«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»
Оценка 4.7

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

Оценка 4.7
Научные работы
docx
история
4 кл
08.04.2017
«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»
Павлодар облысының Екібастұз және Ақтоғай аудандарының аумағында жатқан Әулиелі өңір Ақкөл-Жайылма туралы көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелер өте көп. Бірқатар ғалымдар Ақкөл-Жайылма атауы осы мекеннің жағрафиялық ерекшелігіне орай шыққан деседі. Көктемде өткел бермей кететін Өлеңті өзені Әулиекөлді арнасынан асыра толтырады. Сосын Дуана жылғасы арқылы Бәсентиін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе және Тоққылы деп аталатын тағы сегіз көл суға кенеледі екен. Ылғал мол жылдары көлдердің суы жиектен асып жайылып тоғыз көл сағым басқан біртұтас үлкен ақ суға айналады. Осы керемет көрініске орай жергілікті халық қасиетті мекенді Ақкөл-Жайылма деп атап кетсе керек.
максатұлы ілияс.docx
«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 36 мектеп­лицейі» КММ Тақырыбы: «Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері» Бағыты: гуманитарлық Секция: тарих, этномәдениеттану                                                Орындаған:4 «а» сынып оқушысы                                                                             Мақсатұлы Ілияс                                          Ғылыми жетекшісі: Альжанова Ж.Н.,                                                                бастауыш сынып мұғалімі Экібастұз 2016­2017 оқу жылы Мазмұны Кіріспе 1 тарауҚасиетті мекен Ақкөл­Жайылма 1.1.Ақкөл­Жайылма жеріндегі ескерткіштер 1.2. Исабек Ишан хазірет 2 тарау Зерттеу бөлімі 2.1.Ақкөлдің бойындағы ақ кесенелер      2.2.Ақтоғай ауданы мен Екібастұз қаласының жомарт жандары  Қорытынды Әдебиеттер тізімі 1. Қасиетті мекен Ақкөл­Жайылма Павлодар облысының Екібастұз және Ақтоғай аудандарының аумағында жатқан Әулиелі   өңір   Ақкөл­Жайылма   туралы   көнеден   келе   жатқан   аңыз­әңгімелер   өте көп.   Бірқатар   ғалымдар   Ақкөл­Жайылма   атауы   осы   мекеннің   жағрафиялық ерекшелігіне орай шыққан деседі. Көктемде өткел бермей кететін Өлеңті өзені Әулиекөлді арнасынан асыра толтырады. Сосын Дуана жылғасы арқылы Бәсентиін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе және Тоққылы деп аталатын тағы сегіз көл суға кенеледі екен. Ылғал мол жылдары көлдердің суы жиектен асып жайылып тоғыз көл сағым басқан біртұтас үлкен ақ суға айналады. Осы керемет көрініске орай жергілікті халық қасиетті мекенді Ақкөл­Жайылма деп атап кетсе керек.  Ел  арасындағы  аңыздарға  қарағанда  бұл  өңірдің  атауы  Асан  қайғымен   және қазақ фольклорының жауһары «Қозы Көрпеш Баян сұлу» дастанымен байланысты. «Қозы   Қөрпеш   –   Баян   сұлу»   жырының   шешуші   уақиғалары   Қарабайдың   «… Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, Аяғын Өлеңтінің өрлей көшті… Өлеңтінің бойынан   көшкен   күні,   Сарыбайдың   сабасы   жарылады…   Сарыбайдың   сабасы жарылған жер, Ақкөл менен Жайылма сонан қалған» деп тоқсан мың жылқыны айдап   көшуімен   басталады.   Өлеңтіні   өрлей   көшсе,   Қарабайдың   елі   өзіміздің Қараөткелге келеді. Жерұйығын іздеп жүрген Асан қайғы атамыз Шідерті өзенін көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен», ­ депті. Өлеңті өзенін көргенде: «Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: «Өлеңтінің суы ­ май, Шідертінің шөбі ­ май», ­ деп жүре беріпті дейді. Ауыл ақсақалдары болса Мәшһүр Жүсіп өз жазбаларында бұл өңірдің атауын ару қыз Баян   сұлумен   байланыстырғанын   айтады.   Сөйтсе,   Өлеңті   өзенінің   төменгі ағысында   Қара   оба,   Сары   оба   деген   жерлер   екі   байдың   қыстауы   болған   екен. Сарыбайдың ерке қызы Баян сұлу жиын жасап, өлең­жырмен думан қылған мекен содан Өлеңті, сұлудың шідері түсіп қалған жер Шідерті деп аталып кеткен екен депті  Мәшһүр  бабамыз.  Тағы бірі  мұны осы  жердің жағрафиялық  ерекшелігіне орай   шыққан   деседі.   