№1 Федоров жалпы білім беретін мектебі 9 – сынып оқушыларын мемлекттік емтиханға дайындау барысындағы жүргізілер болжау сынағының жұмысы.
Оқушы: ______________________________________________________________
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент.
Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды.
«Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.
Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.
1 – тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.
А. ерекше -
В. бастама -
C. үнемдеймін
D. жалақы –
E. өсіреді -
F. көбейді -
2 – тапсырма. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз
Сөздер: ахуалына/ «Қазақстанда жасалған»/ келіссөз/ тұтыну/ шараны
А. «Қазақстан-2050» ұйымы Елбасының бастамасынан кейін ірі сауда орталықтарымен ________________жүргізуді қолға алды.
В. Еліміздегі сауда орындары мемлекеттік маңызы жоғары ___________________ қолдап, сауда сөрелерінің тұсына ______________________ деп жазылған түрлі-түсті белгітақтайшалар орнатты.
С. Отандық өнімдерді ___________________ арқылы мемлекеттің экономикалық
._______________ қолдау көрсетеміз.
3 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бер
Қандай үндеу жария болды, кімнің бастамасы және кімдер қолдады?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы не үшін керек?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалардың идеясы неде?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-мәтін Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап таңдап талғап оқи білу, түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.
Білім адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жетпейді, оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе, ол ақша тауып, өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар, мысалы, телефон, планшет, компьютер ойлап тапты. Егер мұның бәрін сатып алып, оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, есептерін шығарып тастауға болады. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал бірі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болмаса, өмір сүру қиын болады. Мінекей, осыдан «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал шыққан.
Адамның қол жеткізген ұлы игіліктері қалай аталады?
А) Парасат, білім, білік В) Білім, ғылым, инновация
С) Оқулық, кітап, математика Д) Техника, әдебиет, есте сақтау [1]
Шекспир кітапты неден жоғары қояды? А) тастан В) таудан
С) талдан Д) тақтан [1]
Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз. Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжаңыз.
р/с |
Ақпараттар |
р/с |
Ақпараттар |
Сәйкестендіру жауабы |
А |
|
1 |
Кітап маған тақтан қымбат. |
|
В |
|
2 |
Техника заманында білімді болмау мүмкін емес. |
|
С |
|
3 |
Мектептегі тақырыптарды алдын ала қарастыруға болады. |
|
[1]
Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз. 2 сөзден артық жазбаңыз.
Адамдардың бірі _________________________ болса, ал кейбіреулері бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. [1]
Берілген сұраққа жауап беріңіз.
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақалды қалай түсінесіз?
_________________________________________________________[1]
Оқылым Энергетикалық дағдарыс
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер адам баласы Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.
Тұжырымды сөйлемдер |
Ш/Ж |
Аталған элемент біздің планетамызда өте аз кездеседі. |
|
Қытай ғалымдары Айдан Гелий-3 элементін тапқандығын айтып, дүние жүзіне жар салған. |
|
[1]
Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
Жария ету - _____________________________________ [1]
Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
Қымбат - __________________________________________ [1]
Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
АҚШ__________________________________________________________________[1]
Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз. Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?
_____________________________________________________________________________[1]
Жазылым Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.
|
2 |
|
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз. 1
Білім. Ғылым. Инновация
Ақпараттық технологиялар, медицина, ауыл шаруашылық, сауда, өнеркәсіп саласында ғылым бар екенін дәлелдеп, бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген жастар бар. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазыңыз. Тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды дұрыс қолданыңыз.
Сауда жасай білесіз бе?
Сіздің мектебіңізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз. Тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды дұрыс қолданыңыз. [10]
Айтылым Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-10 сөйлем). Диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз.
Ұсынылатын тақырыптар:
Білім беру саласындағы инновация туралы ойыңызды айтыңыз.
Қазақстандағы сауданың оң және теріс әсерлері қандай?
Энергетикалық дағдарыс деген не? Жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, не болады?
Қандай тауарды экспорттауға болады деп ойлайсыз? Мысал келтіріңіз. Дәлел немесе факт ұсыныңыз. [10]
Бағалау міндеттері |
Тапсырма |
Балдар |
1-БМ Коммуникативтік құзырлық |
1-тапсырма |
5 |
1-БМ Коммуникативтік құзырлық 2-БМ Тілдік құзырлық |
2- тапсырма |
5 |
1-БМ Коммуникативтік құзырлық 2-БМ Тілдік құзырлық |
3- тапсырма |
10 |
Барлығы |
20 |
Балдар |
Балдардың % пайыздық қатынасы |
Баға |
0-7 |
0-39 |
2 (қанағаттанарлықсыз) |
8-12 |
40-64 |
3 (қанағаттанарлық) |
13-16 |
65-84 |
4 (жақсы) |
17-20 |
85-100 |
5 (өте жақсы) |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.