Автоколик жолдың саулеті
Оценка 5

Автоколик жолдың саулеті

Оценка 5
Лекции
docx
технология
Взрослым
25.04.2019
Автоколик жолдың саулеті
Дөңгелек резинасының жол бетімен ұстасу сапасы ең алдымен материалдың түріне және оның кедір-бұдырлығына және жолдың геометриялық көрсеткішіне байланысты. Алайда жолдың кедір-бүдырлығы жол қозғалысының дыбысы мен автомобильдің тербелу дәрежесін арттырады. Осы себепті жолдың кедір-бұдырлығын есептегенде, оның жетік дәрежесінде болуын қамтамасыз ету қажет.
Документ Microsoft Word.docx
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ Пәні: Автокөліктік жолдың сәулеті /факультативтік  сабақ/                                                      Құрастырушы: Сарина Айдана Әбдірахманқызы Жезқазған қаласы № 1 2 3 4 5 6 7 8 Автомобиль жолдарында көліктерді қолдану жағдайында қойылатын басты талап Мазмұны Жол қызметі бөлімдерінің негізгі мақсаты, құрылымы және міндеттері Ауа райы­климаттық және температуралықфакторлардың автомобиль жолдарының  көліктік­пайдалану сапасына әсері Жолдың қозғалыспен жүктелу деңгейі Жол қызметі бөлімдерінің негізгі мақсаты,құрылымы және міндеттері Автомобиль мен жолдың бір­біріне әсері Жасанды ғимараттарды пайдалану және жөндеу қызметі Жол қызметкерлерін механикаландырылған құралдармен жабдықтау Автомобиль жолдарында көліктерді қолдану жағдайында қойылатын басты талап      Автомобиль жолдарының көліктерді қолдану жағдайының басты көрсеткіштеріне жататындар: жылдамдықты қамтамасыз ету, өткізу қабілеті, қозғалыс деңгейімен қамту, үздіксіз,   қозғалыс   қауіпсіздігі,   жол   санатына   сәйкес   өстік   жүк   салмағына   қарай   өткізу қабілеті.    мыналар:  Жолдың көлік тұтыну көрсеткішінің басты параметрі мен сипаттамасын белгілейтін ­ геометриялық параметрі: өту бөлігінің ені мен шеткі жиегінің икемділігі, түгелімен және жол жағасының берік бекітілуі, бойлық еңістігі, жоспардағы қисықтың радиусы және профилі, көріністің арақашықтығы; ­ Өту бөлігі мен жол жағасының жағдайы және икемділігі; ­ Өту бөлігі және жол жағасының, жабынының тұтастығы мен тегістігі; ­ Жер қыртысының жағдайы; ­ Су кетіру жағдайы және олардың жұмысқа қабілеттілігі; ­ Көпірлердің,  жол   өткелдер   мен  жасанды   ғимараттардың  аумағы,   салмақ   көтеруі және жағдайы; ­ Инженерлік жабдықтар элементінің жағдайы және жлодың керек жарақтары.     Автомобиль   қозғалысының   жылдамдығы   тұтыну   коэффициентімен,   есептеулі жылдамдықты   қамтамасыз   етумен   бағаланады   Ке.ж.,   бұл   нақты   ең   жоғары   жылдамдық қозғалысының  пайдаланудағы  жол  учаскелерінің  әрқайсысының  Vфmax  K,  осы  санатты жолдың есептеулі жылдамдығы мен жергілікті жердің рельефіне байланысты Vр, ҚНжЕ 2.05.02­85 сәйкес қабылданған    Техникалық деңгеймен, пайдалану жағдайымен және қозғалысты ұйымдастырумен автомобиль жолдары жеке автомобильдердің қолайлы ауа райы жағдайында максималды жылдамдықпен қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігін (Ке.ж.≥1) есептік мәніне жақын қамтамасыз етуі   қажетжәне   қолданудағы   жолға   санатына   сәйкес   арнайы   техникалық   құжаттармен бекітілген болуы тиіс.      Қолайсыз   ауа   райы   жағдайларында   максималды   жылдамдықтың   есептік жылдамдықтан   төмендетілуі   мүмкін,   бірақ   келтірілген   1.2­кестедегі   мәндерден   төмен болмауы тиіс. Жол санаттарына сәйкес шектеулі максимальды қозғалыс жылдамдықтарының мәндері, км ІБ Ш ІІ ІV V ІА Ауа­райы жағдайы және рельефі   ауа­райы жолдың 1.Қолайлы жағдайында   негізгі ұзындығы Қиын бөліктерде, қиылыстарда Таулы аймақтардағы қиын бөліктерде 120­150 100­120 100­120 100 100­120 90­100 90­100 75­80 60 60 80 50 80 60 40 60 40 30 1.Қолайсыз   ауа   райы жағдайында   жолдың негізгі ұзындығы Қиын бөліктерде, қиылыстарда Таулы аймақтардағы қиын бөліктерде 90­100 80­90 80­90 80­90 70­75 70­75 75 60 50 40 80 50­40 60 45 30 45 30 20 Ескерту:  1.   Жылдамдықтардың   шектеулі   мәндерінің   қойылуы   максималды жылдамдықтың     төмендеуі   жағдайында   есепті   жылдамдықтан   25%   төмен емесболуы керек. Қатты жаңбырлы ауа райында, тұманда, шаңды боранда, дауылда, ойлы­қырлы жерлерде, мұздақта, қарлы боранда және қалың қар түскенде 50%­дан кем болмауы керек.     2. 0,5 км аспайтын қашықтықта вертикалды белгілер айырмасы 50 м­ден асса және терең жыралар, жарлауыттар, күрт еңістер болса, ойлы­қырлы жерлердегі қиын   бөліктерге   жататын   рельеф.   Таулы   аймақтардағы   қиын   бөліктерге   тау жотасынан асу кезеңдерін, тау шатқалдарынан өтудегі ирелең, шыңырау, қауіпті жер бөліктерін жатқызамыз.      (Ке.ж.  ≥0,75 жылдың көктемгі­күзгі, қысқы кезеңдерінде, кей жағдайларда Ке.ж. ≥0,5)     Ке.ж. мәні 0,5­тен 0,75­ке дейінгі жол бөліктері қолайсыз ауа райы жағдайларында қатаң қадағалауды және жақсарта түсуді, ал Ке.ж.<0,5 дейіні жол бөліктері бірінші кезекте қайта   құруды   талап   етеді.   Жолдың   қозғалыспен   жүктелу   деңгейі   (Z)   нақты қарқындылықтың, жеңіл автомобильге келтірілген (N авт/сағ) өткізу қабілетіне (Р авт/сағ) қатынасымен анықталады. Жол бөліктерінің сипаттамасы Әуежайларға, теміржол станцияларына теңіз және өзен  Айлықтары мен кеме жайларына кірме жолдар (ІА,ІВ, және ІІ санатты жолдар) Қаладан   тыс   автомобиль   магистарльдар   (ІА   санатты жолдар)    Қалаға   кіретін   жолдар,   үлкен   қалалардан   айналма және шеңбер  Z мәні 0,5 0,6 0,65 0,7                              Жолдың қозғалыспен жүктелу деңгейі      Жолдардағы және жол бөліктерінің өткізу қабілетін және қозғалыстың жүктелу деңгейін тексеру фактісі қарқындылығы 4 мың авт/тәулік артық жол жағдайларындағы қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай жазғы мезгілдегі, көктемгі­күзгі және қысқы кезеңдеріне сәйкес анықталады. Жолдағы қозғалыстың қауіпсіздік жағдайына оқиға коэффициентімен (И), апаттық     коэффициентімен   (Ка)   (жазық   және   төбелі   мекендегі   жол   бөліктері   үшін)   және коэффициенттер айырмасымен (Ка) ( тауылы мекендегі көршілес жол бөліктерде, егер жол асулық өтумен құрылған болса және еңістер 50%­дан көп, алрадиус 300м­ден кем) және қауіпсіздік   коэффициенттерімен   Кқ   бағалайды.   