Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Оценка 4.7
Исследовательские работы
docx
история
6 кл
01.04.2017
Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары , зираттар, мешіт- медреселеркең байтақ Отанымыздың түпір- түпкірінен табылған. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз.
Қазақстанда неше Алтын адам табылды.docx
«Үлкенбөкен мектепбалабақша» кешені КММ
Тақырыбы «Қазақстанда неше алтын адам табылды?»
Бағыты: Тарих,өлкетану
Заманбек Абылайхан, Ахметкаримова Алуа
6 сынып оқушылары
«Үлкенбөкен мектепбалабақша» кешені КММ
ШҚО. Көкпекті ауданы.Үлкенбөкен ауылы
Жетекшісі: Оразгалиева Нуртай Есимхановна тарих пәнінің мұғалімі
«Үлкенбөкен мектепбалабақша» кешені КММ
1 20162017оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе……………………………………………………………………6.
ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………………………7
2.1 Бірінші алтын адам (Есік қорғаны) …………………………………7
2.2 Екінші алтын адам (Аралтөбе қорғаны ) ……………………………8
2.3 Үшінші алтын адам (Шілікті қорымы) ………………………………9
2.4 Төртінші алтын адам (Талды 2 қорымынды) ………………………11
2.5 Бесінші алтын адам (Сарайшық қорғандары) ………………………13
2.6 Алтыншы алтын адам ( Бесоба қорғандары) ………………………13
2.7 Жетінші алтын адам (Тараз қаласында) ……………………………14
2.8 Сегізінші алтын адам (Ұржар ханшайымы) ………………………14
2,9 Тоғызыншы алтын алам (Тақсай ханщайымы) ……………………15
5)Қортынды ……………………………………………………………18
6)Пайдаланған әд ебиеттер тізімі.
2 Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты: ежелгі тарихи археологиялық, тарихи
мәдени ескерткіштері әлі күнге дейін атадан балаға мұра болып келе
жатқанын жіәдігерлерді насихаттап, зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ежелгі тарихи археологиялық ескерткіштер туралы ақпараттар жинау
Қазіргі таңдағы Қазақстан жеріндегі тарихи археологиялық
ескерткіштерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын насихаттау.
Еліміздің құндылықтарын, сол кездегі жетістіктерін зерттеу
Зерттеу жұмысының әдісжүйесі: Ақпарат көздерін жинау,
іздену,баяндау,талдау, қорытынды шығару,сараптама
Зерттеудің жаңашылдығы: Мектеп бағдарламасына енгізілмеген
деректер, мысалдар, ескерткіштер, тарихи –археологиялық ескерткіштерге
саяхат.
Шығыс Қазақстанның ежелгі тарихи ескерткіштері туралы мәліметтерді
жинақтап, көпшілікке ұсыну, насихаттау. Осы есекрткіштердің туристік
маршрут ретінде ұсыну.
Ғылыми болжам: Тарихи ескерткіштерді, оның құндылықтарын
жастарға үлгі ету. Зерттелген тарихи ескерткіштерді бүгінгі таңда тәрбиелік
маңызы зор екендігін дәлелдеу.
Зерттеу пәні: Тарих
Зерттеу нәтижесі: Зерттеуші тарихи археологиялық ескерткіштердің
құндылықтарын маңызы зор екендігін талдап көрсеткен. Теориялық және
практикалық маңыздылығы: оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, пайдалануға
болады. Зерттеуді жалғастыру.
3 Іске асыру аймағы: тарих, география , әдебиет, бейнелеу өнері
сабақтарында және қосымша факультатив сабақтарында қосымша материал
ретінде пайдалану, ғаламтор арқылы бүкіл Қазақстанға тарату.
Пікір
ШҚО. Көкпекті ауданы.Үлкенбөкен ауылы «Үлкенбөкен мектеп
балабақша» кешені КММ 6сынып оқушылары Заманбек Абылайхан ,
Ахметкаримова Алуа жас ұрпақтың жаңа заман үрдісінде ұлттық қазынаны
жоғары бағалай алатын оқушы. Осы ғылыми жұмысты орындау барысында
көптеген ғылыми әдебиетпен танысты. Қазіргі кезде көп қызығушылық
тудыра бермейтін жұмыстарға қызығушылығын білдірген «Қазақстанда
неше алтын адам табылды?» тақырыбын таңдап алды. Ізденіс барысында
өзінің тапқырлығын, ізденімпаздығын көрсете білді. Жұмыс кіріспеден,
негізгі бөлімнен , қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде: Бірінші алтын адам (Есік қорғаны), Екінші алтын адам
(Аралтөбе қорғаны ),Үшінші алтын адам (Шілікті қорымы), Төртінші алтын
адам (Талды 2 қорымынды), Бесінші алтын адам (Сарайшық қорғандары)
Алтыншы алтын адам ( Бесоба қорғандары), Жетінші алтын адам (Тараз
қаласында), Сегізінші алтын адам (Ұржар ханшайымы), Тоғызыншы алтын
алам (Тақсай ханщайымы) ескерткіштеріне сипаттама бере отырып, тарихын
зерттеп, тарихи жағдайлармен байланыстыра білді.
