады Гүл шөбі белдің сай Қурап солады          Б Інжу Көк аспаным мөлдіреп Алтын күзім елжіреп Асыр салып жүре бер Сары көйлегің желбіреп  Айзере  Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан−алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап   Рахат Таудан салқын жел соқса, Сыбдырлайды қалтырап. Жақын қалды Желтоқсан Жабырқайды жапырақ.    Ойын:«Шалшық суды айналып өт» Ойынның шарты:ойынға барлығы 8 бала қатысады, 8 бала  4­тен екі топқа  бөлінеді. Бала резенке етікті киіп, қолшатырды ұстап  шалшық  суды айналып  келіп кезекті кейінгі баладарға  ретімен береді.  Қай топ ойынды бірінші  аяқтаса сол жеңімпаз. Жүргізуші:Мың бұралып билеген                       Аруды кім сүймеген                       Күміс көмей аруларға,                       Кімдер басын имеген – деп келесі кезекте ұл, қыздарымыздың       орындауында                                                                      Би: «Көңілді » Тақпақ: Келесі кезекті тақпақтарға береміз Жақсылық  Аспанды сұрғылт бұлт,  Жан­жақтан жабады.  Күн бірте суытып,  Жауын көп жауады. Мунира Жемісті мол теретін   Күз дос екен бізбенен         Бәрін тауып беретін  Жомарт екен күз деген     Шалһар Қыстың қамын ойлайық, Күздің тойын тойлайық. Жасады той халқымыз Жаса­жаса Алтын күз! Нұрали Күз келді,күз келді, Көп жемістер піседі. Сарғайып жапырақ, Судырап түседі. Кәусәр Алқаптан бидайды, Қоймаға ел жинайды. Тырнасы тізілген, Ұнатам күзді мен. Жасұлан Жетті желмен алтын күз, Жеміс жинау салтымыз. Жиып , теріп  болған соң, Той жасайды халқымыз. Перизат Күзім , күзім, күзім – ау Мінезің бұзық – ау. Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық – ау. Жүргізуші:  Жарайсыңдар! Балалар. Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі  кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата­аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам,  еліне береке сыйлаған» ­ атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,  астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2018