Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, Интерактивтік тақта. Презентация.
- Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
АНА.docx
Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, Интерактивтік
тақта. Презентация.
Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты
сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім
жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты
сыйдырып тұрған ұлы ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана
есімі болмақ! «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты
ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Слайд.
Нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару
қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.Сіздер ер –
азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар.
Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей
мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың
мерекелері құтты болсын.
«Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, барлық
өнеріміз аналар сіздер үшін.
Ер балдар ортаға шығады. Барлығы қосыла аналарды, ұстаздарды,
қыздарды құттықтайды. Қыздарға гүл береді.
Жарайсыңдар балалар.
Қыздар сендерге ұлдардың сыйлығы ұнадыма?
Ендеше сендерде өз өнерлеріңді көрсетіңіздер.
Қыздар «Маша» биін билейді.
Мама, мама
Ең әдемі гүлдейсің,
Жарқырайсың аспандағы күндейсің ,
Асыл ана ардақты ана болып сен
Мәңгілікке жанымызда жүргейсің.
Аналарымызға қанша мақтау айтсақта аздық етеді. Бірақ аналарымыз үшін
балалардың әр жасаған қадамының өзі бір бақыт деп білемін. Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты –
деп, балалар ортаға келейік.
1оқушы:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
2оқушы:
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Әсем болсын өміріңіз
3оқушы:
Әжем менің көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
4оқушы:
Ақылшымыз данамыз
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз
5оқушы:
Анам өмір шырағы
Анам өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
6оқушы:
Анам мені айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
Сахналық көрініс:
«Әжесі мен немересі» Қабдікәрім Ыдырысов.
Жүрегім кім менің? Мен!
Тірегім кім менің?
Мен!
Сәнім кім менің?
Мен!
Ботақаным , бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
Жоқ, әже қарғаң мен емес!
Жо...жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ата аналармен ойын
Ән шашу: Дукан Ақбаянның орындауында «анашым қартаймашы» әні.
Ән шашу: Сансызбай Інжудің орындауында «тұсау кесу»әні
Балалар ортаға шығып хормен өлең айтады.
Мама, мама
Жалғандағы жалғыз ән,
Сезімімді оятатын қалғыған
Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып,
Қауырсымен ай бетіне салғызам.
Мама, мама
Ең әдемі гүлдейсің,
Жарқырайсың аспандағы күндейсің ,
Асыл ана ардақты ана болып сен
Мәңгілікке жанымызда жүргейсің.
Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек
қана игі жақсылықтар әкелсін.
Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден
күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып,
шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! өздерінің қолдарынан дайындаған
аналарына деген сыйлықтарын тарту етеді
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.