Өз білімін үздіксіз дамытып, ғалымдар мен ойшылдардың пікірлері
туралы деректерді жинақтап, өз бетінше зерделеп, орта ғасырдағы тарихи –
мәдени ескерткіштер туралы жобалық зерттеу барысында мағынаны аша
білді.
4 Жоба барысындағы басты мақсаты орта ғасырлық тарихи мәдени
ескерткіштер туралы ғылыми танымдық деректерді, жәдігерлерді халыққа
насихаттау.
Ғылыми жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Оразгалиева Н Е
Рецензия
ШҚО. Көкпекті ауданы.Үлкенбөкен ауылы «Үлкенбөкен мектеп
балабақша» кешені КММ 6сынып оқушылары Заманбек Абылайхан ,
Ахметкаримова Алуа Оқушылар осы тақырып бойынша өзінің дарындылық
зеректілік қабілеттерін көрсете алды. «Шығыс Қазақстанның тарихи
ескерткіштері» тақырыбы бойынша көптеген ғылыми әдебиеттер мен
мақалаларды іздестіріп , оқып, танысты.
Қазіргі кезде көп қызығушылық тудыра бермейтін жұмыстарға мән
берген жұмысының мақсаты; Мақсаты: Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ежелгі тарихи археологиялық ескерткіштер туралы ақпараттар жинау
Қазіргі таңдағы Қазақстан жеріндегі тарихи археологиялық
ескерткіштерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын насихаттау. Еліміздің
құндылықтарын, сол кездегі жетістіктерін зерттеу
Шығыс Қазақстанның тарихи
ескерткіштерімен танысу, тарихын
зерттеу, өз замандастарын халқымыздың тарихи мұрасымен таныстыру .
Зерттеу жұмысы
қорытынды және
негізгі бөлімнен,
кіріспеден,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Осы аталған ғылыми жұмысында
ежелден сақталып қалған , тарихи маңызы бар тарихи археологиялық
5 ескерткіштер жайлы мағлұматтар қарастырылған бұл зерттеу жұмысы
балалардың зерттеу жұмыстарының сайысына лайықты деп танылды.
Зерттеудің жаңашылдығы: Мектеп бағдарламасына енгізілмеген
деректер, мысалдар, ескерткіштер, тарихи –археологиялық ескерткіштер
туралы мәлімет жинақтап көпшілікке ұсыну, насихаттау мақсатында жұмыс
жасалған.
Рецензент Оразгалиева Асель Болатовна 1 санаттағы тарих пәнінің
мұғалімі «Үлкенбөкен мектепбалабақша» кешені КММ
ШҚО. Көкпекті ауданы.Үлкенбөкен ауылы
Кіріспе
Әлем жұртшылығы тарихы деректері мен мүраларға қашанда үлкен
қызығушылыкпен , құлшыныспен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым
бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат
басын тірейді. Мәселен, Мысырдың пирамидаларын немесе Ұлы Қытай
қорғанын кқру кедесінде сұлулыққа деген құштарлығы бар жандардың
барлығының армны болар. Ал, жекеей заттардың да құны , бағасы жылдан
– жылға артып келеді. Мысалы, әйгілі суретші Леонардо да Винчидің
«Джокондасы» әлі күнге дейін сақтандырылмаған екен. Оның басты себебі
картина құнының жоқтығы екендігі бізге бұрыннан мәлім.
Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне
қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал, күні
бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық
тарихы бар қалалар бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын
мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін
6 зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары ,
зираттар, мешіт медреселеркең байтақ Отанымыздың түпір түпкірінен
табылған. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын
адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.
Атабабамыздың бізденяғни бүгінгі ұрпақтан күткені осы ма еді.!?
«Өлісін қастерлесе, атабабасын құрметтесе, халықтың қасиеті қайтадан
қалпына түседі» Конфуций
Құрметті оқырмандар! Қазіргі таңда бізді алаңдатып отырған
ұлтымыздың болашағы! Біз қазақ ежелден әруақты қастерлеген, ата
бабамызды құрметтеген халықпыз.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бірінші алтын адам (Есік қорғаны)
Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам».
