Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
Оценка 4.6

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Оценка 4.6
Документация
docx
воспитательная работа
Взрослым
28.08.2018
Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған тӛрт белгіміз бар, оның біріншісі – елтаңба, екіншісі – әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім-кімді болмасын, ойға қалдырады.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған тӛрт белгіміз бар, оның біріншісі – елтаңба, екіншісі – әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім-кімді болмасын, ойға қалдырады.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды.
09.06.2017, от СОШ№30, Ауталипова Г.С. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары.docx
Павлодар қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Г.С. Тел. №87056063057 e­mail: [email protected] Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары танымдық   қабілеттерін, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған тӛрт белгіміз бар, оның біріншісі – елтаңба, екіншісі – әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім­кімді болмасын,   ойға   қалдырады.Бүгінгі   күні   Қазақстан   Республикасының   білім туралы   тұжырымдамасы   ойлы,   өнерлі,   білімді   тұлғаны   қалыптастыруға бағытталған   және   қазіргі   білім   жүйесі   оқушылардың   сөйлеу   белсенділігін дамытатын   оқытудың   дәстүрлі   және   дәстүрлі   емес,   белсенді   түрін   және әдістерін   оқу   процесіне   енгізу   бағытында   құрылуы   тиіс.   Қазіргі   таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан­жақты қолданып, жаңаша   оқытудың   тиімді   жолдарын   тауып,   жүйелі   түрде   қолдану   –   заман талабы.   Ұстаздардың   тәжірибесінде   мынадай   проблема   тууы   мүмкін: оқушылардың   танымдық   процестерін (есту,көру,қимыл   және   т.б.)   дамытуда   қолданып   жүрген   әдіс­тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың   негізгі   –   оқу   үдерісіне мультимедиалық   технологиялар   мен   коммуникативтік   интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне   байланысты   оқытудың   жаңаша   әдісі   пайда   болды.   Мұғалімдер   өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан­жақты ізденіп,   сабақтарын   қызықты,   әрі   тартымды,   нәтижелі   өткізуге   тырысуда. Оқушылардың   жеке­дара   ерекшеліктерін   ескере   отырып,   коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша   сөйлей   білуге   үйрету.   ХХІ   ғасыр   –   жаңа   технология   мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі   барлық   білім   ошақтары   компьютер   және   интерактивті   тақтамен     талаптарының   бірі жабдықталуда.   Қазіргі   заманғы,   ғылыми­техникалық   үдерістің   қарқыны күннен­күнге   өсуде.  Сонымен  қатар,  білім  беру   жүйесінің  алдына  да   жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада   меңгермейінше   сауатты,   жан­жақты   маман   болу   мүмкін   емес. Жаңа   ақпараттық   технологияны   меңгеру   мұғалімнің   білімін   шыңдап   ғана қоймай,   интеллектуалдық,   кәсіптік,   адамгершілік,   рухани,   азаматтық   және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен   әртүрлі   құралдарын   қолданудың   тиімділігін   арттыруды   талап етеді.   Осы   мақсатты   жүзеге   асыруда   ақпараттық   технологияны   пайдалану әдісі   зор   рөл   атқарады.   Мектеп   пәндерін   оқыту   процесінде   интерактивті тақтаны   пайдалану   мұғалім   мен   оқушы   қарым­қатынасы   жүйесін,   олардың білімге   деген   қызығушылығының,  ізденушілікке   деген   ынтасының,  сезімінің өсуіне   әсер   етеді.   Сондықтан   білім   берудегі   барлық   оңды   өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс­әрекеттерімен, ізденушілігіне   байланысты.   Ақпараттық   технологияны   оқыту   үдерісінде екпінді   түрде   енгізу   бағытына   қолданылатын   жаңа   түрдегі   құрал   – интерактивті   тақта   болып   табылады.   Интерактивті   тақтаның   келуіне байланысты   оқытудың   жаңаша   әдісі   пайда   болды.   Мұғалімдер   өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан­жақты ізденіп,   сабақтарын   қызықты,   әрі   тартымды,   нәтижелі   өткізуге   тырысуда. Интерактивті   тақтаның   мүмкіншілігі   шексіз.   