Көктемде   Өлеңті   өзені   арнасынан   асып,   Әулиекөлді, Бәсентиін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе, Тоққылы деп   аталатын   тоғыз   көлді   суға   толтырады   екен.   Көлдердің   суы   жиектен   аса жайылып барып, ақ сағымдай суға толы аппақ көлге айналса керек. Осы керемет көрініске   таңқалған   ауылдықтар   «Ақкөл­жайылды»   содан   жайылма   деп   атап кеткені де содан. Бұл күндері әрине, өкінішке қарай, аста­төк ақ көбік су толатын осы табиғат құдіреті экология құрбанына айналып кеткен де болар. Ал жергілікті ғалымдар болса, бүгінгі күндері археологиялық мұраға айналған Өлеңті жазулары қола   дәуірінде   пайда   болғанын   зерттеді.   Тастарға   бұғылар,   қарақұйрықтар, қабандар   мен   өзге   де   жабайы   аңдардың   бейнелері   және   адамдардың   тұрмыс­ тіршілігі мен өмір сүру пәлсәфасынан хабар беретін суреттер қашалып жасалыпты. Сонау   16­17   ғасырларда   Ақкөл­Жайылма   қалмақтардың   қолында   қалып,   елдің белгісіндей   қалқиып   тұрған   кесенелердің   қабырғаларын   ат   күшімен   тартып құлатып жоқ етіпті деседі. Содан ба екен, қираған кесенелер мен қорғандардың орнын қазақтар бертінге дейін қалмақтардың обасы деп келгені де рас. Ал Ақкөл­ Жайылмада   зерттеуші   ғалымдар,   археологтар   әлі   жете   зерттей   қоймағандары болмаса,   өткеннен   сыр   бүккен   кесене,   қорғандар   да   аз   емес.   Бүгінгі   күні   де ертеден келе жатқан ата­баба жолына сай қасиет қонған аталарын құрметтеп бұ дүниеден өткенде басына кесене тұрғызып, ұрпағына жеткізіп қалуды мирас етеді. Солардың бірі ­ Екібастұздың  Ақкөл­Жайылма  өңірінде  салынған ақ  кесенелер тізбегі еді. Енді бұл кесенелер кімдерге арналып тұрғызылды, мән­мақсаты қандай дегенге келейік.   Өмірзақ, Ақкөл­Жайылма өңірі Өлеңті және Шідерті өзендерінің төменгі ағысындағы ұлан­байтақ   жерді   алып   жатыр.   Жалпы   алғанда,   бұл   алаптың   жер   көлемі   екі ауданды   (Екібастұз   және   Ақтоғай)   қамтиды.  Ақкөл­Жайылма   ұғымына   Өлеңті­ Шідертінің   төменгі   ағысы,   Ақкөлдің   өзі   (Әулиекөл),   Ақкөлден   төмен   түсетін Дуана өзенінің бойы, одан әрі орналасқан көлдер жүйесі (Бәсентейін, Қылдыкөл, Сасықкөл,   Тоққылы)   енеді. Өлеңті   өзенінің   ұзындығы   –   273   км.   Ақмола   облысының   Ақдың   (Белоярское) ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерден басталып, солтүстік­шығысқа қарай ағып, Павлодар облысының бұрынғы «Екібастұз» совхозы, қазіргі Төртүй селолық округіне   жататын   Қаражар   (бұрынғы   аты   –   Қаражыра)   ауылы   тұсынан   екіге бөлініп, бір саласы Әулиекөлге (Ақкөлге), бір саласы Жаманкөлге құяды (Коорд.: 52°11 с.е. 74°45 ш.б., теңіз деңгейінен 126,4 м. биіктікте орналасқан). Екі көл бір­ бірімен іргелес орналасқан.   Бозайғыр,   Ащыкөл,   Көктөбе, Ақкөл Өлеңтінің суымен толып, кемерінен асқан уақытта солтүстікке қарай Жайылмаға түседі. Негізі, Ақкөл суы Дуана өзені (қазіргі уақытта бөгет салынып, тоқтатылған) арқылы тұтас көлдер үлкен жүйесіне барып құяды. Қазақ түсінігінде Ақкөл­Жайылма өңірі шаруашылыққа өте ыңғайлы деп саналады. Әрине, қазақтың көшпелі мал шаруашылығы үшін бұл өңірдің ерекше қызықты болуы заңды. Сол себептен қазақ ауызында ертеден «Шідертінің суы – бал, Өлеңтінің шөбі – бал» деген қанатты сөздер сақталған. Қалың қамыс басқан Ақкөл мен Жаманкөл жағалары қысқы қонысқа өте ыңғайлы. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ф.Щербина бастаған экспедицияның  статистикалық   зерттеулерінен   бұл  арада  қазақтың  көптеген  бай қыстауларын   кездестіреміз.   Сол   қыстаулардың   орнын   қазіргі   күнде   де   көруге болады. Қыстыгүні көл жағалауы бір жағы суықтан пана, екінші жағынан – азық. Әлі күнге жергілікті ел қысты күні малын далаға, тебінге жаяды. Пішенді, аса қажеттілік болмаса, пайдалана қоймайды. Бізге дерек берген Қыздарбек ақсақал Қараоба   маңында   қыстаған   елдің   жазда   Қойайырған,   Сарыөзек   деген   жерлерді жайлағанын, ертеде бұл өңірдің шөбі қалың, бітік, биік болатынын, ат бауырынан келетінін, арасында бала адасатынын айтады. Ақкөл­Жайылма өңірінің тағы бір қасиеті – көлдер жүйесі аң мен құсқа, балыққа   бай.   Дала   құстарынан   үйрек,   қаз,   италақаз   және   балықтың   көптеген түрлері кездеседі. Қаражар – Ақкөлге ең таяу орналасқан ауыл. Атақты Естай ақынның ауылы. Қазақ   өнерінің   ордасы   болған   жер.   Қаражар   ауылының   адамдары   аңшылыққа бейім,   балықшылықты   жақсы   меңгерген.   Қайық   жасайтын   (сайтан   қайық),   ау тоқитын,   қаза   құратын   (қамыстан   жасалатын   балық   аулау   құралы)   қолы   епті, өнерлі адамдары бар. Қаза – бүгінгі күні Қазақстанда тек Ақкөл­Жайылмада ғана кездесетін   ерекше   құрал.   Сырдың   бойында   және   Ертісте   кездесетін   Қазалы атаулары осы құралмен байланысты. Көлдерге, тұйық суларға құрылатын қаза елді қысы­жазы   балыққа   кәні   қылады.   Сібір   түркілерінде   осы   сияқты   балық   аулау құралын «түнек» деп атайды. Қамшы, жүген, ағаш жабдықтарды өздері қолдан, дәстүрлі негізде жасап алатын. 2. Ақкөл­Жайылма жеріндегі ескерткіштер Ақкөл­Жайылма   –   ұлан­байтақ   қазақ   жерінің   орталық   бөлігіне   орналасқан әдемі аймақ. Ақкөлді жергілікті қазақ қариялары Әулиекөл деп те атайды және ортағасырлық шежіре деректері мен тарихи жазбалардан бұл аймақ туралы аздаған мәліметтер   кездеседі.   Соларға   қарап   отырып   Ақкөл­Жайылманың   қазақ тарихындағы орыны Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау сияқты тарихи орталықтардан бір де кем емес екенін аңғарамыз. Ақкөл   жағасынан   Қаражар   елді   мекеніне   екі   шақырым   жерден,   қазақ зиратының   ішінен   ортағасырлық   қалашық   тамаша   ескерткіштердің   (Қараоба) сұлбасы   табылды.   Сонымен   қатар   маңайда   неолит   дәуірінің   тас   микролит құралдары, қимақ­оғыз қорғандары кездеседі. Ақкөл­Жайылма маңындағы ескерткіштер тек бұл жағалаумен шектелмейді. Көлдің оңтүстік жағасында – Асан Қайғы тасы, Түйте әулие ескерткіштері, Исабек ишан зираты, көлдің шығысында Әулиеағаш, Шідерті өзені бойында Сағынайдың асында атақты Құлагерді сынаған Күреңбай бейіті, т.б. ескерткіштер орналасқан. «Қараоба»   аталатын   орта   ғасырлық   сәулет   өнерінің   ескерткіштері   Ақкөлдің жағасында орналасқан қазақ зираты тарихи қорым десек болады: бұл жерде тас дәуірінің   еңбек   құралдары,   қола   дәуірінің   қыш   ыдыстарының   сынықтары,   орта ғасырлық қорғандар кездеседі. Екі   төбешік   (1­Қараоба,   2­Қараоба)   зираты   күн   батыс   жағына   қарай орналасқан:   1­Қараоба:   биіктігі   –   2   м,   солтүстіктен   оңтүстікке   қарай   –   25   м, батыстан шығысқа қарай – 30 м. Көл жағалауынан 80­100 м жерде орналасқан.2­ Қараоба:   биіктігі   –   1,7   м,   солтүстіктен   оңтүстікке   қарай   –   24,5   м,   батыстан шығысқа қарай – 25 м. Көл жағалауынан 100­115 м жерде орналасқан.Төбелердің үстінде қызыл кірпіш қалдықтары шашылып жатыр. Сирек болса да арасынан көк шыны   (глазурь)   жалатылған   кірпіш   сынықтары   кездеседі.   Төбелердің   үстінде кірпіш күйдіруден қалған шлак қалдықтары да бар. Үшінші бір мәселе – төбелер маңында  орта ғасырлық  қыш  ыдыстарының   кездесуі.Ескерткіштер  мазар  типтес құрылыс   екені   сөзсіз.  Олар   Орталық   Қазақстандағы   Жошы   хан   мазары   сияқты қызыл кірпіштен көтерілген, көк күмбезді, әшекейленген порталы болған құрылыс болса керек. Сонымен қатар, табылған құрылыс сыртын әшекейлейтін ою­өрнекті керамика плиткалары мен көк шыны жалатқан кірпіш сынықтары өзінің орындалу технологиясы   мен   әсемдігі   жағынан   көптеген   орта   ғасырлық   ескерткіштерден әлдеқайда  жоғары. Бұл фактілер  – бұрын  далалық  өлкеде  табылмаған  ерекше­ көркем   тарихи   ескерткіш   екендігі.   Ескерткіштерді   жобамен   Алтын   Орда заманының   (құрылыс   типі,   құрылыс   материалдары,   араб   жазуы,   т.б.   сипаттары бойынша) болады. Ақкөлмен қатар жатқан Жаманкөлдің шығыс тұсынан Жайылмаға түсетін Дуана өзеніне дейінгі бірнеше километрлік алқапта терең қазылған (ені 9­10 метр) ордың ізі   жатыр.  Бұл   не   көне   замандағы   ирригациялық   құрылыстан,  не   ортағасырлық бекініс – ордан қалған белгі. Қалай болғанда да кесенелер орналасқан (Қараоба) алап жан­жағынан жақсы бекінген, алынбас қамалға ұқсайды.  