Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама
Оценка 4.9

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Оценка 4.9
Работа с родителями
docx
воспитательная работа
Детсад
31.01.2019
Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама
Баланы балабақшаға беру немесе бермеу сұрағы жалпы отбасының шешімі, барлық отбасы мүшелерінің эмоциялық күйі, ата – ананың өзін – өзі бағалауы және отбасының маңызды мәселелеріне байланысты. Бұл мәселенің психологиялық жағы: өзгерістерге бейімделу, ол балаға да, ата – ана үшін де қиын. Қазіргі уақыттағы қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерілген, бұл мектепке дейінгі ұйымдардың бала өміріне қатынасына байланысты болуда. Қазіргі уақытта барлығы балаларына өзара іс – әрекет формасы мен әдіс тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көптеген ата – аналарды бала үшін балабақша қажет пе? – деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы ілеседі, құрдастарымен қарым – қатынаста тәжірибе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді», - деген түсінік қалыптасқан.
Даутбаева Омиргул Кашызыховна.docx
КМҚК № 4 «Березка» бөбектер бақшасы Тәрбиеші – Даутбаева Омиргул Кашызыховна Баланы балабақшаға беру немесе бермеу Баланы балабақшаға беру немесе бермеу сұрағы жалпы отбасының  шешімі, барлық отбасы мүшелерінің эмоциялық күйі, ата – ананың өзін – өзі  бағалауы және отбасының маңызды мәселелеріне байланысты. Бұл мәселенің психологиялық жағы: өзгерістерге бейімделу, ол балаға  да, ата – ана үшін де қиын. Қазіргі уақыттағы қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерілген, бұл  мектепке дейінгі ұйымдардың бала өміріне қатынасына байланысты болуда.  Қазіргі уақытта барлығы балаларына өзара іс – әрекет формасы мен әдіс  тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көптеген ата – аналарды бала үшін  балабақша қажет пе? – деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі  мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік  қатынасқа жақсы ілеседі, құрдастарымен қарым – қатынаста тәжірибе  жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді», ­ деген түсінік  қалыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған  балалары бар ата – аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп  үміттенеді. Балабақшаның мүмкіндігін жоғары бағалау да – қателік. Балабақшаға бейімделген бала саны көп емес. Көпшілігі түрлі  қиындықтарға ұшырайды. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада  қорқыныш, үрей тудыруы да мүмкін. Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас  ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның  алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және отбасынан ажырауға  психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және  жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым – қатынас  орнату бала үшін қиындық тудырады. Ересек адамдардың назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп  ішіндегі бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін  жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында тұратын  және ата – анна айтқан бойда, автоматты түрде қанағаттандыратын  отбасындағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата – аналар ойлағандай балабақша –  бұл жасқаншақтықтан құтқаратын «ем» емес, бұл бала үшін өз бетінше өмір  сүру тәжірибесіне дайындық – қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым –  қатынас орнату, жалпы психологиялық «жетілуге» сынақ боп табылады. Балаға балабақша керек пе? – деген сұраққа жауап беру үшін негізгі оң  жақтарын айтайық. Отбасындағы тәрбиемен салыстырғанда балабақша балаға  не береді?  Негізінен балабақша өзге балалармен қарым – қатынасқа үйрену  тәжірибесі мен мектепке деген психологиялық дайындық болып табылады.  Бірақ өз бетінше үйрену бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата – ана үшін де  жағымды жағдай емес. Сонымен өзге балалармен қарым – қатынас жасап  үйренуде балабақша жалғыз мекеме боп табылмайды. Қазіргі уақытта мектеп  жанынан шағын орталықтар ашылуда, бұл жерде де бала тез бейімделуі  мүмкін. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай баланы балабақшаға беруде ата –  ана баланың жеке жас ерекшеліктеріне емес, өз қажеттіліктеріне сүйенеді  (жұмыс, өзге де отбасылық жағдайлар, т.