Оны   көрнекілік   ретінде қарастырсақ,   ол   оқу   нәтижесінің   сапасына   оң   әсер   етері   сөзсіз.   Бұл   – бейнеконференциялар,   мектептер   арасында   бірлескен   сабақтар   өткізу   үшін қолданылатын   ерекше   жүйе.   Сонымен   қатар,   пәндік   көрнекі   құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық   талғамын   дамыту,   өз   бетінше   білімін   толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір   мұғалімді   ойландырып,   жаңаша   жұмыс   істеуге,   жаңа   ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой­ өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана   тілін   оқытудан   өзгеше   және   көп   дайындықты   талап   етеді.   Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей   әсер   етеді.  Тілді   оқытып,   үйретудің   сапасын   арттыру   әр   түрлі жағдайларға   байланысты.   Орыс   мектебінде   оқытылатын   қазақ   тілі   пәнінің түпкі   мақсаты   –   оқушыларға   қазақ   тілін   меңгерту,   ойлау   қабілеті   мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет­ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан­жақты терең таныстыру. Осылардың барлығы ақпараттық­ коммуникациялық   технологиялардың   дәстүрлі   әдістемеге   қарағандағы артықшылықтарын   пайдалану   арқылы   тіл   үйренушінің   білім   сапасының артуына, қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде   ақпараттық­коммуникациялық   технологияларды   қолдану   тіл үйренушілерді   әлемдік   мәдени   құндылықтарға,   ақпараттық   ресурстарға жақындатып   алып   келеді,   шынайы   мәдени   аралық   коммуникацияға   жағдай жасайды.   Бұл   технологияның   тіл   үйретудегі   мүмкіндіктері   ғылыми­ теориялық   тұрғыдан   жан­жақты   дәлелденген,   тек   практикалық   тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары   талаптарға   жауап   беретін   ақпараттық­коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту­ үйрету   үдерісінде   бұл   технологияларды   ұтымды   қолдану   үшін оқытушылардың   өз   кәсіби   шеберліктерін,   ақпараттық­технологиялық құзыреттілігін   үнемі   дамытып   отыруы   талап   етіледі.  Сабақта   интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың   логикалық   ойлау   және   сөйлеу   қабілетін   дамытуға,   нақтылы құбылыстарды   қарастыру   және   талдау   негізінде,   кейін   практикада қолданылатын   тұжырымдарға   келулеріне   көмектеседі.   Сонымен,   оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен   қатар   интерактивті   тақтамен   орындалатын   жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды. Мультимедиа   бағдарламасы   бойынша,   ақын­жазушылардың   өмірі   мен шығармашылығын   оқытуда   географиялық   картамен   немесе   көмекші материалдармен   жұмыс істеп, сарамандық жұмыс жүргізуге болады. Ақын­ жазушылардың   шығармаларын,   сазгерлердің   күйлерін   тыңдау   арқылы мәнерлеп оқуды, эстетикалық тәрбиені қалыптастырады. Мәтіндік редактор диктант). арқылы   бақылау   жұмыстарын   жүргізуге   болады   (тест, Компъютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін объективті бақылап, материалдың дұрыс өтілгенін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға   мүмкіндік   береді.   Бұрын   адам   ойында   болмаған   оқытудың   жаңа әдістерін   ұйымдастыруға   болады.   Мысалы,   әр   түрлі   компьютерлік бағдарламамен   мәтіндер   жазу,   оқу,   талдау,   тест   шығару,   сурет   салу жұмыстарын   үйренеді.   Ал   сабақтың   бекіту   кезеңінде   мынадай   тапсырма орындауға  болады. Бұл кезенді "Атыңнан  айналайын, халық  әні" деп атап, мультимедиа   бағдарламасы   бойынша   халық   әндерін   тындай   отырып, одағайларды тауып, үлгеріп жазып отырады. Сонымен бірге, әр түрлі мәтін құру,   мәтінге   анотациялық   талдау,   диалог   құру   сияқты   шығармашылық жұмыстар болады. Осындай сабақтар шәкірттерді халықтық салт­дәстүрлер негізінде   тәрбиелеумен   бірге,   олардың   шығармашылық   жеке   тұлғасын қалыптастыруға, жеке ақыл­ойын, ойлау қабілетін, ынтасын, коммуникативтік дағдыларын,   интеллектуалдық   қабілетгерін   дамытуға,   алған   білімдерін практикада  пайдалануға   мүмкіндік  береді.  Қазақ  әдебиеті  сабағында   әрбір тақырыпты өткен кезде ақын­жазушылардың өмірі, шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны, композициясы, сюжеті, көркемдік ерекшелігі, т.