Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Ауылдағы адам еңбегі.
Мақсаты: Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыруды жалғастыру, ауыл еңбегі туралы түсініктерін бекіту, ауылдағы басты еңбек түрлерін ажырату.
Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту.
Ауылдағы адам еңбегін құрметтеуге баулу, барлық мамандық маңызды және құрметті екенін саналарына жеткізу.
Алдын- ала жұмыс:сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
Д/құрал:тақырыпқа байланысты суреттер
ҰОҚ кезеңі |
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
І кезең-мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызамын. Балаларға карточкалар таратылып беріледі. «Ортақ атауын тап!»ойыны.
|
Әр бала карточкадағы сурет бойынша жалпы атауын табады: -Шаңышқы,пышақ,қасық-бұл (ас үй құралдары) -Жаңбыр,қар,аяз,-бұл (табиғат құбылыстары) -қол,аяқ,бас-бұл (дене мүшелері) -төсек,кресло,үстел-бұл (үй жиһаздары) |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік |
Балаларға мақал айтамын: Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей.
-Мақалдың мағынасы қандай?
-Бүздің бүгінігі әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ. -Ауылда қандай еңбек түрлері бар?
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. 1.Егістік даласындағы жұмыс:егіншінің көктем,жаз,күз және қыс мезгіліндегі еңбегі әңгімеленеді.
2.Қойшы бейнеленген сурет бойынша шопанның еңбегі ,келтірер пайдасы, маңызы түсіндіріледі. 3.Осылайша мақташының еңбегі туралы түсінік беріледі. «Бұрын не болды?»ойыны. Үстелге печенье,құрт,алма,көйлек суретін қоямын.
«Сауыншылар» ойыны. Шарты:балалар екі қатарға тұрады.Топ капитаны сайланады.Белгі берілісмен, жерде тұрған кішкентай екі шелекті екі капитан өз тобындағы бірінші тұрған балаға жеткізу керек.Ол бала келесі балаға береді.Солай ең соңғы бала жүгіріп барып шелекті орнына қоюы керек.Қай команданың баласы бірінші қояды,сол команда жеңіске жетеді. Ойынды күрделендіру үшін шелекке сүт не су құюға болады.Ол кезде ұқыптылық үшін ұпай беріледі.
Сергіту сәті: Тышқан шығып інінен Жеміздейді түнімен Қарны ашқаның ол қалай Жеткізеді үнімен? Күзетші күшік саққұлақ Үй күзетіп шапқылап. Дыбыс шықса қаттырақ Қалай,қалай үреді? |
Балалар мақалды тыңдап, мағынасын ашады.
-Еңбек еткен адамның ырысы мол болады.Яғни еңбек еткеннің арқасында тамағы тоқ болып жүреді.
-Егіншілік,бау-бақша т.б. егінші,малшы,бақташы,бағ-бан еңбекпен айналысатын адамдар туралы білетіндерін айтады. -Ұқсастықтары-барлық адамдар таңертең жұмысқа барады,кешке үйлеріне қайтады. -Айырмашылықтары ауылдағы адам еңбегің ауылшаруалықтармен байланысты,ал қаладағы адама еңбегі өндіріспен байланысты.
Сурет бойынша өздері білетін мәліметтерді ортаға салады,мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.
Балалар үстелге қойған суреттерді кері байланыс арқылы табуы керек. -Печенье-ұн-бидай-дәні-өсіп тұрған бидай-тұқым. -Құрт-қатық,айран-сүт. -Алма-гүл-ағаш-дән. Көйлек-мата-жіп-мақта-тұқым.
Ойын шарты бойынша тапсырманы орындайды. Балалар әрбір шумақты айтқан сайын дауыс ырғағын азайтады және өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды,тышқан шиқ-шиқ мен күшіктің әуп-әуп дауыстарын салады.
|
ІІІ кезең- рефлексивті түзету
|
Сұрақ-жауап әдәсә арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
|
Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: ауыл еңбегі мен қала еңбегі арасындағы айырмашылықты анықтайды.
Түсінеді:жыл мезгілдеріне сәйкес еңбек түрлерін
Қолданады: ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.