Алматының
іргесіндегі Есік қорғанынан 1969 жылы табылған «Алтын киімді адам»
құнды тарихи жәдігер.
Тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев бастаған ғалымдар
Алтын киімді адамды тауып, б.з.д ҮІҮ ғ. өмір сүрген сақ ханзадасы деген
шешімге келген болатын. Бұл алғашқы Алтын киімді адам бұдан екі жарым
мың жыл бұрын өмір сүрген. Ол кезде бұл оқиға әлем назарын Қазақстанға
аударған үлкен жаңалық болғаны шындық. Алғашқы Алтын адам Алматы
облысындағы Есік қаласаның солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ
жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған Алтын
киімді сақ жауынгерінің мүрдесі Үғасыр жәдігері. Жерленген адам 1718 жас
шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы. Алтын киімді адам сақ
мәдениетінің бірегей үлгісі. Есік Қорғанынан табылған алтын бұйымдардың
көптігіне қарап, бұл мәйітті «Алтын киімді адам» деп аталды. Жауынгер сақ
7 тайпалары қазақ халқының негізін қалаған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық
алтын әшекейлер мен безендірілген.Әшекейлер барыс,бұлан,таутеке, арқар,
ат, түрлі құс жебеушілерге сыйыну ғұрыптары бболған. Өлген адамдардың
мәңгі жасайтынына өлгендер өзінің рулық қауымының салттары үйреншікті
ғұрыптары мен ережелері өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге
негізделген. Өлген адамның тіршіліктегі беделі мен қауымдағы дәрежесіне
лайық мүліктің көмілуі,тайпалар табына тән күрделі жерлеу ғұрпы болған.
Көшпенділердің қауымдық салты, діндік сенімі, сол дәуірдегі жерлеу
салтында үлкен құрметпен, алтыннан тігілген салтанатты киіммен және қару
жарағы түгел қойылған күінде жерленген. Мәйіттің жанына жүзден аса жебе
салынған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш пен қанжар табылған.
Зерттеу барысында көсемнің киім кешегі өте бай асыл бұйымдармен,
алтын әшекейлермен безендірілгені аңғарылды. Бұған айғақт ретінде қабірден
табылғанәр түрлі дәрежедегі ромб, шеңбер және жылан пішіндерімен
бейнеленген 400ге жуық қаптырмалар болған. Қабірден қаружарақ, әшекей
бұйымдардан басқа жұқа алтын фольгамен қапталған абыз аса таяғының
бөліктері табылды.
.
2.2 Екінші алтын адам (Аралтөбе қорымы )
1999 жылы Ақтөбе (Атырау) облысының Жылыой ауданына қарасты
Аралтөбе қорымында табылды. Екінші Алтын адам: Аралтөбеден табылған
сақ көсемі.
Зерттеушісі археолог З.Самашев 1999 жылы зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымынан
сақ көсемін табады. Көсамнің киіміне тоқталсақ , үстіне мата көйлек
кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб
фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Зерттеу барысында көсемнің
киімкешегі өте бай асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгені
8 аңғарылды. Бұған дәлел ретінде қабірдентабылған әртүрлі дәрежедегі
ромб,шеңбер және жылан пішіндермен безендірілген 400ге жуықалтын фольга
мен қапталған абыз асатаяғының бөліктері табылған. Зерттеу нәтижесінде ер
адамның шашы өрілген бұрым болғаны б.з.д І мыңжылдықта Еуразия
аймағында өрілген бұрым тек жоғары дәрежедегі салт аттыларда кездесіп
отырған. Көсемнің үстіне мата көйлек кигізілген. Оның жеңдері әртүрлі алтын
қаптыпмалар мен тізбелер араластырылып, әшекейленіп кестеленген.
Көйлектің сыртынан сауыт кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын
жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Ал сауыттың
жеңдері жағасы мен төменгі бөлігі шеңбер тәрізді алтын қаптырмалармен
толықтырылған. Көсемнің оң жағына алтынмен жалатылған ұзын абыз аса
таяғы, сол жағына қорамсаққа алтын қаптырмалармен безендіріліп,
әшекейленген жүзден аса жебелер салынған қорамсақ, қылыш қойылған.
