Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Мақсаты:
- Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу;
- Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру;
- Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу.
“Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.
Алматы қаласы Алатау ауданы №180 Жалпы білім беретін мектеп
“Бала тәрбиесінде ата-ана
белсенділігі-қоғам дамуының
негізгі факторы”
20182019 оқу жылы
Мектептегі тәрбиенің бір ұшы ата аналармен,
қоғамдастықпен, мектептің бірлескен әрекетінде.
Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл
атқарушы отбасы. Баланың алғашқы тәрбиешісі
атаана, мектептің отбасымен бірлесіп оқу және
тәрбие үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие
саласына жаңа факторлардың маңызды кешенін
туғызу – бүгінгі күннің талабы.
Ата аналармен бірлескен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдардан құрылады:
бірлік;
жүйелілік және бірізділік;
әр балаға және әрбір отбасына өзіндік тұрғыдан келу;
ата аналардың бір – біріне сенімі мен өзара көмегі.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі роль
атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу – тәрбие үрдісінің мәні мен
маңызын ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Келесі әрекеттер арқылы жүзеге
асады:мектепішілік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын
жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге
болады.
Мектептің ата – аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына,
қарым – қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты
болатынын ұмытпау қажет.Сондықтан ата –аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен
формаларды саралап қолдану керек.
Жобаның мақсаты:
Атааналармен, қоғамдық ұйымдармен ағартушылық шараларды
жүйелі ұйымдастыру арқылы және белсенді әрекет етуге тарта
отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухжігері
шыңдалған, ойсанасы дамыған адамгершілік және дене
тұрғысынан салауатты, мәдениетті, өмірдің барлық саласында
белсенді, шығармашылық ісәрекетке қабілетті, еркін
тұлға(оқушы) тәрбиелеу.
Жас ерекешеліктеріне қарай өзіндік адамгершілік
құңдылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани
қазынасын жарыққа шығару, баланы жеке тұлға ретінде
жетілдіру үшін бойындағы бар құңдылықтарын дамыту.
Жобаның міндеті:
• балалардың рухани – адамгершілігін дамыту
аумағындағы жұмыс жүйесін құру;
• бала тәрбиесіндегі ата аналармен
педагогтардың бірлескен іс әрекеттерінің
нәтижелі жолдарын қолдану;
• мектеп және отбасының біріккен ағартушылық,
тәрбиелік қызметін жүйелі жоспарлау.
Жобаның принциптері:
• Атааналармен жұмыс барысында дәстүрлі тәсілден бас тарту;
• Отбасыпедагогикалық үдірістің белсенді қатысушысы;
• Тұлғаны дамыту және қалыптастыру мақсатындағы мектеп пен
отбасының серіктестігі;
• Балаға ізгілікті көзқарас, оның даму мүмкіндіктерін бағалау
оңтайлығы;
• Оқушылардың қабілеттерін, дағдыларын, қызығушылықтарын
дамыту;
• Балалармен ортақ тіл табысуда, атааналарға көрсетілетін көмекті
анықтауда, олардың қателіктерінің алдыналуда жеке тұлғалық
тәсілді жүзеге асыру диагностикасының нәтижелерін қолдану.
Адам ата анадан туғанда есті
болмайды, естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы
жаманды танидыдағы,
сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады
Абай
тәрбиелік –
дамытушылық
ақпараттық
бақылаушылық
Отбасы мен
мектептің өзара
әрекетінің басты
қызметтері
Қалыптастыру
шылық
тұрмыстық
қорғау
сауықтырушылық
Аталған өзара
әрекеттің
міндеттері
Отбасының
тәрбиелік
мүмкіндігі мен күш
қуатын айқындау
мақсатында
зерттеу
Ата аналарды
педагогикалық
психологиялық
білім біліктерімен
қаруландыру
Ата аналардың
белсенді
педагогикалық
ұстанымын
қалыптастыру;
Бала тәрбиесіне
ата аналарды
белсенді
қатыстыру.
Отбасы мен мектептің өзара ыңтымақтастығын
ұйымдастыру жолдары
• Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай
оларды топтастыру;
• Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы
нәтижелерін талдау.
Педагогтың атаанамен жұмысының
мазмұны :
• Педагогикалықпсихологиялық білімін көтеру;
• Жеке тақырыптық кеңестер беру;
• Дәрістер, семинарлар, практикумдар,конференциялар;
• Шығармашылық топтар, қызығушылықтары бойынша топтар;
• Атааналармен қоғамдастықты оқутәрбие үрдісіне ;
• Атааналар жиналысы, ашық сабақтар мен ісшаралар;
• Үйірме, секция, клуб, бірлескен шығармашылық істер ұйымдастыру;
• Қиын балалар мен отбасына жеке шефтік көмек көрсету;
• Отбасы мен мектеппен әрекеттесу кеңесі
Отбасының басты міндеттері:
• Баланы үйлесімді дамыту;
• Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
• Оқуына көмек көрсету;
• Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
•
Ізгі, эмоционалды – адамгершілік қатынас тәжірибесін
қалыптастыру;
• Жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
• Қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
• Өзін өзі тәрбиелеу мен өзін өзі дамытуға дайындау.
Отбасының басты қызметтері:
• тәрбиелік;
• сауықтыру;
• рухани адамгершілік;
• танымдық – білімдік;
• тұрмыстық;
• еңбек;
• мәдени – ағартушылық;
• демалыс – шығармашылық;
• тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;
• қорғау.
Күтілетін нәтиже:
• бала бойында өз ісіне деген жауапкершіліктің
қалыптасуы, мектепке, үйге, қоғамдық орындарда мінез –
құлық ережелерін қолдана алуы;
• бала бойында рухани – адамгершілік құндылықтардың
қалыптасуы;
• отбасындағы жағымды қарым – қатынас ата – аналары,
тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік
борыш құндылықтарын сезінуі, оларға сүйіспеншілік,
сыйластық таныта алуы.
Қорытындылау
Жанжак Руссо “Бала туғанда ақ
қағаздай болып туады, оның үстіне
шимайды қалай салсаң қағаз бетіне
солай түседі, бала тәрбиесі де сол
сияқты, өзің қалай тәрбиедесең, ол
солай тәрбиеленеді” деген екен. Бұдан
шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең
алдымен оның атаанасының
еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақылойы,
санасезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Отбасылық тәрбие ІІ кітап Астана қаласы 2012ж.
Авторы:С.Л.Евдокимова, Н.А.Цветкова
2.Отбасылық тәрбие І кітап Астана қаласы 2014ж
Авторы:С.Л.Евдокимова, Н.А.Цветкова
3. “Тәрбиенің үздік әдістері”
Авторы:ХарьковБелгород, 2011ж
4.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы.