Тақырыбы: « Жыл басы – Наурыз»
Жүргізуші : Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
Жүргізуші : Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
Жүргізуші : Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекелері де бар.
Жүргізуші : Жаңа 2019 жыл
қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5
қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын
Президент жастардың бүгіні мен болашағына
қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі
мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында
жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені
белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі
ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды
жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы
мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен
ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен
қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында
баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім
алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың
жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б.
бағдарламалар қолға алынып, еліміздің
түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр [1].
Жүргізуші : Сөйтіп,
өзінің кезекті сөйлеген сөзінде Президент жастар алдына
таяу болашаққа қатысты айқын да түсінікті
міндеттер қойып, ойларын бөлісті, ел тағдыры, оның
дамып, өзгеріп жатқан әлемдегі орны жайында баяндады.
Оған қоса, бұл міндеттердің жастарымыздың
өмірде де, еңбекте де дұрыс шешімдер қабылдауы
үшін көмегі тиетініне деген сенімін білдірді. Қорытып
айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік
дәуірі» кітабында жазылғандай егемендік алғаннан бергі жылдар
ішінде Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында
қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі
өзгерістер жүзеге асырылды, соның ішінде
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық
патриотизм рухында тірбиелеудің тиімді жүйесі мен
құрылымы жасалып, іске қосылды.
Жүргізуші : Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі ____Ануарбеков Нурбек Ануарбекович_беріледі.
Жүргізуші : Үш жүз алпыс бес баласы. Он екі ауыл шамасы, Отыз ор дуадақ, Бес балақ сан, Елу екі қарақшы, – деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн "Бес қонақ" деп аталған екен.Кешегі өткен оқушыларға арналған мектепішілік наурызға демеуші болған Жомартов Рамазан , Мусабаева Гүлшарат,Салауат аға,Габитов Ришат аға-апайларымызға алғыс білдіреміз.
Бүгінгі ауыл наурызына демеуші болған Юсупов Аманжол,Базарова Рымхан аға-апайларымызға алғыс білдіреміз.
Жүргізуші : Малдар төлдеп қой қоздап, Сүттен бұлақ ағызған. Жаңа жылдың сипаты Молшылаққа аңыз боп, Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен. Ендеше сахнаға "Аластау" рәсімін жасау үшін "___Байболова Балжан Есимхановнаны және 11 сынып оқушыларын шақырамыз. (қыздар мыстан,сайтан т.б. болып киініп шығады)
Жүргізуші : 22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.Ортаға Қадірхан атамызды шақырамыз
Жүргізуші : Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты
ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық!
(Шашу шашылады).
Жүргізуші : Ортаға Танекина Айнурды
«Наурыз»әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші : ортаға Бірінші ауылдың мың бұралған бишілерінің «Қамажай» биін тамашалайық.Шулембаева Макпал,Жаксыбаева Акмарал,Доголакова Карлығаш.
Жүргізуші :
Ойын «Сұрақ - жауап» (призға)
Жыл басында алғаш жауған қар
қалай аталады? (Ақша қар)
Жыл басының алғашқы
күні? (Ұлыс күні)
Жыл басының алғашқы желі?
(Алтын күрек)
Жыл басының алғашқы
төлі? (Дүбір аяқ)
Жыл басының алғашқы
сүті?(Уыз)
Жыл басының алғашқы
көгі? (Бәйшешек)
Жыл басының алғашқы асы
(Наурыз көже)
Жыл басының алғашқы белгісі
(Көрісу)
Жыл басының алғашқы сый
тамағы (Ұйқыашар)
Жігіттердің қыздарға беретін
сыйы (Селтеткізер)
Наурыз айында ұшып келетін көктем
құсы (Наурызек)
Наурыз айында өсетін жапырақты,
қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)
Жүргізуші :Ортаға ауылымыздың жез таңдай әншісі Нүрпейісов Арман мен қарындасы Жайнаны «Ботақаным»әнімен шақырамыз.
Жүргізуші : Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз: Көгерсін деп халқымыз, Көшеге тал егеді. Наурыз тойы - береке,Наурыз тойы – жыр – аңыз. Қазақтар Ұлыс күнін "Жыл басы" деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты "Жер бетінде жақсылық ұялаған күн", "Ұлыстың ұлы күні - Ұлыс күн", "Ұзақ ұшып келген күн", "Жыл басы – жылқышы торғай келген күн", "Көк құт көзін ашқан күн", "Жылдың жерге түскен күні" - деп бет қойып, айдар таққан.
Ортада үшінші ауылымыздың Саңқайбай Бауыржаның әнін тамашалайық.
Жүргізуші : Елімізді қолдай білген, түсе
білген араша,
Елбасының сөздері бар айтылған
дәл тамаша.
"Қазақстан болашағы -
қазір жастар қолында"
Дәстүр сақтап, ғылым
қуған, ойлай білген жаңаша Бірінші ауылымыздың «Бесікке бөлеу»салт
дәстүрін тамашалайық.(Кенжехан апа,Мария апа,Ажархан апа)
Жүргізуші :Ортада екінші ауылымыздың әдемі ,өнерлі қыздарымыздың биін тамашалайық. «Қара жорға». Газиза,Диларам,Лаззат
Жүргізуші :Ортада Танекина Айнур әдемі қызы Ақнұрмен «Наурыз көктем» әнін тамашалайық.
Жүргізуші : Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды
Ұлыстың ұлы күнімен
құттықтаймыз. Мемлекетіміз
–тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын! Жүргізуші
: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт
береке ырыс әкелсін! Наурыз мейрамы құтты болсын молшылық, береке болсын,
ұлыс оң болсын ақ көп болсын. Барлық
қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз,
салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Сау болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.