Шалбар тегіс бойымен ұсақ алтын қаптырмалармен әдептелген және
балақтары шалбардың тігісіндей ұсақ алтынмен қаптырылған саптама етікке
сұғындырылған. Қорғаннан табылған қолөнер бұйымдардың тарихи
маңыздылығы зор. Қорғанда әр түрлі ырым сыйқырлық ісәрекеттер және
құрбандық шалу әрекеттері жүзеге асқан.Қорғанның ортасында ошақ орны
болған. Тазартатын қасиетті күштің белгісі – отқа табынушылық сармат
тайпасында болған. Отқа табыну сақтану қызметін атқарған. Жерлеу
дәстүрінде обаларды айнала оңдаған жерге от жаққан. Қабірден қаружарақ,
қару ілетін аспалы белбеу бөліктері, әскери темір күршек, сүйектен жасалған
ине және жебенің үшбұрышты темір ұштары болған. Сақ көсемі екінші Алтын
адамды Атырау облысының орталық мұражайына көрмеге қойылған.
2.3 Үшінші алтын адам (Шілікті қорымы)
Шілікті қорғанынан табылған Үшінші «Алтын адам» сақ патшасы.
9 Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Үшінші Алтын адамды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан
археологэтнолог,профессор, тарих ғылымының доктры Әбдеш Төлеубаев
бастаған археологтар қазба жұмыстары кезінде тапқан. Жалши ауылындағы
маңайда үлкен 17 оба бар. Солардың ең басында тұрған үлкеноба тегін адамға
қойылмаған ескерткіш екенін сезген.Шілікті патша қорғанынан табылған.
Алтын адам біздің дәуірімізгн дейінгі ҮІІІ ғасырдың аяғы мен ҮІІ ғасырдың
басындағы жәдігерлердің бірі. Қазақстан жерінде табылған Алтын
адамдардың ең көнесі. Мекен еткен жеріне және үстіне құйма алтыннан
жасалған аңқұс белігілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа сақ
дәуірінен жеткен құнды тарихи жәдігер. Бұл жәдігер тарихқа Бәйгетөбе деген
атаумен енді. Бұл археологиялық жаңалық тарих ғылымында сақ дәуірінің
тағы бір жарқын ескертіші ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8м,
диаметрі 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады. Үстінгі қабаты
топырақпен, астыңғы қабаты тастан үйілген.Тас үйіндінің ішінде сағана
қабірхана орналасыпты. Қабірхана жер бітіне салынған. Оның қабырғалары
ұзынан екі қатар етіп қойылған жуан самырсын бөренелерден тұрғызылған.
Осындай алып ғимараттың ішінде бірғана ер адам жерленген. Адамды сом
алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген
киімімен жерленген. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны
4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған. Патша киімдеріне
тағылған алтын жапсырмалардың жасалуы сом алтыннан құйылған әшекей
дүниелер, яғни таза құйма алтындар. Олардың ішіндегі ең үлкені – арқардың
мүсіні. Шілікті қорғанынан табылған Үшінші Алтын адам сақ патшасы.
Шілікті қорғанынан екі бұғының мүйізі айқасып тұрғанын бейнелейтін алтын
жапсырма «Мәңгі әлем бәйтерегі» өрнегін еске түсіреді. Ал бірбірімен
тұмсық түйістіріп тұрған екі таутекенің басы кейіпінде жасалған
жапсырмадан үш сюжетті көреміз. Оның біріншісі, қос таутекенің басы десек,
10 екіншісі тура қарап тұрған барыстың бейнесі. Үшіншісі осы жапсырманы
жатқызып қойып қырынан қарағанда, оның ұшып бара жатқан құсқа
ұқсайтындағы. Өз дәурінде өнердің аса шеберлікпен өркендегенін көруге
болады. Бұл деген нағыз өнер шыңы. Жалпы бір форма арқылы бірнеше
мағына беру сақ бейнелеу өнерінің өте ерте замандағы кезеңіне тән құбылыс.
Аса бір геометриялық дәлдікпен жасалған бесжұлдыз бейнелі түйме де еріксіз
таңдандырады. Бесжұлдыздың тіні алтын жұлдызшалары көк лазурит тасынан
жасалған. Айналасы сүйекпен көмкерілген. Ортасына томпақ мүйіз орнатқан.
Бесжұлдыз сол заманда да биліктің белгісі саналған. Бесжұлдыздың
қырларымен түйменің ортасындағы жұлдызша Еуразия даласына сақтардың
әкелген үлкен жетістігі деуге болады.
Үшінші Алтын киімді адам екінші Алтын киімді адамнан мың жылбұрын
өмір сүрген. Есік қорғанынан табылған Алтын адаммен салыстырсақ
айырмашылықты да көруге долады. Енді салыстырсақ Есіктен Есіктен
табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге
тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде
қолданылатын ритуалдық киім. Өнер бұйымы ретінде құндылығы шексіз.