б). Соның салдарынан ата – аналар  басты қателікті жасайды: бала бұл жағдайда психологиялық тұрғыдан  қалыптаспай тұрып, ерте жастан отбасынан, үйден ажыратады. Бұл жағдайда  балабақшаға бейімделу өте қиын жағдайға түседі. Осы кезде балабақшадан  бас тартуға тура келеді. Баланы балабақшаға психологиялық дайын екендігінің белгілері: ­ ­ ­  баланың өзге балалармен ойнауы, қызығушылығының болуы;   анасынан ажырауға баланың жағымсыз әсерінің болмауы;   баланың өз жақындарынан басқа адамдармен қарым – қатынасқа  дайындығы;   түрлі жағдайларда балада жасқаншақтың болмауы;  балабақшаға барғым келеді, ­ дегені. ­ ­ Баланың балабақшаға баруда күйзелісті кеміту және бейімделуді  жеңілдету факторлары.  Балабақшаға қай жастан бару қажет?  Балабақшаға дайын болу жасына толудың өзіндік шарттары бар. Бір балада бұл 2,5 жаста, кей балада 4 – 5 жасты күту қажеттілігі болады. Әрине ата –  ана 4 ­ 5 жасқа дейін күте алмайды. Бірақ баланың балабақшаға ерте жастан  беруде жағымсыз салдарларға да дайын болу қажет.  Балабақша тандауда әртүрлі басымдықтарға қарайды. Бірі мемлекеттік,  бірі жеке балабақшаны қалайды. Балабақшаның жақын болуы біреулер үшін маңызды, біреулер үшін  маңызды емес. Бір ата – ана баланы жақсы дамытатын бағдарламасына қараса, бірі тек жайлы қарым – қатынасқа қарайды. Бірақ барлығы, тәрбиешілердің  жақсы болуын қалайды.  Балаға балабақша тандағанда таныс адамдар мен өзге ата – аналардан  мәлімет жинақтау керек. Бұл жақсы нұсқа тандауға көмектеседі. Содан соң  міндетті түрде балабақшаға барып, ұзағырақ уақыт өткізу. Ұсақ – түйекке  көңіл аудару, әкімшілік ата – ананы қалай қарсы алатынына, ұсыныс –  тілектерге қаншалықты назар аударатынына көңіл бөлу. Тәрбиешілердің  балалардың серуенде жүргендегі қарым – қатынасына назар салу. Балаңыз  баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесу керек. Бұл жерде балаға тиімді  қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор ­  баланың  жас ерекшеліктерімен санасуында тәрбиешінің рөлі және оның педагогикалық  тәжірибесі.  Балабақшаға дайындық Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері  баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін күндізгі ұйқыға қалдыру қажет. Бұл жағдайға балабақша әкімшілігі түсіністікпен  қараса, барлық жағдайда балаңыздың қажеттілігі ескерілетіндігін білдіреді.  Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл  мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық  білдіру, қықырлық көрсету, балабақша қызметкерімен қарым – қатынасқа бас  тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата – анамен қоштасу кезінде  анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді –  бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.  Балабақшаға бейімделу кезеңі баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін,  өйткені бала өмірінде көп жағдай өзгереді. Оған қарым – қатынас түрі, бала  құқығы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. «Жалғыз және қайталанбас»  баладан «көптің бірі» болуға үйрену оңай емес, бұған уақыт және баланың  жоғары бейімделу қабілеті керек. Шартты түрде бұл кезең 2 – 3 айға  созылады, бірақ әр баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты бейімделу кезеңі 2 – 3 аптадан кейін басталуы да мүмкін.  Бұл кезеңнің аяқталу белгісі: баланың жағдайының, көңіл – күйінің  тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір – бірімен  сыйластыққа үйренеді. Бастапқыда бұл қарым – қатынас жанжалдан басталып, содан соң жөнге келеді. Бұл қиын кезеңді баламен бірге ата – аналарда да бастан өткізеді,  сондықтан ата – аналар баланың тәртібінде, іс – әрекетінде жағымды  өзгерістер бар ма екенін біліп отыру керек. Міндетті түрде ата – аналар тәрбиешіден баланың топта қалған  уақытында қалай жүретіндігін сұрау керек. Өзге адамдардың пікірін тыңдамау керек. Негізінен бала тәртібі балабақшаға кім апарып, әкелгеніне байланысты  өзгере ме? – деген сұрақ та тууы мүмкін. Егер солай болса – бала қыңырлығы  және қиналуы нақты адамға байланысты болса, мысалы: анасы немесе әжесі, онда олардың өздерінің жеке уайымдары мен үрейлері баланың балабақшаға  бейімделу кезеңін қиындатып жатқан жоқ па? деп ойланулары керек.  Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі ата – анаға да қобалжу  әкелетінін түсіну керек. Кей сәттері олар баладан да артық күйзеледі.  