құрылысы болжауға     деп     М.­Ж.Көпейұлының   «Қазақ   шежіресінде»   Ақкөл­Жайылма   жеріндегі ескерткіштер   туралы:   «Шідерті   өзенінің   аяғында   Ақжар,   Сасай   деген ноғайлылардың егін егіп, кент салып, тақ құрған, Бұқар, Қоқан хандары сықылды орда жасатқан жері екен. Өлеңтінің аяғында «Қараоба», «Сарыоба» деген екі төбе –   Қарабай   мен   Сарыбай   деген   екі   бай   қоныс   қылған   екен,   бұл  екеуі   де   қазақ байлары.   Сол   Сарыбайдың   жалғыз   қызы   Баянсұлудың   туған   жері   –   Баянаула тауы…» деп жазылған. Бұл әңгімеден Ақкөл­Жайылма тарихы Алтын Ордамен байланысты   болғанымен,   түп­тамыры   одан   әрірек   деген   ой   түйеміз.   Қазақ түсінігінде   «оба»   көне   дәуірдің   ескерткіштеріне   қатысты   қолданылады.   «Қозы Көрпеш­Баян сұлу» жырына арқау болған уақиғалар мен ұғымдар өте ерте заманға тиесілі екені белгілі. Үшінші   дерек   Өтеміс   қажының   «Шыңғыс­наме»   (ХVІ   басы)   кітабында кездеседі:   Өтеміс   қажының   жазуына   қарағанда   Шайбан   (Сыбан,   Шибан)   ұлысы Ақкөл­Жайылмаға Сайын ханның (Бату) бұйрығымен ие болған. Негізінде, одан да ертерек   осы   жерге   қатысы   болса   керек.   Шыңғыс   хан   Жошыдан   туған   он   жеті ұлдың тек үшеуіне ғана үлес беріпті делінеді ескі аңыздарда. Атап айтқанда, Орда Ежен – Сарыарқаны, одан әрі Сыр мен Алтай арасын, орталығы Ұлытау – «күміс босағалы   көк   орданы»,   Бату   осы   Ұлытаудан   батысқа   дейінгі   жерге   ие   болды «алтын   босағалы   Ақ   орданы»,   одан   кейінгі   Шайбан   Орда   Ежен   мен   Бату иелігіндегі   аумақтың   арасын,   яғни,   Ұлытаудан   Ертіске,   одан   әрі   Ібір­Сібір жұртына дейінгі жерді – «болат босағалы боз орданы» еншілепті. Кейіннен Бату батысқа жылжып, жеті жылдық соғыстан кейін (1235­1242) Шығыс Европа, Русь, Кавказды   билеп  отыру   үшін   Еділ   бойында  (Сарай­Бату)   астана   салдырды.  Сол кезеңде   Шайбанға   тиесілі   жер   көлемі   ұлғайып,   орталығы   Ақкөлге   орныққаны байқалады. Өзбек хан тұсында Жошы тұқымының бәрі кыйат Исатайға берілген уақытта Шайбан   тұқымының   оғландары   аталарының   атағы   арқасында   өз   қоныстары   – Ақкөл бойында ешкімге бағынбай қалған. Далалық өңірді мекен еткен Шайбан тұқымының жауынгер болғандығын В.В.Бартольд, Лэн­Пуль, т.б. ғалымдар атап көрсеткен. В.Бартольд: «Из всех частей, на которые распались владения Джучи, во владениях   потомков   Шибана   более   всего   преобладала   кочевая   жизнь;   тем   не менее, и здесь в течение более 200 лет власть могла оставаться в руках членов одного и того же ханского рода – явление довольно редкое у кочевников. Менее всего   затронутые   городской   культурой,  потомки   Шибана   остались   более   всего верны   воинственным   традициям   кочевников   и  потому   могли   выступить   в  роли завоевателей в такое время, когда могущество династии Чингиз­Хана почти везде находилось   в   полном   упадке»   (Бартольд   В.В.,   Двенадцать   лекции   по   истории турецких народов Средней Азии // Собр. соч. т. 5. М., 1968. с.125).  В.Бартольд көшпелілердің   соңғы   қозғалыстарын   –   Шайбан   әулетінің   Алтын   Орда   тағына таласуын,   Сібір   хандығын,   Әбілхайыр   құрған   «көшпелі   өзбек   мемлекетін»   т.б. айтып отырғаны күмәнсіз. Осыдан кейін 1428 жылы Әбілхайырдың Сібірде Чимгу­ турада   хан   көтерілуі,   Көшімнің   Ібір­Сібірді   билеуге   «қазақ   даласынан»   баруы түсінікті болады. Ақкөл – сол заманның қасиетті жәдігері. Бердібек хан өлгеннен кейін (1359) Бату тұқымынан хандыққа лайық адам табылмай, Ақкөлден Қызыр хан Алтын Орда билігіне келеді.Әбілғазының жазуына қарағанда,   Шайбан   ағасы   Сайын   ханнан   үлеске   Орда   Ежен   мен   Бату   хан шекарасындағы   жерлерді   алған:   «Отырар   жерің   ағам   Ежен   мен   менің   арамда болсын.   