Сабақтың тақырыбы: Алюминий
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға химиялық элемент алюминийдің периодтық жүйедегі
орны, табиғатта кездесуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуын, қосылыстары
туралы материалды меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік және танымдылық белсенділігін
дамытып, пәнге деген қызығушылығын, тіл шеберлігін, дүниетанымын
арттыру.
Тәрбиелік: Топтарға бөлу арқылы шығармашылық жұмыстарын
қалыптастыру. Алюминийдің тұрмыста қолданылуын , алюминийдің өмірдегі
маңызын түсіндіру.
Міндеті:Оқушыларды периодтық жүйедегі химиялық элементтерге жеке
сипаттама беру арқылы білімді қалыптастыру.Оқушылардың ақылой еңбегіне
үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру,
салыстыру,талдау,қорытындылау,кітаппен жұмыс істеу, өзінөзі бақылау.
Күтілетін нәтежие: Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, өз ойын ашық айтуға,
уақытты тиімді пайдалануды үйренеді, есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды
және өздігінен ізденуге дағдыланады.
Сабақтың әдісі: түсіндірме, СТО технологиясы элементтері, деңгейлік
технология элементтері, кубизм.
Пәнаралық байланыс: География,математика,әдебиет,қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Рефлексия
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
І. Оқушыларды «атом –молекула» ойынын ойнату арқылы екі топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(Кубизм әдісі бойынша әр топтан бір оқушыдан шығып сұрақтарға жауап беру
арқылы өткен тақырыпты қайталап, бекіту)
1 сұрақ кальций қандай металл?
2 сұрақ кальцийді кім ашты?
3 сұрақ кальций қосылыстарын атаңдар?
4 сұрақ кермек су дегеніміз не?
5 сұрақ судың кермектілігін жою жолдары?
6 сұрақ гипстің формуласы
Мағынаны тану.
І. Жұмбақ шешу. Табылса бұрын там тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде (Алюминий)
Жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламыз.
ІІ. Бейне ролик .
Бейне ролик арқылы алюминий туралы қысқаша мәлімет беру.
Бейне роликтан оқушылар алюминийдің латынша атауы «Ашудас»,
алюминийді 1827 жылы Фридрих Велер ашқан және алюминийдің периодтық
жүйедегі орны мен табиғатта кездесуі туралы мәлімет алады.
Алюминий ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. Сыртқы
қабатында 3 электроны бар және ол қосылыстарында +3 тотығу дәрежесін
көрсетеді.
Алюминийдің жер қыртысындағы массасы8,8%
Маңызды қосылыстары: алюмосиликат, боксит, криолит болып табылады.
Қазақстан жерінде алюминийдің кездесуін картадан көрсету.
ІІІ. Топпен жұмыс.
әр топқа өздігінен орындауға мына тақырыптарда жұмыс беріледі.
І топ:
Алыну жолдары.
Физикалық қасиеттері.
ІІ топ:
Химиялық қасиеттері.
Қолданылуы,қосылыстары.
Ой толғаныс.
1 топқа тапсырма.
Синкуин әдісі.
Зат есім Алюминий
Сын есім ақ түсті, жеңіл, күмістей.
Етістік 2Al+3CI2=2ALCI3
Сөйлемалюминийдің бір изотопы бар.
СинонимAL2O3, AL(OH)3
2 топқа тапсырма.
Диаграмма құрастыру.
Сұрақтар қойып, «иә» және «жоқ» белгісі қойып жауап беру арқылы
диаграмма құрастырады.
Мысалы:
1сұрақ алюминий 3 топтың, негізгі топшасындағы элемент (иә)
2 сұрақ алюминий таралуы бойынша І орында (жоқ)
3 сұрақ алюминий сілтілермен әрекеттесіп, тұз түзеді. (иә)
4 сұрақалюминийдің сыртқы қабатында үш электроны бар. (ия)
5 сұрақалюминийдің бір изотопы бар. (ия) Осы тапсырмалар арқылы бекітіп, оқушылар өзөздерін бағалау парағында
бағалайды.
Бағалау
№ Оқушының атыжөні
Өзін өзі бағалау
Топ
Үйге тапсырма: тақырып, 67 жаттығу
Рефлексия
басшысының
бағалауы
Мұғалімнің
бағалауы
Ашық сабақ химия пәнінен
Ашық сабақ химия пәнінен
Ашық сабақ химия пәнінен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.