Сондықтан отбасы мүшелері өз сезімдерін бақылап, негізін түсініп отырулары  керек. Балабақшаға баланы бергенде анасы не сезеді: — Менің балама менсіз қиын шығар? — Тәрбиешілер балама толық көңіл аудара ма? — Балам қиналса көмектесе ме, жұбата ма? — Бекер берген жоқпын ба? — Менің өзіме де қиын болды­ау? Ана өзі ішкі сезімдеріне реттеу жұмыстарын жүргізіп, баланы өзінен    эмоциялық тұрғыдан ажырату керек. Балабақшаға барған баланың анасына  баласының өзіне тәуелді болмай, дербес бола бастағанына, анасының  махаббаты мен бауыр басуын қатты қажет етпейтіндігіне үйренуі керек. Ата – ана не істеу керек? Балабақшаға барғанда баламен қоштасу қысқа мерзімді болуы керек. Бала жылап, анасына ұмтылса да, беттен сүйіп, қол  бұлғауға үйрету керек. Бұлай жасай келе, бала артық уайымнан құтқарылады. Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге,  баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. Ата –  ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Бала  балабақшаға барудан «бас тартуға» болмайтындығына көзі жеткен соң,  қарсыласуын қойып, өз өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды. Үйдің жайлы  және әдеттенген атмосферасына ажырап, ол балабақшадан қажеттілігін және  жағымды жақтарын тауып, тәрбиешілермен, балалармен жақсы қарым –  қатынасқа түсуге үйренеді. Бала осы жаңа жағдайға қызықса, үйден  алыстағанда қиналмайтын болады.  Анасы мен отбасы мүшелері «баланың отбасынан ажырауын және оның  әлеуметтік ортаға шығуын» уайымдамай тыныштанса, бала да тез  тынышталады. Кей жағдайларда ата – аналар дұрыс іс – әрекеттер жасаса да, бала  балабақшаға бейімделуі ұзақ уақытқа созылады. Бала жиі ауырады, ұйқысы  бұзылады, тамақ ішуі нашарлайды. Анасы кеткеннен соңғы жылау және  қиналу күні бойы созылады. Бұндай бала өзге балалармен қарым – қатынасқа  шықпайды, кейде тәрбиешілерден де оқшауланады. Оның іс – әрекеті екі  жақтың ортасында қалады: яғни, үйден ажырап, бірақ балабақшаға үйренбеген болады. Нәтижесінде бала өзін бәрі тастап кеткен, бақытсыз жалғыз қалған  болып сезінеді. Бұндай іс – әрекет бала психикасында бұзылыс бар деген сөз емес, тек  бала балабақшаға дайын еместігін білдіреді. Мінезіндегі жеке дара  ерекшеліктері – ұялшақтық, тұйықтық – балабақша қызметкерлері тарапынан  жеткілікті психологиялық қолдау көрсетілмеуі балабақшаға бейімделуге кедергі келтіреді. Кей жағдайларда тәрбиеші бұндай «ерекше» балаларға  қолайлы қатынас таба алмайды. Бұл педагогикалық тәжірибе және баланың  өмірін жеңілдетуде ынталандыру себептерінің жетіспеушілігінен болуы  мүмкін. Осындай жағдайда ата – аналар ұстаған «Барлық жолмен балабақшаға  бару» ұстанымы қате болып саналады, мұндай ұстаным бала болашағына еш  көмегі болмайды, бала мен ата – анна арасындағы сенімдіктер алшақтаулары  мүмкін. Бала ата – анасының өз күйзелісімен санаспайтынын, ең жақын  адамдары «қиыншылықта тастап кетуін», жалғыздықты сезінуіне байланысты  көмекке келмеуіне уайымдайды. Бұл жағдайда ең дұрысы – баланы  балабақшадан ажырату. Баланың балабақшаға бейімделу мәселесі туралы анасы бала  психологымен ақылдасып алғаны жақсы. Әр кез ата – аналар баламен болып  жатқан жағдайлардың себептерін толық талдай алмайды, бұл жерде  тәрбиешіні себепсіз кінәлап, баланың психикалық жағдайына күмәнданбаған  дұрыс. Бұл жерде мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша  талаптарына, осы уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес  екендігі туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата – аналар баланың  балабақшаға бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға  бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және отбасының ішкі жағдайлары  өзгергенде (анасы іс – сапарға кеткенде, сәби дүниеге келгенде және т.б  жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайларда бала қажеттілігін  отбасында қалыптасқан тәртіпті бұзбай қанағаттандырып отыру қажет:  балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен  шешуге болады. Толықтыра айта кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей  болуы мүмкін, бірақ одан шығу жолдары әр ата – аналарда өзгеше.

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу - баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.01.2019