Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал

  • docx
  • 30.11.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 4 тақырып қазақ тілі.docx

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

Мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Студенттердің барлығы орындай алады: 

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, орфографиялық нормаға сай жазады.

Студенттердің көпшілігі орындай алады: 

 

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей отырып орфографиялық нормаға сай жазады.

Студенттердің кейбіреуі орындай алады: 

 

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей отырып тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Бағалау  критерийі

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Көтерілген мәселеге баға береді.

Мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.

Орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум: лайық, тартымды, сенімді, қағида, таңдау, қанағатшылдық, сезінесіз, күту, қадағалау.

Құндылықтарды дарыту

 

 

–           жұптық және жеке  жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

–          Жұптық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

 

–          өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; 

 

–          жұптық және жеке жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

 

Бірінші кезең (1940 жылға дейін)

Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді (фильм)" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.

Екінші кезең (1941-1945)

Толық мақаласы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ киносы

ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудияларының бөлімшелері Алматыға көшірілді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестік фильмдер түсірілді. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды.

Үшінші кезең (1946-1960)

Толық мақаласы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ киносы

2-дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдарда халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әндері" (1946), "Махаббат туралы аңыз" (1954), "Оның уақыты келеді" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботакөзде" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ киносын дамытуға режисері Ш.АймановЕ.Е. АронМ.БегалинО.ӘбішевА.ҚарсақбаевС.Қожықов; актерлер Қ.ҚуанышбаевЕ.ӨмірзақовН.ЖантөринҚ.БайсейітовС.ҚожамқұловК.ҚожабековӘ.Өмірзақова; операторлар М.АранышевФ.ӘбсәлемовМ.Беркович, т.б. мол үлес қосты.

Төртінші кезең (1961-1979 жылдары)

Бесінші кезең (1980-1990 жылдары)

1980 жылдары республиканың деректі киносына И.ВовнянкоС.ӘзімовО.РымжановВ.РерихС.МахмұтовВ.Тюлькин, т.б. қосылды.

"Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Салықовтың "Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жылдардағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.

Алтыншы кезең (1991-қазіргі уақытқа дейін)

 

 

 

 

Оқылым алды тапсырмасы: «Миға шабуыл»

1.        Кинотеатрға жиі барасыңдар ма?

2.        Қандай жанрдағы кинолар ұнайды?

3.        Отандық кино ұнай ма, әлде шетелдік кино ұнай ма?

4.        Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады?

5.        Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірлерің қандай?

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. «Ой шақыру» әдісі. Оқулықтағы тапсырмаларды оқи отырып,  соңғы жылдарда Қазақстанда қандай фильмдер шығарылатынын орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқылым тапсырмасы:

І қатар: Қазақ кино өнері

ІІ қатар: Ш Айманов туралы әнші Б Төлегенованың естелік әңгімесі

ІІІ қатар: Алмас қылыш

Дескриптор:

–          Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

–           Көтерілген мәселеге баға береді.

–           Мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.

–          Орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік бағдар:

Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді.

Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі. (Мұнда оқушылар грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.)

Дескрипторға сүйене отырып мұғалім кері байланыс береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: «Қызықты  суреттер» тәсілі. (мұнда әр жұпқа фильм кейіпкерлері суреттерінің бөліктері таратылады. Әр жұп бөліктерді құрастырып, кейіпкерлерді сипаттайды, көтерілген мәселеге баға береді.

Кері байланыс: «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.

Үйге тапсырма:

–          Өздерің  көрген қазақ кинофильмі туралы мақала жазыңдар.

Сөз саны- 150-170.

–          Жақшаны ашып, сөздерді орфографиялық нормаға сай (бірге, бөлек, дефис арқылы) жазыңдар.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru