Ана тілінің қызметіАна тілінің қызметіАна тілінің қызметіАна тілінің қызметіммАна тілінің қызметіАна тілінің қызметімммАна тілінің қызметіАна тілінің қызметімАна тілінің қызметіАна тілінің қызметіАна тілінің қызметіАна тілінің қызметі Ана тілінің қызметі Ана тілінің қызметі Ана тілінің қызметі Ана тілінің қызметі Ана тілінің қызметіАна тілінің қызметіАна тілінің қызметі
Ана тілінің қызметі.docx
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Мәтін. Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: мәтін туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға мәтін, оның өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп,
мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары
арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа,
жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістәсілі: түсіндіру, сұрақжауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа парақшалар, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
8жаттығу. «Ана тілің – арың бұл» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ойыңды
мәтін түрінде жаз.
1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?
2.Оның қандай түрлері бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
мәтін
байланысу
бірігу
тақырыбы болады сөзден, сөйлемнен тұрады
Мәтіннің
ерекшеліктері
мазмұндары абзацтардан тұрады
түрлі болады
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан
тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады,сипатталады,
дәлелденеді.
Мәтінге газетжурнал материалдары, өлең шумақтары, ережелер, әңгімелер мен
сөйлесулер жатады. Көкпар ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте”
(лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің
семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70–80 кгдай
келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар
жігіттердің күшжігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым
отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып
үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.
(Оқушыларға мәтіннің тақырыбын, неше абзацтан тұратынын,әр абзац қанша
сөйлемнен тұратындығын талдату).
ІV. Бекіту.
16–жаттығу. Оқыңдар.
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар –
шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі
жанжақты.
(П.М. Мелиоранский)
Қазақ даласы ән саып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар
қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен сөйлей біледі.
(Н.Потанин)
Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге келе ме? Мұнда кімге
сипаттама берілген? Қанша сөйлемнен құралған? Сөйлемдер бірбірімен
мағыналық жағынан байланыса ма, қалай ойлайсыңдар?
Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша
айтылған әңгіме ме?
17жаттығу. Мәтінге тақырып қойыңдар.
Тірек сөздерді табыңдар.
Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма, әлде ғылыми шығарма ма? Ойларыңды
дәлелдеңдер.
Тірек сөздер: хан, жыл қайыру, Іле өзені, хайуандар ...
21жаттығу. Көшіріп жазыңдар.
Көзі қарақаттай мөлдіреген ақ лақ ым сүйкімді еді. Ол Сәбитті бір көргеннен
оған үйірсек болып алды. Лақ кішкентай иесін танып, еркелей секіре жөнеледі. Оған
Сәбиттің де мейірімі ерекше. Қазір екеуі өте жақсы дос болып кетті.
Мәтінде берілген сипаттамаға сүйеніп, өз көңіл күйлеріңді білдіретін
ауызша мәтін құраңдар. Тапсырма. Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы
берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
V.Үйге тапсырма беру.
18жаттығу. Мәтін қанша абзацтан тұратынын айтыңдар. Тірек
сөздерді табыңдар. 2,3абзацтарды көшіріп жазыңдар.
17жаттығуда берілген мәтіннің авторы (М.Қашғари) туралы деректер
біліп келіңдер.
VІ. Оқушы білімін бағалау.
Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша
бағалау.
"Ана тілінің қызметі"
"Ана тілінің қызметі"
"Ана тілінің қызметі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.