В данном открытом воспитательном уроке подробно описывается мероприятие посвящённое 8 - марту Международному дню всех прекрасных и прелестных женщин на земле. Этот открытый воспитательный урок предназначен для студентов профессионально- технического колледжа. Также этот открытый воспитательный урок могут просмотреть классные руководители и кураторы учебных заведений .В данном открытом воспитательном уроке подробно описывается мероприятие посвящённое 8 - марта
ана.docx
Бекітемін
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
_________А. Батырханова
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
Мақсаты:
1. Ұстаздар қауымын, ата аналарды, оқушы қыздарымызды мерекесімен
құттықтау, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
2. Халқымыздың ата бабадан келе жатқан салты қыз баланы сыйлау, ананы
құрметтеу, нәзік жанды, ізгілік қалыптастырушы ұстаз аналарымызды
дәріптеу.
3. Қазіргі ата ана тек жанұя ұйтқысы ғана емес, қоғамда жақсылықты,
мейірімділікті, сұлулық пен бірлікті нығайтушы, қоғам тірегі екендігін баса
айту және ұғындыру.
Көрнекілігі: Аналар туралы қанатты сөздер, слайдтар, шарлар, және аналар
жайлы нақыл сөздер мен мақалмәтелдер.
Жүргізуші: Армысыздар ару қыздар, абзал жандар
Аналарға тең келетін бар ма даналар?
Мерекелеріңіз бүгінгі құтты болсын
Қуанышпен құшақтарыңыз гүлге толсын!
Қымбатты , асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек
емес. Олар өмірдің гүлі , көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау
тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Өздеріңізге
арналған « Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» атты мерекелік
кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашып беру үшін сөз кезегін 1 талшық
тобының топ жетекшісі: Сапарбаева Әсел апайға сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Құрметті , аяулы аналар , ардақты ұстаздар, ару қыздар! Бүгінгі
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен сіздерді шын жүректен
құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық , мол бақыт, отбасыларыңызға
амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
Анаөмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен әсем шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың , қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,
өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет ананың ақ сүтінен тарайды. Әр
адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол
Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін
жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп
тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана
тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек жоқ. Балаға
анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, сәбидің
жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.
Өз перзентін асылым,алтыным, аспандағы жұлдызым,маңдайдағы құндызым,
аман болсын бастары ұзақ болсын жастары деп күнітүні, өмір бойы
перзентінің тілегін тілейді. Керек десең жаның да беруге әзір тұрады.
Не деген құдіретті мейірім десеңізші.
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңызәңгімелер жеткілікті.
«Жәннат – ананың табанының астында» деген қасиетті хадисте. Осы
сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен
сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген
халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер
болмаса, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі
– ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.
Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеріп , өз пайдасын қосып келе
жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Сонымен қорыта айтқанда осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат
баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңізші! Аруана, Аруасыл
жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз
жетпейді.Ана біздің баға жетпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес
асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік құрметті
оқушылар
дей келе, бүгінгі «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» атты ашық
тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді, жүрегімде биік мақсат, игі арман.
Видео ролик:
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын.
Ән болып сағыныштан ақтарылмай – деп, ортаға 1 талшық тобымыздың әсем дауысты әншісі, Алишер Нұрланды «МАМА» деген әнімен шақырамыз. Қабыл
алыңыздар. Жүргізуші:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы
мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты
қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ» дей келе кезекті әдеби
монтажға береміз.
Әдеби монтаж
1 оқушы
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
2оқушы
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан ,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
3 оқушы
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4оқушы
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
5оқушы
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстык
Бар адамға берсе ананың мейірің,
Орнар еді бар әлемде тыныштық,
Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Жүргізуші:
Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп.
Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз
екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»
делінген. «Кімдекім атаанасының ризалығын алған болса, соның өмірі
ұзартылады». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың
анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.
Көрініс: Ана мен бала.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде. дей келе келе алдарыңызда «Таңшолпан»
бишілер тобы.
Жүргізуші:
Ару Ана! Бүкіл әлемнің әдемілігі , бар тірліктің мәні осы екі ұғыммен
өзектесе жатады екен . Ару деген сөз адалдық, арлылық, асқақтық атты
қасиеттермен қабысып жатса, Ана сөзінің аясында асыл , аяулы, ардақты,
құдіретті сезімдер тоғысары ақиқат. Ендеше оқушылардың мақал
мәтелдеріне кезек берейік. 1."Ата ананың қадірін балалы болғанда білерсің"
2."Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада"
3."Ата асқар тау, ана етегіндегі бұлақ, бала жағасындағы құрақ"
4."Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер"
5.Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
6. Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
7. Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.
8.Баланың білегі ауырса, Ананың жүрегі ауырады.
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар. «Серілер» КВН
командасын сахнаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ана! Ана! Қасиетті үш әріп
Үш әріптен келемін мен күш алып.
Ана деген қасиетті ұғымнан
Қанаттанып, шарықтаймын күш алып.
Видео ролик:
Жүргізуші:
«Отбасы – шағын мемлекет». Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір
шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел ана – отбасы жылуын сақтаушы,
қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Көрініс: Ана өмірдің шуағы.
Жүргізуші:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам
Ана туралы монолог.
Жүргізуші:
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!
Көңілді қошеметпен қарсы алайық, деп ортаға «испан» биімен
бишілерімізді шақырамыз. Жүргізуші:
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан
қасиетті ештеңе жоқ.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың дей келе, келесі кезекті нақыл сөздерге береміз.
1.К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында
бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».
2.В. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
3.В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтан да
ол сәби үшін ең жылы ұя».
4.М.Горький: «Адамдар – әр қашанда өз аналарының перзенттері.
Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».
5.». Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды
ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.В.Г.Белинский
6.Ғ.Мүсірепов: «Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді».
7.Б.Қалқаманұлы: «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
8.Қорқыт ата: « Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан тағылым алмаған
ұл жаман».
Жүргізуші:. ӘйелАна, ӘйелӨмір, Әйелтіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә
тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда
қастерлі, сөзіөсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы
жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды.
Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі
алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет
арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың
сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып
заманнан ұрпағын аманесен бүгінгі күнге жеткізген әйелана құдіретін
жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Сондықтан өз сөзімізді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен
аяқтағымыз келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе Отан ғана!
Алдарыңызда әнші ұлдарыңыз Алишер Нұрланды сахнаның төріне
шакырамыз. Ән:
Жүргізуші:
Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе , адам баласы үшін ең қастерлі
сөз – АНА деп білеміз! Қош сау болыңыздар! Назарларыңызға рахмет.
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.