Қанат туралы хикая

  • Конкурсы
  • docx
  • 30.11.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Оқушы шығармасы
Иконка файла материала Қанат туралы хикая.docx

              Қанат туралы хикая

Бір балапан құлады,

Ұясынан домалап,

Ата-анасы жылады,

Шырыл қағып, обал-ақ!

        Бір қанаты сыныпты,

       Дәрі жақтым, орадым.

       Күш жинады, шынықты,

       Жалғыз қанат қонағым.

Ауырсынып қанатын,

Жүгіреді сенделе.

Бар екен ауа қағатын,

Екі қанат менде де.

      Оң қанатым-әкем де,

     Сол қанатым- анашым.

     Бірі түссе қатерге,

     Мәңгі ұша алмай қаласың.

Қос қанатың болғанда,

Табар өмір жарасым.

Біреуінсіз ор-жарда,

Бір мүгедек боласың.

    Қарап тұрып шекені,

    Шымшылады сан күдік.

    Қанатымның екеуі,

    Сау болса екен мәңгілік!

 

Бекзатов Бексұлтан Бекзатұлы 8-сынып

«Қанат туралы хикая»өлең

«Солоновка орта мектебі»КММ

ШҚО, Катонқарағай ауданы,Солоновкв ауылы

  Мұғалім:Дандыгулов Б.А.

                                                                                      Оқушы:Бекзатов Б.Б.

070922

87477179776

dandygulov78@mail.ru