Аппаттық   және   қауіпсіздік коэффициенттерін жылдың жаз, күз, көктем және қыс мезгілдері үшін бөлек анықтайды.      Геометриялық параметрлер ( бойлай және көлденең профильдер, үйіндіінң биіктігі, қисықтар радиустары, жүру бөлігінің және жол жағасының ені, қисықтар радиустары, жүру бөлігінің   және   жол   жағасының   ені,   жасанды   құрылыс   нысандарының   габариттері)   осы жолдың   санатына   (жол   бөліктеріне)   арналған   нормаларға   сәйкес   болуы   керек.   Нақты өлшемдердің ауытқуы арнаулы нормативтік құжаттардың талаптарынан аспауы керек.     Жабын   енінің   жобалық   өлшемдерден   ауытқуы   мына   мәндерден   аспауы   керек: цементті бетон жабындары үшін 5 см, асфальтбетонды және басқа да жабын түрлері үшін 10см.      Жүргінші   бөлігінің,   шеткі   нығайтылған   жолақтардың   және   нығайтылған   жол жақтауларының   жабын   жиектері   жоспарда   тегіс   болуы,   дұрыс   және   нақты   сынбаған, деформацияланбаған болуы қажет.   Цементбетонды   жабыны   бар   жол   киімдері   үшін   беріктілік   көрсеткіші   ретінде    жабынды   ию   кезіндегі   созу   күшінің   шамасын   қодануға   рұқсат   етілген.   Бұл   жағдайда беріктілік шарты қарқындылық пен қозғалыс құрамын ескере отырып, қатты жол киімдерін жобалау нұсқауына сәйкес анықтайды.     І­ІІІ санатты жолдардағы жол киімдері есептелген уақытта өстік ауыртпалығы 10 тс (100кН) болатын автомобильді кедергісіз өткізуді қамтамасыз ететін беріктікке ие болуы керек, IV және V санатты қатты жабыны бар жолдарда 6тс (60кН) дейін.     ауыртпалығына жеткізілуі тиіс.     IV және V санатты жолдарды жөндеу кезінде жол киімдерінің беріктігі 10тс (100кН) Жол қызметі бөлімдерінің негізгі мақсаты, құрылымы және міндеттері Жол қызметінің мақсатына сәйкес оның бөлімдеріне мынадай мінддер жүктеледі:   Көлік   жолдарын   жарамды   түрінде   ұстау,   қолдануға   арналған   қорды   тиімді   Жолдарды   сәулетті   келбеттеу,   жабдықтау,   жөндеу   және   тиімді   қолдану     Техникалық есеп жән автомобиль жолдары мен жол құрылымдарын төлқұжаттау, қозғалыс есебі, көпірлер мен жол жағдайының автоматтандырылған түріндегі жинағы дамыту және өркендету.     Техникалық деңгейді көтеру, жолдың және жол құрылымдарының тұтыну жағдайын, жаяу   жүргіншілер   мен   көлік   қозғалысының   қауіпсіздігінің   болашақтағы   және   жылдық жоспарын жасап, іске енгізу.    жұмыстарын ұйымдастыру.    пайдалануды қамтамасыз ету.     Үзіліс пен қозғалысты реттеу, маусым кезіндегі жасанды құрылымдар мен жолдың бұзылуы мен қалпы өзгеруі, қауіпті апаттардың салдарынан болған жайттарды жою жөнінде алдын ала қажетті әрекет жасау.     қолдану, тас жол және автомобиль көлік департаменттері жол қызметіне басшылық етеді.     Жаппай   қолдану   жолдарында   төменгі   сатыдағы   өндіріс­шаруашылық   жол қызметінің   бөлігіне   жататындар:   Жол   құрылысы   жөндеу   бөлімі   және   басқармасы,   жол тұтыну бөлімі, автомобиль жолдарының басқармасы, автомобиль жолдарын желілік тұтыну басқармасы,   құрылыс   жөндеу   басқармасы,   өндірістік   жол   бөлімшелер,   жол   тұтыну құрылыс бөлімшелері, аудандық жол тұтыну құрылыс бөлімшелері, жол бөлімшелері.   ұйымдары атқаруы мүмкін.     бекітіледі.     ерекшелігіне және жол жабыны түріне, жол сызбаларына т.б. байланысты белгіленеді. Автомобиль   жолдарының   комитеті,   автомобиль   жолдарының   құрылыс   және    Кейбір жағдайларда автомобиль жолдарын жөндеуді мердігерлік жол құрылысы Автомобиль жолдары жол ұйымдарына желілік және аумақтық принцип бойынша Жол   ұйымының   күтіміндегі   жол   бөлігінің   ұзақтығы   жол   санатына,   климаттық Жол ұйымының құрамына кіретіндер: өзінше мекеме саналатын шеберхана учаскесі, көлік бөлімшесі, жөндеу шеберханасы, зертханалар, асфальтбетон зауыты және басқа да өндіріс бірлестігі.      Жөндеу бойынша ірі және күрделі жұмыстарды өңдеуге арналған механизация құралдарының құрамы жұмысты ұйымдастыру жобасына негізделіп анықталған жөн.     Жолдарды жөндеу және жабдықтау жұмыстарын орындайтын бөлімшелерді жабдықтау кезіндегі   механикалық   құралдардың   жалпы   саны   және   машина   құрамының   байланысуы номенклатура негізінде жұмыс өндірісінің нақты шарттарын ескере отырып анықталады. Ауа райы­климаттық және температуралық факторлардың автомобиль жолдарының көліктік­пайдалану сапасына әсері      Көліктік құралдар жолға ауа райы­климаттық жағдайларға тәуелді факторлармен қатар әсер етеді(температура, ылғал, күн радиациясы және т.б.). Су­жылу режимінің заңды өзгеруі   жыл   бойы   тәуліктік   ауа   райы   әсерімен   толықтырылады.   Жылдық   циклде   жол киімінің жұмыс істеуінің маңызды төрт мерзімін бөліп айтуға болады: ­ Күзгі ылғалдың жиналуы; ­ Қыстың   күні   жиналған   ылғалдардың   таралуы   және   қатуы;көктемде   еруі,   қайта ылғалдануы; ­ Жазда кебуі.       Күзде   жол   конструкциясына   кіретін   атмосфералық   жауын­шашын   суларының тасқыны әсерінен жол киімдері қабаттарының және жер топырағынаң қайта ылғалдануына алып   келеді.   Жол   киімдерінің   суға   толған   қабаттарында   автомобильдің   өтуі   кезінде гидравликалық   соққылар   және   судың   динамикалық   қозғалуы   пайда   болады.   Осы   кезде минералды   материалдарда   көбінесе   минералды   және   тоқыма   бөліктердің   арасындағы фазалардың   бөліну   шекарасында   адгезия   бұзылады.   Минералды   тоқушылармен қатайтылған   қабаттарда   суерігіш   компоненттердің   шайылуы   және   олардың   қайта тығыздалуы мүмкін.     