АНА ӨМІРДІҢ ГҮЛІ
Оценка 4.7

АНА ӨМІРДІҢ ГҮЛІ

Оценка 4.7
docx
27.04.2020
АНА ӨМІРДІҢ ГҮЛІ
ана өмір гүлі.docx

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағат мақсаты:

Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Шарлар, стикерлер, А3 қағаздар.

Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу.

Тыныштық сәті. Су астына саяхат

Ойша суасты патшалығына саяхат жасау. (Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).

Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар. Біз теңіз жалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп-жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлар оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады). Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз. Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.

Тәрбие сағат барысы:

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Мақалдарды жалғастырыңдар.

1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/

3. ________ қылығымен көркем. /қыз/

4. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/

5. _______ көңілі балада. /ананың/

6. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/

7.Жақсы сөз . /жарым ырыс/

8.Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/

9.Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /

10. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./

11. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /

12. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /

13. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

14.  Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./

15. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./

16. Өле жегенше, /бөле же./

17. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

18. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.

Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-

Сергіту сәті

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.


Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу

1. Анаңының үй шаруасымен қолы тимей жатыр еді. Сен келіп әртүрлі сүрақтармен мазасын ала бердің. Сосын анаң саған ұрсып тастады. Сен не істейсіз?

2. Сен анаңа сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескерттің. Бірақ күйбең тіршіліктермен анаңның есінен шығып кетеді.Сіз ашуланасың ба? Әлде түсіністікпен қарайсың ба?

3. Сабақтан кейін сен анаңа ескертпестен жолдас қызыңның үйіне ойнауға бардың. Анаңның сені іздемеген жері қалмай қатты уайымдап отырғанда сен үйге кіріп келдің. Сосын анаң саған ұрыса кетті. Сен не істейсіз?

4. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

5.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

6.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Қорытынды

Оқушылар алған әсерлерін «2 жұлдыз 1 тілек» әдісімен бағалайды.


 

Скачано с www.znanio.ru

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.04.2020