Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әндер, ойынға қатысты көрнекіліктер.
Оқушылар концерттік бағдарлама арқылы барлық аналар мен қыздарды шын жүректен құттықтайды
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий.doc
Тақырыбы: Ана өмірдің шуағы.
Мақсаты: Ана өмірдің шуағы, ана өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген
бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әндер, ойынға қатысты көрнекіліктер
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
1 жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2 жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық
дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті
ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1 жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол –
анамыз. Дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ... Қ.А. Усинге береміз.
2 жүргізуші: Бүгінгі 8 наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер
үшін.
1 жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап
жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
0.1сынып оқушылары ана туралы тақпақтар айтады.
1 оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 5 оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
8оқушы:
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
2жүргізуші:
Осы мерекеге орай «Қыз қылығымен көрікті.» атты мерекелік сайыс өтпекші.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсыз да балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, деп ортаға сайысқа
қатысушыларымызды шақырамыз.
1. 9сынып оқушысыАбдрахманова Диляра мен 6сынып оқушысы – Абдрахманова Сезімгүл
2. 8сынып оқушысы Абдрахманова Азиза мен 4сынып оқушысы Шингисова Дильназ
3. 9сынып оқушысы Каламбекова Диана мен 3сынып оқушысы – Төлентай Дильда
4. 9сынып оқушысы Усина Назым мен 3сынып оқушысы – Усина Саяжан
Енді,жарысымызды бастамас бұрын әділ тура бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Құлахметова Анар Сағатқызы
2. Қарлығаш
3. Күлтай
Сайыс 6 шарттан тұрады.
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін
1. Тегін білу тектілік өзін таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық сәлем.
3. «Жақсы сөз жарым ырыс» мерекеге байланысты 4 жол өлең құрастыру
4. «Қолөнер». Қуыршаққа көйлек жасау. (Оқушыларға желім, қағаз, қайшы, фламастер, скрепкалар
беріледі)
5. «Сән үлгісі» (көктемге арналған) 6. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
1. Тегін білу тектілік өзін таныстыру.
1 жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай 45сынып оқушыларының орындауында
«Алло» әнін, қабыл алыңыздар.
2. «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық сәлем.
2 жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте « Грация биі», 1сынып оқушыларын қабыл
алыңыздар.
3. «Жақсы сөз жарым ырыс» мерекеге байланысты 4 жол өлең құрастыру
1 жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте 2сынып оқушыларының орындауында
« Көңілді би», қабыл алыңыздар!
4. «Қолөнер». Қуыршаққа көйлек жасау. (Оқушыларға желім, қағаз, қайшы, фламастер, скрепкалар
беріледі)
2 жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға 3сынып оқушыларының орындауындағы «Анажан» атты әнін қол соғып қошеметтеп
қарсы алыңыздар.
5. «Сән үлгісі» (көктемге арналған)
1 жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған. Келесі кезекте 67сынып оқушыларының орындауында
«Коббой» биі.
2 жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады, Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекте 10сынып оқушысының орындауында «Ана
туралы» өлеңді қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте 910 сынып оқушыларын «Арманай» биімен
қабыл алыңыздар!
6. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
“Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
Әрбір оқушыға қағазға сұрақ жазып, соларға жауап алу керек.
1жұп:
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)
№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2жұп:
№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
3жұп:
№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухарик)
№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)
4жұп:
№10. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
№11.Тістегі пломбаны тартып шығаратын кәмпит (ирис)
№12. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
5жұп:
№13. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
№14. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
№15. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған
бишілерге береміз. 45 сынып оқушыларының орындауында «Кел билейік» биі
1жүргізуші:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, деп
Атааналармен ойын өткізейік.
Сұрақжауап
Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса,
қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар көлемдері бірдей карточкаларға (қатты қағаз болса тіпті
жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады.
