Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық
мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүре
алмайды. Сондықтан, кезкелген мемлекет өзінің салтдәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тілді
сақтап, оны келешектің керегіне жарату үшін қызмет етуөз халқын сүйетін кез келген азаматтың
парызы мен міндеті.
Қандай тіл болсын қалыптасу, даму барысында түрлі жайларды өз басынан кешеді. Тілдер де
қоғамдағы тарихи қиыншылықтарға орай басыпжаншу, зорлықзомбылықты бастан кешіреді. Қазақ
тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз
байланысты. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары болып саналатын қазақтардан басқа Қытай,
Монғолия, Иран, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларда
тұратын қазақтардың да ана тілі.
Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп
отырады. Егемендігімізге қол жеткізіп, Тәуелсіз Қазақстан атанған сәтте, яғни 1989 жылы қазақ тілі
мемлекеттік мәртебеге ие болғанды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7бабында «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып,
конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы
Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап
көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық,
материалдықтехникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге
асуы жөнінде көптеген қаулылар шығарып, тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы
мемлекеттік бағдарламалар жасады.
Қазақ тілінің тағдыры кеудесіндегі жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты алаңдатары айдан анық.
Тарихтың аумалытөкпелі сан алуан соқпағында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы қаншама «тар
жол тайғақ кешулерді» басынан кешіріп, қиындық көрсе де ешқашан тілінен, дінінен айырылған жоқ.
Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде
еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдарында іс
қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат
құралдардың саны арта түсті. (Мына суретті көргенде ойларыңызға не келеді? Сурет бойынша не айта
аласыздар?)
Таласы жоқ, өздеріңіз айтып өткендей арамызда қазақ тілімен ауызданбаған, анасының әлдиін
естімеген, өз ана тілін білмейтін азаматтарымыз да аз емес. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. «Қазіргі кезде баршаның баласын бауырына басып, бір үзім нанын басқамен бөліскен қазақ халқы не
көрмеді, небір қиыншылықтарды бастан кешірмеді?! Неліктен біз өз ана тіліміз бен дінімізден
айырылып қала жаздадық?» деген сұрақтар төңірегіне тоқтала кетейін.
19171921 жылдар аралығында қызыл әскердің соғысы, ұжымдастыру науқаны кезінде миллиондаған
қазақ қырылды, ал енді бір бөлігі жанжаққа тарыдай шашылды.
19321933 жылдардағы жасанды ашаршылықтан Қазақстанда тұратын қазақтардың жартысынан көбі
көз жұмды.
Ал 19371938 жылдардағы репрессия кезінде қазақтың бетке ұстар, зиялы азаматтары жаппай қуғын
сүргінге ұшырады.
19411945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыста Қазақстаннан әскерге тартылған
1 миллионнан астам қазақ жігіттерінің 500 мыңға жуығы елге оралған жоқ. Осы 500 мың тепсе темір
үзетін қазақтың ер азаматы аман болып, отау құрса қазіргі жағдайымыз мүлдем басқаша болар еді.
19541957 жылдары аралығында Қазақстанның жерін игереміз, бидай өсіруге жағдай жасаймыз деп
Тың игеруге орталық Россиядан 12 миллион орыс Қазақстанға көшірілді.
Осындай тарихиәлеуметтік жағдайлардың нәтижесінде 60 жылдары қазақтар өз Отанында
25ақ пайыздың шамасында болып шыға келді. Кейбір облыстарың, әсіресе, ауылдық жерлерінде
қазақтар көбірек болды, ал кейбір облыстардан бір де бір қазақты таба алмайтынсың, қазақ мүлдем
болмады немесе 1 пайыздан аспай қалды. Осылайша атажұртта қалған қазақ маңдайына жазылған
қорлық пен зорлықты бастан кешірді. Айта кетерлігі
60 жылдардың соңында Қытай шекарасын ашқанда Қазақстанға 200 мыңға жуық қандасымыз жаяулап
өтіп, қазаққа қуатты күш берді.
Ал Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде
кейбір қайшылықты саясаттарды жүргізе бастады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921
жылғы 2 ақпанындағы «Республика мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану
туралы» заңында «Республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және
өзара қарымқатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды.
