Антропология – адам туралы ғылым, адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді.
Ал адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді.
Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Антропология да адамды салыстырмалы кең көлемде зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік тұрғыда.
Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады. Соның бірі – антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орнын, шығу тегін, даму тарихы мен адамның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын, адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.
Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің ерекшеліктерін зерттейді. Бұларды шешуде:
Антропогенез
Приматология
Эмбриология
Физиология
Психология
Геология
Археология
Этнография
Тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Чарльз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биология жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді.
Ғылымда адам тәрізді маймылдар пайда болған жер – Орталық және Оңтүстік-Шығыс Африка.
Проантроптар – 705-105 миллион жылдар аралығында өмір сүрген, әртүрлі тік жүретін приматтар. Адам эволюциясында ешқандай түрге тармақталмай жойылып кетті.
Ғалымдар 2 эволюциялық топқа бөлді: гоминидтер және австралопитектер.
Гоминидтер – алуан түрді қамтитын эволюциялық тармақ. Бұд тұқымдас эволюциясы приматтар отрядын қоса қамтитын сүтқоректілердің ұзаққа созылған эволюциясына дейін басталады.
Австралопитектер
Австралопитектер – латын- “австралис”- оңтүстік, гр. “питекос”- маймыл. 2,5-2 млн, бойы 120-130см, салмағы 25-50 кг, миының көлемі 650см³, бірден көзге түсетін жыныстық диморфизмі болған.
Олардан шамамен 1-1,5 млн жыл бұрын Homo туысына жататын “Саналы адам” бөлініп шыққан.
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан (Африка) табылған. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады.
Соңғы табылған Австралопитектердің жасы 1 млн жыл. Олардың орына архантроптар келді.
Архантроптар
Архантроптар/ежелгі адамдар/питекантроптар – бұдан 1,9млн 650 мың жыл, тік жүрген, ми көлемі 900см³.
Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады.
Питекантроп пен синантропты шапшаң жүріп, алыстау қашықтыққа жете алатындықтан “тік жүретін адам” – Homo erectus деп атайды. 1,5млн-500-400мың жыл, миының көлемі 700-900см³.
Үңгірлерден оттың орындары табылған.
1907 жылы Гейдельберг қаласы (Германия) маңындағы Мауэр қыстағынан архантропты өкілінің қаңқа қалдығы табылды. Гейдельберг адамды Homo erectus түрге жатқызады.
Тік жүру адам эволюциясында ірі екі ароморфозға әкеп соқтырды. 1.Оның алдыңғы екі қолын еңбек етуге босатты. 2. Тік жүрудің арқасында олардың қабылдайтын ақпараттары молайды.
Палеоантроптар
Палеоантроптар/Неандарталь адамы - Homo erectus пен қазіргі адам арасын байланыстыратын буын. Миының көлемі 1400-1700см³.
Мұздықтар дәуірінде Азияның,Африканың, Еуропаның кең аумақтарында қоныстанған әрі ұйымшыл болған.
Германиядан табылған неандертальдықтар басы сопақ, маңдайы жалпақ, бет бөлігі шығыңқы, қасүсті айқын байқалатын доға тәрізді, көз шарасы үлкен болған.
Отты пайдаланып қана қоймай, оны оңай тұтандыра алған.Дін және мәдениет пайда болған.
Неоантроптар
Неоантроптар – осы заманғы алғашқы адамдар типі Homo sapiens. 30-35 мың жыл бұрын өмір сүрді. Қаңқа қалдықтары 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған, осыған байланысты оларды кроманьондықтар деп атайды. h=170-180см, ми сауыты үлкен, көлемі 1800см³. Олар Австралияға, алдымен Солтүстік, содан соң Оңтүстік Америкаға өтіп қоныстанған.
Өсімдіктерді жинап, аңшылықпен айналысқан. Сүйектерді пайдаланып, тұмар таққан, шаштарын сәндеп жасайтын болған.
Сырт көрінісі бізге ұқсас болды. Олардың беттері жалпақ және қысқа, иегі анық білінеді, сүйектері қалың.
Неандертальдықтар – алғашқы адамдардың табыны сияқты топтасып өмір сүрген, кроманьондықтарда әлеуметтік ұйым - тайпалық қоғам құрылды. Алғаш рет сөйлеу пайда болды.
Қазіргі заманғы адамдар кроманьондардың ұрпақтары деп саналады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.