Жазда   Ырғыз,   Сауықта   (Торғай),   Ор,   Електен   Орал   тауына   дейін Жайықтың күн шығыс жағын жайла, қыста Арақұм, Қарақұм, Сыр суының бойын, Шу, Сарысудың аяғын қыста» (Абуль­Гази, Родословное древо тюрков. Сочинение Абуль­Гази, хивинского хана/ Казань, 1906, 120 б.). Ақкөл қалашығы туралы деректер атақты орта ғасырлық көпес Бадр ад­дин Хасан ар­Румидің хабарларында кездеседі. Ол Алтын Орда (ол кезде Өзбек ханның билігі жүріп тұрған уақыт) шеқарасының Жейхұннан басталып, Хорезм, Сығанақ, Сайрам, Жаркент, Женд, Сарай, Мажар, Азак, Акшакерман (бұл қала Қырымда), Кафа, Судак, Саксин, Укек, Бұлғар қалаларын қамтитынын жазады, оған Сібір және Ібір, Башқырд (мәтінде солай) және Чулыман өлкелері енеді. Бір жақсысы, Хасан   ар­Руми   өзі   жүрген   жерлердің   ара   қашықтығын,   ерекшеліктерін   нақты есептеп беріп отырады: «Темір қақпа», яғни, Баку қаласының маңынан Ібір­Сібір арқылы   Қытайға   керуен   бес   ай   бойы   жүріп   барады»   дейді   көпес.   Бұл   бес   ай дегеніңіз   –   мемлекеттің   жерінің   ұзындығы,   ал   ені   Жейхуннен   Дунайға   дейін… Сейхуннен Дунайға шейін төрт айлық жол, Сейхун мен Жейхун арасы 15 күндік, енді Жейхун мен Жайық арасы 15 күн, ал Жайық пен Еділ арасы 10 күн. Еділден Донға дейін – бір ай…»Ендеше, Ақкөл – Алтын Орда заманында көпестер мен елшілердің ат басын тірейтін белгілі қаланың бірі. Ақкөл –Жайылма өңірінің Еуразия көшпелілері үшін тарихи саяси орталық болғанын   дәлелдеу   үшін   көптеген   деректерді   келтіруге   болады.   Тіпті,   бертінгі қазақ заманында да Ақкөл­Жайылма жерінде хан сайлаулары өтіп тұрған. Соның бірі – 1817 жылы 30 мамыр күні осы жерде Орта жүздің ханы болып Барақұлы Бөкейдің сайлануы. Абылай тұқымының беделін түсіру үшін бұл жиынға Ресейдің әскер   басылары   да   келген   және   өзге   қазақ   сұлтандарының   Ақкөл   –Жайылмаға жиналуына   тікелей   ықпал   еткен.   Жеке   Сібір   корпусы   генерал­лейтенант Глазенаптың  Ертіс  бойындағы   елдің сұлтаны Шаншар  Сұлтанмәмедұлына  хаты: «Благодарю  Вас   покорнейше,   почтеннейший   султан,   за   усердие   Ваше,   причем нужным   считаю   вас   не   оставить   своим   приездом   к   30   числу   мая   на   озеро Джайылму для бытия при церемониале хана Букея, на котором я сам предпологаю присутствовать» (Из переписки киргизских ханов, султанов и прочих // Памятная книжка Семипалатинской области на 1902 год. Вып. №1 (сост. А. Н. Букейханов), с.62). 3. Исабек Ишан хазірет Аттары бүкіл алаш жұртына мағлұм болмаса да, қазақтың кең сахарасының әр түкпірінде, аймағында есімдері ел есінде жатталып, өздерінің өнегелі, парасатты өмірімен халыққа үлгі болып, жасаған қайырымды ісімен ұрпақтан­ұрпаққа аңыз боп   жеткен   тұлғалар   аз   емес.   Солардың   бірі   –   Сарыарқаның   солтүстігін   ала қоныстанған Арғын еліне танымал, діни ағарту ісімен айналысқан, діндар ғұлама, осы өңірдегі бірден­ бір діни жоғары лауазым ишандық атағын алған, ел ішінде Исабек ишан атымен мәлім болған Ақкөл­Жайылма жерінде медресе ашып, мешіт тұрғызған Исабек Ишанды бүкіл Сарыарқа атырабы құрмет тұтқан. Исабек ишанды Мәшһүр Жүсіптің ұстазы санаған екен. Бүкіл Сарыарқа өңірі құрмет тұтқан ишанның имандылық жолындағы беделі мен парасаты Кереку өңірі қазақтарының Меккеге қажылық сапарға баруларына жол ашады. Осы күнге дейін ел   аузынан   тастамай   жүрген   әулиенің   адам   таңқаларлық   көріпкелдігі   жайлы әңгімелерді жиі естисіз. Мәшһүр Жүсіп атамыз «Исекемдей ишан жоқ қой бұл Арқада» деп жоқтау айтса, «әркімнің көңіліндегі датын тауып, бір түскен сәулесі едің   жарық­нұрдың...»   деген   екен   өлең   арнап.   Ал   Жандарбек   қожа   ­   Исабек ишанның шөбересі.  Исабек   Мұратқожаұлы.   Тарихы   шежірелі   Баянауыл   баурайындағы   Мұрат қожаның отбасында дүниеге келген Исабек хазірет өз заманының ғұламасы болған. Арғы аталары Назар, Мұрат Ишан деген әулиелер. Талай ислам даналары білім алған   Бұхарда   хат   танып,   кейін   Ақкөл­Жайылмаға   қоныстанады.   Сол   жерде медресе ашып, мешіт ұстаған. Исабек Ишан 1810 жылы Бұхара медресесін бітіріп, Ақкөлге   оралған.   Құлдыкөл   өзенінің   жағасына   өз   ауылын   тұрғызады.   ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ертіс, Есіл, Сілеті мен Ақкөл­Жайылма қазақтары Исабек ишанның бастамасымен Меккеге қажылық сапарға шығады. Ислам дінінің Баянауыл­Қарқаралы бойына кеңінен қанат жаюына Исабек хазіреттің сіңірген еңбегі мол. Исабек ишанның ислам дініне қосқан үлесі күні бүгінге   дейін   жалғасын   тауып,   оның   ұрпақтары   да   қайырымдылығымен,   еңбек сүйгіштігімен ағайынға ­ қадірлі, халқына қалаулы адамдар. Олар да ата жолын жалғастырып   қасиетті   дінімізді   ұрпақтан­ұрпаққа   тарату   жолында   жұмыс атқаруда.   Исабек   ишанның   тегін   қожа   нәсілді   араб   жұртынан   таратып,   атасы Мұратқожа,   бабасы   Назар   ишан   –   барлығы   да   діни   лауазымды,   ақсүйектік, қожалық миссияны сақтап, қазақ ішінде діни ағартушылық жолда қызмет еткен. Жалпы қожалар Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифаларының ұрпағы екені тарихтан   мәлім.   Негізінен   олардың   миссиясы   аджам   (араб   емес)   елдерінде мұсылман дінін таратып, уағыздаушы болды. Қожалар қазақ арасында да халықтың діни   сауатын   ашып,   ілім­білімді   дамытып,   ислам   дінін   уағыздап,   елді мұсылмандандыруға үлкен үлес қосты.  Ал жалпы, ишандар және олардың қазақ даласындағы ықпалы туралы айтқанда, діни ілімдері назар аудартары сөзсіз. Олар мұсылман дінінің имандылық­тәрбиелік қасиеттеріне   үгіттеді.   Мешіт   салдырып,   медреселер   ашты.   Қазақ   даласында осындай қызметтерімен есте қалғаны белгілі. Ишандар туралы зерттеулерде, «олар суфизм   жетекшілері,   Түркістан   өңірінде   бұл   атау   «шеих,   пір,   ұстаз   (яғни оқытушылар)»   және   ізбасарлар   «мүрид»   мағынасында   қолданылған»   деген анықтама береді. Олардың геналогиялық шығу тегін қожадан, қасиетті әулиеден таратып   көрсетеді.   «Ишан»   парсы   тілінен   аударғанда   «олар»,   «олардың қайырымдылығы»,   «шапағаты»   деген   мағынаны   білдіреді.   Яғни,   бұл   оларға құрметпен, ізетпен айтылатын сөз. «Ишан» Орта Азия елдері терминінде «ишон», «эшон», «эшен» деп аталып, ол қасиетті және құрметті дін иелеріне берілген атақ болды.   Ишандар   қожа   тобынан   шыққан.   Арқадағы   ел   Қожахан   қожаны,   Алтай өңіріндегілер Керей ишанды, Шыңғыстау жұрты Әуез қожаны өздерінің піріміз деп атаған.   Демек,   араб   миссионерлері   немесе   Мұхаммед   (с.ғ.с.)   пайғамбар   және сахабалардың  ұрпақтары  әрбір  өңірлердегі  қазақ  руларымен  араласып, олардың «пірлеріне»   айналған.   Әрбір   қазақ   пірге   қол   беріп,   оларды   өздерінің   рухани көсемдері деп білгенін жазады. Мысалы, 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген Айқожа ишан Ауғанстандағы Ислам Шайхқа барып, оның қолында оқып, жоғары   білім   алады.   Айқожа   кейін   Жаңақорғанға   ишан   болып   оралады. Айқожаның бойында бір тылсым күштің бар екенін Ислам Шайх байқайды. Бір күні шәкірттерін сынау үшін арнайы шақырады. Басқалары бірден келіп үйге енеді де, Айқожа табалдырықтан аттамай есік алдында тұрып қалады. «Табалдырықтың астындағы қасиетті затты басып өте алмай тұрмын», ­ дейді. Сөйтсе, Ислам Шайх шәкірттерін сынау үшін табалдырық астына Құран кітабын жасырған екен дейді...  Жалпы,   Исабек   ишан   өз   заманының   діни   қайраткері   болса,   одан   тараған ұрпақтары да Алла Тағаланың ақ жолынан таймай, Ислам дінінің нұрын таратқан. Солардың   бірі   Исабек   Ишанның   шөбересі   Жандарбек   Қожа   ісін   жалғастырып, адамдарды   емдеп,   болашақты   болжаған.   Адамдар   ақылшы   көріп,   үлгі   тұтқан Жандарбек қожа Қожахметұлы жасынан қуғын­сүргін құрығына да іліккен. Қуғын құрығының әлегінен қазіргі Жамбыл облысы жағында теміржол салуға қатысқан. 1941­дің соғысына аттанады. Соғыстан кейін еңбек жолындағы табысы үшін 1956 жылы «Москвич­403» автокөлігі сыйға беріледі. Ауыл халқы ол кісіге қашанда құрметпен қарады. Діндар атамыздың бойында бар қасиетін сезгендер ем, шипа алуға жиі келетін­ді. Ата дүниеден өтер алдында Астана туралы жақында құбыла жақтан жаңа қала салынады деген екен. Ал Ақкөл­Жайылма даласы десе әулиелер жерленген жер деп оған баратын жол жоқ болса да, халық аяғы суымай сол жаққа қарай тағзым жасап бейіт басына барып жүрген. Қожалар әулеті жерленген «атам зиратын» жергілікті халық ұзақ жылдар бойы күтіп­сақтап келді. Зират басында шырақшы үйі де болды. Бұл жерге қайғы­қасіретінен, сырқатынан айығу үшін тәу етіп қона түнеп, ағылып келетін жұрт көп еді...  