Қыста   топырақ   төсемінің   қату   үрдісінде   ылғалдардың   қату   бағытына   жиналуы байқалады.   Осы   кезде   топырақтың   қайта   тығыздалуы   пайда   болады.   Жол   киімінің байланысқан   қабаттарында   судың   қатуы   және   топырақ   қатып   тұрғандықтан,   олардың беріктік сипаттамалары өте жоғары.   Көктемде   жердегі   қарлардың   еруі   кезінде   топырақ   өте   ылғалданады   және    тығыздалуы   кемиді.   Еріген   топырақтың   ылғалдылығы   неғұрлым   жоғары   болған   сайын, оның   деформациялық   және   беріктік   сипаттамалары   соғұрлым   төмен.   Сонымен   қатар, температураның  тәуліктік  тербелуі  судың  түнде қатып,  күндіз   еруіне  алып  келеді,  бұл байланысқан материалдардың құрылымын бұзады.      Жазда жер кеуіп, топырақтың ылғалдылығы азаяды. Жол киімі жақсы тіреуге ие, алайда   жоғары   температуралар   кезінде   органикалық   тоқушылардың   жұмсаруы   және жабында сорап пайда болуы мүмкін. Автомобиль мен жолдың бір­біріне әсері Автомобильдің жол бойымен қозғалу кезінде оның кеңістік бойынша алға басқан және айналдырылған қозғалысы жүзеге асады. Осы кезде жол жабынының деформациясына алып   келетін   тік   күштер   және   үйкеліс   әрекеттері,   олар   жол   жабынының   жоғары қабаттарының жылжуына алып келеді. Бұл күштер автомобильдің тез жүру немесе тежелеу кезінде   доңғалақ   шиналарының   жабынмен   беттесіп   байланысуы   кезінде   айтарлықтай білінеді.     Автомобильдің   қозғалысы   жоспардағы   қисықтарға   жақындағанда   және   әсіресе қисықтардың өзінде өте қиындайды, себебі оның шектерінде автомобиль тік өсі бойымен айналмалы қозғалыс жасайды. Автомобильге   және   жол   киіміне   кері   әсер   ететін   үлкен   тік   күштердің   пайда     болғанын ескерту және алдын алу үшін тік дөңес қисықтарды мүмкіндігінше үлкен радиус етіп жобалайды.      Егер   жүргізушінің   жолдың   бағытын   бағалауда   қиыншылықтар   болмаса,   ол автомобильдің жүру бөлігіндегі қозғалу таректориясын және жылдамдық режимін дұрыс таңдайды. Жүргізуші тарапынан кеткен қателіктер, әсіресе тар жүру бөлігінде, автомобиль жол жиегінен шығып кетуі, жүру бөлігінің жиектерін, жақтауларды және жол жабынының өзін де қиратуға алып келеді.   Жол   жабынының   бетінде   сулы   қабыршақтың   болуы   доңғалақтың   жолмен әрекеттестігін   одан   әрі   қиындатады.   Доңғалақ   шинасының   жол   жабынымен   ілінісуі нашарлайды,   ал   жоғары   жылдамдықтар   кезінде   (80   км/сағ   жоғары)   акважоспарлау құбылысы   пайда   болады,   ол   автомобильдің   алдыңғы   доңғалақтары   мен   жабынының арасында   сулы   сынаның   пайда   болуын   білдіреді;   осы   кезде   автомобильдің   алдыңғы доңғалақтары көтеріледі және автомобильді басқаруын жоғалтады.   Жасанды ғимараттарды пайдалану және жөндеу қызметі Жасанды ғимараттарды (көпірлер, тоннельдер, паром өткелдері) жөндеу қызметі және   пайдалану   құрылымы,   жол   ұйымдарының   құрамында   құрастырылып, мамандандырылған бөлімше ретінде саны, ұзақтығы, жасанды ғимараттарының құрамы мен техникалық жағдайы есептеледі.     Жасанды   ғимараттарды   жөндеу   және   пайдалану   қызметі   мамандандырылған ұйымнан, бөлімше шеберханасынан, жөндеу бригадаларынан, мамандандырылған бригада және звенодан тұрады.      Жасанды ғимараттарды жөндеу және пайдалану мақсатында мамандандырылған бригада   құрылады,   ал   олардың   орындалатын   жұмыстарының   көлемі   жасанды ғимараттарының ұзынды мен құрылымының және де техникалық жағдайы мен табиғаттың ауа райы факторларына байланысты анықталады.    Қолданыстағы кез келген жол жабындары жоғары немесе қарқындылықтағы автомобиль қозғалысының әсерінен біртіндеп сапасын жоғалтады, құрылған кездегі тегістігі кетіп, тоза бастайды.      Жол  киімін  жобалау  кезінде  әр қабаттың  қалындығын  таңдау  барысында  жергілікті материалдар, мүмкіндік болатын жүктеме, әсер ететін табиғи­климаттық жағдайлар есепке алынады.Барлық   есепке   орташа   жағдайлар   бойынша   жасалынады,   сондықтанда   ол әсерлердің ауытқуы нәтижесінде жол киімінің беріктігі жоғалып, деформациялануға және бұзылуға   әкеліп   соғады.   Бұзылу   атқарылған   жұмыс   сапасының   төмендігінен   де   болуы мүмкін   және   гидрогеологиялық   жағдайларды   жеткіліксі,   яғни   қате   есепке   алғандықтан немесе төмен сапалы материалдарда қолданудан болады.    Жол киімінің деформацияға ұшырауы және бұзылуының негізгі түрлері: ­ Деформация және бұзылу, жиналған көлшік сулар әсерінен көктемгі кезеңде еріген ылғалды   ағызып   әкетуді   дұрыс   ұйымдастырмағандықтан   орын   алады.   Мұндай бұзылулардың себептері­есептемеу және қолданылған материалдардың біркелкі еместігі, сапасының төмендігі, жер төсемдерін нығыздаудың жеткіліксіз болғандығы; ­ Жол   киімінің   беріктігін   жоғалтуы   автомобиль   доңғалақтарының   тоқтаусыз   әсері және табиғи­климаттық факторлар әсерінен болады. Беріктіктің жоғалтуына жол киімін жобалау,   құру,   пайдалану   кезіндегіжіберілген   қателіктер   және   де   температуралық деформация есер етеді; ­ Жол киімінің ойылуы, ойынды түрінде жеткіліксіз нығыздалған топырақтың шөгуі нәтижесінде пайда болады. Әсіресе мұндай деформация түрлері көпірге кіре берісте, жол астынан   су   өткізгіш   құбырлар   қойылған   жерде   және   құбыр   жол   өткен   тұстарда   пайда болады; ­ Сызаттанып жарылу, әдетте цементбетон жабындарда, астындағы жер төсемдерінің шөгу   нәтижесінде   пайда   болады   және   де   дер   кезінде   жол   киімін   жөндеуден   өткізбеу нәтижесінде де пайда болады; ­ Сыну­ жол киімінің ұзына бойы ойылып, доңғалақтар жолағы бойынша бұзылуы.    