Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы тәрбиешілер, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Мектебіміздің өнерлі қыз –жігіттерінің дайындаған мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
8 наурыз 17.docx
«Ана – өмірімнің шуағы»
(8 наурыз халықаралық әйелдер
мерекесіне арналған мерекелік концерт)
Мерекелік кештің басты мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге
ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
(сахна шымылдығы қолдарына жүрек шар ұстаған оқушылар биімен ашылады).
І жүргізуші:
І блок.
Ашылуы
Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы тәрбиешілер, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз
асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де
келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік
жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Мектебіміздің өнерлі қыз –жігіттерінің дайындаған
мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
ІІ блок.
«Құттықтау рәсімі».
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз мектеп интернат директоры Сулейменова Гулнар
Данабекқызына беріледі.
Ән «Анашым» орындайтын Сырымжанқызы Дилназ
І жүргізуші:
Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы
мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың
бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күнімен, деп оқушылардың ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар оқылады.
Ән. «Әжем айтқан ертегі» орындайтындар Нарғыз атты қыздар Ән. «Ана» орындайтын Амангелді Аяулым
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік
кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Сахна төрінде «Жеті лақ» ертегісін тамашалаңыздар!
Креатив крю тобын билерімен сахна төріне шақырамыз.
Би. «Гүлдер» бастауыш сынып қыздары.
І жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана –
дегендей Ана деген –дүниенің алтын кілті, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын
жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы сіздер.
Ән.
Ән «Ана әке» орындайтын Макуова Диана , Ақбергенова Айгерім. Сахна төрінде «Жеті лақ» ертегісін тамашалаңыздар!
1. Би « мама»
2. Ән «Анашым» орындайтын Сырымжанқызы Дилназ
3. Тақпақтар оқылады.
4. Ән. «Әжем айтқан ертегі» орындайтындар Нарғыз атты қыздар
5. Ән. «Ана» орындайтын Амангелді Аяулым
6.
7. Креатив крю тобын билерімен сахна төріне шақырамыз.
8. Би. «Гүлдер» бастауыш сынып қыздары.
9. Ер адамдардың құттықтауы.
10. Есен ағай
11. Құттықтау сөз кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақмарал Әминқызы Әжібаеваға беріледі.
12. Ән «Ана әке» орындайтын Макуова Диана , Ақбергенова Айгерім.
«Ана – өмірімнің шуағы»
«Ана – өмірімнің шуағы»
«Ана – өмірімнің шуағы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.