«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы
білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып
мұғалімі Елесбаева Нургул Мусирбаевна
Білім беру ұйымының атауы |
Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖББМ |
|||||
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||
Бөлім: |
Қоршаған ортаны қорғау |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
Елесбаева Н |
|||||
Күні: |
05.03.2024ж |
|||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: 14 |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№74 сабақ. Кітап неден жасалады? Кітаптар мұңы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.3.2.1 – таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу 4.2.9.1 – түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету; 4.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтайды, Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа оқиға ойлап табады
|
|||||
Құндылықтар |
АР-ҰЯТ: Адал еңбекті бағалау |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Ұйымдас тыру Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс |
Сабаққа дайындық жасау Психологиялық ахуалды жақсарту
Өткен тақырыпты пысықтау «Жануарлар туралы тағы не білеміз?» тақырыбын қайталау. «Асық ойна» әдісі арқылы сұрақ жауап пен пысықтау 1.Біз қай бөлімдеміз? Қоршаған орта дегенде нені түсінесің? Қоршаған ортаны қорғау. Табиғат 2.Табиғат адамға не береді? Табиғат адамға таза ауа береді 3.Жер ана жомарт,жер ана дархан деген сөздердің айырмашылығы бар ма? Синоним сөздер 4.Экология деген не? Жеке организмның өзара қарым-қатынасын қоршаған тіршілік ортасымен,мекенімен байланыстырып зерттейтін ғылым. 5.Кинодағы аю қандай,өмірдегі аю қандай? Кинодағы аюақылды,мейірімді,өмірдегі аю жыртқыш,қауіпті 6.Ахмет аюды неге атқызбады? Ахмет аюды қорғап,атқысы келмеді.Ол әлет жерінің қоңыр аюы болса,зиянсыз,момын,оны ату обал болады деп атқызбады. 7.Ахметтің мергендігі оқиғаның қай сәтінде көрінеді? Ахметтің мергендігі домбыраның ішегіндей керіліп тұрған арқанды атқан кезде көрінеді. 8.Мәтіндегі негізгі ой не? Мәтіндегі негізгі ой Ахметтің мергендігі,жануардың өзіне тән сипаты. 9.Аю Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі? Тянь-Шань,Жоңғар Алатауы Тарбағатай Сауыр және Алтайда кездеседі. 10.Аюдың қандай түрлері бар? Қоңыр аю,ақ аю,қара аю 11.Балауыз деген не? Балауыз-араның безінен бөлінетін зат.Адамдар ежелден оны шырақ жасауға қолданған. 12.Әлет деген не? Әлет жер атауы 13.Дөңбек деген не? Дөңбек жуан ағаштың кесіндісі 14.Құланиектену-таң ата бастау.
Жаңа тақырып
Кейіпкермен сөйлесу арқылы ағаштың ішкі дүниесіне ену -Мені кім «тербетіп,аялап»өсірді? -Жасым сақинамда жазулы екенін білесіңдер ме? - Қартайғанымды қалай білдіңдер? - Қалай ойлайсың,ағашқа кім қамқорлық жасауы керек?
Автор туралы мағлұматқа тоқтала кетейік. Танаш Дауренбеков(1927-2000)- 1927 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туған. 1943 жылдан бастап Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты «Октябрь» бастауыш мектебінде, «Ортақшыл» орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген. 1963 жылы «Қазақстан пионері» қәзіргі «Ұлан» газетінің бөлім меңгерушісі, 1964-66 жылдары «Жазушы» баспасының редакторы міндеттерін атқарды Танаш Дәуренбекұлы жазушымыздың «Кітаптар мұңы» атты еңбегімен таныстыру
«Бір минут» әдісі арқылы тізбектеп оқу. Сахналық көрініспен тақырыпты түсінеді. ЕБҚ Мәтінді тізбектеп түсініп оқиды. Мәтіндегі кейіпкерлер қандай тәсілмен суретелген? Мәтіндегі кейіпкерлер оқулық бейнесінде суреттелген.