Жол жабынының бұзылуының негізгі түрлері: ­ Тозу­ пайдалану барысындағы доңғалақтар әсерінен, табиғи­климаттық факторлар әсерінен, материалдарының кемуінен жол жабыны қалыңдығының жұқаруы. ­ Көшу­ жол жабынның үсті ашылу, яғни су жәен аяздың әсерінен жабынның жоғарғы жылтыр жұқа қабығы бұзылуынан басталады. ­ Ыдырау­ жол жабынының ыдырай бұзылуы, оның құрамдас бөліктері шағыл тас, қиыршықтастар бір­бірімен бөлініп ажырағаннан болады. ­ Қырларының   үгітіле   сынуы­   жол   жабындарының   мұндай   бұзылуы   ауыр автомобильдердің жол шетімен жүргеннен пайда болады. Өту бөлігі қырларының үгітіле сынуы жол­көліктік апаттарға себеп болуы мүмкін; ­ Бұжырлану­   шағыл   тас   және   қиыршық   тасты   жол   ауыр   автомобильдер   әсерінен бұзылуы. Жол жабынның жиі ойылуы және қыртыстануынан бұржалану қалыптасады; ­ Жылжу­ автомобиль доңғалағының сыдырма әсерінен болатын деформация. Жол жабынының жоғарғы қабаты мен төменгі қабаты арасында байланыс жоғалған жағдайда жылжу пайда болады; ­ Ойықтар­жұмсарған   жол   жабындарынан   ыстық   кезде   шынжыр   табанды   көліктер немесе ауыр автомобильдер өткенде пайда болады; ­ Жарықтар­ әдетте бұл деформация түрі күрт температуралық өзгерістерден пайда болады. Жол жабынының жарықтармен торлануы негіздің және жабынның беріктік қасиеті кемуінен қалыптасады; ­ Жолакқтың бойлай ойылуы­шағыл тас пен қиыршық тасты жол жабындарында ауыр автомобильдердің бір жолақпен жүре бергеннен, доңғалақ жүрген тұстар ойылып, орта тұстары көтеріліп қалыптасқан деформация түрі. ­ Ойықтар­ жол жабынының материалдары бұзылуы нәтижесінде пайда болатын ойық шұңқырлар. ­ Бірігу   сызаты   қырларының   зақымдануы­   бірігу   сызаты   қырлары   жарықшақтана үгітілп немесе кертіліп сызаттанып 15­20 см­ге дейін бұзылуы.    Жол жабындарының тегістігін айқындайтын өлшемдердің берілуі 2.1­кестеде келтірілген. Автомобиль   жолдарын   салу,   реконструкциялау   және   жөндеу   кезiнде жобалау­сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.  2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау   жөнiндегi   шараларды   қолдану   қажет.   Жұмыс   жүргiзу   әдiстерiн   және механикаландыру   құралдарын   таңдау   кезiнде   тиiстi   санитарлық   нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi   жөн.   P0   Жолдарды   салу,   реконструкциялау   және   жөндеу   кезiнде   жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс. 3.   Жол   жұмысшыларының   және   жол   қозғалысына   қатысушылардың   қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.  4. Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк­геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.  5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттермен белгiленедi.Pо Автомобиль көлігі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:   жылжымалы тізбек, яғни автомобильдің барлық түрлері жол   қатынасы   шаруашылығы   немесе   барлық   құрылымдар,   ғимараттармен автомобиль жолдары. жылжымалы тізбекке қызмет көрсетуге материалды техникалық база. жол шаруашылығы материалдарының техникалық базасы   Жүйелік   алдау   тұрғысынан   бұл   элементтер   ортақ   автомобиль   жол   жүйесіне біріктіріледі. Бұл жүйе арқылы ортақ көзқарасқа біріктірілген өзара байланысқан, өзара әсер   ететін   материалдық   кеңістіктің   объектісін   танып   білеміз.   Бұл   үлкен   жүйе   жеке бөліктерге бөлініп, жүйеліктерді құрайды және осы жүйеліктердің өзін жеке жүйе есебінде қарауымыз керек. Автомобиль жолдары мен автомобильдің тізбекті қозғалысы автомобиль жол   жүйесінің   басты   элементін   құрайды,   ол   деген   ең   бастысы   өндірістік   процесс. Автомобильдің   жолмен   қозғалысы,   яғни   жеке   жүк   жоспарлы   тасымалы.   Бұл   процеске тікелей   адамдар,   автомобильдер,   жол   құрылыстары   және   табиғи   климаттық   жағдайлар әсерін   тигізетін   жол   қондырғылары   да   қатысады.   Мұндай   жиынтық   жүргізушу   (Ж), автомобиль  (А), жол  (Ж) , орта (О) кешеніне біріктіріледі. ЖА ЖО жүйесі жүйеге кіретін элементтердің бір­біріне әсерін көрсетеді. ЖА ЖО жүйесіне талдау жасағанда мынандай түсініктеме –анықтамаға сүйену қажет. 2.Жол   жағдайлары   –   бұл   жолдың   геометриялық   параметрімен   көлік   пайдалану қасиеттерінің   жиыны.   Олар   тікелей   жол   қозғалысымен   қатысты   және   олар   тұрақты, айнымалы параметрлер мен, факторларға бөлінеді. Тұрақты факторларға жолдың геометриялық параметрлері жатады. Олар падалану процесінде   өзгермейді.   (жолдың   радиустары,   қисық   сызығы,   жол   тегістігі).   Айнымалы факторларға   метееорологиялық   жағдайлардың   мезгілдік   өзгеруімен   жолдың   ілінісу қасиеті, қозғалыс бөлігі мен жол жағасының ендері. Қысқа мерзімді айнымалы факторларға –жол қозғалысына және жол жағдайларына қысқа уақыт ішінде әсер ететін факторлар жатады (қор, тұман, көк тайғақ). 2. Көлік ағыны – жол үстінде қозғалып бара жатқан әр автомобильдің жиынтығы. КА=∑(А+Ж). 1 Қоршаған ортаның жағдайы қазіргі уақыттағы метеорогиялық және табиғат жағдайларының жиыны. Бұған қоршаған ортаның барлығы кіреді. (жер рельефі, өсімдік, жануарлар әлемі  және ландшафт. 1 Қозғалыс   жағдайы­   қазіргі   уақыттың   реальды   жағдайы.   Оған   жататындар: жол жағдайлары, көлік ағыны және қоршаған ортаның жағдайы. Жол жағдайы­ ЖА ЖО жүйесінің нәтижесі. 1. ЖАЖО кешенімен ЖЖКА жүйесін жеке жүйе ретінде қарастыруа болады, яғни   көлік   ағыны   жағынан   жолды   пайданану   сұрансы   түрінде   қарастырамыз.   Оның қарқындылығымен қозғалыс құрамы мынаған тең N=f (KA) Оның табиғи климаттық  жағдайы қоршаған ортаның әсеріне тең: W=f (o) келтірілген шығындар (Е) тасымалдаудың өзіндік бағасы (С) автомобильдің өнімділігі (Ii) жылдамдығы (V) қозғалыс қауыпсіздігі (Қк) ЖАЖО мен ЖЖКА жүйесін басқарудың модулінің шығу мінездемелері:      2.1.   Жол   бетінің   жағдайы   мен   автомобильдің   қозғалыс   жағдайы.   Жол   бетінің тегістігі­   автокөлік   қозғалған   кездегі   жолдың   тегістігін   береді.   