АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты: атмосфералық қысымды
шыны және эластикалық түтікті қолданып өлшеу
Құралдар: мөлдір эластикалық түтік немесе екі шыны резиналық түтікпен жалғанған; өлшеуіш сызғыш; суы бар стакан.
Жұмыс істеу тәсілі.
Атмосфералық қысым ауа көлемінің изотермалық өзгерісі арқылы анықтайды.
Екі жағы ашық U-тәрізді түтіктің екі жақ тармағындағы қысым атмосфера қысымына р –ға тең. Егер оң жақ түтікті қозғалтып сол жақ түтіктің үстінгі шетінен су деңгейіне дейінгі қашықтықты l1 қылса, онда сол жақ түтіктегі ауаның көлемі V1 = Sl1 тең, мында S – түтіктің қимасының ауданы. Егер енді осы түтікті тығынмен жауып, оң жақ түтікті түсіре бастаса, онда сол жақтағы ауаның биіктігі артады, ал қысымы кемиді де атмосфералық қысым биіктігі h судың қысымымен теңеледі. Түтік вертикаль түріне жеткенде ауа биіктігі l2 болады, ал көлемі V2 = Sl2 тең. Ауаның ұлғаюын изотермалық процессдеп санауға болады. Процесстің теңдеуі:
pаV1 = (pа – p)V2,
(1)
мында p =
gh, осыдан атмосфералық қысым:
Жұмыс барысы
1. Дәптерлеріңе өлшеулерге және есептеулерге кесте сызып дайындаңдар.
2. Түтікке су құйыңдар және сол жақтағы ауаның биіктігін l1 түтіктердің екі жағы ашық кезінде өлшеңдер.
3. Сол жақ түтікті пластилинмен жабыңдар және ақырын оң жақ түтікті акырын вертикал жағдайда төмен түсіріңдер.
4. Сол жақ түтіктегі ауа бағаны биіктігін l2 өлшеңдер.
5. Формула бойынша (2) түтіктегі су бағаны биіктігін өлшеңдер және атмосфералық қысым мәнін есептеңдер. Су тығыздығын 1000 кг/м3 деп қабылдаңдар, еркін түсу үдеуі 9,81 м/с2.
6. Тәжірибені 2-3 рет қайталаңдар және атмосфералық қысымның орташа мәнін есептеңдер.
7. Егер сізде қолда барометр-анероид болса, нәтижені оның көрсетуімен салыстырыңдар.
8. Жүргізілген өлшеулер қателігін бағалаңдар және қорытынды жасаңдар.
Қосымша тапсырма. Атмосфералық қысымды өлшеудің нақтылығын көтеру жолдарын ұсыныңдар.
Бақылау сұрақтары
1. Торричели тәжірибесін сынаптың орнына кез
келген сұйық қолдану арқылы жасауға бола ма?
2. Жерде
атмосфералық қысымның болуы неге негізделген?
Биіктіктің артуымен қысым төмендейді?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.