Бай баласы мен Жарлы баласы Ашық сұрақтар
Оценка 4.7

Бай баласы мен Жарлы баласы Ашық сұрақтар

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
преподавание
03.03.2021
Бай баласы мен Жарлы баласы Ашық сұрақтар
Байбаласы мен жарлы баласы Ашық сұрақтар.docx

Бүгін, біз Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» деген әңгімесімен «Конструкциялау» әдісі арқылы танысамыз. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыздар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыздар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. Сендер болжау арқылы алдыңғы бөлімде не болатынын айтасыздар. Бірінші үзіндіні бастаймыз.

Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да:

Мұғалім: Үсен не дейді деп ойлайсыздар?

Оқушы: Жылама, олар бізді табады...

Мұғалім: Келесі үзіндіні оқимыз.

– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық.

Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүр-леуге түсiп жүре бердi.

Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады:

– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, ...

Мұғалім: Үсен ине мен пышақты не үшін алды? Оларды қалай пайдалануға болады? Үсен оларды қалай пайдалануы мүмкін?

Оқушы: Қорғану үшін. Үсен қасқырлардан қорғанады.

Оқушы: Тамақ табу үшін. Үсен қасқырлардан қорғанады.

Оқушы: Керек болған жағдайда барлығы іске асуы мүмкін.

Мұғалім: Үсен қай жолды таңдайды және неге?

Оқушы: Ол ойланбастан кете бермейді, ол белгілерді іздейді.

Оқушы: Иә, ол айналаны мұқият қарайды, мүмкін сынған бұтақ көрінер.

Мұғалім: Келесі үзіндіні оқимыз.

Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:

– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.

Бiраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:

Мұғалім: Неге Үсен жұмыртқаны алғызбады? Ол не ойлады?

Оқушы: Құстың ұясынан жұмыртқаларын алуға болмайды, мүмкін балапан басып шығарады.

Оқушы: Бұл бізге тамақ болмайды және әлі де болса шыдауға болады деп шешті.

Мұғалім: Әрі қарай оқимыз. Пышақты қалай пайдаланған байқаңыздар? Кімде сәйкес келді, кімде сәйкес келген жоқ?

– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi.

Асан айтты:

– Қалай ұстаймыз? Үсен:

– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен.

Үйректi Асан:

– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:

– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақ тiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.

– Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуi бiр өзен-судың бойына жеттi. Су iшiп сусындарын қандырған соң Үсен айтты:

– Ендi бiр тамақ пiсiрiп желiк. Асан:

– От жоқ, неғылып пiсiрiп желiк? – дедi.

Мұғалім: Сонымен кімде сәйкес келді, кімде сәйкес келген жоқ?

Оқушы: Менде сәйкес келген жоқ, мен қорғанады дедім.

Оқушы: Менде сәйкес келді, мен ет турайды дедім.

Мұғалім: Үсен отты қалай жағады? Сіз оның орнында не істер едіңіз?

Оқушы: Ол тасты тасқа ұрады, ең бірінші қылды тұтандырады.

Мұғалім: Әрі қарай оқимыз-

Үсен үндемей су жағалап жүгiрiп кетiп, бiр шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiр кiшкентай жыртылған жерiнен аз ғана мақта суырып алып, оны тастың үстiне қойып, бәрiн бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып едi, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына аз ғана тезек үгiп салып, Үсен өзi отты үрiп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жiбердi. Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады. Пiскен соң екеуi де жесiп, тойып алысты.

Тамағы тойған соң көңiлiнен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгiрiп кеттi, бiр мезгiлде дауыстады:

– Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп.

Мұғалім: Сіздер оның отты қалай жаққанын таптыңыздар ма?

Оқушылар: Иә, сәйкес келгендей. Біз қылды жағады деп ойладық, мақта туралы айтқан жоқпыз.

Мұғалім: Ол инені қалай пайдаланады?

Оқушы: Енді түсінікті, әңгіменің басында мен оны ойлаған жоқпын. Ол инемен балық аулайды.

Мұғалім: Инемен балық аулауға болады деп ойлайсыздар ма?

Оқушы: Инеге қылды байлап аулайды?

Мұғалім: Әрі қарай оқимыз-

Үсен оған қарамай баяғы жүрттан тапқан иненi отқа салды. Ине бiраздан соң оттың күшiмен ерiп, қызарды, сол уақытта пышақпен иненi алып, ептеп идi, қармақ iстедi.Сонан соң Асанды шақырып:

– Сен шегiртке тере бер, – дедi де, өзi манағы қылдан есiп қармаққа бау iстеп байлап, талдан кесiп оған сап iстедi. Сөйтiп, қармағы әбзелiмен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегiрткесiн жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемi, айнадай таза су екен, iшiндегi ойнаған балықтары көрiнiп жүре-тұғын. Әуелi шабақтар келдi, бiреуi бiр, екеуi екi жемдi иiскеп, тиiп-қашып, жұлқып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда шабақтар дүркiрей келiп қашты. Қараса, бiр шортан келген екен. Ол шортан жемге де қарамай, тәкаппарланып жайымен бұлғаңдап өтiп жүре бердi. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып келiсiп, жемнiң айналасында ойнап, бiрiн-бiрi қуып, жемге де тиiп-қашып, соғып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда, шабақтар және дүркiрей қашып, жоқ боп кеттi. Қараса, бiр бөлек алабұғалар келген екен, жемдi ең бұрын көрген бiреуi тоқталмастан келiп асап келiп қалғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бiрталай алабұға алды.

Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннiң кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бiр мезгiлде Үсен күнге қарап:

– Аһ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық, – деп, қармақпен алған балықтарын бiреуiнiң шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауымен қармағын да қалдырмай алып, ендi өткел iздестi. Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiң түсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты.

Мұғалім: Кімде сәйкес келді, кімде сәйкес келген жоқ?

Оқушы: Менің ойым аздап сәйкес келді, бірақ мен ол нағыз қармақ жасай алатынын ойламадым....

Мұғалім: Әрі қарай оқимыз.

Бiраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және бiраздан соң ымырт жабылып, жол көрiнбедi. Түн болған соң, балалар екеуi де қорқайын дедi. Сөйтсе де Үсен сыр бiлдiрмей ендi жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек терiп от жақты. Бiраз отырған соң Асан күндiз көп жүрiп шаршаған бала, ұйықтап қалды. Үсен ойлады: әкем айтушы едi: «елдi жердiң ұрысы, далалы жердiң бөрiсi болады» деп, ұйықтамай отқа күндiзгi алған балығын пiсiрiп, ермек етiп отыра бердi; есiтуi бар едi: от жағып отырса, қасқыр келмейдi-мiс деп. Қарап отырса, бiр мезгiлде бiр топ киiк келдi. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-өзiнен үркiп жөнелдi. Бiраздан соң құлын, тайы бар бiр үйiр құлан келдi; айғыры алдында басын тiкшитiп, құйрығын шаншып, осқырынып, өзгелерi таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар да ша-уып жөнелдi. Бiр мезгiлде жақын жерде қасқыр ұлыды; алысырақта өгiз-шағала адамша шыңғырып, бiресе жылаған балаша, бiресе қарқылдап күлген адамша, әр түрлi дауысқа салды. Үсен түйсiнiңкiреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын қысыңқырап ұстап және отыра бердi. Сөйтiп, әр жануарларды көрiп және оттың жарығына жиылған құрт-құмырсқа, көбелектердi қарап, бұл көбелек, қоңыздар неге көрiне өлiм iздеп отқа түсе бередi екен деп, әр түрлi ойларға қалып, сүйенiп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята бастады: «Жүрер уақыт болды», – деп. Асан далада екенiн ұмытып, үйдегi қалыбынша, жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертiп жолға шығысты.

Мұғалім: Үсен неге ұйықтамады? «Елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі болады»,-дегенді қалай түсінесіздер? Бір-біріңізбен бөлісіңіздер? (3-минут)

Оқушы: Өйткені Үсен қауіптері туралы білді.

Оқушы: Ол қасқырлардың ұлығанын естіп олармен күресуге дайын болды......

Күн сәскеге шейiн жүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiп көрiнбей кеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiн бiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiр биiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi. Сонда Үсеннiң ойына әкесiнiң сөзi түстi: далада жүрiп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейдi екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен ендi бiлдi жақын жерде көл бар екенiн, оның үшiн қаз сусыз жердi мекен етпейдi. Келiп екеуi ендi молалы қырға шықты, қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдiң айналасы да, iшi де жыңылдаған мал; жағасындағы жiбектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бiр парасы көл iшiне кiрiп, белiнен құраққа кiрiп тұр, ендi бiр жақ жағасындағы сортаңда бiр топ түйе жатыр. Бұларды көрiп, балалар қырдан түсiп, жүгiрiп малға келдi. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсендi көрiп, олар да қуанып, бiреуi әке-шешелерiнен сүйiншi сұраймыз деп шауып кеттi, өзгелерi балаларды атқа мiнгiзiп, ауылға алып жүрдi. Жолда келе жатып малшылар айтты:

– Сендердiң жұртта қалғаныңды бiлiп, кешеден ауылдың жан бiткенi iздеуге кетiп едi, – деп.

Нақ бесiн мезгiлiнде балалар аман-есен үйлерiне келiп, әке-шешелерiне қосылды дейдi.

Мұғалім: Осы бөлім негізінде Асанды және Үсенді қалай суреттейсіздер?


 

Бүгін, біз Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» деген әңгімесімен «Конструкциялау» әдісі арқылы танысамыз

Бүгін, біз Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» деген әңгімесімен «Конструкциялау» әдісі арқылы танысамыз

Оқушы: Құстың ұясынан жұмыртқаларын алуға болмайды, мүмкін балапан басып шығарады

Оқушы: Құстың ұясынан жұмыртқаларын алуға болмайды, мүмкін балапан басып шығарады

Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады

Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады

Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiң түсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты

Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiң түсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты

Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi

Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.03.2021