1938 жылғы 5 сәуірде «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту туралы» арнайы қаулы
шықты. Бұл шаралар қазақ тілінің қолданыс аясын күрт өзгертуге алып келді. Осындай ісәрекеттердің
салдарынан Қазақстанда 700 қазақ мектебі жабылды. Ал орыс мектептері жауыннан кейінгі
саңырауқұлақтар сияқты қаулап шыға келді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның қабылданған кезі де елдегі күрделі
демографиялық ахуал жағдайымен тура келді. Ол кезде қазақ өз жерінде 40 пайыздан аса қоймаса,
орыстар, украиндықтар мен белорустар 7 миллионнан асып, бүкіл халықтың 40 пайызынан жоғары
болды.
Ал қазір қазақ ұлтының саны еліміздегі халықтың 63 пайызын құрап отыр.
Қазақстанда бүгінгі күні 17 миллиондай халықтың 11 миллионы қазақтар екен, ал солардың 3
миллионы қазақ тілін білмейді немесе өте нашар біледі екен. Қазақстан Республикасының Статистика
агенттігі жүргізген 2009 жылғы халық санағы қорытындыларына сүйенер болсақ, еліміздегі
қазақтардың үлес салмағы 63,1 пайызды құраса, қалған 36,9 пайызы басқа ұлттардың еншісінде екен.
Ал мемлекеттік тілге қатысты қойылған сұрақтар бойынша, 115 мың қазақ ана тілінің орнына басқа
тілді таңдаса, 15 жасқа толған қазақ жеткіншектерінің 500 мыңы ғана қазақ тілін түсінетін болып
шықты.
Алайда осыдан жиырма жыл бұрын мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі әлі іс жүзінде өзінің
осы шынайы мәртебесіне толық жете алмай келеді. Жастар жағы шетінен орысша сөйлеп, тіпті орысша
түс көреді. Яғни, аты ғана қазақ, ал заты басқа қандастарымыздың былдырлап орысша сөйлеуі, әрине,
қынжылтарлық жағдай.
1.Сіз мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімісіз, қазақ ұлтының патриот азаматтарының бірісіз.
Ұлтжандылық қасиеті жетіспей жүрген азаматтарымыздың намысын қалай оятуға болады?
Осы мәселе сізді толғандыра ма? Тілелдің елдігін білдіретін бірденбір белгісі және ұлт саясатының ажырамас бөлігі. Ата
заңымыздың 7бабының 1тармағында «ҚРсының мемлекеттік тіліқазақ тілі» деп бекітілгені
бәрімізге белгілі. Сондайақ 1997 жылы Тілдер туралы заң қабылданды.
2006 жылдың 1 маусымында президенттің 2010 жылға дейін ісқағаздарды түгелдей қазақ тіліне көшіру
туралы Жарлығы шыққан еді. Тіпті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Екі қазақ бірбірімен қазақша
сөйлессін» деген Жарлықты да Тілдер туралы заңға енгізген еді.
2. Сіз біздің мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің бірісіз. Сіз елбасымыздың «Екі
қазақ бірбірімен қазақша сөйлессін» деген Жарлығын естіген боларсыз? Осы Жарлықты қалай
орындап жатырсыз? Отбасында және мектеп аясындағы қарымқатынаста қай тілді көбірек
қолданасыз?
Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі
айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық
та ана тілі үшін белсенділік танытуда.
«Отан отбасынан басталады », «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп халқымыз бекер
айтпаған. Демек, ана тіліміздің қажеттілігін көтерукүнделікті отбасынан және мектеп
табалдырығынан бастау алады деуіміз әбден орынды болмақ. Осы тұрғыда мен келесі сұрақты
мектебіміздің басшыларына қойғым келіп отыр.
3. Сіздер Донской орта мектебін бастап отырған басты тұлғасыздар. Осы ұжымда мемлекеттік
тіліміздің қолданылу аясы қалай іске асырылып жатыр? Тіл мәселесіне қаншалықты көңіл
бөлесіздер? Көңілдеріңіз тола ма? Өздеріңіз осы тұрғыда қандай жұмыс жүргізіп жатырсыздар,
қазақ тілінің мәртебесін артыруда болашақтағы жоспарларыңыз қандай?
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарты сол
тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы. Ол үшін қазақ тілінің қолданысы қоғамдық өмірдің
аса маңызды салаларында: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер,
бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылымизерттеу мекемелерде);
экономика салаларында; мемлекеттік, қоғамдықсаяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене
тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру
орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарымқатынаста; әскерипатриоттық
тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп
орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай,
конференция, мәжіліс, жиындарда кеңейтілуі қажет.
Тіл туралы Заңның қабылданғанына, міне, 20 жылдан асып барады. Сол «баяғы жартас, бір жартас»,
«қадағалап жатырмыз, бақылауға алып жатырмыз», «Тіл туралы заң орындалып жатыр» деген қағаз
жүзіндегі берілген есептерден әрі аса алмай келе жатырмыз.
