Ата-аналар жиналысы
Оценка 5

Ата-аналар жиналысы

Оценка 5
Руководства для учителя
doc
классное руководство
1 кл—4 кл
16.11.2017
Ата-аналар жиналысы
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс) Тренинг сабақтың міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Жүру барысы: Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін Мен көрікті - Әсеммін; Мен дарынды – Дидармын. «Мадақтау мен жазалау» Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау. Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады. ІІІ.Ал енді А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , -деген ғой. Сіздердің отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр сұрақтарына жауап берсеңіздер. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар? 1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал. 2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді. 3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят. 4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл кеңес беруі керек. 5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады. Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайыз? Теріс әрекет жасаса ,қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз », - деген А.С.Макаренко. “Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?” деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдік пе екен? Олай болса, келіңіз, бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға “Иә”, “Кейде” немесе “Жоқ” деген жауаптардың біреуін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуіңізге болады. 1) Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды, немесе теле-радио хабарларын көріп, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба? 2) Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе? 3) Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба? 4) Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз? 5) Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде қолданасыз ба? 6) Жүйелік, реттілік – педагогиканың маңызды принциптерінің бірі деп санайсыз ба? 7) Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе? 8) Спорт пен дене шынықтыру баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба? 9) Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе? 10) “Менің уақытым жоқ” немесе “тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма? Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін – 2 ұпай Ал кей кезде орындалатын болса – 1 ұпай Ал қарсы болсаңыз – 0 ұпайдан қойып отырыңыз. 6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмексі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой, сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз абзал. 7 –ден 14- ке дейін ұпай жинасаңыз, Сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді өткізуге арнаңыз. Қорытынды: Бала нені білсе жастан,ұядан, Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз.Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс) Тренинг сабақтың міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Жүру барысы: Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін Мен көрікті - Әсеммін; Мен дарынды – Дидармын. «Мадақтау мен жазалау» Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау. Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады. ІІІ.Ал енді А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , -деген ғой. Сіздердің отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр сұрақтарына жауап берсеңіздер. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар? 1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал. 2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді. 3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят. 4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл кеңес беруі керек. 5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады. Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайыз? Теріс әрекет жасаса ,қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз », - деген А.С.Макаренко. “Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?” деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдік пе екен? Олай болса, келіңіз, бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға “Иә”, “Кейде” немесе “Жоқ” деген жауаптардың біреуін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуіңізге болады. 1) Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды, немесе теле-радио хабарларын көріп, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба? 2) Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе? 3) Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба? 4) Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз? 5) Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде қолданасыз ба? 6) Жүйелік, реттілік – педагогиканың маңызды принциптерінің бірі деп санайсыз ба? 7) Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе? 8) Спорт пен дене шынықтыру баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба? 9) Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе? 10) “Менің уақытым жоқ” немесе “тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма? Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін – 2 ұпай Ал кей кезде орындалатын болса – 1 ұпай Ал қарсы болсаңыз – 0 ұпайдан қойып отырыңыз. 6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмексі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой, сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз абзал. 7 –ден 14- ке дейін ұпай жинасаңыз, Сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді өткізуге арнаңыз. Қорытынды: Бала нені білсе жастан,ұядан, Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз.
Ата-ана жиналысы.doc
Ата ­ ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг ­ жиналыс)  Тренинг сабақтың міндеті: Ата ­ ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің  және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл ­ күйді көтеру, сезім мен  эмоцияны реттеу; ата ­ ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға  деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Жүру барысы: Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы ­ жанұясы. Жанұялық тәрбие ата ­  анамен бала арасындағы қарым ­ қатынастық жүйе. Олай болса, ата ­ ана осы жүйені  ғылым мен өмір ретінде жан ­ жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл ­ Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген  бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас  тұлға, алғашқы ұстаз – ата ­ ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата ­ ана  нәзік те, қиын, қыр ­ сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол ­ бала тәрбиесі. Бала  үшін үй ішінде, ата ­ анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі  ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата ­ ана тәрбиесі бала өмірінде  үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында  жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына  жағдай жасау ата ­ атаның парызы. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата ­ аналар 3 түсті жүрекшелерден бір ­  бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата ­ аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің  біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін Мен көрікті ­ Әсеммін; Мен дарынды – Дидармын. «Мадақтау мен жазалау» Мақсаты: Ата ­ ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау. Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,  ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата ­ аналарға  қорытынды жасау ұсынылады. ІІІ.Ал  енді  А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл  кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , ­деген ғой. Сіздердің  отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр  сұрақтарына жауап берсеңіздер. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар? 1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп,  дұрыс қарым қатынас жасаған абзал. 2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе  соған орай дөрекі жауап береді.  3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап  етудің өзі ұят. 4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл  кеңес беруі керек. 5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да  сондайға ұмтылады. Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайыз?  Теріс әрекет жасаса ,қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен  дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы  тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер  олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың  салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз », ­ деген А.С.Макаренко. “Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата­ана бола аламыз ба?” деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдік пе екен? Олай болса, келіңіз, бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға “Иә”, “Кейде” немесе “Жоқ” деген жауаптардың біреуін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуіңізге болады. 1) Балалар тәрбиесі туралы газет­журнал беттерінде жарияланған мақалаларды, немесе  теле­радио хабарларын көріп, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба? 2) Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің  нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе? 3) Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз  ба? 4) Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап  немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз? 5) Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде қолданасыз ба? 6) Жүйелік, реттілік – педагогиканың маңызды принциптерінің бірі деп санайсыз ба? 7) Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе? 8) Спорт пен дене шынықтыру баланың жан­жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор  екенін ескеріп отырасыз ба? 9) Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап  көрдіңіз бе? 10) “Менің уақытым жоқ” немесе “тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген  тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма? Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін – 2 ұпай Ал кей кезде орындалатын болса – 1 ұпай Ал қарсы болсаңыз – 0 ұпайдан қойып отырыңыз. 6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмексі екендігін  дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой, сіз бұл мақалға көп иек арта бермей,  жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз абзал. 7 –ден 14­ ке дейін ұпай жинасаңыз, Сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап  жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс­әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді  өткізуге арнаңыз. Қорытынды:  Бала нені білсе жастан,ұядан,  Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға  өмірлік  азық екенін естен шығармайық. Баланың  саналы  тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты  босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз.

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2017