Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін
қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық
айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың
қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы
оқушылардың білімін жетілдіру. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық
қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру. Ата Заңымыз
халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру. Ата Заңға сый-
құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.
Бала құқығы.pptx
Бала құқығы презентация
Өз құқығыңды білесің
бе?
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
6 сынып
Сынып жетекшісі: А. Байдарова
Бала құқығы презентация
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін
қорғай алатын, өзіндік ұсыныспікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық
айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың
қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы
оқушылардың білімін жетілдіру. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық
қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру. Ата Заңымыз
халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру. Ата Заңға сый
құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.
Бала құқығы презентация
«Ой қозғау»
Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша
жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді
байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан
жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып
көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Андасанда естілетін сылдыраған судың
дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар
сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.
Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да
шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда
түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені
осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық
көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет
қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің
ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім.
Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіпкішкентай жарық болса да, мен жар
сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен
қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық
жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!
Бала құқығы презентация
Бала құқығы
Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен
әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен
міндеттері белгіленген құжат.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық
ұйым.
Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда баланың туған
күні, айы, жылы жазылады, сондайақ атаанасының атыжөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл
баланың ең бірінші құжаты.
Азамат – жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен міндетінің иесі.
Бала құқығы презентация
Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады
1тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
3тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
4тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
5тарау. АТААНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
6тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
7тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
8тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН
МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ
9тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗҚҰЛҚЫНА
ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
10тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бала құқығы презентация
• Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
• Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері
бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20қарашада
қабылданды.
• Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция
54баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі
тұлғалардың құқығын қорғау.
• Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала
отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.
• Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.
Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
•
Бала құқығы презентация
Бала Құқықтары туралы Конвенцияда
Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға
құқылы;
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен
ажыратуға ешкім құқықты емес;
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
Әрбір баланың ой – пікір, ар ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Бала құқығы презентация
Оқушының міндеттері:
• Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
• Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
• Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
• Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
• Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
• Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
• Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта
ұстауға;
• Үлкенгеқұрмет, кішігеізет танытуға;
• Атаанаға қамқорлық көрсетуге.
Бала құқығы презентация
«Біліп жүрейік»
1маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20қараша – дүниежүзілік балалар күні
10желтоқсан – адам құқығы күні.
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу
Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж БҰҰда Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж ҚРның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны
бекітті
30.08.1995ж ҚРның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда
баяндалып, екінші рет қабылданды.
Бала құқығы презентация
Сиқырлы жіп
Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып,
бізді байланыстырады. Осы жіп — өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай
болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз. Мысалы: «Мен өмір сүруден еш қашан
қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтеді,
Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!
Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?
Заң сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.
Бала құқығы презентация
«Өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар».
Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,
Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.
Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,
Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!
Күлән
Абзолда.
Бала құқығы презентация
Бала құқығы презентация
Бұзақы бала
Бала құқығы презентация
Бала құқығы презентация
Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата
ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара бара адамды
замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді
жұқтыратыны белгілі», деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс
жолына түспеуіне бірден бір жауапты ата ана, өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата ана
атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен,
ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп
отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.