Жол   тегіссіздіктері­   әр түрлі формада және өлшемде болады. Олар автомобильдерге ік ұзына бойы және көлденең әсерін тигізеді. Ол әсерлер жүргізушіге беріледі. Автомобильдің ауытқу дәрежесіне қарай жол тегіссіздігін үш топқа бөлеміз: Макротегіссіздіктер Микротегіссіздіктер Кедір­бұдырлар 1. 2. 3. Макротегіссіздіктер­   жол бетінің макропрофилін құрып 100 метр кем болмайтын жол   толқындарынан   тұрады.   Олар   двигательдің   жұмысына,   қозғалыс   режиміне   әсер тигізеді. Бірақ автомобильдің тербелісіне әкеліп соқтырмайды.   Бұл жолдың ұзына бойы профилі болып табылады. Микротегіссіздіктер­   жол   бетінің   жол   бетінің   микропрофилін   құрып   толқын ұзындығы   10   метр­100   метр   аралығында   болатын   тегіссіздіктен   тұрады.   Олар автомобильдің аспасына біршама тербеліс әкеледі. Кедір­бұдырлы –   толқын   ұзындығы   3­5   сантиметр   тегіссіздіктер   жиыны.   Ол автомобильдің аспаға жиі тербелістерін болдыртпайды. Барлық негізгі тегіссіздіктер жол бетінің микропрофиліне жатады. Жол құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кездің өзінде­ақ тегіссіздіктер қалыптасады. Асфальт­бетон жолдары тегіссіздіктің биіктігі 20 мм­ге, ал тас жолдарда   50   мм­ге   жетуі   мүмкін.   Тегіс   емес   жолдарда   болатын   тербелістерден қалыптасқан және қалыптаспаған тербелістер туындайды. Қалыптаспаған тербелістер көп таралған   және   өлшемі   мен   түрі   әр   түрлі   болатын   дара   және   қайталанып   келетін тегіссіздіктерді басып өткенде пайда болады. Қалыптасқан тербелістер үнемі қайталанып отыратын тегіссіздіктерден өткенде пайда болады. Ісінулер дөңес және жарылу сеткалары түріндегі   жол   жабындысының   бұзылуы   мен   диформациясы.   Ісінулер   өлшемі   мынандай факторларға   байланысты:   1.   топырақтың   дымқылдығына,   2.   қату   тереңдігіне,   3.суық кезеңнің ұзақтығына, 4. жол конструкциясына байланысты. Ісіну   аяз   кезінде   80­100   мм­ге   дейін   болады.   Ол   автомобильдің   жылдамдығын түсіреді. Жол жабындысының жалпы орнықтылығы ісіну коэффициентімен мінезделеді: К= L­ жол жабындысының жалпы көтерілуі, мм   ­жер төсемінің қату тереңдігі, мм Қазіргі  уақытта  Қазақстанда   жалпы  пайдаланудағы   автожолдардың   ұзындығы  88 мың км құрайды, оларды 65 мың км немесе 74% жергілікті маңызы бар жолдар болып табылады.  1998­1999 жылдары жергілікті маңызы бар жолдар өңірлердің балансына берілген кезде 40,4 мың км жол (ұзындығының 61%) қанағаттанарлык күйде болады. 1997 жылдан бастап жолдардың жай­күйі туралы ауқымды зерттеулер жүргізілген жоқ, жолдардын жай­ күйі аса төмен қаржыландырумен байланысты одан әрі нашарлады. Ауылшаруашылық   өндірісінде   көлік   жыл   бойы   негізгі   қызмет   атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар­жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі. Ауылшаруашылық   аудандарында   тасымалдау   көліктін   барлық   түрлерімен   темір жол,   су,   автокөлік   және   әуе   жолдарымен   жүзеге   асырылады,   бірақ   аса   маңыздысы автокөлікке байланысты. Автокөлік   жұмысы   жол   жағдайына   байланысты.   Көктемде   егіні   себудің   қызу шағында   және   күзде   егін   жинау   кезінде   қолайсыз   жолдарда,   яғни   топырақ   қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жанар­майдың көп шығындалуына жөне автокөліктің   тез   тозуына   келіп   соғады,   Қысқы   уақыттарда   жолда   жүру   қардын,   калың болып түсуінен киындайды. Құрғакшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік   козғалысына   жақын   жатқан   егістік   жерлерінің   өніміне   және   тұрғылықты жерлерде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына зиянын тигізеді. Жыл   сайын   еліміздің   ауылшаруашылық   аудандарында   мыңдаған   шақырымдарға созылған жолдар қатарға қосылуда. Барлық автокөлік жолдары көпшілік қолданыстағы және ведомстволық жолдарға бөдінеді.   Көпшілік   қолданыстағы   автокөлік   жолдары   мемлекеттік   жол   шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады. Автокөліктерді   жетілдіру,   жүктер   мен   жолаушыларды   тасымалдаудың   орташа кашьқтығын арттыруына байланысты болады. Автокөлік  жолдарын халық  шаруашылығында  пайдалану міндетті  түрде  жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың   қауіпсіз   козғалысын   барлык   жол   жүрісінде,   бұрылыстар,   жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа­райы мен жыл мезгіліне карамай­ақ жүрумен камтамасыз ету керек.   Жолдын   сапасы   жүргізуші   мен   жолаушыларды   шаршатпайтындай   жақсы   жасалу керек.   Барқа   да   санитарлық   ­   гигиеналық   жағдайлар   сақталуы   керек:   аз   шаңдату, қозғалыстың   жоғарғы   дәрежедегі   тыныштығы,   жолаушылардың   ұзақ   жолда   демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа. Жолдың   маңызы   жоғары   болса,   оның   салыну   мен   пайдалануына   катаң   талап койылады.   Негізгі   қызмет   атқаратын   қозғалыстың   есебі,   техникалык­экономикалыұ көрсеткіші мен жол кұрылысының қаражатын анықтайды. Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалык, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар жолдарына бөлінеді. Әкімшілік­саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты   ортақ   жүйелі   жолдары   келесі   топтарға   бөлінеді:   жалпы   мемлекеттік, Республикалық, облыстық және жергілікті белгілеу. Жалпы   мемлекеттік   жолдар мемлекет   астаналарын,   ірі   өндірістік   және   мәдени орталықтарды, маңызы бар курортарды және көрші мемлекеттерді магистралды жолдармен байланыстырады Облыстық мағынасы бар жолдар, автономдық мемлекеттік негізгі әкімшілік, мәдени, экономикалык және саяси орталықтарды, облыстарды өзара және аудан орталықтарымен байланыстырады. Аудандык жолдар облыстық орталыктарымен, маңызды теміржол станцияларымен және өзара аудандарды байланыстырады Жергілікті белгілеу жолдары ­ аудан орталықтарын және ауылды елді мекендерді, теміржол, кемежай станцияларымен байланыстырады. Қозғалыс қарқындылығы деп бір берілген уақытта (тәулік, сағат) жолдың кескіні арқылы   өтетін   автокөлік   санын   айтады.   