Бірінші ойыншы сұрақтары бар карточканың біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі
жауаптары бар карточканың біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген
адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы,
жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңдысолды шашасыз ба?» – деген карточканы оқыса, қызға:
«Бұл менің сүйікті ісім» деп жауап беруге тура келуі мүмкін.
Сұрақтар:
Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?
Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?
Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?
Бұзақылық жасағаныңыз үшін ұяласыз ба?
Сыйлық жасағанды ұнатасыз ба?
Өмірде жіберген қателіктеріңіз үшін өзіңізді жазғырасыз ба?
Сіз қызғаншақсыз ба?
Автобустарда билетсіз жүресіз бе?
Төсектен жиі құлайсыз ба?
Біреудің хаттарын оқығанды ұнатасыз ба?
Ыңғайсыз жағдайға жиі тап боласыз ба?
Бос уақытыңызды құрбықұрдастарыңызбен көңілді өткізесіз бе?
Дәмді тағам дайындағанды ұнатасыз ба?
Айлы түнде қиялдағанды ұнатасыз ба?
Сыйлық алғанды жақсы көресіз бе?
Жалқаулығыңыз жиі ұстай ма?
Ет жегенді жақсы көресіз бе?
Ақшаны қарызға жиі аласыз ба?
Сіз ылғи осылай көп тамақ жейсіз бе?
Әңгімені көңіл қойып тыңдайсыз ба?
Спортпен шұғылданасыз ба?
Өз жұмыс орныңызда ұйықтап кететін күндер бола ма?
Ұйықтағанда қорылдайсыз ба?
Жақсылап тамақтанғанды ұнатасыз ба?
Сәнді киінгенді ұнатасыз ба?
Құпияңыз көп пе?
Милиционерден қорқасыз ба?
Адал термен тапқан ақшаңызды оңдысолды шашасыз ба?
Жауаптар:
Мен өз өмірімді онсыз да жақсы елестетемін.
Мен саяси сұрақтарға жауап бермеймін. Тек жалақы алатын күні.
Жоқ, мен өте ұяң адаммын.
Өзімнің беделімді түсіріп алмау үшін, жауап беруге қиналамын.
Тек әлсіздік сезінген кезде.
Өзім білмеймін, бірақ басқалардың айтуынша солай.
Бұл менің сүйікті ісім.
Мені ыңғайсыз жағдайға қоймауыңызды өтінемін.
Неге болмасын? Керемет ғанибет емес пе!
Тек тынығып алған кезде.
Куәгерлер жоқ жерде әрине болады.
Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды.
Егерде мұны қазір жасауға болса, әрине.
Егер де менен жақсылап өтініп сұраса.
Ондайды қазір менің қалтам көтермейді.
Бір рет жасап көріп ем, түк шықпады.
Әрине! Бұл менің қолымнан келетін іс.
Тек түнде ғана.
Тек жақсы ақы берсе ғана.
Кімнің басынан өтпеген жағдай дейсің!
Мен сондай адамға ұқсаймын ба?
Оған мен бала кезімнен әуеспін.
Бұл менің өмірімдегі ең жарқын сәттер десем болады.
Сенбі күндері онсыз болмайды.
Бұл менің бұрыннан армандап жүргенім емес пе!
Менің арым бұл сұраққа жауап бергізбейді.
Бәрі жағдайға байланысты.
Естүссіз! Бар ынтаммен.
Әрине, онсыз болмайды ғой.
Бұл менің өмірімнің негізгі мақсаты.
Мұндай мүмкіндіктен ешқашанда бас тартпаймын.
Мені бұдан басқа проблемалар көбірек мазалайды.
Әсіресе, түнде.
Өлсем де айтпаймын.
Әрине, әйтпесе қызық емес қой.
Астапыралла, оны қайдан біліп қойдыңыз?
Жыным ұстағанда.
Әділқазылар қорытынды жасайды.
2 жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі
жақсылықтар әкелсін.
1 жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, балашағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі
қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке
дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
"Ана өмірдің шуағы" 8-наурызға арналған сценарий
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.