б. туралы   тірек­сілтемелер   беруге   болады.   Оқушы   тірек­сілтемелер   арқылы ойын   жинақтап,   шығармашылықпен   жұмыс   істей   алады.   Сонымен   бірге оқушылардың   көмегімен   бағдарламадан   тыс   материалдарды   жинақтап, мультимедиа   бағдарламасы   бойынша   репортаж   дайындауға,   ұйымдастыру кезеңінде олардың фотосуреттерінен галерея ұйымдастыруға болады. Электрондық оқулық ­   оқытушы мен оқушының бірлескен іс­әрекетін көрсету нәтижесінің құралы.  Бұл оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады: ­ сабақта иллюстрациялық материал ретінде; ­ сабақтан тыс уақытта өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындауда; ­ емтиханға дайындық кездерінде. Әрбір   сабақта   жаңа   сөздер,   лексика­грамматикалық тақырыптар,   мәтін,   жаттығу   жұмыстары,   диалог   үлгілері,   әр   сабақтың соңында   тест   сұрақтары   беріледі.   Оқыту   кезінде   әр   түрлі   анықтамалар, нұсқаулар,   тапсырмалар   берілуі   тиіс.   Мектепте   оқыту   процесінде электрондық   оқулық   қолдану   өте   тиімді.   Оқушылар   өздерінің   білімін   өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады.   фонетикалық, Қазақ тілін оқытудың тағы бір тиімді әдістерінің бірі ­ қатысымдық әдіс (коммуникативный метод) деген WWW.ENU.KZ әдіс туралы айтқан дұрыс. Қазақ   тіл   білімінде   қатысымдық   әдістің   негізін   қалаған   профессор   Ф. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым­қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде   сӛйлеу   мәнерін   қалыптастыратын,   тілдік   қатынас   пен   қағидалардың жүйесінен   тұратын;   тіл   үйретудің   тиімді   жолдарын   тоғыстыра   келіп,   тілді қарым­қатынас   құралы   ретінде   іс   жүзінде   асыратын   әдістің   түрі». Қатысымдық технология, негізінен:  а) оқу материалын меңгеруге бағытталады;  ә) оқушы тұлғасына бағытталады;  б) оқытушы мен оқушының ынтымақтастығына бағытталады, сол арқылы оқу мақсаты   жүзеге   асырылады.   Сөйлеуді   үйрету   барысында   қатаң   талаппен сұрыпталған   лексикалық,   фонетикалық,   грамматикалық   минимумдар   мен сөздік материалдар алынады. Олардың барлығы сөйлеуді меңгеруге тікелей қатысы бар жағдаяттар болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда   жоғары   оқу   орнының   алатын   орны   ерекше.   Өйткені   білім   де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Осыларды іске асыратын басты тұлға ­ ұстаз. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс   қабілеті   дамыған,   жаңа   педагогикалық   технологияларды   жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Қазақ тілі балаға ертеңгі   күні   үлкен   өмірге   араласқанда   оның   қоғамды   қызметіне   көмегін тигізетін, жұмысында күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатындай аса білікті пәндердің бірі. Қазақ тілін үйреніп жүрген балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп, араласуы қажет. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Қазіргі таңда қазақ тілінің дамуына барлық жағдай жасалған, тек соған көңіл қойып қазақ тілін үйренем деген ниет керек.  Ахмет Байтұрсынұлы: «….. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.   Яғни,   мұғалім   білімді   болса,   ол   мектептен   кӛбірек   білім   алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді   жұмыс   түрлерінің   жан­жақты   орындалуы,   ойластыруы   мұғалімнің біліктілігімен   әдістемелік   шеберлігіне   байланысты.   Мемлекеттік   тілдің беделін түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарының басты міндеті. Пайдаланылған әдебиет 1. Рысбаева   Г.Қ.,   Ерназарова   З.Ш.,   Есеналиева   Ж.Ж.  «Қазақ   тілі»   пәні бойынша электрондық оқулық.. Алматы 2004 ж.  2. Этнопегогика журналы. 2005ж.,№1(48)  3. Білімдегі жаңалықтар журналы. 2005ж.,№3(48)  4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми­теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.­Алматы, 1996 ж. – 345 б.  5. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000 ж. ­256 б.  6. Қазақ тілі. Республикалық ғылыми­әдістемелік, педагогикалық журнал. 2006 ж., № 1 (13) 11. Ана тілі. Ұлт газеті. 2005 ж., №34 (764)

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.08.2018