Халық   арасында   «аталардың   жатқан   жерін   кейінгі   ұрпақтары   біліп жүретіндей   құрметтей   алдық   па?..   Осы   жерге   мешіт,   кесене,   шырақшы   үйін тұрғыза алатын ел азаматтары қайда жүр? ­ деген сөздер осыдан 6­7 жылдар бұрын естіле   бастады.   Сөйтіп,   ел   болып,   ес   жинаған   имандылық   нұры   қайта   шуағын шашқан   кезде   далада   қалған   аталар   бейітінен­ұрпағы   мирас   ететіндей   кесене тұрғызу сауапты іс, қарыз бен парызға айналды. Исабек ишан, Жандарбек қожа басына күмбез көтеріп, кесене тұрғызу ­ бұл жергілікті халықтың қалауы, сұрауы мен ниет пейілінен туған ықыласты іс еді. Содан барып, Исабек ишан атындағы қайырымдылық   қоры   құрылды.   Қор   «Исабек   ишан»   атты   танымдық   кітап   та шығарып үлгерді. Бұдан бұрын Баянауылда халықтың тілегіне орай осындай бір қор құрылып, Мәшһүр Жүсіп кесенесі тұрғызылған еді. Бұл жолы да Исабек ишан, Жандарбек қожаға кесене салу бастамасын Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар   мемлекеттік   университетінің   ұжымы   бастамашы   ретінде   қолға   алды. Өңірдегі   рухани   дүниелерге   қолдау   көрсететін   «Қазақстан   электролиз   зауыты» және оның басшысы Алмас Ибрагимовтің жеке өзі Исабек ишан қорына барынша үлес қосты. Ауру балаларға, жетім­жесірлер мен мүгедектерге, қажылық парыз өтеушілер мен кесенелер салуға көптеп қолдау беріп келген Алмас Ибрагимовке зауыттың   вице­президенттері   де   қолдау   танытып,   қорға   700   мың   теңге   қаржы бөлді.   Барлық   жұмысшылар   сауап   үшін   бір   күндік   жалақыларын   Исабек   Ишан қорына аударды. Ислам дінін тарату жолында Баянауыл­Қарқара өңіріне есімі мәшһүр болған Исабек Ишан хазіреттің 220 жылдығына арналған «Ізгіліктің жарқын жолы» атты шара өтті. 4. Ақкөлдің бойындағы ақ кесенелер Екібастұз қаласы мен Ақтоғай аудандарының аумағында жатқан бұл ауылды жергілікті жұрт әулиелі Ақкөл­Жайылма, Шідерті даласы деп атайды. Ауыл, ел іші «атам   зираты»   деп   атап   кеткен   осы   жерде   тұрғызылған   Исабек   ишан   мен Жандарбек   қожа   кесенелерін,   осы   бір   рухани   жобаға   ел   ағалары,   басқа   да азаматтар, ауыл халқы бар бәрі де жан­жақты қолдау көрсеткен. Жергілікті халық Ақкөл­Жайылма маңындағы Қылдыкөл шатқалында Кереку өңірінде  Ислам  дінін  уағыздаушылар  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сахабаларының ұрпақтары   Исабек   ишан,   Жандарбек   қожа   және   басқа   да   туған­туысқандары жерленген деп қызыл заманға қарамай­ақ қадірлеп келді.  Ақкөлдегі төбесі екі жаққа қарай ойыс келген, қақпасы тақтайлардан жасалған кәдімгі үй сияқты салынған бұл зираттарды «қасиетті бейіт» санаған. Дұға оқып, садақа қалдырмай, қасынан ешкім де өтіп кетпейтін еді, ­ деп еске алады ауыл қарттары.  2011 жылдың жазында Ертістің Кереку өңірінде сымбатты сағаналардың қатары тағы біреумен толықты. Ол – Әулиелі Ақкөл­Жайылма мекенінде өмір сүріп, ХІХ ғасырдың   ортасында   ел   аузында   аты   аңызға   айналған   Исабек   Ишан   хазіреттің кесенесі.  Үш күмбезді кесенеде Исабек Ишанның өзі және оның жалғыз ұлы Нұрмұхамед пен бауыры Мұхаммед Нияз жерленген. Қасында бір күмбезді кесене бар. Ол ­ Исабек Ишанның ұрпағы Жандарбек қожаның бейітінің орнына тұрғызылыпты. Ақ тастардан   қаланған   екі   кесененің   бірінің   биіктігі   9,   екіншісі   7   метрге   жетеді. Мәрмәрдай ақ тастар 362 әулиесі бар Маңғыстау даласынан жеткізілген көрінеді. Сөйтіп,   өткен   жылдың   күзінде   зираттар   орнына   келіп   тәу   етуші   халық   үшін шырақшы үйі салынды. Үйдің аумағы 180 шаршы метр, мұнда тәу етушілер үшін жайлы   төрт   бөлме   бар.   Ел   аузында   «атам   зираты»   аталған   көне   қорым   қайта жаңғырды.   