Алтынмен апталған жас әскербаының сыртқы киімдері кезінде қалай көмілсе
сол күйінде бізге аман жеткен. Бұл оба тоналмаған. Шілікті үшінші Алтын
адам обасы тоналған. Патшамен ұқойлған ірі ірі заттаралтын тәж, семсер,
қанжар, салтанатты аса таяғын тонаушылар алып кеткен. Аса қымбат, көзге
ілінетін ірі дүниелерді және алтын заттардың біразыг алып кеткен. Үшінші
Алтын адамның киімі тірі кезінде киген киімі. Оның үстіне мұның алтынмен
безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киімі екні белгілі болып отыр.
Ритуалдық киім емес. Бұл алғашқы Алтын адамның киімінен басты
айырмашылық деуге болды. Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтық
қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Зерттеушілер бұл олжаны
сақ патшасы болуы мүмкін деп жорамалдап, баға жетпес жәдігердің кілтін
тауып, құпиясын ашуға ұмтылуда жаңылысқан жоқ. Бұл жәдігер өз заманында
11 сақ патшасы болғандығымен ерекшеленіп әлем назарын тағы да өзіне аударды.
Бұл жәдігерді ғалымдар Шілікті «Алтын адамы» деп таныды. Оның қайта
қалпына келтірілген алғашқы нұсқасы жасалынды. 2013 жылы шілде айында
жәдігер өз өлкесіне қайта әкелінді.
2.4 Төртінші алтын адам (Талды 2 қорымынды)
Енді міне, төртінші Алтын адамды да баба дала қойнауынан қазып алдық.
Төрт құбылаң тең болсын дейтін қазақтың төрт торабындағы осы «Алтын
киімді адамдар». Ата тарихтың жаңа парағы іспетті. 2010жылы Қарағанды
облысына қарасты Талды2 қорымындағы қазба жұмыстары кезінде табылған
«Алтын адам » бұған дейінгі олжалардың ішіндегі ең сүбелісі деуге лайықты.
Қ.Аманжолов атындағы елді мекеннен бұдан екі жарым жыл бұрын өмір
сүрген сақ жауынгерінің алтынмен апталған мүсінін кезіктірген
археологтардың қазба жұмыстары үлкен жаңалықтың жаршысына айналып,
қазақ даласы тағы да бір тарихи жәдігермен толықты. Ұзақ жылдық тарихи –
археологиялық зерттеу, қазба жұмыстары нәтижесінде қол жеткізген бұл
олжаны тарихшылар сақтың қолбасшысы, жауынгердің жауынғердің моласы
болуы керек деп топшылауда . Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адам –
Сақ жауынгері. Зерттеушісі археолог Арман Бейсенов. Қазақстаннан табылған
төртінші Алтын адамды археолог Арман Бейсенов басқарған зерттеушілер
Қарағанды облысына қарасты Талды2 қорымында қазба жұмыстары кезінде
тапқан. . Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз
арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер,
айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан.
Елтаңбамыздағы пырақтардың бейнесіне ұқсас суреттер бедерленген
жәдігермен бірге, мыңнан аса асыл моншақтар табылды. Бұл қорғанға аса
беделді адамның жерленгендігі осыданақ белгілі. Археолог Арман
Бейсеновтың айтуынша, қорым бұған дейін әлденеше рет тонауға ұшырап,
12 бұданда үлкен деректі дүниелер қолды болғанға ұқсайды. Төртінші Алтын
адам тарих үшін аса маңызды ақпарат, ғылыми дерек. Мұндай байлық күнде
кезіге бермейді, дейді археолог. Бұл да тұтас халқымыздың, еліміздің
олжасы, тарихтағы ғылыми қол жеткен құндылығымыз, тіпті әлем тарихының
жаңа бір тың да сүбелі дерегі. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды
сипаттасақ ол сақ жауынгері.Сақ жауынгерінің кеуде тұсы толықтай алтынмен
қапталған, мұндай үрдіс күн билеушісі болғандарға жасалатын құрмет.
Сондықтан бұл мола – Күн билеушісіне тұрғызылған дейді зерттеу барысы.
Тарихшылар аталмыш қорымды Патшалар даласы деп атады. Арғы ата
бабаларымыз Күнді құрмет тұтып , Тәңірдің мекені сол жақта деп түсінгенін
ескерсек, археологтың айтқанының жөні де бар сияқты. Патшалар даласынан
кезіккен күн билеушісіұлт мәдениетінің өшпес шұғыласы сияқты жарқырап
тұрар күнде туды.Бұл Күн сөнбейтін Күн. Қазақстаннан табылған «төртінші
Алтын адамның» аздап өзгешелігі болғанмен, бұл еліміздің басқа
аймақтарынан табылған Алтын адамдармен негізінен ұқсас.
