Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Оценка 4.6
Занимательные материалы
doc
русский язык
3 кл
17.04.2017
Сабақтың тақырыбы:Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу."Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Ася сабақ ашық 22.12.2015 сдать нургуль.doc
Сабақтың тақырыбы:Сөз мағынасы.Қарамақарсы мағыналы сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу.
Мағынасы қарама қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру,
сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру, талдау жинақтау, түсіндірмелі.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу.
Мағынасы қарама қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру,
сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Ал,балалар!
Көңілкүйлерің қалай?
Өте жақсы,жарайсыңдар!
Ендеше сабағымызды бастаймыз ба!
иә.
Ал,кәнекей,барлығымыз мына тақтаға қарайық.Тақтада не көріп тұрмыз.
Балық.
Балық дегенде ойымызға не келеді?
Неше түрлі балықтар болады.
Оның көлемі әр түрлі (үлкені де,кішісі де)болады.
Тағы не білесіңдер балық туралы. (тақтаға суреттерді көрсету балықтардың).Осы балықтарға қарап қай топ
өзіне сол балықтың атымен атайды.
жақсы.
Топқа ат қою.Бағалау парағымен таныстыру.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
IІ. Психологиялық дайындық. 1слайд
IЖарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.Осы балықтар өздері ақылдаса келе сендерге
тапсырма дайындапты.
Өткенді қайталап алу мақсатымен «Сынақ дорба» ойынын ойнау.
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Сөйлем құрамындағы нақты
сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелер деп
аталады.Сөйлем мүшелері толық мағыналы сөздер болады.)
2. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2ге)
3. Тұрлаулы мүшелер неден тұрады.(бастауыш пен баяндауыш)
4. тұрлаусыз мүшелер неден тұрады?
(анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш)
5. Жалаң сөйлем неден жасалады?(бастауыш,баяндауыш)
6. Мағынасы жуық сөздерге мысал келтіру.(ержүрекбатыр,алыс
қашық).
ІV.4.Мақсат қою кезеңі
Қалай ойлайсыңдар,бүгін сабақта біз не істейміз?
Мен оны тақтаға жазып қоямын.(балалардың ойы) 1. Жаттығулар орындау.
2. Тапсрмалар орындау.
3. Сұрақтарға жауап беру.
4. Топпен жұмыс.
5. Тәртіпті боламыз.
V.Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
Жж
жақсы
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Қызығушылықты ояту
1тапсырма.Топтық жұмыс.
(әр топтың алдына 1 парақ қағаз тастау)
1.топ Өлең.
Ащы,бірде тәттісің,
Жұмсақ,бірде қаттысың.
Жарылқайсың досыңды,
Жасытасың жат күшін.
Тапқыр тілім,қайдасың?
Көрсет сөздің пайдасын.
Жақсылықты жаңғыртып,
Үнің әсем сайрасын.
Жамандыққа жанассаң,
Отыз тісім шайнасын!
Тапсырма: Оқып,қарамен жазылған сөздерге көңіл аудару.
2.топ Сөйлемдерді оқып,қарамен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 1. Жел әкеледі,сел әкетеді.
2. Тау жақтан баяу жел соқты.
Желдің жылдам екпіні қайықты аудара жаздады.
3.Қыста күн суық болады,жазда жылы болады.
4.Ащы мен тұщыны татқан білер.
Тапсырма: Қандай сөздерді жұптастыруға болады .
3.топ Мәтін.
Тапсырма: мәтіндегі қарамақарсы сөздерді табу.
Данышпандар кітабы.
Біз жасап тұрған өмір қарама қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы,
ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның
жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп
түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен
солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып
ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.
VІ.Суретпен жұмыс. Топпен жұмыс
2тапсырма
1.Мына сөздерге назар аударыңыздар.Мағыналары бірбіріне қарамақарсы
болатын заттарды атаймыз
1топ 2топ 3топ
Үлкен ......... Түзу Қыз
Қосу қысқа кең –
Аз қорқақ таза
Дос алыс жас
Жарық әдепті жақсы
Балалар,Ендеше біз бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп
ойлайсыңдар?
Қарамақарсы сөздер. дұрыс.жақсы.
VІІ..Ой толғаныс «Балық аулау» ойыны .
Балалар сендер жазды күні балық аулауға барғанды ұнатасыңдар ма?
Иә, ендеше сендерге мен құрлықта қалып қойған балықтарды таратып беремін
сендер оларды құтқару үшін,балықтың артында жасырылған сөздер арқылы
мақалдарды тауып балықты құтқарасыңдар.
1топ . Әдепті бала арлы бала, әдепсіз сорлы бала.
Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
2 топ. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Білімдіге дүние жарық, Білімсізге дүние кәріп.
3 топ. Дос сыртыңнан мақтар,дұшпан көзіңе мақтар.
Бүлдіру оңай, түзету қиын.
VІІІ.Дәптермен жұмыс. «Ойланып тез жазайық»
1 топ. Берілген сөздермен сөйлем жаз:
Айша ,жақсы ,домбырада,ойнайды.
Шыңғыс,аулағанды,аң,көреді,жақсы.
2 топ.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
1.Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.
2.Алма гүлді ұнатады.
3 топ Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
1. Түйе боталады.
2. Сәуле үтіктеді.
3. Ара қонды.
4. Күн жылынды.
Керекті сөздер: киім,ақ,бүгін,гүлге.
ІХ.Оқулықпен жұмыс.108 бет 20жаттығу.( Тақтамен
орындау.) Мақалдарды оқы. Олардың мағынасын түсіндір.
1. Ақылды іс тындырады,ақымақ тіс сындырады.
2. Жақсы сөзге жан семіреді,жаман сөзден жан қорқады.
3. Ашу –дұшпан,ақылдос,
4. Ақылыңа ақыл қос.
o Қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жаз.Олар мәндес
сөздер ме,әлде мағынасы қарамақарсы сөздер ме?
Ой қорыту. Қорытындылау.Рефлексиялықбағалау кезеңі.
Сабаққа қорытынды жасау.
Осы мен балықтарымыздың тапсырмалары аяқталды.Енді,біз қандай
қорытындыға келдік.
Есіңе сақта!
Мағынасы қарамақарсы сөздерді қазақ тілінде антоним сөздер
деп атайды.Антоним сөздер де синонимдер(мағынасы
жуық,мәндес сөздер) сияқты біздің тілімізді бай,көркем,мазмұнды
ете түседі.Көбінесе мақалмәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі.
Дұрыс па,бұрыс па?
o Жақсы,жамансиноним сөздер. (бұрыс)
o Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.(дұрыс)
o Қарамақарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.(дұрыс)
o Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.(дұрыс)
o Зат есім заттың санын білдіреді. (Бұрыс)
o Қыс келді. Жайылма сөйлем. (бұрыс)
XIV. Үйге тапсырма.109 бет 25жаттығу
Бағалау.Оқушыллар өздері бағалайды. (+)
Ең соңғы баға мұғалім бағалайды.
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Қазақ тілі "Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер."
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.