4.«Қазақстанда қазақ тілін дамытуға қыруар қаржы бөлінді», «Қазақ тiлiн бiлу үшін
материалдық көмек беріліп, ынталандырылды» деген сияқты сөздер құлағымызға жиі естіліп
жатады. Осылай біз қазақ тілін білмейтін өзімізге және өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді
меңгерту мақсатында қыруар қаржы бөліп, материалдық көмек беріп ынталандырып, қазақ
тілін білгендігі үшін марапаттап, сыйлық беріп, тегін оқытып, айлығына «тіл білсеңдер үстеме
қосамыз» деп, басқадай да сыйсияпаттар көрсетіп, машинаға дейін сыйлап жікжапар боламыз.
Осы сияқты ісәрекеттерге қалай қарайсыздар? Не айтасыздар? Өз мектебіміз аясындағы қазақ
тілін білмейтін, қазақ тілінде сөйлемейтін, тіпті сөйлегеннен арланатын қазақтарымызға және
өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгертудің қандай жолдары бар?
Қазақ тілінің Конституциялық мәртебесін көтеру мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің, саяси
партиялар мен әлеуметтік топтардың ғана емес, ел мүддесін, болашақ қамын ойлаған әр саналы азаматтың атсалысар қасиетті ісі. Әнұрансыз, Елтаңбасыз, Мемлекеттік Туы мен ұлттық валютасыз
мемлекет болмайтыны сияқты, толыққанды мемлекеттік тіліміз болмай, мемлекет те бола алмаймыз.
Өз тілінде сөйлемеген халық бір тудың астына біріге де алмайды, біртұтас тәуелсіз, азаматтық қоғам да
құра алмайды.
Өзге ұлт өкiлдерi — құқықтық тұрғыдан алғанда мемлекеттiк тiлдi бiлуге мiндеттi. Алайда, мұны
олар мәжбүрлiк ретiнде қабылдайды. Оларды осы түсініктен арылтып мемлекеттік тілді білмеулері
олардың кемшіліктері екенін, азаматтық құқығын кең көлемде пайдалануына кедергі болатындығын
ұғындыратындай жағдай туғызу керек. Мысалы: азаматтық алуы; қызметтік жоғарылауы; сайланбалы
орындарға қатысу; білімақпарат алу аялары тарылсыншы, кедергі болсыншы — олар бірден бәрін
түсінеді, үйренудің қажеттілігін шын мәнінде ұғынады, бізге ешқандай талап та, шарт та қоймайды.
Үкiмет «қызмет көрсету, банк саласында, мемлекеттiк органдарда iстейтiн қызметкерлер мiндеттi
түрде мемлекеттiк тiлдi бiлуi керек» деген талап қойса және жұмысқа алу барысында мемлекеттік
тiлдi бiлу деңгейін тексеріп қабылдап отырса, олар аз уақыт аралығында тiлдi меңгеруден басқа
амалдары қалмас еді.
Мәселен, ақылы оқу орталықтарын ашу. Әлемнiң тәжiрибесiне сүйенсек, сiз қай мемлекетке барып
жұмыс iстеймiн десеңiз, онда ақша төлеп тiлдi меңгеруiңiз керек. Сонда ақшаны көп төлемеу үшiн
оқитын мезгiлдi жақсы пайдаланып, адамның өзiақ тiлдi меңгерiп алады. Ендеше, Конституциямызға
«Қазақстанның барлық азаматы ұлтына, нәсiлiне қарамай, мемлекеттік тілді бiлуi керек» деген бiр бап
кiргiзу керек. Бұл — олардың құқықтарын шектеу де, шеттету де де емес, әлемдік практика.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі тілге байланысты көкейтесті мәселелердің бірі – жазбаша болсын ,
ауызекі сөйлеуде болсын жіберіліп жатқан әр түрлі қателіктер. Жалпылай алғанда, жарнамалар мен
жариялар, маңдайшадағы жазулар тек мемлекеттік тілде, қатесіз жазылулары керек. Мысалы: «Кафесі
Аслан», «Дүкені Дина» , Оптом и в розницу Көтерме және бөлшек. Ремонт автомобилей
Автомобильдер жөндеу. ( Неге «автокөлік жөндеу» демеске? )
Жаңа заңға «Барлық жарнамалар, жариялар — мемлекеттік тілде, қатесіз жазылуы керек» деген
тармақ енгізіліп, нысанның мемлекеттік немесе жекеменшіктігіне қарамастан, оның атын заңды бұзып,
түрік, ағылшын, тіпті қытай тілінде жазып қоюды тоқтату керек. Ал, орындамағандарға үлкен көлемде
айыппұл салып, тәртіпке шақырсақ та артық болмас еді.
Бүгінгі тіл мәселесіне байланысты көтерілген ойымды қорытындылау үшін сіздерге мынадай сұрақтар
қоя кетуді жөн көріп отырмын.
1.Ана тілімізді дамытуда әлі де болса кешегі отаршылдық саясаттың салқыны сезіледі. Осыдан
құтылудың жолы қандай?
2. Ақиқатында, біз қазақ тілін өгейсітіп алдық. Әлі күнге дейін мемлекеттік тіл өгей баланың
күйін кешіп жүр. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
3.Қазақ тілінің қолданысы қашан кеңейіп, мемлекеттік мәртебесі артар екен? Өз ойыңызды
айтыңыз.
Сонымен, қорыта келгенде Қандай жақсы заң болмасын оның орындалуын бақылап, үнемі сұрау салып
отырмаса, қағаз жүзінде ғана қала беретін болады. Біз мемлекеттік тілдің төрімізден орын алуын шын
мәнінде қаласақ, мемлекеттік тілдің беделі мен мәртебесіне нұқсан келтіретін орыс тілінде сөйлеу,
орыс тілінде сөйлеуде өзін ерекше бір мәдениетті адам сияқты сезіну, орыс тілінің сөздерімен өз
тілімізді шұбарламау, өз ана тілінде сөйлеуден арлану сияқты жат қылықтарға жол бермеуіміз керек.
Кезкелген тілдің тағдыры — оған ие халықтың қолында. А.Байтұрсынов «Маса» болып шағып,
М.Дулатов жарғақ құлағы жастыққа тимей «Оян, қазақ!» деп жар салып өткен қазақ тілінің болашағы
сіз бен біздің қолымызда екенін ұмытпайық! 1.Құрметті ұстаздар! Сіздер қазақ ұлтының патриот азаматтарының
бірісіздер. Ұлтжандылық қасиеті жетіспей жүрген азаматтарымыздың
намысын қалай оятуға болады? Осы мәселе сіздерді толғандыра ма?
2. Сіздер елбасымыздың «Екі қазақ бірбірімен қазақша сөйлессін» деген
Жарлығын естіген боларсыз? Осы Жарлықты қалай орындап жатырсыз?
Отбасында және мектеп аясындағы қарымқатынаста қай тілді көбірек
қолданасыз?
3. Осы ұжымда мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясы қалай іске
асырылып жатыр? Тіл мәселесіне қаншалықты көңіл бөлесіздер?
Көңілдеріңіз тола ма? Өздеріңіз осы тұрғыда қандай жұмыс жүргізіп
жатырсыздар, қазақ тілінің мәртебесін артыруда болашақтағы
жоспарларыңыз қандай?
4.«Қазақстанда қазақ тілін дамытуға қыруар қаржы бөлінді», «Қазақ тiлiн
бiлу үшін материалдық көмек беріліп, ынталандырылды» деген сияқты
сөздер құлағымызға жиі естіліп жатады. Осылай біз қазақ тілін білмейтін
өзімізге және өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында
қыруар қаржы бөліп, материалдық көмек беріп ынталандырып, қазақ тілін
білгендігі үшін марапаттап, сыйлық беріп, тегін оқытып, айлығына «тіл
білсеңдер үстеме қосамыз» деп, басқадай да сыйсияпаттар көрсетіп,
машинаға дейін сыйлап жікжапар боламыз. Осы сияқты ісәрекеттерге
қалай қарайсыздар? Не айтасыздар? Өз мектебіміз аясындағы қазақ тілін
білмейтін, қазақ тілінде сөйлемейтін, тіпті сөйлегеннен арланатын қазақтарымызға және өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгертудің қандай
жолдары бар?
1.Ана тілімізді дамытуда әлі де болса кешегі отаршылдық саясаттың
салқыны сезіледі. Осыдан құтылудың жолы қандай?
2. Ақиқатында, біз қазақ тілін өгейсітіп алдық. Әлі күнге дейін мемлекеттік
тіл өгей баланың күйін кешіп жүр. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
3.Қазақ тілінің қолданысы қашан кеңейіп, мемлекеттік мәртебесі артар
екен? Өз ойыңызды
айтыңыз.
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
"Қазақ тілінің мәртебесісіз бен біздің қолымызда"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.