2.5 Бесінші алтын адам (Сарайшық қорғандары)
Vші Алтын адам Атырау облысы Сарайшық қорғандарынан табылған
Сармат тайпасының көсемі. VІшы Алтын адам Қарағанды облысы Бесоба
қорғандарынан 2009 жылдары табылған. VІІші Алтын адам 2012 жылдары
Тараз қаласындағы Әулие Ата базары орнынан табылған болатын. VІІІші
Алтын адам ШҚО Үржар ауданы Лайбұлақ елді мекенінен табылған Үржар
ханшайымы. Елімізде жылда тосыннан болып жатқан табиғи апаттардың
барлығын ақсақалдарымыз археологиялық қазбалармен байланыстырады. Біз
қазір қандай хал кешіп жатырмыз. Біз жуық арада тез шешім қабылдап, ата
баба рухына тағзым етіп, кешірім сұрап, қазылып алынған еліміздің түпкір
түпкіріндегі мүрделерді қайтадан салтдәстүрімізбен жер қойнына
табыстауымыз қажет деп есептейміз!
13 2.6 Алтыншы алтын адам ( Бесоба қорғандары)
2015 Қарағандыда темір дәуірі кезеңіне жататын құнды жәдігерлер
табылды Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Бесоба ауылынан қола
дәуірі кезеңіне жататын аса құнды жәдігерлер табылды. Мамандар осы маңда
2 айдан бері қазба жұмыстарын жүргізуде. Қорымнан табылған алтын
сырғалар мен жүзіктер топырақ астында мыңдаған жылдар жатса да, бүгінгі
күнге еш бүлінбестен жеткен. Енді өткеннен дерек беретін бұл тарихи
жәдігерлер облыстық мұражай қорын толықтыра түспек.
2.7 Жетінші алтын адам (Тараз қаласында)
Алтын адам 2012 жылдары Тараз қаласындағы Әулие Ата базары
орнынан табылған болатын. Есік қорғанынан табылған Алтын адамның
екіншісі Тараз қаласынан табылды. Археологтар супер сенсациялық жаңалық
деп жар салғанмен, жұрт жәдігерді көзбен көре алмайды. Бүгінгі көрмеде
көрсеткеніміз шын мәнісінде сақ дәуіріндегі патша сауытының бұйымдары.
Бұл Есік қорғанындағы Алтын адаммен теңесе алады. Яғни Алтын адамның
дәл өзі.
Өйткені құнды жәдігер қолды болыпты. 8 мәрте ұрылар барымталап
кеткен қорғаннан Алтын адамның сауытын әшекейлеген 40қа жуық алтын
бұйымдары табылыпты. Көне жәдігермен әуестенетіндер бұл алтындарды зор
жетістікке балайды. Енді Тараз қаласының іргесіндегі Жеті төбеден табылған
сауыттың бөлшектерін біріктірмекші.
Бір айта кетерлігі, қазір тек екі қорған қазылған. Қалған бес қорғанға қол
тимепті. Бұйыртса сол жерді қазамыз, Алтын сауытты адамды табамыз деп
сендіреді. Негізсіз де емес, табылған сақ патшасы киімінің бөлшектері Есік
қорғандағы Алтын адаммен дәлме дәл келіп отыр.
14 2.8 Сегізінші алтын адам (Ұржар ханшайымы)
«Үржар ауданын көктеп өтетін ТаскескенБақты тас жолының бойындағы
Лайбұлақ және Жаңа тілек ауылдарының орта тұсынан алтын адамның сүйегі
табылды», деп жазады «Егемен Қазақстан» республикалық газеті.
«Есік қорғанынан табылған алтын адамдікіндей басындағы сәукелесі мен
үстіндегі киімі әжептәуір, сүйегі сол қалпы жақсы сақталған. Бәрі де алтын
зерлі» деп көрсетілген мақалада.
Құлағындағы алтын сырғасына, басындағы алтын сәукелесіне, мүйіз
тектес өрнектеріне қарап, Семей педагогикалық институтының профессоры,
тарих ғылымдарының кандидаты, осындағы қазба жұмысын жүргізген
студенттердің жетекшісі Амантай Исин: «Мұны IIIV ғасырлардағы қола
дәуірге, тіпті ғұнсарматтар заманына жатқызуға болады», дейді.
Жарма қылып қазған бейіттің жанжағын, төбесін, енін қалыңдығы 1015
сантиметрдей жалпақ тастармен жауып, қоршапты. Мүрденің төбесі батысқа
қарағанымен, басын солтүстікке бұрып жерлеген. Аяқ жағында қойдың
сүйектері мен қыштан, ағаштан жасалған ыдысаяқтар, бас жағында алақандай
домалақ жалпақ тас жатыр. Экспедиция жетекшісі Темір Смағұловтың
жорамалы бойынша, бұл – «құрбандық тасы» деп аталады.
