Ата – баба өсиеті
Оценка 4.9

Ата – баба өсиеті

Оценка 4.9
Домашняя работа
docx
другое
11 кл
06.10.2021
Ата – баба  өсиеті
эссе Наурыз мейрамына арналған. Ата - бабаларымыздың өсиетін қалай орындап жүргеніміз туралы
Эссе Антропова В11Б..docx

     «Наурыз мейрамы»  мерекесіне арналған эссе

                              Антропова Валентина    

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АЛТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЛТАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ» КММ  11 сынып оқушысы

                                      

Пән мұғалімі:  Маймақова Бағила  Зейнелгабиевна

Ата – баба  өсиеті 

Егер сіз ата-бабаларыңыздың өсиеттерін естімесеңіз,

                                                                  онда сіз білімнің ұлылығын білмейсіз.

Сюнь-цзы

Менің  Отаным - Қазақстан.  Қазақстан  алма  мен  қызғалдақтың  отаны, табиғаты мен табиғи қазбаларына  бай ел.

Менің  елімнің тарихы да өте бай. Біздің ата-бабаларымыз  елін қорғап қана қоймай  оның  мәдениетінің   дамуына  орасан  зор  үлес қосты. Осы жылдар ішінде Қазақстан аумағында тарих ағымын өзгертетін оқиғалар орын алды.Қазіргі Қазақстан  жерінде топтарға бірігіп, әртүрлі халық тар   мекендеді, олар тарих жасады. Кейбіреулер  дәстүрлерді  ойлап тапты, басқалары оларды толықтырды, келісімдер  жасады.

Уақыт адамдардың көптеген нәрселерге деген  көзқарастарын айтарлықтай өзгерткеніне қарамастан, көптеген  келісім-шарттар, салт –дәстүрлер, киелі сөздер  бүгінгі күнге дейін сақталды.  Осы ата-баба өсиетімен  біздің халқымыз бүгін өмір сүруде. Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.Бұл міндетті қазақ халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни қазақ  халқы  ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.  Мен қазақ  халқы өзіне   тән   дәстүр    қонақжайлылығымен  ерекшеленетінін  білемін.  Қазақтардың  киіз үйлерінде  құрметті ерекше орын  – төр болған. Онда қарт адамдар,сыйлы қонақтар  отырған.

     Қонақ  келгенде оны қазақ  халқы  әрқашан жылы қабылдап,дастарханға шақырған. Қонақты  жылы қарсы алу дәстүрі  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келеді. Қазірдің  өзінде  қонақжайлылықты қазақ халқының   айрықша  ерекшелігі  деп санауға болады.

Сондай-ақ, мен қазақ халқы әрқашан өз балаларын үлкендерді  құрметтеуге   тәрбиелегенін білемін.Отбасында әрқашан үлкендерге көмектесіп, оларды құрметтеу дәстүрге айналған. Үлкендерді сыйламаушылық жаман мінез-құлықтың ең жоғары көрінісі болып  саналды және  әрдайым  сыналып отырды.Біздің ата-бабаларымыз: «Үлкенді сыйламаған, сыйластықты білмейді», «Кім ата-анасын құрметтесе, сол ғасыр бойы  бақытты өмір сүреді», «Ата-анаңды қалай құрметтесең,  сенің  де балаларың сені солай сыйлайды» деп айтатын.Бұл өсиеттер бізге жеткен, меніңше,олар әрқашан да  өзекті болады.

Қазақ халқының салт-дәстүрі  болашақтың айқын  көрінісіне  үлесін  тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.

Қанша уақыт өтсе де, адамдардың  дүниетанымы  қаншалықты  өзгерсе де, ата-бабаларымыздың өсиеттері  әрқашан өзекті  болады  деп сенемін. Біз де ата- баба өсиеттерін ұмытпай , есте сақтап жалғастырамыз.


 

Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған эссе

Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған эссе

Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста

Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.10.2021