«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы
білім беретін мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен
әдебиеті пән мұғалімі Махымова
Гульжаухар Бейсембаевна
Ұстаздың еңбегі – жарқын болашақ!
Ұстаз - ұлы тұлға. Ұстаз болуда – іскерлікті, мейірімділік пен адамгершілік, рухани құндылықтарды бойына сіңіре білуі қажет. Міне, ұстаздың бойында осындай құнды баға жетпес дүниелер болған жағдайда ғана балаға сапалы білім мен тәрбиені бере отырып нұр шапағатына бөлейді. Қазіргі таңда ұстаздарға болашақ ұрпақты саналы, ойы ұшқыр, сыни көзқарасы қалыптасқан дарынды,білімді жеке тұлғаны қалыптастырып шығару міндеттеліп отыр. Білім саласында ұстаздың 80 пайызы жан-тәнімен өмірін ұстаздық жолға арнаған әйелдер.
Үздік педагог – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана өзнің мақсатына жетеді. Мұғалім өзінің білім мен біліктілігін арттырып, шәкіртін білім нәрімен сусындатып отырғанда ғана жемісінін көреді. Ұстаздың еңбегі қашанда оқушыларының нәтижесінен көрініп, сонымен бағаланады. Мұғалім -шәкірті шыңға шыққан сайын өзі де биіктей бермек. «Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна 2023-2024 оқу жылында көптеген жетістікке қол жеткізді. Қазақстандағы білім және ғылым саласындағы бірінші жаңалықтар агенттігінң дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігі өткізген Республикалық іс-шаралар конкурсының лауреаты атанғандығы үшін Махымова Гульжаухар Бейсембаевна «ZAMANAUI USTAZ» төсбелгісімен марапатталған.
Аудандық байқауларда оқушылары бас жүлдеге ие болып, облыстық деңгейде бірнеше сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Республикалық Ақберен байқауында аудандық кезеңде бас жүлдені 10 - сынып оқушысы Пердебай Зарина І орынға иеленіп, облыстық кезеңде ІІІ орын дәрежелі Диполоммен марапатталды. Аудандық "Жыр алыбы-Жамбыл" айтыс номинациясында бас жүлдені 10 сынып оқушысы Пердебай Зарина иеленіп, облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІ орын дәрежелі Дипломмен марапатталды. Мұқағали Мақатаев оқуларында "Жыр эстафетасы" байқауында 10 - сынып оқушысы Ақжан Жібек І орынды иеленді. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы бастан кешкен тарихын, батырлардың ерлігін, қазақ ауыз әдебиетінің аңыздық, тарихи, эпостық жырларын дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухта тәрбиелеу бойынша ұйымдастырылған "Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат" атты эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтуда "Мұңлық-Зарлық" эпостық жырын орындағаны үшін 9 - сынып оқушысы Сроил Нұрмекен Дипломмен марапатталды. Республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңінде "Жас қаламгер" бағыты бойынша эссе жазуда 10 сынып оқушысы Умирзақ Алия 2орынды иеленді.
Республикалық Ілияс оқулары бойынша аудандық кезеңінде "Ілияс- қарасөз шебері" көркемсөз оқу номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Пердебай Ақжүніс 3 орынды иеленді. Республикалық Ілияс оқулары бойынша аудандық кезеңінде "Ілияс- қарасөз шебері" «Жаз,жаз,Қалам жорғалап»- жас ақындар номинациясының аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Пердебай Зарина бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңінде 1 орынға ие болды. Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауында «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Пердебай Зарина бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңінде 2 орынға ие болды. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан зерделеу ғылыми жоба бойынша 10 сынып оқушысы Пердебай Зарина 3 орынға ие болды. Ә.Кекілбаев оқулары бойынша көрініс құру, сахналық қойылым номинациясы бойынша 2- орынға ие болды. Көрініске әр сыныптан оқушылар іріктеліп алынды. Атап айтсақ: 11-сынып оқушылары Дәуірхан Төре, Байтасов Әділет.
10 сынып оқушысы Назирхан Жансая, Ермахан Аружан.
9 сынып оқушылары Шерхан Ералы , Сройл Нұрмекен.
8 сынып оқушылары Қонарбек Айман, Қонарбек Шолпан.
Жетісай жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “Наурызға арнау” атты онлайн шығармашылық сайысына қатысып «Бас жүлде» жеңіп алғаны үшін 10-сынып оқушысы Пердебай Зарина Оңғарқызы марапатталды. Оқушының дарындылығын бағалап, ынталандыру мақсатында ұялы телефонды сыйлыққа тарту етті. Мағжан оқулары бойынша "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" жас ақындар номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Пердебай Зарина Оңғарқызы бас жүлдені қанжығасына байлап, облыстық кезеңінде 1 орынға ие болды. Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған І.Жансүгіровтің 130 жылдығына орай «Көркем сөз» оқу шеберлері байқауында 11 сынып оқушысы Пердебай Ақжүніс І орынға ие болып Дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған «Тіл беделі – ұлт мәртебесі» жас ақындар байқауында үшін 10-сынып оқушысы Пердебай Зарина Оңғарқызы бас жүлдені жеңіп алып Дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Жаңа Қазақстан» дарынды жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жаңа Қазақстанның 1000 үздік оқушысы» жобасына 10-сынып оқушысы Пердебай Зарина Оңғарқызы қатысып, озық білімімен және жан-жақтылығымен көзге түсіп жеңімпаз атанғаны үшін «Үздік зияткер оқушы» атты куәлігімен және Дипломмен марапатталды. Пердебай Зарина «Ауыл дарыны» ұлттық энциклопедиясына енгізіліп, ақшалай сыйақы берілді. «Жаңа Қазақстанның 1000 үздік оқушысы» жобасының жеңімпазын дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна Алғыс хатпен марапатталды.
Тәрбиемен қоса білім беріп отырған дарынды, талантты оқушыларымыздың алар асулары көп болсын! Шәкірттерімізге шығармашылық толағай табыстар тілейміз. Қанаттары талмай, биікке самғасын! Осыншама жетістіктің барлығына Махымова Гульжаухар өзінің қажырлы еңбегінің арқасында жетті деп ойлаймыз. Гульжаухар апай үнемі ізденіс үстінде жүріп, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Ұстаздық жолда шәкірттерінің биіктерден көрінуіне бағыт – бағдар беріп, көмек көрсетеді. Ұстаз - шәкірттің шамшырағын жағушы тұлға. Ұстаздың мәртебесі қашанда биік. Себебі еткен еңбек өрге жетелейді және бағаланады. Ұстаздың еңбегі елене берсін! Шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.