Оқиғаның шарықтау шегіне әкелген қорқынышты сөзді ата. Оқиғаның шарықтау шегіне әкелген қорқынышты сөз,барлық кітапты селк еткізіп қорқытып жіберген отынға тамызық болу.Яғни барлығын отқа өртеп жібереді деген қауіп.
Оқиғаның шешіміне әкелген жұбаныш сөздің иесі қай кітап? Оқиғаның шешіміне әкелген жұбаныш сөздің иесі- дүниежүзі тарихы.
Сергіту сәті: «Жүр досым кітапханаға» балалардың орындауында
Жұптық жұмыс Ноутбук әдісі: Гуглге кіріп дереккөзден кітаптың шығу тарихы туралы ізденеміз.Дереккөзден тапқан мәлімет бойынша жаңа мәлімет білу. Қағаздан жасалған кітап Қағазды жасау үшін қытайлықтар ағаш қабықтарын ұсақтап,оларды көп уақытқа суға салып қоятын.Қоспа жұмсалғанда оны қыздырып,оған пішін беріп,кептіретін.Дайын қағаздарды жабыстырып,кітап жасаған. Папирустан жасалған кітап. Папирус қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағын нығыздап жасалған қағаз. Балшықтан жасалған кітап. Балшық тақтайша жұмсақ балшықтан тақтайша жасап,бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген.Оны кептіріп отқа күйдірген.
«Әңгімелесетін кітаптар»әдісі арқылы кітаптардвң арманы орындалатындай етіп ертегіні аяқтау,яғни кітаптарды түптеп,ретке келтіру
Дәптермен жұмыс
«Байланысқан оқу» әдісі арқылы сабақты қорыту,постер қорғау Автормен мен тақырып туралы тапсырма
Үйге тапсырма: 132 бет үй . «Оқулықты күту ережесін» құрып жаз. Рөлге бөліп оқу. Бетбелгі жасау.
|
Үй тапсырмасын қайталайды
1.Мені табиғат,адамдар тербетіп өсірді. 2.Ағаштың жасын анықтау үшін оның бұтасын,томарын кесіп оның ішіндегі сақиналарды санау арқылы білеміз.Егерде сақиналары көп болса ол ағаштың кәрі немесе жасының үлкен екенін білдіреді. 3.Бұл ағаштың қартайғанын бұталарының үлкендігінен ,сақиналарын санау арқылы,бұталарының әлсіздігінен,тамырының қаншалықты ұзаққа тарауынан білуге болады. 4.Менің ойымша ағашқа адамдар қамқорлық жасау керек.
Автормен танысады Автор туралы айтады
Мәтінді оқиды
Ән айту
Өз ойларын айтады
Кітаптарды түптейді
Топтық жұмыс жасайды
Сабақты қорытындылайды
Үй тапсырмасын алады
Кері байланыс жасайды
|
ҚБ: «Білім шыңы бағалау» әдісі
Дескрипторы:
ҚБ :Асық ойыны арқылы сұрақ жауап-1Б
ҚБ: «Сағатпен бағалау» әдісі
Дискриптор Ағашқа байланысты мағлұматтар жинайды-1Б
ҚБ
Автордың өмірбаяны жайлы өздеріне мағлұмат алады
Тамаша!
Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды-2 Б
Рөлге бөліп ойнау-3Б
Дескриптор: Жұптық жұмыс жасайды-1Б
Дескриптор:кітаптарды түптеу-1Б
Дескриптор: Топтық жұмыс жасайды Тапсырмаларды талапқа сай орындайды-1Б
|
Суреттер
Оқулық
Ағаштың макеті
Кітап суреті
Автор туралы мәліметтер
Оқулық
Суреттер
Тапсырма орындауға қажетті парақтар
Суреттер
Оқулық
Кері байланыс парағы
|
||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.