Бір   сөзбен   айтқанда   айналасы   көріктендіріліп,   рухани­тарихи   ақ кесенелер кешені­мәдени ескерткіш, мәдени мұраға айналды. Екі кесененің арасын қима тас төселген жол жалғайды. Оның қос қапталына қасиетті хадистер сөзі мен ғұлама   Мәшһүр   Жүсіп   жоқтауынан   алынған   шумақтар   жазылған   тақта   тастар орнатылған. Қос кесене жанынан мешіт салынып, бүкіл кешенге жарық беретін жел мен   күн   көзінен   қуат   алатын   станция   қойылды.   Кең   далада   жарқырап   көрініп тұрған бұл ақ мешіт сонау бір кезеңдерде Исабек Ишанның өзі салған мешітінің орнына қайта тұрғызылыпты. Бұл мешіт әулиелердің кесенелерінен бөлшектеліп қалған  ақ  тастар  қалдықтарынан  салынды.  Шойыннан  жасалған  шарбақ  қоршау «Қазақстан   Алюминийі»   АҚ­ның   құю­механикалық   цехында   жасалыпты.   Ақ кесенелер кешені айналасы үш­төрт айдың ішінде бой көтерді. Кешен құрылысына 40 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Құрылыс жұмыстарына электролиз зауытының жұмысшылары, ауыл тұрғындары, демалыс кезінде жүрген студенттер те   қатысты.   Құрылыстың   аяқталар   кезінде,   Құрбан   айтта   Меккеден   63   литр қасиетті   су   әкелінді.   Мұсылмандарда   63   саны   бейнелі   ­   Мұхаммед   (с.ғ.с.) Пайғамбардың   жасы.   Зәмзәм   суды   мұсылман   әлемінің   орталығынан   төрт самолеттік рейспен ақ кесенелер кешені құрылысы демеушілерінің бірі Тасболат Әбуқожа   жеткізді.   Бұрындары   жергілікті   халық   ем,   шипа   деп   осы   жердің бұлағынан аққан суды ішкен көрінеді, сондықтан, сол құдық қайта қазылып, зәмзәм суы құйылады. Ауылдан алыс жүрген құрылысшылар су іздей бастаған кезде елді мекен қарттары құдық қазар жерді көрсетеді. «Атам басы» аталып кеткен қорымда халық арасында Солтан қожа аталған, Исабек   ишанның   немересі   Мұхамедсолтан   Нұрмұханбетұлының   да   зираты   бар. Әйгілі   Исабек   ишанның   немересі   Мұхамедсолтан   Нұрмұханбетұлы   1896   жылы өмірге   келген.   Ел   іші   оны   Солтан   қожа   деп   атап   кеткен.   Солтан   қожа   Ақкөл Жайылма өңіріндегі Басқамыс ауылында тұрды. Жас күнінде Уфа қаласында діни білім алған. Кеңес өкіметі орныққан соң, шаруашылық жұмыстарына  қатысқан. Дінге   тыйым   салынған   сол   заманда   ол   мұсылмандық   парызына   адал   болып, қожалық   құрған.   Әулие   аталарының   қасиеті   бойына   дарыған   Солтан   қожа төңірегіне   имандылық   нұрын   шашып,   ел   арасында   ақыл­парасаты,   әділдігі, көріпкелдігімен танылды. Аузы дуалы қожа телі мен тентекті жөнге салып, шырқы бұзылған отбасын түзеп, бітімгер бола білді. Тірісінде кісілігіне көлеңке түсірмей, елді аузына қарата білген қожа ата 1962 жылы дүниеден өтерінде Исабек ишан шөбересі   Жандарбек   қожаға   жолын   беріп,   таяғын   ұстатқан   екен.   Кесененің құрылысы Рамазан айында аяқталған. Бұл игі іске Ақтоғай ауданы мен Екібастұз қаласының жомарт жандары атсалысқан. «Биіктігі 8  метр  Солтан  қожа  кесенесі  алыстан менмұндалап  тұрады. Кірпішін қалау   кезінде   Бұхарада   ХІІ   ғасырда   самонидтердің   кесене   тұрғызу   әдістері қолданылды. Күмбезінде тұмар үлгісіндегі үш бұрышты жеті терезе бар. Қабірді қаптау   үлгісі   де   Бұхара   мен   Самарқандта   кездеседі.   Кесененің   үш   жақ қабырғасында   және   кірер   есік   үстінде   «Алла»   сөзі   бедерленіп   жазылған. Биіктігінің 8 метр болуында өзіндік мән бар. Өйткені, Ақкөл­Жайылма жеріндегі Исабек ишан кесенесінің биіктігі – 9 метр, ал Жандарбек қожа кесенесінің биіктігі –   7   метр.   Солтан   қожа   дүниеден   өтерінде   өзінің   діни­рухани   ізбасары   ретінде Жандарбек   қожаға   батасын   беріп,   таяғын   ұстатып   кеткен»,   ­   дейді   Зекен Құсайынов. Осынау сауапты әрі игілікті істің басы­қасында бастамашы топ ретінде арнайы қор   құрып,   халықтың   басын   қосып   Ерлан   Арын,   Әбілқақ   Түгелбаев,   Серікбай Бояубаев, Абызбай Адамов, Зекен Құсайынов, Мұхит Омаров сияқты басқа да ел азаматтары жүрді. Ауыл халқы дән риза. Сонымен бірге, әулиелі Ақкөл­Жайылма, Ақтоғай   ауылдарының   халқы   да   кесененің   бой   көтеруіне   қаражат   жинап, қайырымдылық қорына үлестерін қосты.

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»

«Аулие Аккөл жеріндегі аталар кесенелері»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2017