Ғ.Мүсірепов орта мектебі" КММ
Қазағымның мақтанышы!»
Ашық тәрбие сағаты. 7"б"-сынып
Тексерген: А.А.Мукатова
Өткізген: А.Б.Баймолдина
2020-2021 оқу жылы
Начало формы
Конец формы
Тақырыбы:
«Қазағымның мақтанышы!»
Мақсаты:
Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып
білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот
болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік,
құрмет сезімін қалыптастыру;
Әдісі: баяндау, топтық жұмыс, постер қорғау
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап
көрмесі, нақыл сөз -
дері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді,
слайдтар, үнтаспа.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ.”Сергіту сәті»
IV. «Ой түрткі»
V. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы
оқушыларға қысқаша мағлұмат беру;
V І. Елбасына арналған өлең шумақтары
V ІІ Топтық жұмыс (Елбасы туралы бірер ой)
VIII Шығармашылық жұмыс
ІХ Кері байланыс
Оқушылармен амандасып, сыныпты топқа бөлу
2 топқа бөліп, отырғызу
«Ой түрткі»:
1. Отан дегеніміз не?
2. Біздің Отанымыз
3. Қазақстан Республикасының тілі қандай тіл?
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті кім?
Құрметті балалар! Бүгінгі «Қазағымның
мақтанышы!» » атты ашық тәрбие сағаты еліміздің
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевқа арналады.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының
Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен
Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле
Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында
дүниеге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат
қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір
хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс
түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең
ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала
мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей
есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің
азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
- Неліктен Тұңғыш
Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?
(оқушылардан жауап)
Өйткені 1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау
өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 98, 7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Лебізі шәкірттердің аса мәнді,
Арналса әр адамға ол да сәнді.
Шәкірттерім арнамақ жылы лебіз,
Ел басына тани білген әрбір жанды.
- Ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер? (Оқушылар
өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 - шілде де Алматы облысы
Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында
Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық
шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы
оқыды. Ата - анасын құрмет тұтты. Ұшқыш
болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір
жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді
елбасының туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында
түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар
аударайық (үзінді ).
бейне
фильм
Отбасылық жағдайы (слайд)
Жұбайы - Сара Алпысқызы. Халықаралық «Бөбек»
балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Елбасымыздың үш қызы бар:
Дариға - саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ
«Хабар»ақпараттық агенттігінің директорлар
Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы
білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия – «Элитстрой» құрылысын басқарады.
Елбасымыздың қызмет жолы: (слайд)
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары
техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы
коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия
мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы
Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы
жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына
дейінгі жолдан өтті.
1969 - 1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау
қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты
қызметтер атқарды.
1999 жылы қаңтардың 10 - ында өткен жалпы
халықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев
79, 78% дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті
болып қайта сайланды.
2005 жылы желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауыс
алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта
сайланды.
Елбасының лауазымдық мәртебесі: (слайд)
• Қазақстан Республикасының Тұңғыш
президенті - Елбасы
• Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің
Жоғарғы Бас қолбасшысы
• Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
төрағасы
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің
төрағасы
• Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының
төрағасы
• Қазақстан халықтары Ассамблеясының
төрағасы
• «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясының
төрағасы
Сергіту сәті
Оқушылардың өлең шумақтарынан үзінді
Оқушы Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай
сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет
бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы
сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін
әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті
істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен
шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.
Топтық жұмыс
" Бәйге" ойыны. «Елбасы ағашы»
сұрақтар берілген. Бір топқа 3 сұрақтан берілген
1. Қазақстан Республикасының
рәміздері мен авторларын атаңыздар? Әнұранның
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов,
Н. Ә. Назарбаев.
Тудың авторы:
Ш. Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы.
Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
2. Н. Ә. Назарбаев қашан
республикамыздың президенті болып сайланды?
1991 жыл. 1желтоқсан.
3. «Ұлттық валюта» дүниеге
қашан келді?
1993 жылы 15 қараша
4. Қазақстан Республикасының
алғашқы Ата заңы қашан қабылданды?
1995 жылы 28 қаңтар ҚР –
ның «Ата заңы» қабылданды.
5. Қазақстан қай жылы
тәуелсіздік алды?
1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды
6. 1992 жылы 4 маусымда қандай
оқиға болды?
Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
7. « Тәуелсіздік» монументі қай
қалада орналасқан?
Алматы
8. Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз зайырлы мемлекет.
Топтық жұмыс
1- топ: Елбасына арнап құттықтау хатын жазу
2 – топ: Егер де мен елбасы болсам......
Елбасына тарту.Ән: «Көк тудың желбірегені»
Кері байланыс 1 сурет, 3 сөзбен
Қорытынды бөлім:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен
қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен
адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті
халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне
көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ
баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған
бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет
құрудың қасында болу бақытын
бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық
ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар
қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын,
қандай да тәуекелге барамын...”
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.