Сақ заманының билеушісінің қызы болуы мүмкін деген бұл алтын адамды
зерттеуші ғалымдар «Үржар ханшайымы» деп отыр.
2,9 БҚОдан табылған алтын ханшайым Теректіден табылған
алтын ханшайым
Батыс Қазақстан облыстық тарихиөлкетану музейінде «Алтын
ханшайым» атты айрықша көрме ашылған болатын. Соған сай 2012 жылы
Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан табылған ежелгі сармат ақсүйек
әйелдің қалпына келтірілген бейнесі аса бай әшекей және тарихи маңызы өте
зор тұрмыстық бұйымдарымен бірге қойылды. Тарихи археологиялық мәні
15 мен маңызы аса зор осы игі шарадан кейін көп кешікпей Орал өңірінде аталған
көрменің ғылыми тұжырымдамасы жасалды.
– Тақсай обасы 2012 жылы жазда табылды. Батыс Қазақстан облыстық
тарих және археология орталығы мамандары обакешенді үш ай бойы қолмен
қазып зерттеді. Нәтижесінде біздің дәуірімізге дейінгі VІV ғасырларға
жататын ақсүйек сармат әйелінің тоналмаған қабірін таптық. Обадан табылған
артефактардың, әсіресе, соғыс көрінісі бейнеленген тарақтың дүниежүзілік
тарих ғылымы үшін маңызы үлкен, – дейді орталық қызметкері, Тақсай
кешенін зерттеген археологиялық топ жетекшісі Яна Лұқпанова.
«Алтын ханшайым» экспозициясын жасаған, обадан табылған заттарды,
сармат әйелінің киімкешегін қалпына келтірген белгілі реставратор Қырым
Алтынбеков. Ол – Есік қорғанынан табылған әйгілі Алтын адам бейнесін
қалпына келтірген ғалым ретінде көпке танымал маман. Алтын ханшайымның
екі дана көшірмесі жасалып, бірі Астана қаласындағы Ұлттық мұражайға
жіберілсе, екіншісі, Орал қаласына қойылған.
Ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай оба кешенінен табылған «Алтын
әйел» қабірін ежелгі сармат кезеңіне жатқызуға болады. Оған жерлену тәсілі,
жерлеу элементінің құрылымдары, сары металдан жасалған көптеген
бұйымдары мен салтжоралғы заттары дәлел. Ал сармат әйелінің
әшекейлеріне қарап оның ақсүйек тұқымынан екені туралы тұжырым
жасалуда. Қабірден табылған заттар әйелдің қоғамда ерекше мәртебеге ие
болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, жерлеу орнынан табылған алтын
әшекейлер, айна, ыдыстардағы зооморфтық бейнелерді Оңтүстік Орал
аймағындағы ежелгі көшпенділер өнерінің бір бөлігі ретінде қарастыруға
болады. Тұтастай алғанда, бұл жыл жауһары ежелгі Батыс пен Шығыс
көшпенділерінің өнеріне бір табан жақын тұр.
Тақсайдан биылғы күзде археолог мамандардың қолына тиген
материалдардың құндылығы өте жоғары. Бұл кешеннен табылған «Алтын
әйел» ұлттық тарихымыздың өткенін зерделеп қайта қалпына келтіруде үлкен
16 маңызға ие болып отыр. Әрі Тақсай кешенінде жүргізілген бұл археологиялық
қазба жұмыстарының нәтижелері савроматсармат кезеңіндегі тарихи үрдістер
жөніндегі отандастарымыздың түсінігін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
БҚОнан табылған "Алтын Ханшайым" екінші алтын адам болуы мүмкін
14 мамыр, 20:00 Батыс Қазақстан облысынан табылған "Алтын Ханшайым"
екінші алтын адам болуы әбден мүмкін. Археологтар алтыннан жасалған түрлі
әшекейге малынған қорымды Теректі ауданынан қазып алған. Айтуыларынша,
қазір зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қорымды зерттеу ісіне Жапония,
Германия және Ресейдің ғылыми орталықтары мен белгілі мамандары
қатысқан. Осы зерттеулерден кейін археологтар бұл қорымның біздің
заманымызға дейінгі VIV ғасырларға тиесілі екендігін, әрі Қазақстаннан
табылған көне көмбелердің ең байырғысы деген жорамал жасап отыр.
Ғалымдар дерегінше, табылған "алтын ханшайымның" жасы 3540 шамасында.