Қозғалыс   қарқындылығы   жолдың   барлық ұзындығында бір қалыпты болмайды. Жалпы желідегі автокөлік жолдарынын маңызы мен козғалыстың орташа тәулігінің перспективалық қарқындылығы бойынша бес техникалық санатқа бөлінеді. 1 және 2 санатқа козғалыстын орташа тәулік есебін перспективалық қарқындылығы бойынша жалпы мемлекеттік маңызы бар жолдарды ірі қалалардан әуежайларға, өзен мен теңіз порттарына кіре берістерді жатқызады: 1 санаттағы жолдарды 7000­дай автокөліктер; 2 санаттығы жолдарда 3000­7000; 3 санаттағы жолдарды экономикалық және әкімшілік аудандарды,   өндірістік   және   мәдени   орталықтарды,   көлік   тораптарын,   ірі   өндірістерді байланыстыратын, қозғалыс қарқындылығы 1000­нан ­ 3000­ға дейінгі автокөліктер; 4 және 5   санаттар,   бұлар   көп   жағдайда   жергілікті   шаруашылық   және   әкімшілік   жолдарының қозғалыс қарқындылығы 4 санаттағы жолда: 200­ден 1000­ға дейін, 5 санаттағы жолдарда; 200­ге дейін автокөліктер. Сонғы   жылдары   кейбір   жолдардың   ерекшелігін   анықтайтын   ауылшаруашылығы жолдарының   жобалауын   салу мен   жөндеуде   ғылыми   және   практикалық   мәселелерді шешуде мынадай негізгі факторларды есепке алған жөн: 1) технология мен ауылшаруашылығы жұмыстарын үйымдастыруға ықпал ету; 2) жаңа ауылды жетілдірудін элеметтік факторлары; 3) жүк арту түрлері (тракторлар, поездар, кұрылыс уақытындағы жүк); 4) қозғалыс тәртібі; 5) ауыл шаруашылығы өнімдерінің халық шаруашылығында құндылығы; 6)   ауыл   шаруашылығы   өнімдеріне   әсер   тигізетін   экономикалық   негіздердің ерекшелігі; 7)   қаржыландыру   ерекшеліктері   (әр   түрлі   каналдар,   жол   құрылысьш қаржыландыру); 8) бір аумакқа белгілі нысандардың таралуы; 9) бір объектінін шағын капиталдық сыйымдылығы; 10) түрлі жүмыстар; 11) жақсы жұмыс бойынша жұмыстардың айтарлықтай мөлшері; 12) поселкелік жұмыстардың өзгешелігі; 13) үйымдасқан құрылыс жүйесінің өзгешелігі. Ішкі шаруашылық жолдары көбінесе құнды жерлерден өтеді, сол себепті жобалау кезінде осы факторды есепке алу міндетті. Жолдарды салуда жерлерді қайта өңдеу қажет. Жердің өсімдік қабатының жиегінің ұзындығы бойынша жер жұмыстарын бастаудың алдын алып,   жақын   егіс   жерлерге   егу   керек.   Жолды   жобалауда   үш   жоба   жүзеге   асырылады: көлденен кескін, жоспардағы жол және үзына бойлы кескін. Жол қызметкерлерін механикаландырылған құралдармен жабдықтау   Жол қызметінің бөлімшелері автомобиль жолдарын жөндеу және пайдалану үшін    қазіргі техникалық деңгейдегі машиналар, құрал­саймандармен жабдықталуы қажет.      Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарында министрліктер, қауымдастықтар, шағын   мекемелер   деңгейінде   ағымдық   және   перспективті   жоспарланған   жөндеу жұмыстарына механизацияланған құралдар жинақтау, жол киімдерінің түрлеріне қармен күресу   жұмыстарының   қиындық   санатына   қарай   тиімді   көрсеткіштермен   өндіру ұсынылады.      Климаттық аймақта біркелкі ылғалдылықпен орналасқан, 100 км созылған I­V санаттаы   автомобиль   жолының   учаскесінде   жабдықталу   және   жөндеу   жұмыстарына есептелген механизация құралдарының құрамына көрсетілген.      Жолдарды   қысқа   дайындау   жұмыстарының   орындалуына   арналған   механизация құралдарының құрамы 100 км созылған учаскеде қармен күресу қиындығының санатына және   жолдың   жабылуына   байланысты   түрлі   санатты   жолдар   үшін   есептелген.   Қармен күресудің кезеңі (Іа санат) және өте күрделі сипатты аумақтарында (V санат) механизация құралдарының құрамы жұмыстың орындалуының нақты шарттарына сәйкес анықталады.    Жол қызметінің мақсатына сәйкес оның бөлімдеріне мынадай мінддер жүктеледі: Техникалық   есеп   жән   автомобиль   жолдары   мен   жол   құрылымдарын   төлқұжаттау, қозғалыс   есебі,   көпірлер   мен   жол   жағдайының   автоматтандырылған   түріндегі   жинағы дамыту және өркендету. Техникалық деңгейді көтеру, жолдың және жол құрылымдарының тұтыну жағдайын, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігінің болашақтағы және   жылдық   жоспарын   жасап,   іске   енгізу.   Жолдарды   сәулетті   келбеттеу,   жабдықтау, жөндеу және тиімді қолдану жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік жолдарын жарамды түрінде ұстау, қолдануға арналған қорды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.       Үзіліс   пен   қозғалысты   реттеу,   маусым   кезіндегі   жасанды   құрылымдар   мен   жолдың бұзылуы мен қалпы өзгеруі, қауіпті апаттардың салдарынан болған жайттарды жою жөнінде алдын   ала   қажетті   әрекет   жасау.     Автомобиль   жолдарының   комитеті,   автомобиль жолдарының құрылыс және қолдану, тас жол және автомобиль көлік департаменттері жол қызметіне басшылық етеді.     Жаппай   қолдану   жолдарында   төменгі   сатыдағы   өндіріс­шаруашылық   жол қызметінің   бөлігіне   жататындар:   Жол   құрылысы   жөндеу   бөлімі   және   басқармасы,   жол тұтыну бөлімі, автомобиль жолдарының басқармасы, автомобиль жолдарын желілік тұтыну басқармасы,   құрылыс   жөндеу   басқармасы,   өндірістік   жол   бөлімшелер,   жол   тұтыну құрылыс бөлімшелері, аудандық жол тұтыну құрылыс бөлімшелері, жол бөлімшелері.      Кейбір жағдайларда автомобиль жолдарын жөндеуді мердігерлік жол құрылысы ұйымдары атқаруы мүмкін. Автомобиль жолдары жол ұйымдарына желілік және аумақтық принцип   бойынша   бекітіледі.   Жол   ұйымының   күтіміндегі   жол   бөлігінің   ұзақтығы   жол санатына,   климаттық   ерекшелігіне   және   жол   жабыны   түріне,   жол   сызбаларына   т.б. байланысты белгіленеді.   