16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тақырыбы:«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.
Барысы: ҚР әнұран орындалады.
1
- жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар
мен шәкірттер! Қызылқақ жалпы орта мектебінің оқушылары
дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің
сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға
23 жыл толып отыр.
2 - жүргізуші:
- Егемен еліміздің ең ұлық, ең
қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты
ағайындар, мереке құтты болсын!
1 - жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан
оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас.
Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір
күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі
болмаса керек.
2 - жүргізуші:
- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді
өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну
және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.
1-жүргізуші:
- Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?
1-сынып
оқушылары. 1-оқушы:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай,
Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
3-оқушы:
Қалса да қайда көлің, қайда
жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде –
ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран
елім!
4-оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
5-оқушы:
Өр едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңның әні бар ма сен
айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?
2 - жүргізуші:
-Құттықтау сөзі мектеп директоры Усин Қуат Амангелдіұлы мен ауыл әкімшілігінің бас маманы Кемелбаев Талғат Мұхтарұлына беріледі
1 - жүргізуші: Сән салтанат жасайық
Күй сандықты ашайық,
Бұл мерекеге, бұл тойға,
Әннен шашу шашайық.
Даярлық тобының орындауында «Қара жорға» биі
2 -
жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,-
деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең
байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не
өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де,
ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына
кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1
- жүргізуші:Сол күндер ғой
жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
4 сынып оқушыларын «Өз елім» әнімен ортаға
шақырайық.
1-жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ ері - өнерлі өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстың
Шығыс елі текті киелі қасиетті.
«Шығыс биі» Сахнаға 2 сынып оқушыларын қошеметтеп шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын
Президентім - Елбасы, аман болсын,
Мәңгі жаса, жас қазағым, жаса халқым!
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 7 - сынып оқушысы Абельжанова Азиза.
1- жүргізуші:
Енді бүгін өлген биім тірілді,
Әңұраным жалғап қалды ғұмырды,
Босағада қалып қалған өлеңім,
Баяғыша төріме кеп биленді.
«Қазақ биі» Сахнаға 3 сынып оқушыларын қошеметтеп шақырамыз.
2 -
жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Мекенім Қазақстаным» орындайтын 8
- сынып оқушылары.
1-жүргізуші
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
«Қазақ» биі. Орындайтын -5 сынып оқушылары
2 - жүргізуші:
-Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.
Гүлшан Ахметжанқызының орындауында «Цвети земля» әні. Қарсы алайық!
1-жүргізуші.
- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама
қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір
күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға
созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік
жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
2-жүргізуші:
9-сынып оқушылары, көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, олқандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бірсөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Буклетпен жұмыс:
2-жүргізуші:
(Букле те салынған жылдар бойынша, өткен
өмір туралы әңгімелейді.)
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныдығой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – «иесә мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екітізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Атажұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Ендіміне, желбіреген көкбайрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төріміз де ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!
2-жүргізуші:
-Отан-әр адамның жүрегіне тиер жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған-туысқандармен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті де киелі ұғым –Отан.
1- жүргізуші: Қазағым, сенсің тауым асқарым,
Самғаған сенсің ұшар аспаным.
Жұлдыздай аман, күні аман,
Туған жерім- сенсің ұлы анам.
Өнерхан Балдаурен, Усина Нұрсая мен Серікбай Сабираның орындауында «Туған жер» әні.
2-жүргізуші
Қазақпын,
еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Поэма «Мен қазақпын» сөзі Жұбан Молдағалиев орындайтын: 10-сынып оқушысы Смагулова Дария.
1-жүргізуші:
-осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан-
тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық
ертеңгілігіміз аяқталды.
2 - жүргізуші:
-көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.