Оның бойында сырға, сақина, алқа секілді 500ге жуық алтын әшекейлері
болған. Тіпті үстіндегі көйлегі мен жамылғысы да алтын жіппен тігілген.
Қазіргі күні "Алтын ханшайым" экспозициясы қайта безендірілуде. Бірақ оны
құпия түрде сақтап отыр. Толық тексерулер аяқталмай көпшілікке көрсетуге
болмайды деп түсіндірді. Мұрат Сыдықов, «БҚО тарих және археология
орталығы» МКҚК директоры: Қазба жұмыстары кезінде 6 қорғаннан ерекше
қабірге тап болдық. Мұндағы асыл заттардың көптігін көріп, бұл расымен де
алтын әйел деген ұйғарымға келдік. Қазба жұмыстарының қорытындысы кітап
болып, жарыққа шығады. Белгілі Қырым Алтынбеков жасаған екі мүсіннің
бірі Астанадағы ұлттық мұражайға, екіншісі Батыс Қазақстан облыстық
тарихиөлкетану мұражайына қойылады. Тұсаукесер рәсімін шілде айының
отырмыз.
басына
Батыс Қазақстан облысынан табылған Алтын адамның денесі әйел затына
жоспарлап
тиесілі. Теректі ауданының Тақсай кешенінен қазып алынған құнды жәдігер
қазір облыстық тарихиөлкетану мұражайында сақтаулы тұр.
17 Алтын адамның бас киімі, мойны мен білегіне таққан әшекейлері, сондай
ақ айнатарағы, көйлегін көмкеріп тұрған алтын құймаларына дейін бар.
Археологиялық қазбалардың жанжақты зерттепзерделеуді қажет ететіндігі
түсінікті.
Сол себепті жаңалықты жаһанға жар салып, жариялаудан бұрын оралдық
тарихшылар шетелдік ғалымдармен бірлесіп, жәдігерді бір жыл бойы зерттеді.
Алтын адамның түпнұсқасы Астанадағы ұлттық мұражай ғимаратының ашылу
салтанатында көпшілік назарына ұсынылады.
БҚО Тарих және археология орталығының директоры Мұрат
Сыдықовтың айтуынша, тарихшылар құнды жәдігер біздің заманымызға
дейінгі VIIVI ғасырға, яғни ерте Сарматтар дәуіріне тиесілі екенін болжайды.
"Тақсайдан табылған алтын әшекейлер оның өз заманында жоғары
лауазымға немесе қоғамда үлкен абыройбеделге ие әйел адам болғанын
айғақтайды", дейді ол
5)Қортынды
Қорыта келгенде қазақ топырағының төрт тарабынан табылған осы ұлы
бабаларымыздың есімсойын, сол дәуірдегі лауазымын білмесекте, олардың өз
замандарының көшбасшысы, қолбасы, елінің қорғаны болғанын түсінеміз.
Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар» құнды жәдігерлер.
«Алтын киімді адамдар» мәдени тарихи мұралар. «Алтын киімді адамдар»
тарихи құндылықтар. «Алтын киімді адамдар» тарихи деректер. «Алтын
киімді адамдар» тұнып тұрған көне тарихи шежіре.«Алтын киімді адамдар»
өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы. Қазақстан жерінен табылған «Алтын
киімді адамдар» қилы тарихымыздың даңқын алысқа жеткізген асыл сүйекті
бабаларымыз.
Қалай десек те, Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері,
елдігіміздің символы. Біздің елімізде Алтын адам табылғанға дейін әлемде тек
перғауындардың зираты тұтас күйінде аршылғаны болмаса, дүниежүзілік
деңгейде патшалардың қабірі толықтай табылған жағдайлар кездеспеген.
Мұндай қабірлер көбіне тоналған немесе екінші бөлігі жоқ, яки нақты қай
18 уақытқа, қашан, кім қазып алғаны белгісіз болып келеді. Мұндайлардың аса
ғылыми құндылығы бола бермейді. Қырымда, Эрмитажда, басқа да
мұражайларда тұрған заттардың тұтасқа жуығының құны біздің Алтын аданың
құнындай бағалы емес. Ендеше осы тарихи, мәдени құндылығымыз болып
табылатын алтынмен апталған адамның құпиясын ашу болашақтың еншісінде.
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. журнал Аңыз адам,№20(80) Қазан 2013 жыл
2. Айдын Қалдыбайұлы Егеубаев nuralitur777@mail.ru 07.08.2014 ж.
1.
«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1
том. — Алматы: Атамұра, 2010.
2.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ж I том
19
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Қазақстандағы "Алтын адамдар" оқушылардың зерттеу жұмысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.