Жол ұйымының құрамына кіретіндер: өзінше мекеме саналатын шеберхана   учаскесі,   көлік   бөлімшесі,   жөндеу   шеберханасы,   зертханалар,   асфальтбетон зауыты және басқа да өндіріс бірлестігі.                                       Жол­патрульдік   қызмет   жол   ұйымдарының   құрамында   буын   түрінде   құрылады. Оның қызметі: жол қозғалысы шектелгенде, жол­көлік оқиғалары болған жағдайда, жолда тұрақты патрульдеу мақсатында шапшаң әрекет ету.      ЖПҚ   звеносы   арнайы   автомобильмен,   құрал­сайманмен,   арнайы   мүлікпен   және жылжымалы   жабдықпен   қамтамасыз   етіледі.       ЖПҚ   жұмыстарын   ұйымдастыру   үшін бағыттың кестесі жасалынып, жол патрульдеудің уақыты мен реті көрсетіліп, қозғалыстың қатерлі жерлері белгіленеді. Жол патрульдеу ауа райына байланысты қауіпті кезендерде күнде тәулік бойы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жол патрульдеу тәртібі жоғарғы ұйыммен келісіледі.     ЖПҚ звеносына мынадай міндеттер жүктеледі: ­ Жол және жол ғимараттарының жағдайын қадағалау, барлық жол қолданушылардың автомобиль жолдарының және жол құрылымдарының ережелерін орындауын қадағалау. ­ Жол   элементтерінің   шағын   бұзылған   жерлерін   жою,   қалыпты   қозғалыстың кедергілерін жою; ­ Жол кедергісінің пайда болғаны жайлы жол ұйымының басқармасына хабарлаумен қатар бұл жерді қоршап, тиісті уақытша белгілер қойылуын қамтамасыз ету қажет; ­ Жол   учаскелерінің   жабындары   өте   тайғанақ   жерлерін,   қар   сырғымалары   болған жерлерді белгілеу, жол қызметіне хабарлау; ­ Апат болған жағдайда жолдарда уақытша шектеу және жол қозғалысын тоқтатып, жол ұйымының басқармасы мен Мемлекеттік көлік инспекциясына хабарлау; ­ Жол­көлік   апаты   болған   жағдайда   бірінші   дәрігерлік   көмек   көрсету   және автомобиль жүргізушісіне жәрдем беру.   ­   Қазақстан Республикасының техникалық прогресі және экономикалық дамуы жо  желісіне түсетін көліктік ауыртпалықтардың көбеюімен байланысты.  Автомобиль   көліктерін   дамыту   тенденциясы   оның   жүк   көтергіштігін   арттыруға бағытталған, соған сәйкес өстік күштердің көбеюіне де. Осы факторларды ескере отырып, жол киімдерінің жобалануы, құрылысы және қайта жасақталуы жана деңгейде жүргізілуін талап етеді. Өндірісті   дайындау – өндірісті   ұйымдастыру,   жаңа   және   пайдаланған   техникамен тех­нологияны әзірлеу мен жетілдіу, шығарылған өнім түрлерін модернизациялау, сондай­ ақ жаңа өнімнің ассортиментін жобалау мен өзара байланыс шараларының кешені. Өндірісті дайындау кезеңдері: 1.ғылыми­зерттеулік (өндірістің даму перспективалараын зерттеу); 2.жоба­конструкторлық (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау); 3.тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент – машиналар мен құрал­жабдықтардың жаңа түрлерін сынау); 4.технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді енгізу). Мұнайгаз саласында өндірісті дайындау түрлерін келесідей топтауға болады: Материалдық   дайындау – жаңа   оьъекттерді   іске   асыру   және   оларды   дәл   кезде құруын   қамтамасыз   етумен,   материалдардың   ең   үнемді   түрлерін   таңдаумен,   материал­ техникалық құралдардың және атқарылған жұмыстардың еңбексыйымдылығының шығын мөлшерін техника­экономикалық негіздеуімен тұжырымдалады. Ұйымдастық   дайындау ­   әртүрлі   жұмыс   инструкцияларын   (нұсқауларын), регламенттерін, қауіпсіздік техника ережелерін құруын және бекітуін іске асырады. Техникалық дайындауға кіретіндер: өндірілген мұнай, газ және конденсатты тасымалдауға дайындау; бұрғылау   сапасын   үздіксіз   жоғарлату,   бұрғылауда   прогрессивті   әдістер   мен тәсілдерді қолдану; мұнай   өндіруде   қабаттардың   мұнай   бергіштігін   жоғарлату   үшін   тиімді   әдістерді енгізу; телемеханизация және автоматизация құралдарымен объекттерді қамтамасыз ету; еңбекті қоғау әне қауіпсіздік техника бойынша шараларын қамтамасыз ету. Технологиялық   дайындау технологиялық   процесстерді   жобалауын   және   іске асыруын қамтиды. Құжаттық  дайындау   – алғашқа   құжатқағаздарды  қайта  қарастыруын  талап   етеді. Олардың   ішіне   технологиялық   карталар,   операционды   график   бейнелер   мен   сұлбалар, машиналар мен құрал­жабдықтарды пайдаланудың ережелері мен инструкциялары кіреді. Конструкторлық   дайындау – машина   мен   тетіктердің   алғашқы   енгізілген   жаңа   сапалы   деңгейіне   жеткізу   жобалауымен клнструкцияларын   жетілдіру, тұжырымдалады. Жалпы талабы – үлкен қуаты және шапшаңдылығымен, азайған габариттер және салмағымен,   жоғарылатқан   техникалық   параметрлермен,   автоматтандырылған   және бақылау элементтерімен қамтылған конструкцияларды әзірлеу болып табылады. Оперативті уақыт; Жұмыс орнына қызмет ету уақыты; Дайындық уақыты. Оперативті уақыт негізгі және қосалқы уақыттан құрылады. Негізгі уақыт еңбек затының сан неиеме сапалық өзгеруінен жаратылған уақыт. Қосалқы уақыт жұмысшының негізгі жұмысты орындау үшін атқарған әрекеттеріне қатысты уақыт. Жұмыс   орнына   қызмет   ету   уақыты   –   жабдықты   және   жұмыс   орнын   тазалыққа, тәртіпке ұстауға жаратылған уақыт. Барлық басқа да уақыт шығындары өндірістік емес болып табылады. Өндірістік емес уақыт шығындарында кездейсоқ және өндірістік емес жұмыстар   пайда   болады.   Кездейсоқ   жұмыстар   ­   өндірістік   қажеттіліктен   пайда   болған жұмыстар уақыты. Өндірістік емес жұмыстар ­ өнім өндірісін ұлғайтпайтын немесе оның сапасын жақсартуға әсер етпейтін уақыт. Уақыт шығындарын зерттеу әдістері: Фотолау; Хронометраж; Фотохронометраж; Сәттік бақылау (байқау). Жұмыс орнын фотолау – барлық еңбек уақыт шығындарын анықтап және зерттеу үшін өткізіледі. Фотоға түсірудің 4 түрі бар: Жеке   фотолау   –   мұнда   зерттеу   объектісі   1   жұмысшы   немесе   машина   (жабдық) болады.  