"Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы"
Оценка 4.7

"Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы"

Оценка 4.7
Презентации учебные
ppt
история
7 кл—11 кл
03.11.2021
"Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы"
"Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы"
00186f4a-f978825a.ppt

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Оқу мақсаты:
10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;
10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру.



Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарының ерекшеліктерін түсіндіре алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар: Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін өздігінше талдай алады.

Тарихи концепт: Дәлел

Ойлау дағдысы:
Талдау

Белсенді оқу әдістері

Белсенді оқу әдістері

Белсенді оқу әдістері

Сыныпты топқа бөлу үшін мен саралаудың жіктеу тәсілін қолдандым

Сыныпты топқа бөлу үшін мен саралаудың жіктеу тәсілін қолдандым

Сыныпты топқа бөлу үшін мен саралаудың жіктеу тәсілін қолдандым. Яғни, арнайы дайындалған суреттер арқылы топқа бөлемін. Себебі, оқушыларды топқа бөлгенде, олардың тыңдалым, айтылым дағдысы қалыптасады.
Оқушылaрдың қaжеттіліктеріне қaрaй, жеңілден күрделіге қaрaй aлғa ілгерілетіп отырaтын тaпсырмaлaр әзірледім. Саралау тәсілінің бірі – тапсырма. Осы саралау тәсілінің Тапсырма әдісіне кіріктірген тапсырмам: «ПОПС» формуласы және «Мен кіммін?». Оқушылар «ПОПС» формуласы арқылы Қазақ қоғамындағы маңызды рөл атқарған хан, сұлтан, ақсүйек, қарасүйек, би, батыр, құл, төленгіт, төре сияқты әлеуметік топтарға баға беріп, тұжырыммен қаншалықты келісетінін жазады. Ал, оқушылар «Мен кіммін?» тапсырмасында дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін анықтап, сәйкестендіреді.
Саралау тәсілі. Дереккөздер. "Ақпаратты талдайық" әдісі арқылы оқушыларға мәтін таратылып, мәтіннен дәстүрлі қазақ қоғамының қандай әлеуметтік топтарға жіктелгенін және оларға кірген әлеуметтік топтарды анықтайды.
Саралау тәсілі. Қарқын: «Синквейн» әдісі. Оқушылар батыр, сұлтан, хан, би, ақсақал, ақсүйек, қарасүйек т.б. сөздерге бес жолды өлең құрастырады. «Синквейн» әдісі арқылы қазақ тілімен пәнаралық байланыс орнай отырып, оқушылар дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Саралау тәсілі. Диалог және қолдау көрсету. Бұл әдісті қолдану барысында балаларды ынталандыру мақсатында қолдап-қолпаштап және мадақтап отырдым.
Көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар беріледі:
Қазақ хандығы дәуірінде қазақ қоғамы қандай екі негізгі екі тоқа бөлінді?
Қазақ даласында сотты кім жүргізді?
Әскерді кім басқарды?
Кімдерді мұсылман ақсүйектері деп атайды?
Бұл оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырады.
Саралау тәсілі. Бағалау. Оқушылар топтық, жұптық, өздік жұмыста бір-бірлерін бағалайды.
Екі жұлдыз бір тілек
Бағдаршам
Түрлі түсті жетондар

Критериалды бағалау Бағалау критерийлері:

Критериалды бағалау Бағалау критерийлері:

Критериалды бағалау

Бағалау критерийлері:
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау

«Түрлі түсті жетондар» - оқушылар бірін-бірі бағалауы

«Екі жұлдыз бір тілек» - топтардың бірін-бірі бағалауы

«Бағдаршам»

«Мен кіммін?» әдісінің дескрипторы:
«ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарының ерекшеліктерін анықтайды.

Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»
 

Кері байланыс «Бағдаршам»

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.11.2021