Жеке фотолаудың  бір  түрі  өзін­өзі  фотолау,  яғни  ауысым  немесе  жұмыс  күні кезінде жұмыстағы үзілістерді олардың себебінде көрсетіп белгілеу. Бригадалық   фотолау–   бақылау   объектісі   бір   жұмыс   орнында   технологияға байланыс­ты жалпы жұмысты орындаушы жұмысшылар тобын фотолау. Топтық фотолау– мұнда бақылау объектісі әрқайсысы бөлек жұмыс орындаушылар тобы. Маршруттық фотолау – бақылауды бір­бірімен үлкен ара қашықтықтағы бірнеше объекті   немесе   жұмыс   орны   бойынша   оларды   белгілі   бір   маршрутпен   өту   немесе   бір объекті ішінде өтуі арқылы өткізіледі. Хронометраж (грек тілінен «хроно» ­ уақыт, «метраж» ­ өлшеу дегенді білдіреді) ­ өндіріс   процесінің   циклдік   қайталанып   отыратын   элементтері   бойынша   жұмыс   уақыты шығындарын зерттеу уақыты. Мұнда бақылау объектісі ­ өндірістік операция немесе оның элементтері   болып   табылады.   Фотохронометраж   –   аралас   әдіс,   яғни   жұмыс   уақытын зерттеу­де, фотолауды да, хронометражды да бірге пайдаланады.  Сәттік   бақылау   әдісі   –   жұмыс   уақытын   бірталай   орындаушылармен   пайдалану жөнінде жалпы мәлімет алу үшін қолданылады. Оның мәні бақылаушы, байқыушы немесе зертеуші   алдын­ала   бедгіленген   маршрут   бойынша   қозғалып,   белгілі   бір   пунктерге орындаушының жұмыс жағдайын, уақыт шығынын өлшемей, шартты индекспен белгілейді.  Өндірісті ғылыми­техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері. өндірісті техникалық   дайындауға   жаңа   өнім   түрін   өндіру   мен   модернизацияланған   бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру­техникалық деңгейін арттру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады. Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады: ∙ Жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның  тәжірибе жүргізу   арқылы   үлгісін   жасау,   оны   бекіту,   құжаттарын   дайындау,   бұйымды   суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді   өндіруге   қажетті   шикізат,   жартылай   фабрикаттар   мен жабдықтаушыларды   анықтау   шаралары   жүргізіледі.   өнімді   дайындаудың   технологиялық сызбасы,   технологиялық   операциялардың   тізбегі,   жұмыс   күшіне   қажеттілік,   олардың мамандылығын   анықтау,   құрал­жабдықтарды   жөндеу   және   түзеу   тәрізді   көптеген жұмыстар атқарылады.   материалдар,  Жаңа   және   әр   түрлі   өнімді   өндіруді   дайындау   және   игеру,   ұйымдастыру­ техникалық   шараларды   енгізу   орындалады.өндірісті   техникалық   дайындаудың   екінші кезеңінде   еңбек   өнімділігін   арттыруға,   өнім   сапасын   жақсарту   мен   материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан­жақты қарастырылады.  Өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру,   өндірістік   ағындарда   өндірістік­техникалық   шешімдерді   пайдалану   сияқты жұмыстар атқарылады. Өндірісті   техникалық   жетілдірудің   әрбір   кезеңінде   орындалатын   жұмыстар   технологиялық   және   ұйымдастыру­ сипаттамасына   қарайконструкторлық, экономикалық болып бөлінеді. Өндірісті конструкторлық дайындауда   жаңа   өнімнің   конструкциясын   жасау   мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады. Өндірісті технологиялық дайындықтан   өткізу   кезеңінде   жаңа   технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен  игерілген өнімнің  жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.  Ұйымдастыру­экономикалық дайындықты   жүргізу   барысында   өндірісті техникалық   дайындауды   жоспарлау   үшін   мөлшерлер   бекіту,   еңбек   күші,   материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал­жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу,   өндіріс   пен   еңбекті   ұйымдастыру,   жұмыс   орындарына   қызмет   көрсету   және оларды   жабдықтау,   өндірісті   қосымша   қажетті   ресурстарымен   қамтамасыз   ету   сияқты жұмыстар орындалады.   жұмыстарын        2.Ғылыми­зерттеу ашу, өнертапқыштардың,   патенттермен   лицензиялар   құқықтық   актілер   негізінде   растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады. ұйымдастыру. Жаңалықтар   Жаңалықтар ашуға тылсым дүниедегі белгісіз болып келген обьективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады десек, ал өнертапқыштық деп экономика,   мәдениет,   денсаулық   сақтау   немесе   қорғаныс   салаларындағы   техникалық мәселені шеше отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтады.      Жаңалық ашқанды растайтын құжат авторлық куәлік деп аталады.    Лицензия   дегеніміз–патенттелген   жаңалықтың   негізінде   ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.    НОУ­ХАУ–құқық қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Патент берілмеген обьектілер үшінші біреулерге «ноу­ хау»беру туралы шарт жасасу арқылы берілуі мүмкін.   Нарықтық экономикалық қатынастардың даму барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындардами   бастайды.   Оларға   ғылыми   немесе   инженерлік   зерттеулермен, сараптамаларымен,   жаңалықтар   енгізумен,   сонымен   қатар   құрамында   ірі   фирмалардың тапсырысы   мен   мемлекеттік   келісімшарттары   орындаумен   айналысатын   шағын   және орташа кәсіпорындар жатады. Нарыққа   келіп   түскен   жаңа   өнім   түрінде   тұтынушы   «салқын   қанды»   қарауы   да мүмкін.Жаңа тауарды таратуда жарнамаға, маркетингтік іс­шаралар жүргізуге үлкен мән беріледі жіне ақпараттық сипат алуы керек.Сонымен қатар жаңа өнім түрін жасау кезінде экономикалық   ынталандыру,   мотивация   жүйесі   үлкен   рөл   атқарады.Бұл   жүйеге қаржыландыру,   несиелендіру,   жеңілдіктері   бар   салық   салу,   жаңа   техникаға   баға   қою, жұмысшыларды материалдық ынталандыру жұмыстары кіреді.

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті

Автоколик жолдың саулеті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2019